Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 7 ОСД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.5 Сурет. Аражабындардағы бетонның қорғаушы қабатын қамтамасыз ететін «лягушка» және «козелок»:

а — «лягушка», төменгі шегенді тордың қорғауыш қабатын қамтамасыз ету үшін;

б — «козелки», жоғарғы шегенді тордың қорғауыш қабатын қамтамасыз ету үшін

7.6 Сурет. Шегеннің қорғауыш қабатын қамтамасыз ету тәсілдері:

а, б –тіректердің көмегімен арқалықтар мен қабырға бүйірлерінде; г — серіппелі тұтқамен бетонды тығынмен; д — серпімді пластмассалы фиксатормен; е — металлды қалыпталған тұғырықтармен.

Бұл кемшіліктер ерітінді фиксаторларда жоқ, алайда вибрация кезінде орнын ауыстырып, қорғау қабатының қалыңдығын бұзуы мүмкін.

Алдын-ала керілген конструкцияларды шегендеу шегенді бетонға немесе пішінге (домкраттар, бұрандалар, түрлі конструкциялы қысқыштар қолданумен электротермиялық немесе механикалық) керу арқылы іске асады.

Шегенді алдын-ала керудің бір түріне шегенді сыммен немесе навивкалы машиналар көмегімен сымды орамдарды үздіксіз шегендеу жатады.

7.3. Бетонды жұмыстар

Бетонды жұмыстар келесі негізгі технологиялық процестерден тұрады: бетон қоспасын дайындау, жатқызу орнына тасымалдау, қалыпқа жатқызу және қатаю периоды кезінде бетонды күту.

7.3.1. Бетон қоспасын дайындау

Бетон қоспасын дайындау, ереже бойынша, механизацияланған және автоматизацияланған қондырғылармен жабдықталған бетон зауыттарында іске асады. Бұл зауыттар кіші, орта және үлкен ТББ зауыттарының құрамында, сонымен қатар өз алдына жеке немесе құрастырмалы-сұрыптамалы нұсқада болып және құрылыс алаңына тасымалдана алатын болуы мүмкін. Мұндай зауыттар, цехтар, түйіндер қажеттілігіне байланысты бетонды немесе ерітінді араласпаларды шығарады.

Тауарлы бетон мен ерітіндінің технологиялық сұлбалары бірсатылы (биікті) немесе екісатылы (7.7 және 7.8 сурет) болады.

7.7 Сурет. Тауарлы бетон мен ерітіндіні өндірудің бірсатылы сұлбасы:

1 – цемент қоймасы, 2 – инертті материалдарды беру үшін ленталы транспортерлер жүйесі, 3 – шығын шанақтары, 4 – мөлшерлегіштер, 5 – жүктеуші воронкалар,

6 –бетонараластырғыш, 7 – жинақтаушы шанақ

Осындай стационарлы немесе құрастырмалы-сұрапты бетон ерітінділі түйіндерден басқа ауыр автомобильді тіркемелерден жасалған, қозғалмалы (мобильді) бетон ерітінділі қондырғылар қолданылуы мүмкін. Олар әдетте екі сатылы сұлба бойынша орындалады.

Бетон қоспасының сапасын, бетон түйінінің өнімділігін, жұмыс периодтылығын анықтайтын механизм бетонараластырғыш болып табылады.

Бетонараластырғыштар гравитациялық (құраушылардың еркін құлауы) (7.9 сурет) және еріксіз (7.10 сурет) араластыратын болады. Гравитациялық – төңкеру барабаны және жүк түсіруші науасы бар.

7.8 Сурет. Тауарлы бетон және ерітінді өндірудің екісатылы сұлбасы:

1 – шығын шанақтар, 2 – мөлшерлегіштер, 3 – жүктеуші воронка, 4 – скипті көтергіш, 5 – бетонараластырғыш, 6 – жанақтаушы шанақ

Еріксіз араластырушы бетонараластырғыштар циклді және үздіксіз әсер ететіндерге бөлінеді.

Кеңінен тараған айналушы тостағаны бар, қатты бетон қоспаларын дайындауға арналған еріксіз әсерлі араластырғыштар.

Периодты әсерлі бетонараластырғыштарда цикл ұзақтығы:

Тц = tа + tп + tв , (7.1)

мұндағы tа, tп, tв – араласпаны жүктеу, араластыру және шығару ұзақтығы.