Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

Нефротикалық синдромның негізгі себептері:

Біріншілік бүйрек аурулары:

  • Жедел и созылмалы гломерулонефрит

  • Біріншідік амилоидоз

  • Туа пайда болған нефротикалық синдром

Екіншілік басқа аурулары бойынша:

  • Жүйелі аурулар (ЖҚЖ, ЖСД, УП, ВГ, РА)

  • Жұқпалы аурулар (инфекциялық эндокардит, туберкулез, сифилис, гепатит В, остеомиелит, өкпенің созылмалы іріңді ауруы)

  • Қан аурулары (лимфогранулематоз, миеломды ауру)

  • Паразитарлық аурулар (малярия, шистоматоз)

  • Ісіктер

  • Жүктілердің нефропатиясы

Емінің негізігі алгоритмі:

  • Міндетті түрде емдік дене шынықтыру тағайындаумен қоса жеткілікті қозғалыстық белсенділік;

  • Дұрыс тамақтану (1 кг дене салмағына - 1 г белок ), натрий хлоридінің құрамы 5 г тәулігіне; ішетін сұйықтық мөлшері тәуліктік диурезбен анықталады, 200-300 мл артық;

  • Ұзақ дәрілік терапия: преднизолон - 1-2 мг/кг: 4-6 апта қабылдау, мөлшерін ұстап тұрушы мөлшерге дейін түсіріп, 6 аптадан 1-1,5 жылға дейін қабылдау; курантил - 200-300 мг тәулігіне, 1 жыл және одан да көп қабылдау; азатиоприн - 2-2,5 мг/кг тәулігіне, 4-6 апта бойы қабылдау; азатиоприннің мөлшерін ұстап тұрушы мөлшерге дейін түсіріп 1-1,5 жыл бойы қабылдау, шеткі қандағы гепаринді бақылау арқылы - 10-60 тыс. бірлік/тәулігіне; 4-6 апта қанның ұю жүйесін бақылау бойынша, тікелей емес антикоагулянттарға (фенилин) ауыстыру, 1жылға дейін.

Тиімділігін бағалау критерилері:

1. Ісінудің басылуы.

2. Протеинурияның төмендеу.

3. Қандағы белоктардың дұрысталуы.

4. Липидтік алмасудың дұрысталуы.

Гипертониялық синдром

ГС байқалуы мүмкін:

- бүйректің барлық паренхиматозды аурулары кезінде (жедел и созылмалы нефрит, созылмалы пиелонефрит, бүйрек поликистозы, бүйрек гипоплазиясы, ГУС, бүйректік трансплантант);

- бүйрек қантамырларының зақымдануы (бүйрек артерияларының стенозы, бүйрек артерияларының тромбозы ) бүйрек қантамырларының атеросклерозы, фибромускулярлы гиперплазия)

- альдостерон мен катехоламиндердің артық өндірілуі (біріншілік гиперальдостеронизм, феохромоцитома).

Созылмалы нефриттің гипертониялық түрі шамамен созылмалы нефритпен ауыратын науқастардың 1/5 кездеседі, әлсіз зәрлік синдроммен (протеинурия 1 г/тәул. аспайды, гематурия және цилиндрурия минимальді). Зәрдегі өзгерістер негізінен АҚ жоғарлағанын анықтағанға дейін білінеді. Тұрақты гипертония, жиі қауіпті, түйінді периартерииттер, жүйелі склеродермия, ЖҚЖ, ВГ, подагралық және диабетикалық нефропатиялар үшін тән.

АГ емдеудің негізгі алгоритмі:

  • Артериальды қысым 160/95 мм с.б.б. дейін болса, натрия хлоридін тәулігіне 5 г дейін шектеу;

  • 160/95 мм с.б.б. жоғары тұрақты артериялық қысым кезінде - белсенді гипотензивті терапия АПФ тежегіштері және АII рецепторларының блокаторларынан басқа.

Жеделнефритикалық синдром триада симптомдарымен сипатталады: ісіну, артериальды гипертония және гематурия. Жеделнефритикалық синдромның дамуы көбіне жедел нефрит үшін тән. Кенеттен ЖНС көріністерінің пайда болуы, ол туралы анамнездік мәліметтердің болмауы (зәр анализіндегі өзгерістер, АҚ жоғарлауы, ісіну), жедел нефрит туралы ойлауға мүмкіндік береді, егерде жоғарыда аталған өзгерістер және зәрдің салыстырмалы тығыздығының және ШФ төмендеуі, онда бұл созылмалы нефрит. Бұл синдромның пайда болуы аурудың белсенділігін растайды.

Емінің негізгі алгоритмі:

  • Науқасты шұғыл госпитализациялау;

  • Гемодинамиканы тұрақты тіркеп отыру;

  • Гипертоничялық энцефалопатияның, бүйрек эклампсиясының, жедел бүйрек және жүрек жетіспеушілігінің алдын алу немесе емдеп жою.

2 жыл бойы ауыр физикалық еңбек және жоғары немесе төменгі температура жағдайында жұмыс істеу, зиянды химиялық заттармен контакта болу қарсы көрсеткіш болып табылады, инфекионды аурулар кезінде 2-4 аптаға базисті терапияны 1 дәрежеге күшейту.

Өзекшелік дисфункция (тубулопатия) нефропатия тобын құрайды, ШФ қалыпты немесе аздап төмендеген кезде өзекшелік функцияның ерте жекеленген немесе жайылмалы зақымдануы тән. өзекшелік жетіспеушілік синдромы жиі тұқымқуалайды және балаларда жиі кездеседі. Үлкендерде генетикалық ауруды кеш анықтау немесе әртүрлі бүйрек ауруларынан (пиелонефрит, интерстициальды нефрит, гломерулонефрит тубулоинтерстициальды компотентпен бірге және т.б.) немесе бүйректен тыс ауруларларынан (ісіктер, аутоиммунды аурулар және т.б.) жүре пайда болған. Бүйректің тубулярлы ауруы байланысты:

- өзекшеде фильтрленген органикалық немесе органикалық емес заттардың реабсорбциясының бұзылуы;

- қан құрамындағы немесе өзекше жасушаларында түзілетін өзекше қуысындағы заттардың секрециясымен;

- зәрдің концентрациялануымен.

ЖБЖ – кенеттен азотемияның дамуымен су-электролиттік баланстың өзгеруімен және қышқылды-негіздік жағдайдың өзгеруімен, бүйрек қызметінің негізгі, әсіресе экскреторлы қызметінің жылдам дамуымен сипатталатын синдром. Бұл өзгерістер бүйрек қанайналымының, ШФ және өзекшелік реабсорбцияның ауыр жедел зақымдануы нәтижесінде дамиды

ЖБЖ дамуына әртүрлі себептер алып келуі мүмкін, бірінші орында экзогенді жағдайлар (токсикалық әсерлер, инфекциялар), сонымен қатар бүйрек обструкциясы, зәр жолдарының бітелуі, интерстициальды тіндердің зақымдалуы т.б.