- •Конспекты лекций
- •8. Құрылыс құрылымдарын монтаждау
- •8.1. Толық құрастырылған ғимараттардың конструктивті сұлбасы және құрастырмалы құрылымдардың негізгі номенклатурасы
- •8.2. Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.
- •8.2 Сурет. Монтажды механизмінің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:
- •8.3 Сурет. А, б, в, г. Бағана жапсары:
- •8.3 Сурет д, е. Жапсар:
- •8.3.1. Конструкцияларды тасымалдау
- •8.4 Сурет. Ірі панельді ғимараттардағы тік (а) және көлденең (б) жапсарлар:
- •8.3. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені
- •8.3.2. Конструкцияны қоймалау
- •8.5 Сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды
- •8.6 Сурет. Қабырға панельдерін тік кассеталарда қоймалау:
- •8.3.3. Ірілендірген құрастыру
- •8.4. Толық құрастырмалы ғимараттарды құрастыру әдістері
- •8.7 Сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
- •8.5. Конструкияны монтаждау тәсілдері
- •8.8 Сурет. Тік (а) және көлденең (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.
- •М онтаж бағыты; к онструкцияның орын ауыстыру бағыты
- •8.9 Сурет. Бағананы вертикал қалыпқа көтеру сұлбасы:
- •8.10 Сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:
- •8.6. Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар
- •8.12 Сурет. Строповкалы бейімделулер:
- •8.13 Сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілмек;
- •8.14 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:
- •8.15 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:
- •8.16 Сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:
- •8.17 Сурет. Қабырға панельдерінің монтажы
- •8.18 Сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:
- •8.7. Бір қабатты өндірістік ғимараттар темірбетон конструкцияларының монтажы.
- •8.7.1. Монтаж әдісін таңдау.
- •8.7.2. Бөлек конструкцияларды монтаждау әдістерін таңдау.
- •8.8. Көп қабатты ғиамараттар конструкцияларының монтажы
- •8.19 Сурет. Қаңқасыз ғимараттың жерүсті бөлігінің элементтер монтажы:
- •8.9. Монтажды крандарды таңдау
- •8.20 Сурет. Мұнаралы кранды құрастырылып жатқан объектіге байлау
- •8.21 Сурет. Жебелі кранның қажетті параметрлерінің есепті сұлбасы Ұқсас үшбұрыштар қатынасынан алынған шешім төменде келтірілген.
- •8.10. Жұмыс көлемдерін есептеу
8.3.2. Конструкцияны қоймалау
Құрама конструкциялардың қоймасы мекеме қабылдаған монтаж және жұмыс көлеміне байланысты орталықтанған және аймақтанған бола алады. Орталық қоймаларды жеткізушілердің айтарлықтай алшақтығы және үлкен көлемді аймақтарды салу шарттарында белгілі-бір қорларды шығару мақсатында, сонымен қатар көлік құралымен тасымалдана алатын габаритті конструкцияларды үлкейту кезінде орналастырылады.
Бұл қоймалар әдетте конструкцияларды теміржол немесе су көлігімен жеткізу кезінде ұйымдастырады. Орталық қоймаларда конструкцияларды түсіреді, аймақ және маркасы бойынша сараптайды, ал кей кезде монтажға даярлайды. Орталық қойма әрдайым есеп жүргізеді және жеткізушілермен байланыста болады, жеткізудің уақыттылығын және топтылығын тексереді. Жұмыстарды механизациялау үшін орталық қоймаларда ашалы, өздігінен жүретін жебелі және мұнаралы крандарды қолданады.
Қойма алаңдарында жеткілікті жолдар, жүктеу алаңдары, салу және жеткізілген элементтерді сақтау үшін инвентарьлар (кассеталар, ернеулер, аралық төсемдер, астарлар) және сәйкесті жарықтандыру болу керек. Текшелер арасынан ені 1 м кем емес өтетін жолдар қалдырылады.
Аймақтық қоймалар монтажды крандар аймағында орналастырылады. Қоймаларда элементтерді тек алдын-ала қарастырылған аймақтарда немесе жұмыс өндірісі жобасымен қарастырылған қоймалау аймағында түсіріледі. Қоймалау орнын таңдаған кезде конструкцияның монтаждау ретін ескеру қажет. Құрама конструкциялы элементтерді сақтауға арналған алаңдар жолдардан еңістікпен жобалануы қажет. Конструкцияларды орналастыруда қоймадағы қызмет ететін кран жолдарына жақын етіп ауыр кронструкцияларды орналастырады, бұл кедергісіз ұстауды, страповканы және әр элементті көтеруге мүмкіндік береді.
Құрылыс конструкциялары қоймаларына қажетті алаң:
мұндағы mi – қоймада сақталатын конструкция массасы (немес көлемі);
qi – жүкті қойма алаңдарының меншікті жүктелуі, т/кв. м (немесе куб. м/кв. м);
K0 = 1,75-2,0 – өтетін жолдарды ескеретін коэффициент.
Аймақтық қоймалардың алаңын анықтау кезінде монтаж жұмыстарының үздіксіз орындалуын қамтамасыз етуіне қажетті алаңда минималды мүмкін болатын конструкция қорын ескереді.
Қажетті конструкция қоры:
mi = mc t, (8.2)
мұндағы mc – конструкцияның тәулітік қоры;
t – қор есептелген уақыт, (тәулік).
Қор уақыты конструкция жеткізілу интервалынан, зауыттардан қойма алаңдарына жеткізу уақытынан, түсіру және бұйымдарды қабылдау, конструкцияны монтаждауға дайындау және мүмкін болатын ұйымдастырушылық ақаулар ликвидациясы интервалынан орындалады.
Кез-келген жағадайда конструкцияны қоймалау қауіпсіздік техникасы қамтамасыздандырылған, бөлек конструцияның немесе текшелердің тұрақтылығын, строповка ыңғайлығын қамтамасыз ету үшін өндіріледі.
Болат конструкцияларды биіктігі 1,5 м аспайтындай етіп текшелеп орналастырады. Ферма мен арқалықтарды арнайы тіреуіштерде жобалық қалыпта 0,6 м аспайтындай етіп орналастырады. Барлық металл конструкцияларды астарларда және аралық төсемдерде орналастырады.
Темірбетон итарқалық және итарқаастылық фермаларды, арқалықтарды тік қалыпта астарлар үстінен жақтық тіреуіштер орналастырумен жинақтайды (8.5 сурет).
Аражабын плиталарын, баспалдақ марштарын, алаңдарды және сақтауды қажет ететін басқа элементтерді биіктігі 2-2,5 м аспайтындй етіп текшелеп қоймалайды. Текшелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және конструкцияның бұзылуын алдын-алу үшін олардың арасындағы аралық төсемдерді бір вертикал бойынша қатаң орналастырады.
Қабырға панельдерін – арнайы касетталарда тігінен сақтайды (8.6 сурет).
Кей жағдайларда бөлшектерді көлік құралында монтаждайды (дөңгелектерден). Дөңгелектерден монтаждау прогресситві тәсіл болып есептеледі, себебі бұл жағдайда қоймалық алаңда қажет болмайды және бөлшектерді көліктен монтаж орнына дейін тасымалдау бойынша шығындар азаяды. Мұндай монтаждау кезінде бұйымдарды жеткізуші зауыттар, көлік және монтаждаушылар бір ортақ график бойынша жұмыс істеу керек. Графикте ауысым, рейс нөмірі, көлік нөмірі, бөлшек маркасын, бір рейсте жеткізілетін бөлшектер санын, бөлшек жеткізілетін мекен-жайын, автокөліктің зауытқа жететін уақытын, зауыттан шығу уақытын, құрылыс алаңына жету уақытын және одан шығу уақытын белгілейді.
