Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Саясаттану.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Демократия түсінігіне анықтама беріңіз?

  2. Демократияның түрлерін көрсет?

  3. Демократияның тарихи түрлерінің ерекшеліктерін анықтаңыз?

  4. Қазақстанда демократиялық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері?

  5. Саяси жаңарту түсінігін беріңіз?

  6. Қазақстанда саяси жаңарту мәселесі?

Дәріс №13 Тақырыбы: Салыстырмалы саясаттану

Сұрақтар:

1.Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен мәні

2.Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.

3. Қазіргі салыстырмалы методологиясы.

4.Салыстырмалы зерттеулердің типтері.

1. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

2. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

3. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да «өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтану", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық ұйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.

Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдыментанымдық (еносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарындаа қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттж басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді. Ең соңында саясаттанудын болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы даяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумер ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысты және оны оқып-білу маңызды. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.

П

Саяси партия

артиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:

1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы.

2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды.

Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда.Уақыт өткен сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?

Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының «қайығын тербететіні» жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің «семіртіп» жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси партиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған.

Саяси партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі.

П

Партиялар типологиясы

артиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді.

Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым. Беделді жанұялар немесе аса танымал лидерлер қарамағында біріккен саяси топтар бәсекесі көптеген ғасырлар бойы саяси тарихтың негізгі мәселесі болыр отырған. Бірақ, біз саяси партиялар деп атайтын ұйымдар ХIХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада пайда болған екен.

Саяси партиялардың негізін анықтау үшін түрлі жолдарды қарастырайық:

1) Партияны бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдар тобы деп түсіну (Б.Констан).

2) Белгілі бір таптардың мүдделерін білдіретін саяси топ (марксизм).

3) Партияның институционалды түсінігі: мемлекет жүйесінде қызмет ететін ұйым (М.Дюверже).

Партияны анықтаудың басқа да жолдары:

• партия – идеологияның ұстанушысы ;

• партия – адамдардың көп уақытқа бірігуі;

• партия мақсаты – билікті жаулап алу және оны жүргізу;

• партия әрқашан халық қолдауын қалайды.

Партиялар мен басқа да саяси бірлестіктер арасындағы шектер анық емес болып келеді және көп уақытта есептелмейді.

Партиялардың құрылуы ұзақ, әрі қиын үрдіс болды. Алғашқы кезде партиялар тек сайлау кезеңдерінде ғана белсенді жұмыс атқарды, олардың тұрақты ұйымдары болған жоқ, съездер мен конференцияларды ретсіз өткізді, партия жақтаушылары партиялық тәртіппен байланысқан емес.

Алғашқы ауқымды және тұрақты жұмыс атқаратын партия – Англияның либерал партиясы болды (1861 жылдан бастап). Ауқымды саяси партиялардың пайда болуының негізгі себебі – жалпы сайлау құқығының тарауы болды. Әрбір партия халықтың белгілі бір тобының мүдделерін қорғау үшін құралған еді.

С

Саяси элита

аясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған», ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді, айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілердің жоғарғы өлшеммен бағалайды. Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.

Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметгік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдык. салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардын нәтижесі — мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде коғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.

Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты, дербес, көп қырлы және күрделі саласы. Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін қамтиды — зандылық, аткарушылық және соттық. Саяси сала қоғамдық өмірдің және оның дамуының қозғаушы күшінің бірі. Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы бар. Саяси билікті анықтау және қайта бөлу адамдардың әлеуметтік бірлігін іске асырудың нақтылы механизмін табуға негізделеді.

Саяси саланың, басқа да салалардың өзара қарым-қатынасының мазмұнын анықтау көп жағдайда байланысты. Сондықтан саяси режим және саяси сала іштей өзара байланысты құбылыс. Саяси режим — саяси және қоғамдық өмірді ұйымдастырудың және оның өмір сүруінің тәсілі. Мәселен, тоталитарлық саяси режим коғамдық өмірді күштеп реттеумен, қысым көрсетумен, қоғам мен жеке адамды мемлекеттің жұтуымен, коғамдық сананың саяси билікке бағынуымен, халыкты саяси биліктен, меншіктен, жалпы адамзаттық мәдениеттен ажырату мен сипатталады. Біз 70 жылдан астам уақыт осындай режимде өмір сүрдік.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.

Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі коғамның саяси жүйесінің тұрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату кажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен катар дербес, баска биліктерді толықтырушы, екінші жағынан олардың қызметінің занда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.