Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) – бүйректің кез келген прогрессирленген ауруындағы ауруындағы нефрондардың біртіндеп өлуімен жүретін симтомокомплексті ауру. СБЖ КФ 30-40 мл/мин дейін төмендегенінде (нефрондардың 30% дейін төмендеуіне сәйкес келеді) дамиды, организмде мочевинаның, кретининнің және азоттың басқа да зат алмасу заттарының көбеюімен және олардың қан сарысуында концентрациясының жоғарылауымен жүреді.

СБЖ –нің этиологиясы :

- негізіне бүйрек шумақтарының зақымдалуымен жүретін ауруларда (созылмалы және жеделдеу гломерулонефрит), канальцалар мен интерстицияның (созылмалы пиелонефрит, интерстициальді нефрит) зақымдалуымен жүретін аурулар;

- бүйрек зақымдануымен жүретін дәнекер тінінің диффузды аурулары (ЖҚЖ, ЖСД, ТП, ГВ, Вегенер гранулематозы);

- заталмасу бұзылысының аурулары (қант диабеті, амилоидоз, подагра және т.б.);

- бүйректің туа пайда болған аурулары (поликистоз, гипоплазия, Фанкони синдромы, Альпорт синдромы және т.б.);

- қан тамырлардың біріншілік зақымдануы: қауыпті гипертония, бүйрек артериясының стенозы, артериялды гипертония;

- обструктивті нефропатиялар: БТА, гидронефроз, зәр-жыныс ауруының қатерлі ісіктері.

Уремияны туғызатын себептер әртүрлі болғанымен, бүйректе болатын морфологиялық өзгерістер бірдей, бүйрек склерозын тудырып, фильтациялық процестерді төмендетеді.

СБЖ патогенезі:

Негізгі патогенетикалық факторлар:

  1. Бүйректің шығарымдық функцияларының төмендеуі: зат алмасу процесінің заттары организмде ұсталып қалады: азоттық шлактар: басқа жолмен организмнен шығарылмайтын креатинин, мочевина, зәр қышқылы және т.б. Азоттық шлактар СБЖ сатысының көрсеткіші болып табылады. Соңғы жылдары әмбебап уремиялық токсиндер ретінде молекулалық массасы 500-5000 («орташа молекулалар»)заттар жатады, және биологиялық активті заттар – гормондар , біріншіден паратгормон, және де инсулин, глюкагон, ақуыз метаболизмінің заттары– гуанидиндер, пурин туындылары.

  2. Су алмасуының бұзылыстары;

  3. Электролиттер алмасуының бұзылыстары (гиперкалиемия, гипокальциемия, гиперфосфатемия);

  4. Бүйректің қан түзу функциясының бұзылысы – эритропоэтин түзілуінің бұзылысы, анемия тудырады.

  5. Тұрақты гипертензия тудыратын бүйректің прессорлық функциясының активтенуі.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің классификациясы (с.И.Рябов, 2000)

Сатысы

Фазасы

Қандағы креатинин

Шумақтық фильтрация мөлшері

Түрі

Ем шараларына тәуелді топтар

I

(латентті)

II (азотемиялық)

III

(уремиялық)

А

Б

А

Б

А

Б

Қалыпты

0,13 дейін жоғарылау

0,14 - 0,44

0,45 - 0,71

0,72 – 1,24

1,25 және жоғары

Қалыпты, бөлу және концентра циялық сынама ларға бұзылыстар болуы мүмкін

Төмендеген, бірақ қалыптыдағыдан 50% кем емесін құрайды

қалыптыдағыдан 20-50%

қалыптыдағыдан 10-20%

қалыптыдағыдан 5-10%

қалыптыдағыдан 5% төмен

Қайтымды

Тұрақты

Үдемелі

0

0

1

2

2, 3

Ескерту: топ 0 – негізгі аурудың емі; топ 1 – аз белокты диета және консервативтік әдістік емді тағайындау; топ 2 – гемодиализ, трансплантация; топ 3 – симптоматикалық терапия.

СБЖ-нің клиникалық синдромдары:

  1. Астеническиялық синдром: әлсіздік, шаршағыштық, ұйқышылдық, дәм сезу, естудің төмендеуі.

  2. Дистрофическиялық синдром: терінің құрғауы және қышуы, терідегі қасыну іздері, арықтау, бұлшықет тонусының төмендеуі және атрофиясы.

  3. Асқазан-іщектік синдром: ауыздағы құрғақтық және жағымсыз металл дәмі, аппетиттің төмендеуі, кейде іш өту, токсикалық энтероколит белгілері.

  4. Анемическиялық синдром: терінің бозаруы, кейде терідегі геморрегиялар.

  5. Сүйек-буындық синдром: остеопороз бен гиперурикемияға байланысты сүйектердегі жәнебуындардағы ауру сезімі.

  6. Зәрлік синдром: өршу кезеңіндегі изостенурия, гипостенурия, протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия.

  7. ЖЖЖ және перифериялық ЖЖ-дегі бұзылыстар:

- энцефалопатия,

- полиневриттер

- Куссмаульдің шулы тынысы

8. Кардиальді-гипертоническиялық синдром:

- миокардтың гипертрофиясы және дистрофиясы, жиырылғыш функциясының төмендеуінің белгілері;

- қан айналым жетіспеушілігі (сол қарыншалық, тотальді);

- ретинопатия, көру қабілетінің жоғалуы;

- «уремиялық» васкулиттер (тері және шырышты қабаттардың некрозы, ұйқы безінің зақымдануы), уремиялық құрғақ перикардит.

СБЖ ерте клиникалық белгілері:

Полиурия, никтурия, гипохромды анемия. Кейін келе жалпы симптомдар қосылады (әлсіздік, шаршағыштық, күндізгі ұйқышылдық, бұлшықеттегі әлсіздік) және азоттық шлактардың ұсталу белгілері (уремиялар).

Функционалдық пробаларға көрсетулер критерийлері :

1. Полиурия, никтурия, изо-, гипостенурияны Зимницкий талдауы.

2. Қан сарысуында креатинин және мочевинаны жоғарылауын анықтау.

3. Эндогенді кретинин бойынша клиренсті анықтағанда шумақтық фильтрация мен реабсорбция индексінің төмендеуі.

4. Ерте полиуриялық сатыдағы гипокалиемия және СБЖ терминальлы сатысындағы гиперкалиемия.

СБЖ консервативті емі:

СБЖ негізгі емі гемостазды ұстап тұруға, бүйректердің прогрессивті бұзылысын баяулатуға, науқастың жалпы жағдайын субъективті жақсартуға бағытталады.

Емі – бір уақытта патогенетикалық и симптоматикалық. Емнің тактикасы СБЖ сатысына байланысты. ШФ 35-10 мл/мин (СБЖ 1-2 сатысы) болғанда ем консервативті болады, ал егер зақымдану айқындылығы жоғары болса, гемодиализ, перитонеальді диализ, бүйрек трансплантациясы көрсетілген.

Консервативті ем тактикасы:

1.Диета

2. Сұйықтық және электролиттер енгізуге бақылау

3. Ақуыз алмасуының соңғы заттарының түзілуін азайту және шығару

4.Гипотензивті терапия

5. Анемияны емдеу

6. Инфекциялық асқынуларын емдеу

7. уремиялық остеодистрофияны емдеу