Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Саясаттану.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Силлабус

Пән атауы: Саясаттану

Курс: 2

Мамандық: ГФ.

Құрастырушы: аға оқытушы Ногаева Н.М., т.ғ.магистр Ашимова Г.М.

Кредит саны: 2

Емтихан: 3 - семестр

Семей – 2013 ж.

Пән бойынша силлабус жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Құрастырушы: аға оқытушы Ноғаева Н.М., т.ғ.магистр Ашимова Г.М.

Силлабус гуманитарлық факультеті «Философия және саясаттану» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді.

Хаттама № « » 2013ж

Кафедра меңгерушісі: Түйебаев М.М.

Пән атауы: «Саясаттану»

1. Оқытушы жайлы мәліметтер:

- аға оқытушы Ноғаева Н.М, оқытушы, магистр Ашимова Г.М

- Байланыс ақпараттары: 77-31-12, +77027252583

- Кабинет № 15 корпус № 3 Шмидта көшесі 94

2. Пәннің пререквизиті: «Саясаттану» пәні оқу үшін:

- философия

- Әлеуметтану

-Экономия теориясы

-Құқық негіздері

-Психология

3. Пәннің постреквизиті:

- Мамандық бойынша негізгі базалық пәндер

4. Пәнге сипаттама

Пәннің мақсаты:

Студенттерге Қазақстандық ұлтжандылық, ұлтаралық келісімдер, жеке тұлға құқығы мен еркіндігін мойындау принциптеріне негізделген метологиялық ойлауын, сыни тұрғыдан ойлауын, тұрақты дүниетанымдық позициясын қалыптастыру.

Пәннің міндеті:

Саясаттану курсы студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін түсінуге көмектесуі тиіс.

Саясаттанудың бір бөлімі-саяси ойлар студенттерге саясатты әлеуметті-философиялық және идеалдық-теориялық негіздерін, сондай-ақ саясаттың белгілі бір тарихи кезеңдеріндегі жүйелі саяси парадигмаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер төмендегілерді білуі тиіс:

Саясаттануды оқып – үйренуші студент кең көлемде білімді ғана емес сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға творчествалық талдау – зерттеу жасай білетіндей болуы керек.

Саясаттану сөзі (политология) гректің екі сөзінен: politike-мемлекеттік қоғамдық істер және logos-сөйлеу, оқу деген мағынаны білдіреді. Бұл пән қазіргі қоғамдық және саяси құбылыстың мән мағынасын терең түсініп-білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

Саясаттану пәні жоғарғы оқу орындарында тұрақты орынға ие болды, яғни бұл жайдың мәні ерекше, өйткені қоғамда саяси өмірге қызығушылық артты, оның заңдылықтарымен бейтаныс болмау. Бұл құбылыстар құқықтың мемлекеттік демократиялық саяси жүйенің пайда болуы мен байланысты, әртүрлі саяси партияларының пайда болуы мен, саясатқа кәпшіліктің ынта туғызуымен байланысты.

Біздің елімізде саясатқа ынталы адамдардың көпшілігіне қарамастан оны жүзінде танып білуге байланысты.

Студентке міндетті талап

  1. Сабаққа толықтай қатысу.

  2. Оқытушының берген тапсырмасы уақытында орындалып, өткізілуі тиіс.

  3. Басқа біреудің еңбегін көшіріп,пайдалануға болмайды.

  4. Дәріс уақытында ұялы телефонды өшіріп, сабақты барлық ынтамен тыңдау.