- •7. Құймалы бетонды және темірбетонды құрылымдардың құрылғылары
- •7.1. Қалыптау жұмыстар
- •7.1 Сурет. Іргетасқа арналған қалып
- •7.2. Сурет. Арқалықтар мен аражабын тақтайларының (а) және бағаналардың (б) қалыбы
- •7.3 Сурет. Құрастырудағы аражабын қалыбы:
- •7.4 Сурет. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):
- •7.2. Шегендеу жұмыстары
- •7.3. Бетонды жұмыстар
- •7.3.1. Бетон қоспасын дайындау
- •7.7 Сурет. Тауарлы бетон мен ерітіндіні өндірудің бірсатылы сұлбасы:
- •7.8 Сурет. Тауарлы бетон және ерітінді өндірудің екісатылы сұлбасы:
- •7.5 Сурет. Аражабындардағы бетонның қорғаушы қабатын қамтамасыз ететін «лягушка» және «козелок»:
- •7.6 Сурет. Шегеннің қорғауыш қабатын қамтамасыз ету тәсілдері:
- •7.9 Сурет. Құраушылары еркін құлайтын бетонараластырғыштар (гравитациялық)
- •7.10 Сурет. Еріксіз араласатын бетонараластырғыштар:
- •7.3.2. Бетон қоспасын тасымалдау
- •7.3.3 Бетон қоспасын төсу
- •7.11 Сурет. Жұмысшы жіктердің орналасу ыңғайлылығы:
- •7.12 Сурет. Бетон қоспасын тығыздатушы тербеушілер:
- •7.3.4. Бетонды күту
- •7.3.5. Бетон жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы
- •7.14 Сурет. Дайындамалар мен едендерді бетондау:
- •7.16 Сурет. Үлкен аралықты күмбездер мен аркалы көпірлер құрылысынын бетондау:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
7.3.5. Бетон жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы
Конструкцияның бетондалу технологиясы конструкцияның нұсқасына, оның ғимаратта немесе имаратта орналасуына, климаттық талаптарға, энергетикалық ресурстардың болуына және т.б. байланысты таңдалады.
Іргетастар мен алқаптар көлеміне, тереңге салуына, олардың биіктігі мен басқа да ерекшеліктеріне байланысты келесі технологиялық сұлбаларды қолдану арқылы бетондала алады: виброқоректендіргіштер, виброжелобтар, бетонсорғыштар немесе кран, бадьялар көмегімен көлік құралынан қалыпқа жерден немесе қозғалмалы көпірден немесе эстакададан қоспаны шығару (7.13 сурет).
7.13 сурет. Бетон қоспасын көлік құралынан қалыпқа шығарумен іргетасты бетондау:
1 – автобетонтасушы, 2 – виброқоректендіргіш, 3 – вибролоток, 4 – қалып
Сатылы іргетастарды бетондау үш сатыдан тұрады. Алдымен төменгі сатыларды бетондайды, кейін бағанаастын ұятүзушіге дейін және ары қарай – бағанаастының жоғары бөлігін бетондайды. Бағанастының 0,4-0,8 м қималы жақтары бар іргетастарда бетон қоспасының еркін құлау биіктігі, жақтарының өлшемдері 0,8-3 м болған кезде, 5 м-ге дейін жіберіледі. Араласпа конусының отыруы 4-6 см тең биік бағанаастыларды бетондау кезінде, жоғарғы ашық шектері арқылы сатыларға жатқызылған бетон шығарылмас үшін бетондауды жәй және аз ғана кідіріспен (1-1,5 сағат) жасау керек.
Динамикалық жүктерді қабылдайтын іргетастар үздіксіз режим бойынша бетондалады.
Бетонды едендер, еден асты негіздер, жолдар маякты тақтайлар орнатумен жалпақтығы 3-4 м жолақтармен бетондалады. Жалақтарды бір арасынан (7.14 сурет), жолға жайлап жақындаумен, жол бөлігінен алшақ орналасқаннан бастап бетондалады. Содан соң аралық жолақтарды бетондайды. Босаған маяктік білте тақтайшалар басқа бөліктерге ауыстырылады. Тығыздауды виброрейкалармен орындайды.
7.14 Сурет. Дайындамалар мен едендерді бетондау:
1 – бетондау жолағы, 2 – көлденең тақтай, 3 – маякті тақтай,
4 – колья
Бағаналарды ұзындығы 5 м-ге дейін деңгейлермен, ал 40х40 см қима кезінде биіктігі 2 м-ге дейін аражабын хомуттармен бетондайды.
Араласпаны беруді жоғарыдан, аражабындардан, немесе жанынан, бағаналар қалыптарында кесілген ойыс-қалташалар арқылы жүзеге асырылады (7.15 сурет). Кейде бетон қоспасын бағана қалыптарына беру үшін төменгі деңгейді бетондап болғаннан кейін қондырылатын шешілмелі қалқандар көмегімен орындайды. Бағаналардың төменінен 0,7 м биіктікте, қоспаның жатуын және оның қосымша тігісін бақылау үшін бақылау саңылауларын жасайды. Бетон қоспасын, ереже бойынша, иілгіш білігі бар тербеушілермен тығыздайды.
Бағаналардың биіктігі 5 м-ден көп кезінде араласпаны воронкалар арқылы хоботтар бойынша беріледі.
Бағаналарды бетондау алдында (сонымен қатар қабырғаларды) олардың төменгі бөлігін 100-200 м биіктікке құрамы 1:2-1:3 (конструкцияның бұл бөлігінде бетон раковиналары түзілмес үшін және ірі толтырғыштардың жиналуын болдырмас үшін) цементті ерітіндімен толтырады.
Арқалықтар мен айдамаларды, ереже бойынша аражабын плиталарымен бірге бетондайды. Тек өте кішкентай массивті арқалықтарда (биікті 0,8 м-ге дейін) бөлшектеп бетондау жіберіледі. Мұндай жағдайда жұмысшы жіктер плиталардан кішкене төмен орналасады.
Айдамаларды, арқалықтарды және плиталарды бетондауды бағаналардың бетонладуынан 1-2 сағат өткеннен кейін және олардағы бетонның алғашқы отыруынан кейін бастайды. Арқалықтар мен айдамалардағы бетонның тығыздалуы тереңдік тербетушілер арқылы жүзеге асады. Егер арқалықтар қою шегенделсе, тербеткіштерді ұштармен (виброштыктармен) жабдықтайды немесе вибробөгеттерді қолданады.
Аражабын тақталарын толық биіктікке (қалыңдыққа) бетондайды және беттік тербетушілермен тығыздайды.
Арқалықтар (айдамалар) және қабырғалы аражабындар тақталаларына араласпаны, ереже бойынша, бір уақытта жатқызады.
Кішкене аралық күмбездерін (15 м-ге дейін) табанынан құлыпқа дейін екі жағынан бір уақытта бетондайды. Күмбезді бетондау әр секцияда үздіксіз орындалуы қажет.
7.15 сурет. Бағаналардың бетондалуы: а – биіктігі 5 м-ге дейінгі бағаналарды бетондау, б –5 м-ден артық биік кезінде тап сол, в, г – арқалықтардың қою шегені бар тап сол; 1 –қалып; 2 – хомут; 3 – шеген; 4 – бадья; 5 – қабылдаушы воронка; 6 – жіп; 7 – буынды хобот; 8 – вибробулава; 9 – сыртқы тербеткіш; 10, 14 – қалталар;
11 – иілгіш білігі бар тербеткіш; 12 – арқалық шегені; 13 – шешілетін қалқа
Күмбездер және аралығы 15 м-ден артық аркалы көпірлер (7.16 сурет) құрылысы кезінде кружалалар мен бетонның тегіс емес отыруынан болатын жарықшақтардың алдын –алу үшін шаралар қолданылады. Осы мақсатта күмбездер мен аркаларды бөлек бөліктерге (секциялаға) бөледі, араларында ені 30-50 см кішкене саңылаулар қалдырылады. Әр бөлікке араласпа үздіксіз беріледі. Жатқызуды тіректерге жақын орналасқан бөліктерден бастайды. Кейін қалыптың бөртуін болдыртпас үшін арканың жоғарғы бөлігінде араласпа құлыпты бөлігінде жатқызылады. Осыдан кейін бетон қоспасын қатарлы бөліктерге конструкцияның екі жағынан беріледі. Аркалар немесе күмбездердің шұғыл бөліктерінде бетон қоспасының тербету кезінде ағып кетпеуі үшін, бетондауды екі жақты қалыпта жүргізеді, қалыптың сыртқы қалқалары процес барысында ұзартылады.
Үзілген жерлердің негізгі сыналары қатуынан 7-14 тәулік өткеннен кейін қатты бетон араласпасымен бетондайды. Жарылуларды ағаштардың тіректеріне қарама-қарсы немесе кружалды фермалардың түйіндерінде қалдырған жөн. Кружалардың зиянды деформацияларын алып тастау үшін, клиньяларды екі жағынан табанынан құлыпқа қарай бетондайды.
