- •1. Тақырыбы: «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ берудің әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұбпен жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)
- •Әдебиеттер:
- •7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.Б.)
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер
- •Информациондық блок «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •Протеинурияның негізгі себептері:
- •Гематурия анықтау:
- •Гематурияның клиникалық варианттары:
- •Гематуриямен ауыратын науқастардың барлығына көрсеткіш:
- •Нефротикалық синдромның негізгі себептері:
- •Гипертониялық синдром
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің классификациясы (с.И.Рябов, 2000)
- •1. Диета.
- •4. Гипертензияны бақылау.
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздінің орынбасу терапия әдістері:
- •Еңбекке жарамсыздық сараптамасы
- •Сбж компенсация сатысы (д III)
- •Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зерттеу бағдарламасы
- •Сп өршуінің диагностикалық критерилері:
- •Пиелонефриттердің және зәртас ауруының емі
- •Антибактериальды терапия ұстанымдары:
- •Созылмалы пиелонефрит емінің ұстанымдары:
- •Рецидивке қарсы ем
- •Санаторлы-курорттық ем
- •Диспансеризация
- •Зәртас ауруы немесе жарақат бойынша нефроэктомиядан кейінгі жағдай (д II)
- •Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйелдерді жүргізу жоспары
- •Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыты
- •Жедел гломерулонефрит
- •Жгн емдеу:
- •Дәрігер терапевт пен нефролог диспансеризациясына жататын адамдарды динамикалық бақылау кестесі
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Гломерулонефриттің морфологиялық классификациясы (Серов в.В., 1980)
- •Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық классификациясы ( и.Е.Тареева, 1995)
- •Диагностикасы
- •Стационарға жолдағандағы жүргізілетін зерттеулер:
- •Созылмалы гломерулонефрит емінің алгоритмі
- •Сгн медикаментозды терапиясы
- •Еңбекке жарамдылық сараптамасы
- •Диспансеризациясы
Протеинурияның негізгі себептері:
Шумақшалық (клубочковая) протеинурия жиі базальды мембрананың зақымдануы кезінде өзекшелер капиллярлары арқылы плазма белоктары фильтрациясының жоғарлауымен байланысты.
Гломерулонефриттер (біріншілік және жүйелі аурулар кезінде),
Бүйрек амилоидозы
Нефротикалық синдром
Подоцитарлы жетіспеушілік
Диабетикалық нефропатия
Бүйрек веналарының тромбозы
Артериальды гипертония
Атеросклеротикалық нефросклероз
Іркілісті бүйрек
Өзекшелік (канальцевая) протеинурия жиі кездеседі, қалыпты шумақшаларда фильтрленген плазмалық төмен молкулярлы белоктардың проксимальды өзекшеде қайта сіңіру қабілетінің төмендеуіне байланысты және зәр құрамындағы спецификалық төмен молекулярлы белоктардың (Р2микроглобулин, лизоцим) жоғарлауымен сипатталады (жеңіл сіңіріліп, жеңіл сорылатын).
Зәр жолдарының инфекциясы
Пиелонефрит
Интерстициальды нефрит
Жедел шумақшалық некроз
Туа пайла болған тубулопатиялар
Қайта толу протеинуриясы (переполнения):
Миеломды ауру
Миоглобинурия
Функциональды протеинуриялар:
Жүктеме протеинуриясы
Қызбалық протеинурия
Ортостатикалық протеинурия
Идиопатиялық өткінші протеинурия
Бүйрек зақымдануының ауырлығын бағалау үшін тәуліктік протеинурияны анықтау маңызды. Тәуліктік протеинурия 1 г артық болуы бүйрек ауруларында байқалады. Протеинурияны анықтау үшін төменгі несеп жолдары инфекциясының жоқтығын білу керек. Төменгі несеп жолдары инфекциясының жоқтығын анықталғанда науқасты нефрологқа жолдайды.
Брайттық және жегілік гломерулонефритте, диабетикалық гломерулосклерозда протеинурия негізінен эритроцитуриямен қосарласады (протеинуриялы-гематуриялық нефропатия). бүйрек амилоидозы, бүйрек веналарының тромбозы, сонымен қатар АГ үшін жекеленген протеинурия тән. ВГ, УП кезінде протеинурия айқындылығы төмен, эритроцитурияға қарағанда.
Гематурия – зәрмен қанның (эритроциттердің) бөлінуі .
Гематурия дәрежесін анықтау үшін санау әдісі қолданылады ( Нечипоренко, Амбюрже, Аддис-Каковский бойынша зәр анализдері).
Интенсивтілігі бойынша макро- және микрогематурияны ажыратады.
Макрогематурия кезінде зәр қызыл немесе қоңыр түсті болады, бұл зәрде бос Нв немесе бұзылған эритроциттердің бар екенін білдіреді. Қанның өзгеріссіз бөлінуі урологиялық ауруларға тән.
Гематурия анықтау:
центрифугирленген зәрдің х 40-микроскопиясы кезінде 5 және одан көп эритроциттердің к/а болуы;
центрифугирленбеген эәрде 6 жоғары эритроциттердің болуы;
1 мл зәрде 1000 эритроциттен жоғары;
24-сағаттық зәрде 1 млн эритроциттен жоғары.
Гематурияның клиникалық варианттары:
макрогематурия
симптомсыз микрогематурия
микрогематурия клиникалық симптомдармен бірге ( дизурия, геморрагиялық синдром,
қызба, ауру сезімі және т.б.)
микрогематурия протеинуримен бірге 0,5 г/л жоғары.
Гематурияның жиі себептеріне:
- зәр шығару жолдарының аурулары кезінде – зәр долдарының инфекциясы (уретрит, цистит), қуықтың тасы, қуықтың ісігі;
- қуық асты безінің аурулары кезінде – простатит, қуық асты безінің ісігі;
- бүйрек аурулары кезінде – гломерулонефрит (жедел, созылмалы), интерстициальды нефрит, ЗТА, поликистоз, бүйрек ісігі, бүйрек туберкулезі.
Гематурия бүйректен тыс себептерге де байланысты болуы мүмкін, коагуляция және тромб түзілу бұзылуы нәтижесінде болуы мүмкін. Балалардың ерте жасында гематурия инфекциялық аурулардың (ВУИ, сепсистің), бүйрек поликистозының, Вильмс ісігінің, бүйрек артериялары немесе веналары тромбозының, обструктивті нефропатияның, токсикалық және алмасулық нефропатияның, жалпылама қантамырішілік қан ұю синдромының (ДВС) немесе гемолитикоуремикалық синдромның клиникалық көрінісі болып табылады, сонымен қатар тұқымқуалайтын нефриттің және бүйректік дисплазияның кейбір түрлерінің алғашқы көрінісі болып табылады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі гематурия бүйрек шумақшаларының зақымдануы кезінде (гломерулонефритте, IgA нефропатияда, тұқымқуалайтын нефритте, жегілік нефритте, интерстициальды нефрите және т.б.).
Балалардағы экстрагломерулярлы гематурия бүйрек қантамырларының аномалиясы және олардың зақымдалуы, тостағаншалардағы тастар, жарақат, кистозды аурулар кезінде кездеседі. Сонымен қатар гематурия зәр шығару жолдарының зақымдануында байқалады: зәрағардың тасы, қуықтың зақымдануы ( катетеризациядан кейін, геморрагиялық циститте, туберкулёзде, циклофосфамидті енгізгеннен кейін), зәр шығар каналдардың зақымдануы (жарақаты, уретрит).
