- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •Медициналық шаралар.
- •Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.
- •Құтқару және басқа да маңызды жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері (ҚжБшж). ҚжБшж мақсаты, мазмұңы және орындау шарттары. Оларды орындауға қатысатын күштер мен құралдар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заңды және нормативті құқықтық негіздері. Негізгі заңды және нормативті құқықты актілердің сипаттамасы: бағытталуы, реттелетін объектілер және негізгі ережелер.
- •Ақ құрылымдары, бағытталуы және олардың құрылу тәртібі
Бақылау сұрақтары:
ҚжБШЖ құрамына не жатады?
Сұрапыл жағдайлар мен апаттардың салдарын жою бойынша шараларды жүргізу реті қандай?
ҚжБШЖ жүргізуге арналған күштер мен құралдар қандай?
ҚжБШЖ ұйымдастыру мен ұймдардың ерекшеліктері қандай?
15 Дәріс. Тіршілік қауіпсіздігін басқару. Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заңды және нормативті-құқықтық негізі. Негізгі заңды және нормативті құқықты актілердің сипаттамасы: бағытталуы, реттелетін объектілер және ережелер. Қауіпсіздіктің мемлекеттік басқару органдары: қауіпсізхдікті бақылау мен қадағалау, басқару органдары және олардың негізгі қызметі, құрылымы, міндеті мен құқығы. АҚ және ТЖ жүйесі.
АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің негнізгі қызметтерінің бірі, ол мемлекеттің қорғаныстық шараларының құраушы бөлігі болып табылады. АҚ ұйымдастыру мен оның тәртібі заңмен анықталған.
ҚР жалпы АҚ басшылығын ҚР Премьер-министрі атқарады - ҚР АҚ бассшысы. ҚР АҚ тікелей басшылығын ТЖМ атқарады.
Азаматық қорғаныс (АҚ) – территориалды-құрылымдық ұстаным бойынша ҚР барлық аумағында ұйымдастырылған.
ТЖ және АҚ қызметтері мен басқару органдары:
- орталық атқарушы орган және оның құрылымдық аумақтық органы;
- АҚ бөлімшелері мен орталық және жергілікті атқарушы орган бөлімшелері, АҚ бойынша құрылымдық штабтар, АҚ басшылығына тікелей бағынышты.
ТЖ кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуде АҚ маңызды қызметтер атқарады. АҚ басшысы – бірінші басшы. ТЖ басқармаларының (бөлімшелерінің) басшысы – АҚ басшысының орынбасары болып табылады.
АҚ іс-шараларының орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, мекемелермен, басқару органдрымен, АҚ күштерімен, ҚР азаматтарымен жүзеге асырылады.
АҚ іс-шараларын үйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі орталық және жергілікті атқарушы органдарының басшыларына, түрлі меншіктік иеліктегі ұйым басшыларына жүктеледі.
Қалада (облыста) орын алған ТЖ фактілерін тіркеуді қалалық және облыстық ТЖ департаменті жүргізеді, ал Республика бойынша ТЖМ жүргізеді.
Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заңды және нормативті құқықтық негіздері. Негізгі заңды және нормативті құқықты актілердің сипаттамасы: бағытталуы, реттелетін объектілер және негізгі ережелер.
Әр деңгейдегі қауіпсіздік талаптарын дер кезінде ескеру техникалық жағынан ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да шартты болып табылады.
Қазақстан Республикасында тіршілік қауіпсіздігі саласында келесідей заңдар қабылданған:
- «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жыл 5- шілде.
Бұл заң ҚР аумағындағы табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою мен оларды ескерту бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді.
- «Құтқарушы статусы мен апатты-құтқару қызметтері туралы» 1997 жыл 27-наурыз.
Бұл заң табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою үшін құрылған апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын ұйымдастыру мен олардың әрекет ету барысындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
- «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жыл 7- мамыр.
Бұл заң ҚР АҚ қызмет етуі мен түзілуінің принциптерін, негізгі мақсттарын, орталық пен жерлілікті өкілетті және атқарушы органдарының құзыреттерін, ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың АҚ аймағындағы міндеттері мен құқықтарын анықтайды.
- «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жыл 22-қараша.
Бұл заң ҚР аймағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласы бойынша мемлекеттік органдардың, кез-келген меншік иелерінің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын реттейді.
- «Радиациялық қауіпсіздік туралы» 1998 жыл 23-сәуір.
Бұл заң иондаушы сәулелердің зиянды әсерінен халықтың денсаулығын қорғау мақсатында халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласы бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді.
- «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жыл 3-сәуір.
Бұл заң қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы заңды қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың алдын алуға, апаттың салдарын жою мен оқшаулауды ұйымдастыруға дайындығын қамтамасыздауға бағытталған, апаттың салдары қоршаған орта мен мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға кесірін келтірген болса шығындарды өтеуге кепіл бола алады.
Мемлекеттік бақылау. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, стандарттар, еңбек қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормаларының орындалуын қадағалайтын келесі органдар жатады: өнеркәсіптегі және тау-кен өндіріс орындағы (Госгортехнадзор) еңбек қауіпсіздігін бақылау бойынша ҚР ТЖМ Департаменті, ҚР экономика және көмір өндірісінің министрлігі - энерго бақылау бойынша Мемлекеттік инспекция (Госэнергонадзор), басты санитарлық-эпидемиологиялық басқарма – ҚР денсаулық сақтау Министрлігі (Госсаннадзор), басты өрттік қорғаныс басқармасы (Госпожнадзор) және ҚР ішкі істер Министрлігінің Жол полиция Депортаменті, өнім сапасы мен стандарттарын басқару жөніндегі ҚР Мемлекеттік комитеті(Госстандарт), ҚР Президентінің қарамағындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі Мемлекеттік комитет (Госатомнадзор), ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің еңбек қорғау жөніндегі Мемлекеттік инспекция.
ҚР Госгортехнадзор құрылыс пен көлік салаларынан басқа барлық өнеркәсіп салаларындағы техника қауіпсіздігінің Мемлекеттік бақылауын жүзеге асырады.
ҚР мемлекеттік энерго бақылау электрлік және жылу шаруашылықтарындағы, электрстанцияларындағы электр қауіпсіздік ережелерінің сақталуына бақылау жүргізеді, сонымен қатар электр көзін тұтынушылармен барлық түрдегі электр қондырғылардың орналастыру және техникалық пайдаланылуын, олардың техникалық қауіпсіздігін сақтауын, электр және жылу энергиясын тұтыну ережелерін сақтауын қадағалайды.
Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау) өнеркәсіптік орталықтар мен қалаларды жоспарлау барысында өнеркәсіптік мекемелердің құрылысы мен қайта тұрғызу кезінде және жобалау кезінде санитарлы-гигиеналық және санитарлы-эпидемияға қарсы нормалар мен ережелерді (өндірістік санитария талаптарын) сақтауы жөнінде бақылау жүргізеді.
Мемлекеттік өрт бақылау (Мемлекеттік өртке қарсы бақылау) барлық мекемелермен ұйымдардың өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін орындауына бақылау жүргізеді.
ҚР Мемлекеттік атомдық бақылауы атом электрстанцияларын, атомдық жылуэлектростанциялары, жылумен қамтамасыздау атом станцияларын, тәжірибелі және зерттеулі ядролық реакторлар мен қондырғыларды пайдалану және құру кезіндегі техникалық қауіпсіздікті бақылайды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы (ҚР әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі) еңбек қорғау бойынша заңды актілерді бекітеді, министрліктермен және ведомствалармен еңбек заңдарын ұстануына бақылау жүргізеді.
ҚР Азаматтық қорғанысы Республика территориясын, экономикасын жане халықты заманауи зақымдау көздерінен, стихиялы зілзаладан, ірі авариялар мен катастрофалардан зақымдалуынан қорғау мақсатындағы жалпымемлекеттік шаралардың құрамдық бөлігі болып табылады.
АҚ қызметі мен орнын Еліміздің геосаяси жағдайы, белгілі бір мемлекеттік және әлемдік державалармен саяси қарым-қатынас жағдайлары, экономиканың даму деңгейі, әскери құрылыс саласындағы мемлекет политикасы және әскери доктринасы анықтайды.
ТЖ кезінде халық тіршілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруда АҚ-қа бірінші деңгейдегі қызмет жүктеледі.
ҚР АҚ негізгі міндеттері, қызмет етуі мен құрылуының ұйымдастырушылық принциптері, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құзыреті, АҚ саласындағы азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқығы мен міндеті ҚР 7 мамыр 1997 ж. «Азаматтық қорғаныс» заңымен анықталады.
Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт уақыттары мен соғыс уақыттары халықты, мекемелерді еліміздің территориясын заманауи зақымдау факторларынан, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
АҚ негізгі міндеттері ҚР «Азаматтық қорғаныс» таралы заңының 3 бабында анықталған.
АҚ ұйымдастырудағы басты рөл шаруашылық объектілерге жүктеледі, олар АҚ жүйесінде басты бөлімше болып табылады. Шаруашылық объектілерде АҚ барлық шараларының бастамасы жүргізіледі, мұнда жұмысшылыр мен қызметкерлерді қорғау бойынша, соғыс уақытында объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша, құтқару және басқа ада шұғыл жұмыстарды жүргізуге қажетті күштерді даярлау бойынша негізгі шаралар кешені жүргізіледі.
Шаруашылық объектідегі АҚ жағдайына және оны ұйымдастыруға шаруашылықтың бірінші басшысы жауапты, ол ҚР «Азаматтық қорғаныс» туралы Заңына сай объектідегі АҚ басшысы болып табылады.
Оның АҚ шараларын ұйымдастыру бойынша шығарған бұйрықтары мен үкімдері лауазымды тұлғалардың барлығына міндетті болып табылады.
Объектіде, АҚ басшылығының қарамағында АҚ штабы құрылады – ол Ақ мәселелері бойынша объектідегі барлық тәжірибелік қызметтерді ұйымдастыратын АҚ басшылығының басқару органы. Штаб өз жұмысын объектідегі АҚ басшылығының шешімдерінің негізігде ұйымдастырады және жүргізеді.
АҚ штабының басшысы объектілік АҚ басшысының орынбасары болып табылады. Ол объектідегі АҚ мәселелері бойынша АҚ басшысының атынан бұйырымдар мен үкм шығаруғы құқылы.
