Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 8 ОСД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

8.2. Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.

Бөлек элементтерден ғимарат конструкцияларын құрастыру кезінде олардың байланысқан жерлерінде жапсар пайда болады. Бір жапсарлар бөлшектер байланысуының беріктігін, басқалары – герметикалығын қамтамасыз етеді.

Унификацияланған қаңқалы жүйелерде қолданылатын, беріктігін қамтамасыз ететін жапсарлардың конструкциялары әртүрлілігімен айрықшаланады. Орындалуы бойынша жапсарлардың келесі негізгі түрлерін ажыратуға болады:

8.1-сурет. Ішкі қабырға панеліндегі монтажды ілмектер:

1 – жапсарды монолиттеу; 2 – монтажды ілмектер;

3 – аражабын панелі; 4 – қабырға панелі

  1. Болат салу бөлшектерінің немесе өзара байланысатын элементтердің шеген шығындыларының дәнекерленуі;

  2. Басқа элементтің сәйкес ұясына бір элементтің фиксирлеуші штырлерінің (шығындыларының) енуі;

  3. Қатайтатын болттарды орнату;

  4. Шегенді бетонда керу көмегімен жапсар аймағын қысу.

Қатты жапсарлардың барлық түрлері әдетте әрі қарай монолиттеумен орындалады. Соңғы кездері эпоксидті құрамдағы кілегейлі жапсарлар қолданыла бастады.

Беріктікті қамтамасыз ететін жапсарлар мысалдары (8.3 сурет):

  1. Іргетасымен бағана;

  2. Бағанасымен бағана (өсіру);

  3. Ригелімен бағана;

  4. Қабырға панельдерімен және өзара аражабын плиталары.

8.2 Сурет. Монтажды механизмінің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:

1 – панельдегі ойық, 2 – ұстау құрылғысы, 3 – аражабын панелі

Салу бөлшектерін дәнекерлеуден кейін коррозиядан қорғау үшін жапсардың барлық жерін бетондайды (кей жағдайларда ірі панельді үйсалуда монолитті жапсарды дәнекерлеусіз орындайды), май бояулармен сырлайды (ринельдер мен бағаналардың жапсарларын), цементті сумен жағуды (аражабын плиталарының және ригельдердің байланысы), арнайы казеинді-цементті құраммен жабу (маңдайша арқалық блоктарының өзара баланысуы) немесе салу бөлшектерін метализациялауды (ірі панельді ғимараттардың жапсарлары) қолданады.

Байланысу бөлшектерінің герметикалылығын қамтамасыз ететін жапсарларды блоктарды және сыртқы қабырға панельдерін байланыстыру кезінде орналастырады (8.4 сурет). Ірі панельді қабырғаларда шектес блоктардың фигуралы бүйірлермен пайда болған бөлігіндегі жапсарларды тегістеу кезінде жеңіл бетонмен жабады. Ірі панельді қабырғаларда шектес панельдердің бүйірлерімен пайда болған жабық фигуралы бөліктерді бірнеше материалдармен толтырады, бұл материалдардың әрқайсысы белгілі бір функцияны орындайды.

8.3 Сурет. А, б, в, г. Бағана жапсары:

а – ригельмен, б – кранасты арқалықпен; в – стақан типтес іргетаспен,

г – бағанамен; 1, 6 – салу бөлшектері; 2 – байланыстыру бөлшегі; 3 – ригель;

4– бағана; 5 – серпімді төсеу; 7 – кранасты тақтай; 8 – болттар;

9 – іргетас; 10 – монолиттеу бетоны; 11 – ерітінді; 12 – байланыстыру бөлшегі

8.3 Сурет д, е. Жапсар:

д – арқалықпен бос арқалық аражабын плитасы, е – екі консольді бағана мен ригель; 1 – монолиттеу бетоны; 2 – бос аражабын плитасы; 3 – шегенді бойлық стержень; 4 – арқалық; 5 – шегенді шығындылар; 6 – бойлық ойықтардағы стерженьдер; 7 – ригель; 8 – бағана