- •Конспекты лекций
- •8. Құрылыс құрылымдарын монтаждау
- •8.1. Толық құрастырылған ғимараттардың конструктивті сұлбасы және құрастырмалы құрылымдардың негізгі номенклатурасы
- •8.2. Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.
- •8.2 Сурет. Монтажды механизмінің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:
- •8.3 Сурет. А, б, в, г. Бағана жапсары:
- •8.3 Сурет д, е. Жапсар:
- •8.3.1. Конструкцияларды тасымалдау
- •8.4 Сурет. Ірі панельді ғимараттардағы тік (а) және көлденең (б) жапсарлар:
- •8.3. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені
- •8.3.2. Конструкцияны қоймалау
- •8.5 Сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды
- •8.6 Сурет. Қабырға панельдерін тік кассеталарда қоймалау:
- •8.3.3. Ірілендірген құрастыру
- •8.4. Толық құрастырмалы ғимараттарды құрастыру әдістері
- •8.7 Сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
- •8.5. Конструкияны монтаждау тәсілдері
- •8.8 Сурет. Тік (а) және көлденең (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.
- •М онтаж бағыты; к онструкцияның орын ауыстыру бағыты
- •8.9 Сурет. Бағананы вертикал қалыпқа көтеру сұлбасы:
- •8.10 Сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:
- •8.6. Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар
- •8.12 Сурет. Строповкалы бейімделулер:
- •8.13 Сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілмек;
- •8.14 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:
- •8.15 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:
- •8.16 Сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:
- •8.17 Сурет. Қабырға панельдерінің монтажы
- •8.18 Сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:
- •8.7. Бір қабатты өндірістік ғимараттар темірбетон конструкцияларының монтажы.
- •8.7.1. Монтаж әдісін таңдау.
- •8.7.2. Бөлек конструкцияларды монтаждау әдістерін таңдау.
- •8.8. Көп қабатты ғиамараттар конструкцияларының монтажы
- •8.19 Сурет. Қаңқасыз ғимараттың жерүсті бөлігінің элементтер монтажы:
- •8.9. Монтажды крандарды таңдау
- •8.20 Сурет. Мұнаралы кранды құрастырылып жатқан объектіге байлау
- •8.21 Сурет. Жебелі кранның қажетті параметрлерінің есепті сұлбасы Ұқсас үшбұрыштар қатынасынан алынған шешім төменде келтірілген.
- •8.10. Жұмыс көлемдерін есептеу
8.14 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:
а – консольді, б – клещті, в – фрикционды
Ұстау кезінде жергілікті немесе қашықтан бағыттау мүмкін; соңғысы құрастырушыны өндірістік емес ауысулардан және расстоповка үшін көтерілуден босатады. Ұстаулар қолмен немесе механикалық жалғастырушымен жабдықтала алады.
Уақытша ұстау және бөлшектерді выверкасы үшін сыналарды, расчалкаларды, кондукторлар мен струпциналарды қолданады. Сыналар және расчалкалар көмегімен кішкентай бағаналарды (массасы 2т дейін және биіктігі 4 м дейін) құрастырады. Сыналарды қатты ағаш жыныстарынан, бетоннан және болаттан өндіріледі. Оларды темірбетон конструкцияларының монтажында қолданылады. Металл конструкцияларының монтажын металл сынамалар көмегімен жүргізеді. Темірбетон конструкцияларында ағаш сыналарды қолдану жапсарларды жапқаннан кейін оларды қайтып шығаруда қиыншылық тудырады. Жапсарларда тек бетон немесе металл сыналарды қалдыруға болады, бірақ бұл тиімсіз. Мұндай жағдайдарда шығаруға жеңіл инвентарлы сыналы салымдарды қолданған жөн, оған қоса егер жапсарлар өлшемдері түрлі болса, бағаналар орнатуда қолдануға болады. Ені 400 мм дейінгі бағананың әр шегі бойынша бір салым орнатылады, бағана ені үлкен болған жағдайда – екі салым. Бетонның жапсарға 70% жобалық беріктігіне жеткен соң салымдарды алып тастайды. Сыналар орнына салымдарды қолдану кранның жұмыс уақытын шамамен 15% қысқатруға мүмкіндік береді.
Бағаналарды стақанға выверка мен уақытша бекіту үшін түрлі конструкциялы кондукторлар қолданылады. Бағаналарды іргетас стақанына және төмен жатқан бағанаға монтажы үшін кондукторлар бар. Жалғыз кондукторлар (8.15 сурет) бір уақытта бір бағананы монтаждауға, ал топық – бір уақытта бірнеше бағаналарды монтаждауға арналған. Кез-келген жағдайда кондуктор кондукторды іргетаста, төмен жатқан бағанға немесе аражабындарға бекітілетін қондырғылардан, құрастырылатын конструкцияның уақытша бекіту үшін қондырғысынан, бағаналарды ғимарат осі бойымен орын ауыстыруы үшін қондырғыларынан және егер кондукторлар көп қабатты болса қажет уақытта сатылармен байланысқан құрастырушыларды және дәнекерлеушілерді орналастыратын төсемдерден тұрады.
8.15 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:
1 – қоршаумен жұмыс алағы, 2 – құрастырылатын бағана,
3 – құрастырылатын бағананы уақытша бекітуге арналған қондырғы,
4 – алдын-ала құрастырылған бағанада кондукторды бекітуге арналған қондырғы,
5 – аражабын, 6 – рама, 7 – көлденең оське қатысты бағананы тасымалдауға арналған қондырғы
Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондукторлар (8.16 сурет) бағана консольдеріне болттармен бекітілген металл струбцина түрінде болады. Арқалықтарды немесе фермаларды консольдерге орналастырғаннан кейін қажет болғанда оны кондуктор болттарын айналдыру көмегімен ысыруға болады.
Ірі панельді ғимараттар қабырға панельдерінің монтажы үшін струбциналарды металл құбырларда оның бір немесе екі шетіне бекітеді. Егер струбцина штанганың бір шетіне бекітілсе, онда мұндай бейімделуді тіреуішпен струбцина деп атайды. Струбцинаны онатылған панельге бекітеді, ал тіреуіштің екінші шетін аражабынға бекітеді. Тіреуіш муфтамен жабдықталған, оны айналдыру арқылы штанга-ұстағыштың ұзындығын өзгертуге болады және осының арқасында панельдің жоғарғы бөлігін тік етіп ысыруға болады. Екі шетінен струбциналары бар штанга-ұстағышпен бір-біріне параллель орналастырылатын қабырға және бөлмеаралық панельдерін бекітеді. Орналасудың тікғын тіктеуіш-рейкамен тексереді (8.17 сурет).
