- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •Медициналық шаралар.
- •Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.
- •Құтқару және басқа да маңызды жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері (ҚжБшж). ҚжБшж мақсаты, мазмұңы және орындау шарттары. Оларды орындауға қатысатын күштер мен құралдар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заңды және нормативті құқықтық негіздері. Негізгі заңды және нормативті құқықты актілердің сипаттамасы: бағытталуы, реттелетін объектілер және негізгі ережелер.
- •Ақ құрылымдары, бағытталуы және олардың құрылу тәртібі
Ақ құрылымдары, бағытталуы және олардың құрылу тәртібі
АҚ құрылымдары бейбіт және соғыс уақытында ТЖ туындағанда және туындау қауіпі орын алғанда апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жұргізуге бағытталған.
АҚ құрылымдары территориалды-өндірістік принцип бойынша мекемелерде, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және территориалдық пен объектілік болып бөлінеді.
Территориалдық құрылымдар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және сәйкесінше АҚ басшыларына бағынады.
Территориалдық құрылымдарға келесілер жатады:
- барлау – ауада, өзендерде, көлдерде және теміржолдарда барлау бөлімшелері (звенья);
- құтқару – құтқарушылар тобы, адамдарды іздеу тобы (арнайы үйретілген иттері бар көсемдер);
- дәрігерлік – госпитальдар, отрядтар, бригадалар;
- инженерлік – инженерлік топ, жол-көпір топтары, инженерлік барлау топтары;
- қорғаныс ғимараттарына қызмет көрсету топтары;
- өртке қарсы – өрт сөндіру топтары;
- апаттық-техникалық – электр желілері, газ тораптары, су құбырлары, канализация және жылу құбырлары желілері бойынша апаттық-техникалық топтар;
- радиациялық хәне химиялық қорғаныс – потенциалды қауіпті объектілердің арнайы топтары, радиациялық және химиялық бақылау бекеттері, радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері;
- байланыс – байланысты қалпына келтірудің апаттық топтары, байланыс тобы (байланыс түйіні);
- материалдық-техникалық қамтамасыздау – тамақтанудың жылжымалы бекеттері; азық-түлікпен және киім кешекпен қамтамасыз ету; жылжымалы жанар-жағармай станциясы; жылжымалы жөндеу-қалпына келтіру топтары; подвижные ремонтно-восстановительные команды, сумен жабдықтау топтары;
- көліктік – тұрғындарды және жүктерді тасымалдауға арналған автоколонналар; автосанитарлық отрядтар автосанитарные отряды, авиасанитарлы эскадрильялар, экосанитарные поездар, экосанитарные кемелер;
- қоғамдық тәртіп сақшылары – қоғамдық тіртіп сақтау топтары;
- жануарлар мен өсімдіктерді қорғау – жануарлар мен өсімдіктерді қорғау топтары;
- басқа – жергілікті шарттарға байланысты тапсырмаларды орындау үшін ведомства қарамағындағы территорияларда құрылған басқа да құрылымдар.
Объектілік құрылымдар меншік түріне тәуелсіз тұрғылықты жеріне байланысты мекемелерде құрылады және өз мүддесіне қолданылады. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша объектілік құрылымдар орналсу аймағындағы тапсырмаларды орындауда жұмылдырылуы мүмкін.
Объектілік құрылымдарға келесілер жатады:
- барлау тобы;
- құтқарушылар тобы;
- инженерлік топ;
- санитарлық дружиналар (бекеттер);
- қорғаныс ғимараттарына қызмет көрсету топтары;
- потенциалды қауіпті объектілердің арнайы топтары;
- өрт сөндіру топтары;
- байланыс тобы;
- қоғамдық тәртіпті сақтау топтары;
- жануарлар мен өсімдіктерді қорғау топтары.
Сай келетін база мен жергілікті шарттардың бар болуына байланысты объектілік құрылымдар ретінде келесілер құрылуы мүмкін: жылжымалы қоректену бекеттері, тұрғындар мен жүктерді тасымалдауға арналғанавтоколонналар, апаттық-техникалық топтар және басқа да құрылымдар.
Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою үшін құрылған АҚ құрылымдары мен штаттық арнайы құрылымдарынан облыстық, қалалық және аудандық жедел әрекет ету отрядтары құрылады, олардың дайындығы өте жоғары және құрамындағы жалпы адам сандары келесідей болуы керек:
1) облыстық –150 адамнан кем емес;
2) қалалық –100 адамнан кем емес;
3) аудандық –50 адамнан кем емес.
Радиоактивті, қатты әсер ететін улы заттарды өндіретін, сақтайтын және пайдаланатын мекемелерде және басқа да потенциалды қауіпті объектілерде арнайы мамандандырылған топтар құрылады. Олар «радиациялық және химиялық қорғау құрылымы» категориясына жатады.
АҚ құрылымдарының жобылық ұйымдастырушылық-штаттық құрамы, құрылу принциптері, олардың жеке құраммен толықтырылуы мен материалды-техникалық құндылықтармен жасақталуы Азаматтық қорғаныс құрылымдары туралы Нұсқауда кеотірілген.
АҚ құрылымдарының құрамы мен саны бейбіт және соғыс уақытындағы болжанған және атқарылатын апаттық-құтқару жұмыстарының көлеміне негізделе отырып және мекемелерді, халықты, еліміздің аумағын сенімді қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты анықталады.
Жерсілкінісіне бейім келетін ҚР аймақтарында АҚ құрылымдары халық санына байланысты 10 адамға бір құтқарушы деген есеппен дайындалады; өртке, субасуға және басқа да потенциалды қауіпі бар өнеркәсіптік аймақтарда – халық санына байланысты бір құтқарушыға 15-20 адам.
АҚ құрылымдары құралған мекеме басшылары құтқарушылардың кәсіби дайындығына, заманауи техникамен, құралдармен, жабдықтармен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыздалуына және олрдың әрдайым дайындықта болуына жауапты.
АҚ құрылымдарының негізгі түрлері:
- құтқару құрылымдары барлауға, үйінді астында қалған адамдарды іздеуге және шығаруға, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған және балама құтқару отрядтарынан, құтқару топтарынан немесе адамдарды іздеу топтарынан және барлау топтарынан тұрады;
- инженерлік құрылымдары инженерлік барлау жүргізуге, үйінді астында өткелдер мен жолдар жасауға, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіруге, сонымен қатар су бөгеттері арқылы өткізуге, жарылыс жұмыстарын жүргізуге, үстін басын қалған үймереттерді тазартуға бағытталған және инженерләк топтанғ жок-көпір топтарынан, жарылыс жұмыстарын жүргізу топтарынан, инженерлік барлау топтарынан тұрады. Инженерлік құрылымдар жұмыстарды автономды түрде орындауға мүмкіндік беретін техникалармен және жабдықтармен қамтылуы керек;
-АҚ және ТЖ қызметінің құрылымдары халықтың тіршілік жағдайларын қамтамасыз етуге, апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын атқарға, құтқарушылар құрылымын күшейту және олардың жанжақты әрекет етуін қамтамасыз етуге арналған және олар келесідей бөлінеді: дәрігерлік; байланыс; қоғамдық тәртіп сақшылары; өртке қарсы; апатты-техникалық; материалдық қамтамасыздау; көліктік; жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.
Республикалық жедел-құтқару отрядтары өту мүмкіндіктері жоқ аймақтардағы, күрделілігі жоғары объекттерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге және жапа шегушілерге жедел көмек көрсетуге арналған. Мұндай отрядттар өте жоғары дайындықтағы құрылым болып табылады және ҚР басшылығының шешімі бойынша құрылады.
Облыстық және қалалық жедел-құтқару отрядтары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге және жапа шегушілерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған. Олар дайындығы жоғары құрылым болып табылады және сәйкесінше АҚ басшылықтарының шешімі бойынша құрылады және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
АҚ құрылымдарына 1,2,3 топтық мүгедектігі бардадамдардан, екі қабат әйелдер мен 8 жасқа толмаған балалары бар әйелдерден және соғыс уақытында мобилизациялық құжаты бар әкери міндетті адамдардан басқа, жұмысқа жарамды жастардағы ерлер мен әйелдер қабылданады.
