Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ислам тарихы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

15 Лекция

Һижреттің он бірінші жылы

Пайғамбардың науқастануы және дүние салуы. Һижреттің он бірінші жылы, яғни Қоштасу қажылығынан шамамен үш айдан соң ардақты Пайғамбар науқастана бастады. Осы кездерде Иеменде Асуад әл-Анси өзін пайғамбар ретінде жариялағандығы хабары жетті. өзінің Анс және Мазхиж тайпасының кейбір тармақтарына сүйеніп, 600-дей жақтастарымен Санаға шабуыл жасады. Ол жақтағы уали Шахр бин Базанды өлтіріп, оның әйелі Азадпен күштеп үйленді және сол аймақты өз бақылауына алды. Пайғамбар сол аймақтағы уалилер мен көсемдерге хат жолдап, оның көзін жой жайлы хат жазды. Соғында Асуад күштеп үйленген Азадтың көмегімен өлтірілді. Ол Пайғамбар дүние салудан бес немесе бір күн бұоын өлтірілгендігі баяндалады. Келесі жағынан һижреттің оныншы жылы Бани Ханифа тайпасы елшілерімен Мединеге келіп, исламды қабылдағанын жариялаған Мусайлимату-л-Каззаб та Иамамаға қайтқаннан соң өзін пайғамбар ретінде жариялады. Оған Пайғамбардың жіберген елшісі исламға қайта оралу туралы ұсынысқа жауап ретінде Пайғамбарға Араб түбегін бөлісуді ұсынды. Пайғамбар оған жер беті Аллаға тән, ол қалаған құлын мұрагер қылады деп жауап берді. Осындай тоқыраулар араб дүниесінде орын ала бастаған кезде Пайғамбар дүние салы, ал Әбу Бәкір заманында Мусайлиманың көзі жойылды.

Сырқатынан бұрын Пайғамбар Зейд бин Харисаның ұлы – Усама бин Зейдтің қолбасшылығындағы әскерді Мутаға жіберуге дайындық жасалды. Бұл әскердегі Әбу Бәкір мен Омар да Усаманың қол астында оған бағынуы тиіс. Мұсылман әскері Мединенің оңтүстігіне қос тігіп, жорыққа дайындық жасады. Алайда Пайғамбардың сырқаты артқандықтан әскердің жорыққа аттануы кейінге қалдырылды. Пайғамбар науқасына қарамастан мешіттегі имамдығын одан ары жалғастырды. Бірақ оның ауруы одан ары артқандықтан, соңғы үш күнінде сыртқа намазға шыға алмайтын халге келді. Намазға имамдықты жүргізуді ол Әбу Бәкірге тапсырды. Осы үш күннің ішінде тек бір мәрте ғана намазға шығып, сахабаларына соңғы мәрте намазға имамдық етті. Ас пен Алидің көмегімен мешітке келді. Осы кезде жамағат намазға тұрған болатын. Әбу Бәкір оның келгенін білгеннен соң михрабты босатуға ыңғай танытқанда пайғамбар намазды жалғастыруға ишаратын білдірді де оның жанында намазға тұрды. 13 Рабиу-л-Әууал, дүйсенбі күні науқасы біраз жеңілдеді. Айшаның бөлмесінде таң намазын қылғанда сахабаларына қарады. Жағдайының жақсарғанын байқаған сахабалар біраз серпініп қалды. Бірақ пайғамбар қайта төсегіне жатты да соңғы демін шығармастан құлдарға жақсы қарауды, оларды киіндіріп тұруды, тамақ беруді, жұмсақ сөйлеуді, намазда кемістік жасамауды ескерті. Осы кезде қызуы мейлінше артқан болатын. Қолдарын жанындағы ыдысқа батырып тұрып, калмиа таухидті айтып жатты. Сол күні «ең ұлы досқа» деп денесінен жаны шықты. Мәңгілік өмірге 63 жасында һижреттің 11 жылы Рабиу-л-Әууал айының 14 күні (8 маусым 632 жылы) аттанды.

Пайғамбардың дүние салғаны шар тарапқа тез арада таралды және мұсылмандар мешітке жинала бастады. Бастапқыда хазіреті Омар оған сенбей, Пайғамбарды өлді дегендердің бастарын шабатынын ескертті. Хазіреті Әбу Бәкір келіп Пайғамбардың мүрдесі жатқан бөлмеге кіреді де Пайғамбардың бетін ашып көреді. Әбу Бәкір Пайғамбардың маңдайынан сүйіп, мешітке келеді де мінбеге шығады да көпшілікке: «Ей халайық! Мұхаммедке табынғандар білсін, Мұхаммед шынымен өлді. Ал Аллаға табынғандар Алла Тағала тірі және өлмейтінін ұқсын», - деді де мына аятты оқыды: «Мұхаммед тек қана елші ғана. Оған дейін пайғамбарлар келіп кеткен. Егер Мұхаммед өлсе немесе өлтірілсе, қайта бет бұрасыңдар ма?», - деп Пайғамбардың өлгендігін жариялады.

Әбу Бәкірдің осы сөзі сахабаларды тыныштандырды. Мұның артынан Әбу Бәкір мен Омар Пайғамбардың жақын туыстарымен бірге Пайғамбар мәйіті жатқан бөлмеге кірді. Осы кезде Ансардың араларынан бірін халифа етіп сайлау үшін Бани Саида шатырында жиналып жатқандығы туралы хабарды алған Әбу Бәкір, Омар және Әбу Убайда сол жаққа қарай шұғыл беттеді. Ондағы орын алған біраз тартыстан соң Әбу Бәкір халифа ретінде сайланды.

Пайғамбар мәйітін кебіндеу және жерлеу. Мухажирлер мен ансарлар халифалық мәселесін шешу үшін Бани Саида шатырына кеткеннен соң әһли байттың ер жігіт өкілдері – Пайғамбар мәйіті жатқан бөлмеге келді. Ал әйелдер жаққа перде тұтылдыы. Сырттан ешкімнің енбеуі үшін есікті мықтап жауып, ардақты Пайғамбардың мәйітін жуа бастады. Мәйітті жуу жұмысына Али бин Әбу Талиб, Аббас бин Абдулмутталиб мен оның ұлдары – Фазл мен Қусам, Усама бин Зейд және Пайғамбардың азатты құлы Шукран қатысты. Али мәйітті жуа бастады, Усама мен Шукран су құйып тұрды. Алидің «өміріңде де тазасың, өліміңде де тазасың» - деп мәйітті жуды. Сахабалар арасында пайғамбарды қайда жерлеу мәселесі көтерілді. Кейбірі Меккеге жерлеу керек десе, енді бірі Құдысқа қойылуын ұсынды. Одан соң дүйсенбі күні түстен кейін дүние салған ардақты Пайғамбардың жаназасы сейсенбі күні хазіреті Айшаның бөлмесінде, алдымен ерлер, оның артынан әйелдер, әйелдердің артынан балалар болып, имамсыз жаназа намазы оқылды да сол жерге көр қазылып, сонда жерленді. Кейінгі жылдары Пайғамбардың жанына Әбу Бәкір мен Омар да жерленді.

Пайғамбардың дүние салуы мұсылмандардың жанына қатты батты. Оның өлімін Медине халқы аза тұтты. Пайғамбар науқастанған кезде жеті дирхам ақшасы болатын. Сол ақшаны садақа ретінде кедейлерге таратып жіберді. Қайтас болғанда ол артына ақшалай мұра қалдырмады. Оның мұсылман үмметіне қалдырған құнды мұра – ислам діні болды.

Ардақты Мұхаммед пайғамбардың жаратылысы мен адамгершілік қасиеттері. Көптеген деректерде Пайғамбардың келбеті былай суреттеледі: Пайғамбар орташа бойдан сәл ұзындау еді. Жаратысылы өзіне өте лайықты, денесі де бір-біріне үйлесімді. Оның кеудесі кең, екі иығының арасы ашық еді. Жауырының ортасында Пайғамбар мөрі болатын. Сүйектері мен буындары ірі еді.

Тәні қызғылт ақ, нұрлы болатын. Мүбарак денесі таза, иісі көңіл шаттандыратын еді. Иіс май жақсы да, жақпаса да денесі менің терісінің иісі жұпарлы болатын. Сақалы қалың болатын, оны бір тұтамнан артық ұзартпайтын. Қайтыс болғанда шашы мен сақалында жиырма жақты ақ тал бар еді. Қастары жаңа туған айдай болып, екі қасының арасы ашық, бір-бірінен алыстау еді. Екі қасының арасында бір тамыр бар еді және ол тамыр ашуланғанда білеуленіп шығатын.

Пайғамбар тістері маржандай болатын және әрдайым мисуак қолданатын, басқаларға да мисуак қолдануды ұсынатын.

Кірпіктері ұзын және қара еді. Көздері үлкенірек, қарашығы қап-қара, ағы аппақ еді. Оның бет жүзінен нұр шашып тұратын. Дамзат

Ол адамзат баласына дүние мен ақыретті бақытқа жетудің ақ жолын нұсқап, көрсетіп кетті. Үйреткен адамгершілік нормаларды ең әуелі өзі орындап, өзгелерге үлгә етті.

Пайғамбар адамдарды ерекше қадірлейтін. Жомарттығы сондай, қолындағысын кедейлерге беріп, өзі аш жататын да кезі болды. Тек адамдарға ғана емес жан-жануарларға да мейріммен қарайтын. Шөлдеген мысыққа өз қолымен су беріп, жан-жануарларға жақсы қарауды бұйырған.

Пайғамбар балаларды өте жақсы көретін. Оларды құшақтап бауырына басатын. Бір адам Пайғамбардың бір баланы сүйіп тұрғанын көріп: «менің он балам бар, олардың біреуін де сүймеймін», - дейді. Сонда Пайғамбар оған: «Мейрімді болмағанға мейірім көрсетілмейді, - деп жауап береді. Тіпті ол намаз оқып жатқанда ойнап иықтарына шығып кететін немерелері – Хасан мен Хусейнге кешіріммен қарап, ойындарының бітуін күтетін. Пайғамбар өте кішіпейіл болатын. Ол адамдарды бай немесе кедей деп бөліп қарамайтын. Тіпті қызметші шақырса да ол баратын. Кедей, ешкімі жоқ адамдармен бірге тамақ жеп, сіңірі шыққан кедейдің де үйіне барып, хал-жағдайын сұрайтын.

Ол Науқастардың көңіл-күйін сұрап, олардың жазылып кетуіне дұға жасайтын. Жиынға барған кезде, бос, табылған орынға жайғаса кетіп, аяқтарын созбайтын.

Бір күні бір адам Пайғамбардың үйіне келеді. әлгі адам Пайғамбардың алдына кірген кезде, толқығаны соншалықты денесі дірілдеп кетеді. Сонда пайғамбар оған: «досым дірілдеме, мен патша емеспін. Қатып қалған нан жеген құрайштық бір әйелдің баласымын» - дейді.

Киімін өзі жамап, аяқ киімін өзі тігетін. Базарға өзі барып, қажет заттарын сатып алып, өзі көтеріп әкелетін, ешкімге жүк болғысы келмейтін.

Ардақты Пайғамбар үйде де өнегелі отбасы бола білді. Ол әйелдеріне жақсы, жұмсақ қарайтын. Үй шаруасында оларға көмектесетін. Зінің бір хадисінде ол: «сендердің араларыңдағы жақсыларың - әйелдеріңе жақсы қарағандарың», - деген.

Пайғамбар өте қонақжай болатын. Келген қонаққа өзі қызмет етіп, өзі күтетін, тіпті, мұсылман еместерді де ол өте жақсы күтетін.

Ол ешкімге жаман сөз айтпайтын, ренжімейтін және ешкімге ұрыспайтын.

Пайғамбар жылы жүзді және жұмсақ тілді болды. Біреулер сөйлесіп жатқанда олардың сөзін бөлмей тыңдайтын. Біреудің кемшілігі болса, ешқашан бетіне баспайтын.

Пайғамбар үйінің тұрмысы қарапайым, әрі таза болды. Ол денесін үнемі таза ұстайтын, киімдерінің таза болуына қатты көңіл бөлетін.

Пайғамбар шыншылдықты жаны сүйетін. Ол берген уәдесінен таймайтын, өтірікшілерді ұнатпайтын. Шыншылдығына байланысты ол халық арасында «Мухаммад Әмин» (Сенімді Мұхаммед) деп аталып кеткен.

Ол адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Бір нәрсе сұраған адамды бос жібермейтін еді.

Пайғамбар ешкімнен өш алмайтын, керісінше кешіре салғанда жақсы көретін. Ол өзіне жамандық жасағандарды кешіріп, керісінше оларға жақсылықпен жауап беретін. Ол өзіне жасалған жақсылықтарды ешқашан ұмытпайтын, оларды үнемі еске алып отыратын. Кәрі, қарт адамдарға құрмет көрсетіп, кішіге қорған болуға тырысатын.

Пайғамбар жалқаулықтық, қол бос отырған адамдарды ұнатпайтын. Ол қмірінде материалдық мүмкіндіктері бола тұра, қарапайым қмір сүрді, қолына түскенді кедейлермен бөлісетін.

7-8 лекция

Әбу Бәкір халифалығы (632-634 ж.ж.)

Мұсылмандардың алғашқы халифасы – Хазіреті Әбу Бәкір ади жыл санақ бойынша 573 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Ол Құрайш тайпасының ішіндегі Бани Тайм әулетіне жататын. Оның әесінің аты – Осман бірақ, Әбу Қухафа атымен жұрт арасында танылды. Ал анасы – Умму-л-Хайр Салма бинт Сахр.

Әбә Бәкірдің Жахилия дәуіріндегі аты Абду-л-Каба болатын. Әбу Бәкірдің ислам дінін қабылдауынан кейін Ардақты Пайғамбар атын Абдуллаһ деп өзгертті. Тірі кезінде-ақ тозақтан азат етілгені сүйіншіленгеніне байланысты «Атиқ», ардақты Мұхаммедтің пайғамбарлығы мен оның алып келген хабарларына күмәнсіз мойындағанына байланысты «Сыддық» деп те аталды.

Әбу Бәкір жас және жігіт шақтарында саудамен айналысты. Осылай ол Мекке қаласындағы дәулетті адамдар қатарына қосылды. Ол саудадан түскен табыстың көпшілігін дін жолына арнайтын. Ислам діні жаңадан келген кезде ауыр жәбір-жапаға ұшыраған Билал Хабаши мен анасы Хамама, Амир бин Фухайра, Убайс, Умму Убайс, Әбу Фуқайха, Зиннира, Нахдия сияқты мұсылман болған құлдар мен күңдерді сатып алып бастарына азаттық берген.

Әбу Бәкір – исламды алғаш қабылдаған бірнеше сахабаның бірі. Ол бастапқыда Пайғамбармен сұхбаттасып исламды бірден қабылдаған. Одан соң Әбу Бәкірдің кеңесімен Осман бин Аффан, Тальха бин Убайдуллаһ, Саад бин Әбу Уаққас, Зубайр бин Аууам сияқты Құрайш жастары ислам дінін қабылдаған.

Әбу Бәкір ислам діні келген алғашқы күндерден бастап үнемі Пайғамбардың жанынан табылды және үнемі мүшіріктерден келетін қауіп-қатерге қарсы оны қорғау үшін бар күш-жігерін сарып етті.

Әбу Бәкір Мекке мүшіріктерінің қауіпті шабуылдарына қарамастан Меккеден шыққан емес, үнемі ардақты Пайғамбардың жанынан табылды. Пайғамбардың Мединеге хижреті кезінде Әбу Бәкір оның жолсерігі болды. Тіпті Ардақты Пайғамбар кеңестеріне көбінесе Әбу Бәкірдің сөзіне құлақ асатын.

Әбу Бәкір хижреттің тоғызыншы жылындағы қажылық мезгілінде Пайғамбардың атынан қажылық басшысы ретінде тағайындалды. Осыдан бір жылдан соңғы қоштасу қажылығында ол қажылықты Пайғамбармен бірге жасады. Пайғамбар науқасының асқынуына байланысты намазға имамдық жасауға шамасы жетпей қалған кезде, имамдық міндетті Әбу Бәкірге міндеттеген. Ол Пайғамбардың дүние салуына дейін мешітте мұсылмандарға имамдық жасады.

Әбу Бәкірдің халифа сайлануы. Түсіндірмелі сөздікте «бірінің орнына өту», «орнын басу», «өкілдік жасау», деген мағынаға сайкес келетін халифалық (хилафат) діни термин ретінде мұсылман мемлекеттерінде Пайғамбардан кейінгі мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Ардақты Пайғамбар атынан елді басқаратын халифа мұсылмандардың жолбасшысы, лидері болуына байланысты «имам» деп те аталады. Хазіреті Омар халифаның дәуірінен бастап халифа сөзінің орнына «амиру-л-муминин» атауы да қолданыла бастады.

Пайғамбардың дүние салуынан артынша мединеліктер Бани Сайда шатыры деп аталатын мәжіліс орнында бас қосып басшының кім болатыны жайлы кеңес құрды. Ансар атынан басшылыққа үміткер ретінде Хазреж тайпасы көсемдерінің бірі – Саад бин Убада ұсынылды. Ансарлар исламның дамуында сіңірген еңбектерінеи байланысты өздерін халифалыққа лайықты деп есептеді. Ансарлардың бұл ұмтылысынан хабардар болған мухажир басшылары - Әбу Бәкір, Омар және Әбу Убайда бин Жаррах жиналыс болып жатқан жерге шұғыл жетіп келді. Мұнда ансарлардың ниетін байқаған Әбу Бәкір ансарлардың дінге сіңірген еңбектеріне, мұсылмандар арасындағы абыройына және ардақты Пайғамбарға берген көмектеріне тоқтала отырып, өзге араб тайпаларының тек Құрайшқа ғана бағынатынын, мұсылмандардың бірлігін сақтау үшін билік басына Құрайштан шыққан адам отыру қажет екендігін айтты. Демек, басшы Құрайштан, ал орынбасары Ансардан болу керек деген сөз.

Әбу Бәкірдің түсініктемесі көпшілік ансарлардың көңілінен шықты. Халифалық Құрайшта қатуы тиіс деген пікір басымдыққа ие бола бастаған кезде Хазреж тайпасының өкілі – Хубаб бин Мунзир екі жақтан да, яғни, Ансардан да, мухажирден де екі халифа сайлау қажет деген идеяны ортаға тастады. Бірақ бұл ансар басшыларының қолдауына ие болмады. Одан соң ансарлардың бірі – Башир бин Саад пен Маан бин Ади сияқтылар халифалық Құрайтың қолында болу керек деген пікірлерді айтты. Осылай билік мухажирлердің пайдасына шешілді.

Халифа сайлауда Құрайштар құқықты деген идея қолдауға ие болғаннан соң Әбу Бәкір жанындағы Омар мен Әбу Убайданы нұсқап, осылардың бірі халифалыққа сайлануға болатынын алға тартты. Бірақ, әлгі екеуі халифалыққа лайықты адам Әбу Бәкір екендігін алға тарты. Осылай халифалыққа лайықты адам анықталды да Омар мен Әбу Убайда бастаған осы мәжіліске қатысқандар Әбюу Бәкірге биат берді.

Мухажирлер келмей тұрып, халифалық билікке үміткер ретінде ұсынылған Саад бин Убададан басқа сол жерде отырғандардың барлығы Әбу Бәкірге биет етті де Саад бин Убаданың жалғыз қарсылығы ол жердегілерге еш әсер етпегендітен ешбір проблема туындамады.

Алғашқы халифалық сайлауға басқа жағынан қарағандар хашимилер болатын. Негізінде олар халифалыққа лайықты емес, немесе жүктелген міндетті орындай алмайды деп Әбу Бәкірдің халифалығына наразылық білдірген жоқ. Бірақ, Құрайштан болуы тиіс деген алғашқы халифаның хашимилердің пікірі бойынша Бани Хашим әулетінен болғаны анағұрлым лайықты. Яғни, олар ардақты Пайғамбарға туыстық жақындығы жағынан халифалық тек хашимидтерге тиесілі екендігін алға тартатын, ал олардың арасындағы бір топ әсіресе, Али ибн Әбу Талиб халифалыққа анағұрлым лайықты деп есептейтін. Бірақ, сахабалардың барлығы Әбу Бәкірді қолдағандықтан, хашимилерде көп ұзамай оған биат етті. Ислам тарихы дереккөздерінің барлығы Алидің халифалық билікке қатысты діни дәлелді ешқандай көтермеген, сондай-ақ Әбу Бәкірге биат еткендігі үшін сахабаларды кінәламаған. Ол Әбу Бәкірдің жеке қасиеті мен халифалығына қарсы теріс сөз айтпағандығы, керісінше, халифалыққа лайықты тек Әбу Бәкір екендігін қуаттағандығы, бірақ, осы халифаны сайлау мәселесінен өзінің хабары болмағандығына ренжіс білдіргендігі ғана баяндалады.

Құрайштар ішінен хашимилерге туыстық жағынан жақын болып келетін Умаййалар (омайядтар) да Әбу Бәкірдің халифалығына наразылығын білдірген. әсіресе, осы әулеттің белдісі - Әбу Суфиян бин Харб Құрайштың ішіндегі әлсіз әулет болып табылатын Бани Таймның өкілі - Әбу Бәкірге биат ету Хашимилер, тіпті Умаййалар үшін ұят екендігін айтып, Алиді халифа ретінде жариялау қажді, тіпті, оны исламның, мұсылманның ішінде алауыздық шығарғандығы үшін айыптаған әне халифалыққа ең лайықты Әбу Бәкір екендігін мәлімдеген. Осылай мұсылмандар арасында болуы мүмкін тақ таласы мен алауыздықтың алдын алынды.

Әбу Бәкірдің алғашқы ісі – Усама әскерін жорыққа аттандыру.

Хазіреті Әбу Бәкір халифа болысымен Усама бин Зайд армиясын жорыққа аттандырды. Ардақты Пайғамбар төрт мыңдық аталған әскерді Мута шайқасында қаза тапқан мұсылмандардың кегін алу мақсатында дайындаған, ал қолбасшысы ретінде Усама бин Зайдты тағайындаған болатын, алайда науқасы асқынғанына байланысты әскерді жорыққа аттандырмаған еді. Тіпті Пайғамбар дүние салған кезде Мединенің сыртында дайын отырды. Осыған байланысты Әбу Бәкір пайғамбардың жоспарын жүзеге асыруға бел шешті.

Армияның жорыққа атанар сәтте екі проблема орын алды. Оның біріншісі – мұсылман әскерлерінің қаладан кеткенін естісе муртадтар Мединеге шабуыл жасауы мүмкін. Екіншісі – кейбір сахабалардың азат етілген құлдың баласы болған Усаманы қолбасшылықтан алып тастау ұсынысы. Ал енді бірі оның жас екендігін алға тартты. Осы қарсылықтарға қарсы Әбу Бәкір айғамбар тағайындаған Усама басшылығындағы армияны міндетті түрде аттандыратынын ашық мәлімдеді. Одан соғ рабиул аууал айының біріде (26 маусым 632 ж.) әскерді жорыққа аттандырды. Усама әскері күшті қарсылыққа тап болған жоқ, оның есесіне кейбір бас бұзар тайпаларды бағындырып, Мединеге кері оралды.

Ридда оқиғасы

Ридда оқиғалары және оның себептері. Ардақты Пайғамбардың дүние салуынан, халифалық мәселесінен соң мұсылман қауымының тап болған ең басты проблемаларының бірі - «ридда» деп аталатын діннен қайта шығу жас көтеру әрекеттері. Бұл мұсылмандардың бірлігін қауіпке айналдырды.

«Ридда» сөзі мен одан туындаған «иртидат» сөзі «бір нәрседен қайту», «бас тарту», «бет бұру», «жүрген жолдан таю» деген мағыналарды білдіреді. Ал діни термин ртінде «иман еткеннен соң ислам дінінен қайта шығу» деген мәнді білдіреді. Діннен шыққан адам «муртад» деп аталады. Ридданың бастамасы Пайғамбар дәуірінен басталады. Осы кезде Бани Мудлиж тайпасынан Асуад әл-Анси, Бани Ханифа тайпасынан Мусайлама, Бани Асад тайпасынан Тулайха бин Хуайлид сияқтылар пайғамбарлық идеясы қуаттап мұсылмандарға қарсы бас көтерді. Олард «мутанабби» (жалған пайғамбарлар) деп аталды.

Әбу Бәкір халифа болған кезде Сажах, Уайна бин Хисн, Курра бин Салама, Фужаа бин Абдуйалил, Ашас бин Қайс ритта әрекетін одан ары ушықтырды. Осы кезде Хакам бин Зейдке жататын Бани Бакр бин Уаил мен Малик бин Нууара басшылығындағы Бани Ярбу өкілдері де өз аймақтарында бас көтерді. Аталған тайпаналарда риддалық қосқалыс көрініс табумен қатар олардың арасында исламды берік ұстаған топтарда болды. Бірақ, жалпы алғанда араб тайпаларының көпшілігі дін мәселесінде әбден бөлшектенді. Араб түбегіндегі ислам дінін берік ұстағандар тек Медине, Мекке және Таиф халқы ғана болды.

Ридда оқиғасында Медине билігіне бағынбағандардың бір бөлігі жалған пайғамбарлардың (мутанабби) маңайына жиналып, толықтай исламдық шеңберден шықса (иртидат), келесілері ислам дінінде қалатындығын, бірақ, зекет бермейтіндігін жариялады. Өзін пайғамбармын деп жариялаған алаяқтармен шайқасу қажеттігі жайында мұсылмандардың барлығы қолдау білдіргенмен, исламның кебір негіздеріне сенгенмен зекет бермейтінін мәлімдегендермен шайқасу мәселесінде әртүрлі пікірлер ортаға тасталды. Хазіреті Омар бастаған кейбір мұсылмандар діни міндеттерді орындауға келіскенімен зекет беруден бас тартқандарға басқаша қатынас жасау қажеттігін алға тарқанмен халифа Әбу Бәкір намаз бен зекетті бөлек қарастыруға ешқандай рұқсат етілмейтіндігін қуаттады. Халифаның пікірі бойынша намаз бен зекетті бөлек қарастыру дұрыс емес, себебі, дін біртұтас, ол бөлінбейді.

Бастамасы Пайғамбар заманына барып тірелетін, бірақ, халифа Әбу Бәкір заманында мұсылмандардың бірлігіне нұқсандығын тигізетін ридда оқиғаларының себептерін діни және саяси деп екіге бөлуге болады.

Пайғамбардың дүние салуына дейін Араб түбегінде саяси бірлік сақталғанымен исламдану толық түре жүзеге аспады. Өйткені, араб тайпаларының ислам дінін қабылдауы аз уақыттың ішінде қана болды, осыған орай олардың жаңа дінді қабылдауы үстірт жүрді. Өзге араб тайпаларына ислам дінінің таралу процесі жай Мединеге саяси тұрғыда бағынумен ғана шектелді. Сондықтан, оларды шынайы мүмін дегеннен Медине мемлекетінің азаматы статусын иеленген саяси және әлеуметтік-мәдени сипаттағы қауым ретінде бағалауға болады. Бұл турасында Құранда мынандай аят орын алады: «бадауилер сендік дейді. Сендер иман келтірмедіңдер де, оның орнына бағындық деңдер. әлі иман жүректеріңе орналаспаған. Егер Аллаға және елшісіне бағынсаңдар Алла істеріңнің ешбірін кемітпейді. өйткені Алла өте кешірімді, рақымды (Хужурат 49/14).

Осы Құран аяты нұсқағаны тәрізді тобымен ислам дінін қабылдаған және Мединеден алыста өмір сүрген тайпалардың көпшілігінде ислам дінін мойындау әлі толықтай жүзеге аса қоймады. Осы тайпалар исламды жаңадан қабылдағандықтан бұрынғы пұтқа табынушылық сенімдері мен әдет-ғұрыптарынан толықтай бас тартпады. Осыған орай, пайғамбардың дүние салуынан соң мұсылмандықтан оңай шығып өз араларында дінін насихаттаған жалған пайғамбарлардың жетегінде кете барды.

Әбу Бәкір заманындағы ридда оқиғаларының дінимен қатар саяси себептері де бар. Оның басты дәлелі – бас көтерулерде белсенді рөл ойнаған жалған пайғамбарлардың рухани жолбасшы емес, Мединенің саяси билігіне қарсы шыққан тайпа көсемдері болуы. Олардың адамдарға саяси тұрғыда сөзін өткізу мақсатымен Мединедегі жаңа дінді насихаттаған Пайғамбармен салыстыра отырып, өздерін пайғамбар ретінде жариялады. Негізінде жалған пайғамбардың маңайында топтасқандар оны пайғамбарлық идеясына байланысты емес, саяси қайраткерлігіне мән берген. Ридда оқиғасының туындауына басты себеп – тайпалық түсінік болатын. Исламнан бұрын Араб түбегіндегі тайпалар тәуелсіз, ешкімге бағынбай өмір сүрді, ешкімге бағынышты болып көрмеді. Пайғамбар Меккенің алған кезде олар мұсылмандардың саяси бірлігіне бой ұсынудан басқа амалы қалмады. Тірі кезінде Пайғамбарға бағынған аталған тайпалар оның дүние салуынан соң Әбу Бәкірдің билігін мойындағысы келмеді. Баяғы замандағыдай олар қайта тәуелсізігін жариялады.

Әбу Бәкірдің халифалығы кезеңінде ридданың бір бөлігін араб тайпаларының діни міндеттерді мойындағанымен зекет бермейтіндігін мәлімдеуі құрады. Демек, діни және саяси себептермен қатар экономикалық себептер де ридда оқиғасының туындауына әсер етті деген сөз. Олар Пайғамбар өлімінен соң Медине билігі әлсіреді деп ойлап, зекет беруден бас тарту арқылы одан бөлінгісі келді.

Ридда оқиғаларын бастыру. Халифа Әбу Бәкір мұсылмандардың тұтастығы мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында бас бұзарлармен соғысу дайындығын жасады. Себебі, бас көтерген тайпалар мұсылмандықты берік ұстағандардың өміріне қауіп төндірген болатын.

Халифа алдымен Мединеның сыртында шашырап жайғасқан әскерлерді астанаға шақырды. Осы кезде бас көтерген аймақ халықтарына Мединеге бағыну қажет деген үндеу, ескерту хаттары жолданылды және жіберілетін жазалау әскерлерімен бірге жұмыс істеу қажеттілігі ескертілді. Әскери дайындықтар мен дипломатикалық әрекеттер аяқталғаннан соң мұсылман әскерлері міндеттелген жерлерге жөнелтілді. Осы жорықтарда Халид бин Уалид, Икрима бин Әбу Жахил, Халид бин Саид бин әл-Ас, Амр бин әл-Ас, Хузайфа бин Михсан, Арфажа бин Харсама, Шурахбил бин Хасана сияқты қолбасшылар арнайы тапсырмалармен аттандырылды.

Өзін пайғамбар ретінде жариялаған алаяқ Тулайха Пайғамбардың дүние салуынан соң Асад, Ғатафан және Тайй тайпаларынан жақтастар тауып бас көтерген. Халифа Әбу Бәкір Халид бин Уалид басшылығындағы әскерді Тулайха жаққа жіберуден бұрын Ади бин Хатимды тайпаласы – Тайй тайпасына жіберіп, тайпаластарын көтерісшілерден бөліп алуды көздеді. Оның артынан алдымен Тайй тайпасының қонысына, одан соң Бузаха мен Бутахқа соғу жоспарымен Халид бин Уалид әскері аттандырылды. Ади бин Хатимнің белсенділігімен таййлықтардың көпшілігі Тулайхадан теріс айнала бастады. Теріс айналғандар Халид бин Уалид әскеріне қосылып, мұсылман әскерлерінің күшін арттырды. Бірлескен осы әскер Нежд аймағындағы Бузахада бас қосқан Тулайха жақтастарымен бетпе-бет келді (632 ж.). кескілескен шайқастың нәтижесінде ауыр жеңіліске ұшыраған Тулайха Ғатафан мен Асад тайпаларын паналап, исламға қайта кіргендігін жариялады.

Тулайханы басып тастағаннан соң Халид бин Уалид Пайғамбардың дүние салуынан соң өзін пайғамбар ретінде жариялаған келесі бір алаяқ – Сажах пен оны қолдаған Бани Тамим тайпасына қарай беттеді. Бани Тамим әскері Бутах деген жерде жеңілді. Шайқаста қолға түскен тұтқындар арасында осы тайпаның лидері Малик бин Нууайра тұтқындармен бірге өлтірілді. Басты қолдаушысы Малик бин Нууайраның көзі жойылғандықтан, істі жеке жүргізе алмайтынын байқаған Сажах дереу Ямамаға тартты да онда өзін пайғамбар ретінде таныстырған келесі бір алаяқтың қатарына қосылды. Оның аты Мусайлама болатын.

Ямама аймағын мекендейтін Бани Ханифа тайпанысының көсемі – Мусайлама ардақты Пайғамбар тірі кезінде-ақ өзін пайғамбар ретінде жариялаған болатын. Ардақты Пайғамбар қайтыс болғанда ол өзінің алаяқ әрекеті мен басбұзхарлығын одан ары арттырды. Осы басбұзардың көзін жоюға шешім қабылдаған халифа Әбу Бәкір оған қарсы Икрима бин Әбу Жахилді, оның артынан Шурахбил бин Хасананы аттандырды. Халид бин Уалид әскерінің келуімен аталған қолбасылар дұшпанға қарсы ауыр соққы жасады. «Ақраба шайқасы» деп аталатын осы шайқас мұсылмандардың Бәдір шайқасынан кейінгі ең кескілескен ауыр шайқас ретінде бағаланды. өте ауыр болған осы шайқаста Мусайлама көптеген жақтастарымен бірге өлтірілді (633 ж.). Ямамада болған шайқаста екі жақтан он мың әскер шығын болғандығы баяндалады. Осы шайқаста шаһид болған мұсылмандардың саны 2200-ді құрады, олардың арасында 700-і Құранды жатқа білетін қары болатын.

Ардақты Пайғамбардың дүние салуынан соң Бахрейнді мекендейтін тайпалар – Бакир бин Уаил исламнан бас тартса, Абду-л-Қайс исламды берік ұстады. Осы аймақтағы мұсылмандар Мединеде көмек сұрағаннан соң халифа Әбу Бәкір Ала бин Хадрами басшылығындағы әскерді жіберді. Ямамадан келген Халид бин Уалид әскерінің қатысуымен Бахрейндегі көтеріліс бастырылды.

Халифа Әбу Бәкір Оман мен Махрада бас көтерген араб тайпаларына Хузайфа бин Михсан мен Арфажа бин Харсаманы аттандырды. Оның артынан Икрима бин Әбу Жаһил әскері қосымша әскермен жіберілді. Осы аймақтағы Даба деп аталатын жердегі кескілескен шайқастан соң бас бұзарлар бастырылды.

Араб түбегінде өін пайғамбар ретінде жариялаған келесі бір өте қауіпті аймақ Иемен болды. Мұнда өзін пайғамбар ретінде жариялаған Асуад әл-Анси ислам тарихында ридда әрекетін бастаған алғашқы адам болатын. Оған Мұхаммед пайғамбар Қайс бин Хубайра әл-Мурадиді жіберіп, әлгі алаяқты өлтірткен болатын. Өкінішке орай, Пайғамбардың өлгендігін естісімен Иеменде екінші мәрте ридда әрекеті бас көтерді. Ашас бин Қайс әл-Киндидің ұйымдастыруымен бас көтерген әрекетті басу үшін Мухажир бин Умаййа қолбасшылығындағы әскер жіберілді. Одан соң халифаның әмірімен Иеменге қарай беттеген Икрима бин Әбу Жахилдің келуімен қуаттана түскен мұсылмандар шайқастардан соң көтерілісшілерді басып тастады. Осылай ардақты Пайғамбардың өлімінен соң бой көрсеткен ридда әрекеті толықтай жойылды және Араб түбегінде мұсылмандардың саяси билігі қайта орнады.

Халифа Әбу Бәкірдің заманындағы көрші елдерге жасалған жорықтар

Халифа Әбу Бәкір ридда әрекетін толықтай басқаннан соң Араб түбегінен тысқары аймаққа жорықтар жасауға көшті. Оның заманындағы жорықтарды Ирак және Сирия бағыттары деп екіге бөліп қарастыруға болады. Бұл – сол заманның екі алпауыт империясы Византия мен Сасанидтік иран шахтығымен мұсылмандардың бетпе-бет келуі деген сөз. Себебі, мұсылмандардың көз тіккен Сирия аймағы Византияның, ал Ирак Сасанидтердің бақылауында еді.

Византия мен Сасанид империяларына қарсы соғыс ашу, олардың шекараларына әскер жіберу ең маңызды әрі қауіпті қадам болатын. Өйткені аталған екі империя да соғыс тәжірибесіне жетік болатын. Сонымен қатар олар мұсылман арабтардың шығара алатын әскерінен саны жағынан әлдеқайда артық болатын. Оның есесіне мұсылман арабтар даланың өмір-тіршілігіне, ыстық-суығына әбден бейімделген, егер жеңіле қалса шөл далаға жасырына алатын, кең құмды алқапқа сіңіп кете алатын шағын қолдардан тұрды. Мұсылман арабтардың алға қойған ең басты мақсаты - әлем халықтарына таралуы тиіс ислам дінін насихаттау сенімі жоғары болды. Осы рухани қуат арқылы мұсылман арабтар халифа Әбу Бәкірдің уақытынан бастап, әлемдегі кең аймаққа ең шапшаң түрдегі жорықтарын бастады.

Мұсылман арабтардың жорық жасауынан бұрын Византия мен Сасани империялары көп уақыттан бері жүргізіп келген шайқастардан бір-бірін әлсіретуі – мұсылмандардың жүргізетін соғысына тиімді әсерін тиізді. Аталған империялардың әртүрлі халықтардан және әртүрлі діндер мен ағымдарға сенетін халықтар құралған азаматтарын үнемі таптау және қанау саясаты билеуші тап пен бұқара халық арасындағы байланыстың тамырына балта шапты, олардың бір-біріне деген наразылығын тудырды. Бұл Византия мен Сасани билігіндегі халықтардың мұсылман арабтарды құтқарушы ретінде бағалауына жол ашты, сондықтан, олар мұсылман арабтардың жорықтары кезінде жаулаушыларға көмек берді. Сонымен қатар мұсылман араб әскерлерінің исламға сенім қуатымен және әділ әрекетімен аталған империялар аз уақыттың ішінде тізе бүкті.

Иракқа жорықтар. Халифа Әбу Бәкір Араб түбегінен тысқары аймаққа жасалатын жорықтың басында алдымен Арабстан мен Сасани және Шығыс Рим империя арасында орналасқан Ирак аймағына көз тікті. Ислам дінін тарату жолында ардақты Пайғамбар бастаған стратегияны жалғастыру үшін Сасанидтердің қол астына қарайтын Ефрат өзенінің оңтүстік жағалауындағы аймақтарға әскер жіберу қажет болатын. Ондағы алғашқы нысана Хира территориясы болды.

Әбу Бәкір халифа ретінде сайналған кезде Хира аймағында парсылар мен арабтар арасында қақтығыстар орын алып жатты. Осы укезде араб текті Мусанна бин Хариса аш-Шайбани парсылармен жасаған шайқастарында қосымша қуат алу үшін Мединеге келіп, Әбу Бәкірмен кездесті және өзін Сасанидтермен соғысуға міндеттеуді өтінді. Халифа оның тілегін қабылдап, оның мұсылмандар атынан соғысуына мүмкіндік берді. Мусанна мұсылман әскерімен парсыларға қарсы елеулі жорықтарға кірісті. Одан соң Халид бин Уалидтің Ирак аймағына жіберілуімен аталған аймақта жоспарлы жорықтар басталды.

Халид бин Уалид Ирак шекарасынан өткеннен соң оның әскеріне қосылған Мусанна бин Хариса және басқа да қолбасылармен бірге Парсы шығанағының порты қаласы Убулланы басып алды. Оның артынан парсылардың әскери бекінісі сипатындағы Хубайра қаласы алынды. Мұсылман араб әскерлері одан соң бірін соғысу, енді бірін келісім жасасу арқылы ірілі-ұсақты бірнеше қоныс орталықтарын бағындырып, Хираға жетті.

Мұсыл араб әскерлері Хираны қорғауға алып халқының берілуіне шақырды. Қоршау бірақ уақытқа созылғаннан соң, Халид бин Уалид қамалдағыларға хабар жіберіп, қала басшыларымен кездескісі келетінін мәлімдеді. Осыған байланысты бір дін басы мен қала әкімі мұсылман әскерінің ордасына келді. Кездесуде қамалдан келгендер ислам дінін қабылдамайтынын, оның есесіне жизия салығын төтейтінін және бейбіт келісімге келетінін мәлімдеді. Осылай Хира халқымен келісім жасалды. Осы келесімде халифа Әбу Бәкір хиралықтардың құқықтарын қорғайтынын, сол аймақта өмір сүретін тайпалармен де бейбіт келісім болатынын және осы аймақ мұсылман арабтардың бақылауында болатынын ескертті.

Ирак аймағының ішіне ене отырып, мұсылман арабтар Хираның солтүстігінде орналасқан Барусма (Баникия) қаласына жетті. Қала басшылары соғыспастан Халид бин Уалидпен бейбіт келісімшартына қол қойды. Мұсылмандардың ендігі нысанасы Анбар қаласы болатын. Аталған қала Сасани империясының басты астық және қару-жарақ қоймасы орналасқан стратегиялық маңызға ие болатын. Қала халқы бастапқыда қарсылық көрсеткенімен жеңілетіндігіне көзі жеткеннен соң келісімге келуге мәжбүр болды.

Халид бин Уалид Анбар қаласынан соң Айнуттамр деген аймаққа аттанды. Мұнда парсы әскерлерінен құралған көп санды армиямен және Бани Намир, Тағлиб, Ияд және басқа да тайпалардан құралған араб әскері орналасқан еді. Аз уақытқа созылған қоршаудан соң мұсылман арабтар қаланы басып алды. Осылай Парсы шығанағынан Айпуттамрге дейінгі Ефрат өзенінің жағалауындағы аймақтар мұсылман арабтардың бақылауына өтті.

Осы жорықтардан соң халифа Әбу Бәкір Халид бин Уалидті Сирияны жаулауға жіберді. Ал аталған қолбасының көмекшісі Мусанна бин Харисаға бағындырылған осы аймақтарды Сасанидтерден қорғау және жаңа жорықтарды жасау міндеттелді.

Сирияға жорықтар. Ридда әрекеттері бастырылғаннан соң Әбу Бәкір Иракқа жасалған жорықтармен қатар, яғни бір уақытта Сирияға да жорықтар жасады. Осылай христиан арабтардан өтіп өзге халықтармен бетпе-бет келуді жоспарлады.

Жорыққа қажетті дайындықтар жасалғаннан соң мұсылман араб әскерлері 633 жылдан бастап, Сирия территроиясына кіріп, әр түрлі жерлерге ордаларын тікті. Әбу Убайда бин Жаррах Жабиядағы лагерге, Язид бин Әбу Суфиян Белкадағы әскери ордаға, Шурахбил бин Хасана Иордания лагеріне, Амр бин әл-Ас Араба лагеріне жіберілді.

Мұсылман арабтардың Сирия территориясына басып кірген хабар аз уақытта Византия императорының құлағына жетті. Осыған орай император Геракл бауыры Феодорды қолбасшы етіп үлкен армияны жорыққа аттандырды. Араба өлкесіне орналасқан және қарсыласымен текетіресуі мүмкін емес екенін білген, қол астында аз ғана әскері бар Амр бин әл-Ас жағдайды халифаға жеткізді. Осыған орайц халифа Иракты жаулап жүрген Халид бин Уалидті Сирияға жіберді. Халид бин Уалидтің Сирияға қарай келе жатқанын естісімен Византия қолбасшысы тұрған жерінен Ажнадайнға қарай беттеді. Осы кезде Сирияның әралуан аймағында әскери лагер тіккее мұсылман қолбасылары да Халид бин Уалидтің әскеріне қосылу үшін шұғыл Ажнадайнға аттанды. Соңында екі жақтың әскері де бір-бірімен кездесті. Сирия аймағында мұсылман арабтар мен византиялықтардың бетпе-бет келген алғашқы үлкен шайқасы – Ажнадайн шайқасында мұсылман әскерлері жеңіске жетті (634 ж.). Бұл жеңіс мұсылман арабтарға Сирияға даңғыл жол ашып берді.

Халифа Әбу Бәкірдің дүние салуы. Ажнадайн шайқасы болып жатқан кезде Әбу Бәкір науқастанды. Тіпті науқасы күн өткен сайын асқына түсті. Дүниеден өтуінен бұрын ол орнына Омар бин Хаттабты халифа ретінде ұсынып кетті, ол осы ұсынысын өсиет жазбасында жазып қалдырды. Әділдігімен мұсылмандарды басқаратынына сеніп ол Омарды өзінің ізбасары ретінде қалдырды және мұсылмандардың оған бағынуын ескертті. Ол өзін жерлегеннен жорықтарды соң одан ары жалғастыруын Омардан өтінді. Байтулмалдағы аманаттардың орындалуын және өзін ардақты Пайғамбардың қасына жерленуін қызы Айшаға өсиет етті. Ол мұсылмандармен қоштасып, Ажнадайн жеңісін естігеннен аз уақыт ішінде 63 жасында көз жұмды (634 ж.). Жаназасын Омар шығарғаннан соң ардақты Пайғамбардың жанына жерленді.

9-10 лекция

Халифа Омар бин Хаттаб дәуірі (634-644 жж.)

Хазіреті Омар – Хулафа Рашидин дәуірінің екінші халифасы. Он жыл бойы халифалық тақта отырған Омар бин Хаттаб ислам тарихында маңызды да елеулі қызметтер қалдыруымен ерекшеленеді. Оның билігі заманында сасани империясы тарих сахнасынан біржола қош айтысты, ал Византия империясы Сириядан, Мысырдан және Анатолияның шығыс аймағынан айрылды. Омар өзінің мемлекет басқару шеберлігінде, дінді түсінуде және түсініктеме жасауда мұсылмандарға үлгі боларлық мол мұралар қалдырды.

Құрайш руының Ади тармағына жататын Омар пайғамбарлықтың алтыншы жылы 26 жасында мұылмандықты қабылдағандығы баяндалады. Осыған қарағанда оның туылған жылы 590 деп жорамалданады. Келесі бір мәліметке қарағанда Омар Меккеде пайғамбарлықтан отыз жыл бұрын дүниеге келген. Ата-тегі Қааб бин Луайда Пайғамбар ата-басына барып қосылатын Омардың әкесі Хаттаб бин Нуфайл болса, анасы Махзум әулетіне жататын Хантама бинт Хашим болып табылады. Бала кезінде үйінің малдарын баққандығы, кейіннен саудамен айнасқандығы баяндалады. Оның сауда жасау мақсатымен Меккеден тыс аймақтарға сапар шеккендігі анық. Жахилия дәуірінде Мекке қала мемлекетінің «сифала» (елшілік) қызметі Ади әулетінің қолында болатын. Бір соғыс немесе түсініспестік шыға қалған жағдайда қарсы жаққа елші ретінде осы рудың бір өкілі жіберіледі және ол елшіліктен қайтқанда оның пікірі мен мәліметі негізге алынады. Сондай-ақ әулеттер арасында туындай қалған дау-дамайға Ади әулеті шешім жасауға құқықты болды. Сауатты болып өскен Омар жахилия дәуірінде де, ислам діні келгеннен кейін де елшілік қызметтерді атқарған.

Омар бин Хаттаб мәнерлі сөйлейтін шешен болатын. Оның нақыл сөздері халық арасына танылып жататын. Ол тапқыр да тиімді шешім қабылдай білу қабілетіне де ие болатын. Тіпті, Пайғамбар, Әбу Бәкір және өз заманында айтқан шешімді ойлары осыған дәлел бола алады.

Омардың мінезі қатал болатын. Ол бастапқыда исламға қарсы ең қатал ұстанымда болатын. Тіпті, Мұхаммед пайғамбарды өлтіруге дейін де барған. Бірақ, Құранның ерекше қасиеті жүрегіне терең ұялағаны соншалық Пайғамбардың ең сенімді серіктерінің біріне айналды, мұсылмандықты қабылдады.

Омардың ислам дінін қабыладуымен Меккедегі мұсылмандар жаңа күшке ие болды. Бірақ, одан кейінгі замандардағы қиыншылықтарды Омар ардақты Пайғамбармен бірге көрді. Мединеге хижрет кезінде жиырма адамдық керуінмен бірге Ясрибке ашықтан ашық жол тартқан Омарға Құрайш мүшіріктерінің ешбюірі қарсы тұра алмады. Ол мединеде де Мекке қаласы алынғаннан кейін Меккеде де Пайғамбар атынан әйелдерден биат алған адам.

Омар ислам дінін қабылдағаннан соң жаңа дінге белсенді қызмет жасаған адам. Бір мәселе жайынша шешім шығарарда Пайғамбардың басты кеңесшілерінің бірі де осы Омар болатын. Омар бин Хаттаб Бәдір, Ухуд, Хандек, Хайбар т.б. шайқастарға және жорықтарға қатысып, осы жорықтардың бірнешесіне басшылық жасаған.

Омар барлық мәселелерде қатаң шаралар қоюмен ерекшеленеді. Ол Худайбия келісіміндегі Құрайш мүшіріктерінің пайдасына жасалған баптарына қатты қарсылық көрсетті, бірақ, Пайғамбар мен Әбу Бәкірдің көндіруімен ол райынан зорға қайтты.

Пайғамбар ауыр науқастанып жатқан кезде хашимилердің Алиді халифа етуге талпыныстарына қарсы шығып, олардың Пайғамбарға өсиет жаздыртуға тырысуына кедергі болған деп айтуға болады. Пайғамбардың өлімінен соң туындаған проблемаларды халифалыққа Әбу Бәкірді ұсыну арқылы алдын алуда үлкен рөл атқарғандығы белгілі. Әбу Бәкірдің қысқа уақыттық халифалығындағы оның ең жақын көмекшісі, кеңесшісі де осы Омар болатын. Сондай-ақ ол қазылық қызмет те атқарды.

Муғира бин Шубаның құлы Әбу Лулу Фируз ан-Нихавенди иесінің артық төлем ақы алатынына шағымданып, оның азайтуын сұрап Омарға келеді. Халифа оның темір, ағаш ұстасы, мүсінші екендігін естігенде Муғираның әлі де болса аз алып жатқандығын айтты. Осыған байланысты Әбу Лулу ертесіне таң намазында қанжармен Омарды жаралады да мұсылмандардың қолынан құтыла алмайтынын білген соң өзін де өлтірді. Ауыр жаланған Омар ұлы Абдуллаһты Айшаға жіберіп, одан Пайғамбар аяғының астына жерленуге рұқсат етуін өтінді. Айша да ризалығын берді. Екінші халифа жараланғаннан үш күннен соң дүние салды. Оның жаназасын Сухайб бин Синан шығарды.

Омардың халифа сайлануы. Әбу Бәкір өлетінін сезгеннен соң өзінен кейін мемлекет басшысы ретінде сайлап кетуге бекінді және осы ойын мұсылмандар кеңесіне салды. Омардың осы іске қабілетті және жоғары ерекшелікке ие екендігін айтқандар болғанмен, оның тым қатал екендігін алға тартқандар да болды. Бірақ, Әбу Бәкір осы іске ең лайықты Омар екендігін атап айтты. Одан соң Омарды шақырып, оны Әбу Бәкір өзінен соң халифа ретінде белгілегендігін білдіретін өсиет жаздыртты және өсиетті халыққа оқытты. Халық осы өсиетті қабылдағаннан соң Омар екінші халифа ретінде сайланды (364 ж.). Али де Әбу Бәкірдің Омарды халифа ретінде сайлауына қарсы шықпады. Тіпті, ол Омарға алғаш биат еткендердің қатарында болды.

Омар халифа сайланғанда адамдар оны «халифату халифати Расулуллаһ» (Алла елшісінің ізбасарының ізбасары) деп атайтын болды. Сонда Омар оны қабылдамай, «сендер мүмінсіңдер, мен сендеріңнің әмірлеріңмін», - деп, өзін мүміндердің әміршісі мағынасындағы «Амиру-л-муминин» деп атауын өтінді. Демек, ислам тарихында «амиру-л-муминин» атауы алған Омарға берілген.

Омар дәуіріндегі жорықтар. Әбу Бәкір ардақты Пайғамбардың дүние салуынан шамамен алты ай ішінде Ридда әрекеттерін басып тастады. Одан соң Византия мен сасанилерге қарсы жорықтарды бастап жіберді. Пайғамбар елшісінің Византия территориясында өлтірілуімен басталған соғыс Палестинада жалғасын тапты. Келесі жағынан Пайғамбар дәуірінде Иран кисрасының Пайғамбар елшісіне жаман қатынаста болуы және Сасани территориясындағы арабтарға, ислам дініне кіргісі келгендерге қысым көрсетуі мұсылмандар мен Сасани арасындағы соғыстың туындауына себеп болды. Осы екі бағытқа жасалған жорықтарда Әбу Бәкір дәуірінде үстін үстіне жеңістермен сәтті жүзеге асып жатты. Омар халифа болысымен осы жорықтарды одан ары жалғастырды. Омар бір жағынан Сирия аймағын толықтай жаулап алуға талпыныс жасаса, келесі жағынан Иранға үстін үстіне әскер жіберіп отырды.

Ирак бағытындағы жорықтар. Омар халықтың биатын қабылдап жатқан кезде, оларды Ирақ аймағына аттанғалы жатқан әскерге көмек беруге шақырды. Әбу Убайд ас-Сақафи осы үндеуге қосылып, жорыққа аттануға шешім қабылдады да мың әскерден құралған қол жолға шықты. Әбу Убайд жорықтары бастапқыда сәтті болғанымен «Көпір шайқасында» Ефрат өзенінің шығыс жақ бетіне өтіп пілдермен жарақтанған Иран әскерінен жеңіліс тапты.

Осы жеңілістің орнын тек екі жылдан соң Саад бин Әбу Уаққас басшылығындағы мұсылман араб әскерінің Рустам басшылығындағы парсы әскерін жеңген «Қадисия» шайқасында ғана толтыра алды. Куфадан отыз шақырым оңтүстікте орналасқан Қадисияда болған бұл шайқаста зерттеушілердің мәлімдеуі бойынша мұсылман араб қолы 9000-10000 шамасында болса, Сасани әскерінің саны шамамен 70 000-80 000 адамды құрады. Сондай-ақ оларда отыз шақты піл де болды. Саад бин Әбу Уаққас шайқастан бұрын Сасани кисрасы ІІІ Яздижердке де, сасани армиясының қолбасшысы Рустамға да жеке елшілер жіберіп, исламды қабылдауға немесе жизия төлеуге шақырғанмен, олардың қатаң жәгне мазақ түріндегі жауаптарымен бұл талпыныс нәтижесіз аяқталды. Соңында екі жақ арасында шайқас басталып, ол үш немесе төрт күнге созылды. Мұсылман араб әскерлері соғыстың алғашқы күнінде пілдердің шабуылынан көп шығынға ұшырады. Кейінгі күндері де көп әскерінен айрылды. Бірақ, ақырында Сасани әскерінің қолбасшысы мұсылман араб әскерлері тарапынан өлім құшты да Сасани әскерінің қатары бұзылып, олар қаша бастады (636 ж.). екі жақтан да көп шығын болғанымен мұсылман араб әскерлері мол олжаға кенелді. Осы олжаның ішіндегі ең бағалысы – «дирефши қауиани» атындағы Иран туы болатын. Қадисия шайқасы – ислам тарихындағы ең маңызды жеңістердің бірі. Осы шайқастан соң Солтүстік Ирак пен Иранға бастайтын жолдар мұсылмандарға айқара ашылды. Иран әскері ауыр жеңілдіске ұшырады және Кисра ІІІ Яздижерд сарайларын мұсылман араб әсмкеріне тастап шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Өйткені Саад бин Әбу Уаққас Қадисия шайқасынан соң империя астанасы Мадаинді (Ктесифон) нысанаға алған және аталған қаланы да басып алды (637 ж.).

Қадисиядан қашқан Сасани әскерінің бір бөлігі мен кисраның жіберген әскерлер Жалулада жиналды. Осы аймаққа аттанған 12 000-дық мұсылман араб әскері ондағы Сасанид армиясын талқандап, аталған аймақты да бағындырды (637 ж.). оның артынан Хилванды, Ахвазды алды (638 ж.). Мұсылман араб қолбасшысы Нуман бин Муқаррин еш кедергісіз Рамахурмузға кірді, одан соң Тустарға келіп, кескілескен шайқастан соң Тустарды да басып алды (641 ж.) Одан соң Хузистанды, Мусулды және Эрдебилді бағындырған мұсылман арабтар Нихавенд жеңісінен соң Иракты жаулау әрекетін толықтай аяқтады. Иранның батысында Хамадан қаласының 60 шақырым оңтүстігінде орналасқан Нихавендете болған кескілескен шайқаста 30 000 әскерлік мұсылман араб қолының басшылығына Нуман бин Муқаррин тағайындалған болатын. Әскербасылықты Фирузан атқарған Сасани әскерінің саны жайында 60 000-нан 150 000 арасында әртүрлі мәліметтер беріледі. Олар көп санды пілмен де жарақтанған болатын. Үш күнге жалғасқан шайқастың соңғы күнінде Нуман бин Муқаррин қаза тапты, әскербасылық Омардың алдын ала тағайындаған сарбазы Хузайфа бин Яманға жүктелді. Шайқас нәтижесінде Сасани әскері жан жаққа бытырай қашты. Шайқастан соң Нихавендті қоршауға алған мұсылмандар соңында қаланы да басып алды (642 ж.). Нихавенд шайқасы ислам тарихында жаңа кезеңге аяқ басуды жүзеге асырды. өйткені сасанилер осы ауыр жеңілістен соң қайта әскер жинай алмайтын дәрежеге жетті. Нихавенд шайқасы Динавер, Хамадан және Исфахан сияқты Сасанилерге қарасты қалалар мен аймақтардың мұсылман арабтар қолына өтуін және сасанид империясының құлауын қамтамасыз етті. Осыған орай Нихавенд жеңісі «фатху-л-футух» (жеңістер жеңісі) деп аталды.

Ардақты Пайғамбардың замандасы болып табылатын Хусрав Первизден соң Иранда қабілетті билеуші билік басына келмегендіктен мемлекет қатты әлдсіреген. Сарайдағылдар бір-бірімен қырғи қабақ болып, үкімет жиі ауысып отырды және белгілі бір шешімге билік басындағылар келе алмады. Халықтың көпшілігі сенетін маздак ағымы қатты қысымға ұшырады және билік басындағыларда көп жәбір-жапа көрді. Келесі жағынан несториан христиандары да еркін өмір сүре алмайтын. Ал мұсылмандардың ешбір сенім иесіне қысымдық көрсетпегеніне және дін тұрғысынан ешкімді қыспаққа алмағанына байланысты олар мұсылман араб әскерлеріне ақтысты. Мұсылман араб әскерлерінің жорықтарда әділ болуы, жергілікті халықтарға еркіндік беруі Ирандағы жорықтардың сәтті аяқталуына септігін тигізді.

Сирия бағытындағы жорықтар. Омар билікке келгеннен соң Византияға қарсы жорықтарды одан ары жалғастыруды мақсат етті. Әбу Бәкір заманында болған Ажнадайн жеңісінен (634 ж.) соң халифа Омар заманында болған Фихл шайқасында да мұсылмандар Византия әскерін үлкен шығынға ұшыратты (635 ж.).

Мұсылман арабтар Маржуссуффарда жеңілім Дамаскті паналаған Византия әскерінің артынан қуып қаланы қоршайға алды, одан соң басып алды (635 ж.). Осы Маржуррум шайқасында мұсылмандар жеңіске жетті. Осы кезде Балабек, Хумус және Хама қалалары да басып алынды.

Мұсылман араб әскерінің осындай жетістіктеріне байланысты Византия императоры Геракл христиан арабтар мен армиян әскерлері қатысқан шамамен 50 000 мен 100 000 арасында әскер жасақтап, үстін үстіне болған осы жеңілістерге нүкте қоюды жоспарлады. Византияның соғыс дайындығын естіген Халид бин Уалид Хумус пен Дамасктағы әскерлерін шақырып, саны 25 000-ке жететін әскерімен Ярмук алқабында шеп құрды. Соғыссыз күтілген үш айдан соң 363 жылы болған шайқаста Византия әскері ауыр жеңіліске ұшырады және осы аймақтағы қалалардың барлығы мұсылмандардың қол астына өтті. Византия әскерінің басшысы Феодор өлім құшөқаннан соң оның аман қалған әскерлері Палестинаға, Антакияға, әл-Жазира мен Ирминияға (Армения) қашты. Осылардың бір бөлігін қуу міндеті жүктелген Ияз бин Ғанм Малатияға дейін жетті және қала халқын жизия төлеуге көндіріп, кері қайтты. Мұны естіген Геракл Малатияға әскер жіберіп, қаланы өртетті және өзі де Антакиядан Константинопольге қайтты.

Ярмук шайқасынан соң Сирия Византияның қолына шықты. 637 жылы Шайзар, Киннассеррин, Халеб, оның артынан Антакия, Урфа, Ракка және Нусайбин біртіндеп мұсылман арабтарға берілді. Сирия мен әл-Жазираның алынуынан соң мұсылман арабтардың территориясы Торосқа дейін созылды. Византия императоры Геракл шекара аймақтардағы халықтарды мұсылдмандардың қауіп-қатері мен шабуылынан сақтау үшін ішкі аймақтарға көшіріп, көптеген елдімекендер қаңырап бос қалды. Келесі жағынан Палестинаны жаулау одан ары жалғасын тапты да Иерусалим (Құдыс) қоршауға алынды. Патриарх Софроний қала кілттерін сол кезде аймақты бақылау, зерттеу және кездесу мақсатында Сирияға келген және Жабияға тоқтаған халифа Омарға бергісі келетінін мәлімдеді. Халифа Құдысқа барып, халықтың амандығына кепілдік беріп, олармен келісімге отырды (638 ж.). Одан соң Палестинаның теңіз жағалауларындағы қалалармен қоса бірнеше елдімекендер бағындырылды. Халифа Омар жағалауға қауіп төндірген Кипрды жаулау үшін теңіз флотын құруға рұқсат бермеді.

Құдысты бағындырған халифа Омар барлық қолбасылар мен уалилерді жинап кеңес өткізді. Византиядан келетін шабуылдардың алдын алу үшін Жабиядағы әскери лагерді таратып, екі бағыттан қорғаныс шептерін құруға шешім қабылданды және әскерлер шекарадағы қалаларға орналастыруға қарар шығарылды. 638 немесе 639 жылы Сирия аймағында оба індеті кең таралды. Осы індеттен Әбу Убайда бин Жаррахтан бастап 25 000-ға жуық адам өлді.

Мысыр мен Солтүстік Африка бағытындағы жорықтар. Халифа Омар Сирия мен Палестинада жеңіліс тапқан кейбір византиялық қолбасылар мен әскерлердің Мысырға қашқандығын айтып, Мысырды да жаулап алу қажет екендігіне кеңес берген Амр бин әл-Астың пікірін қабылдап, Мысырды жаулап алуға рұқсат берді. Амр бин әл-Ас 640 жылдың басында 4 000 атты әскермен Мысыр шекарасында орналасқан Ферама қаласын басып алды. Оның артынан Мединеден келген 5 000 әскерлі қосымша күшпен Айнушамста қуатты Византия армиясын талқандады. Билбисті алғаннан соң Бабилонды жеті айлық қоршаудан соң алды (641 ж.). одан соң Византияның ең басты портты қаласы Александрияны 642 жылы басып алды.

Осындай жетістіктеріне байланысты Амр бин әл-Асқа «Мысырдың жеңімпазы» деген атақ берілді және халифа Омар тарапынан Мырдың уалиі ретінде тағайындалды. Омар оған да теңіз флотын жасақтауға және теңіз арқылы жорықтар жасауға рұқсат етпеді.

Демек, мұсылман араб әскерлері Сасани империясының құрамындаңы Ирак, Иран, Азербайжан мен Византия империясына қарасты Сирия, әл-Жазира, Палестина және Мысыр сияқты аймақтарды жаулап алды.

Византияның Мысыр мен Сириядағы әділетсіздігі, салған ауыр салықтары және Иранмен болған соғыстары халықты әбден күйзеліске ұшыратты. Ал мұсылман арабтар жаулап алған жерлерінде әділдікті, қысымды көрсетпей жергілікті халыққа діни еркіндік беріп, өз жерінде бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етті. Сонымен қатар Сирияның едәуір жерінде арабтар өмір сүретін. Бұлар мұсылман арабтардың аталған аймақтарды оңай жаулап алуына өз септігін тигізді. Сонымен қатар мұсылман араб әскерлерінің өжеттілігі мен қайсарлығы, дініне деген беріктігі, өлімнен кейінгі о дүниеге деген берік сенімі және шайқаста шахид болуға деген ынталық аталған өлкелердің аз уақыттың ішінде жаулап алуына негізгі себеп ретінде атап өтуге болады.

Жорықтардан кейінгі реформалар. Жаулап алынған жерлердегіи адамдари егер соғыссыз келісімге келуді қабылдаса, осы келісімге берік болғанға дейін тұтқын, құл ретінде қатынас жасалмады. Исламды қабылдағандары мұсылмандармен тең құқықты иеленетіндігі, ал бұрынғы діндерінде қалғысы келгендер жизия салығын төлеу шартымен зымми статусын иеленіп, жаны мен дүние-мүлкі қорғалатындығы, олардың діні мен ар-ождан бостандығы мойындалып, ғибадатханаларына тиіспейтіндігі және жасайтын құлшылықтарына араласпайтындығы туралы келісім жасалды.

Омар соғысып бағындырылған жерлерде өмір сүретін халықтың да бейбіт жолмен бағындырылған жерлердің халқы тәрізді зымми статусында қалуы қажет және олардың егінге қолайлы жерлерінен хараж салығын алу керек деп шешкен. Тіпті, олжалық статусқа қарай соғыс ардагерлеріне үлестірілген немесе Мединеге жіберілген бестен бір бөлік мөлшеріндегі байтулмалға қарасты тұтқындарды босатқандығы және жерлері соғысқа қатысқан кейбір мұсылмандардың олжасы ретінде берілуі ұсынылғанымен жерлер бұрынғы иелеріне қайтарылғандығы байқалады.

Халифа Омар жаулау әрекеті аяқталғаннан соң туындаған әртүрлі тақырыптағы проблемалар мен қажеттіліктерді байқай отырып, олардың тиімді жолмен шешілуі үшін біраз жұмыстар атқарды. Түскен олжалар мен мұсылмандардың қолына түскен басқа діндегі соғыс тұтқындары және олардың жерлері қайта қаралды. Олжа мен жер мәселесімен қатар мұсылмандардың Сирияға орналасуы мәселесін талқылау үшін 637 жылы бірнеше сахабалармен бірге халифа Жабияға сапар шекті. Сириядағы барлық уалилер бас қосқан мәжілісте табыстардың бөлінісіне қатысты негіздер қаралып, мұсылмандардың мұсылман еместермен қатынасына қатысты мәселелер көтерілді. Осы кезде Құдысты (Иерусалим) бағындырған халифа Омар барлық қолбасылармен, уалилермен кеңес жүргізді.

Бейбіт және соғыс арқылы алынған жерлер ардақты Пайғамбардың бөліс тәсіліне қарай бұрынғы иелеріне қайтарылу қажеттігін ұсынды. Жерлерден байтулмал үлесі ретінде ардақты Пайғамбардың әйелдеріне тиесілі үлестер ортаға тасталды, оның кейбірі жерді, енді бірі одан түсетін табысты алуға шешім шығарды. Фадак жерінің жартысы ардақты Пайғамбарға тиесілі болып, бейбіт жолмен бағындырылған болатын. Омар оның бағасын анықтап берді: жартысын фадактықтарға төлеткеннен соң, оларды өзгелермен ьірге Сирияға көшірді.

Осы жылы нежрандық христиандарды да Куфа жақтағы Нежранияға көшірді. Олардың дүние-мүліктерін сатып алып, зиянға ұшырамауын қадағалады. Сондай-ақ барған жерлерінде көп жер берілуін, осы жерлерден біршама уақыт салық алынбауын, одан соң Пайғамбармен жасалған келісімге сай жизия алуын уалилерге тапсырды.

Омар заманындағы уилаяттар (провинциялар) басқармасы. Омар заманында жорықтар арқылы мұсылман араб халифатының территориясы кеңейген және бұл аймақтарды орталықтан басқару қиындай түсті. Осыған орай халифатты бірнеше провинцияға (уилаят) бөлді. Жаулап алынған жерлердің кеңеюі мен жаңа қалалардың салынуына байланысты сандары көбейе түскен уалилерді (губернатор) тағайындауға ерекше мән берген Омар осы қызметке тағайындайтын адамның жағдайын сахабалардан сұрайтын, кеңесетін, тіпті өзара сайлауға салатын. Тағайындалған уали мен басқа да қызметкерлерге куәлік берілді, олар қызметіне кірісерде осы куәлікті халыққа оқып беретін. Онда халықтың тыңдауы тиіс негіздер мен ескертпелер жазылады.

Хулафа рашидин заманында Пайғамбар дәуіріндегі тәрізді әскер басылары «амиру-л-жайш» немесе «амиру-л-жунд», ал уилаяттардың басшысы болып табылатын уалилер «амир» немесе кейде «амил» деп аталды. Өйткені уалилердің көпшілігі сол жерді жаулап алған қолбасылар болатын. Мысалы, Әбу Убайда бин Жаррах, Амр бин әл-Ас, Әбу Муса әл-Ашари, Саад бин Әбу Уаққас, Утба бин Ғазуан, Ияз бин ғанм сияқты сахабалар әрі қолбасы, әрі уали қызметін атқарды.

Омар қажылық мезгілінде уалилер мен сол қаладағы басқат да билеушілер жайында қажылардан сұрастыратындығы, арыз-шағымдарын тыңдайтындығы және оны зерттегеннени соң тиісті шара мен жаза қолданатындығы баяндалады.

Уали және басқа да қызметкерлер. Уалилер қызметке кіріскен уилаяттарда халифаның өкілі болып есептелетін. Уали намаздарда имамдық жасайды, мешіттерде халыққа исламның негіздерін үйретеді, қаладағы тыныштық пен тәптіпті қамтамасыз етеді, қазылық (сот) жұмыстарын жүргізеді және қылмыскерлерді жазалайды. Соғыс кезінде әскерді жасақтау және соғысты басқару, жорықтардан соң басып алынған жерлердің халқымен келісімге келу, салықтарды жинау, мемлекет қызметкерлерінің жалақыларын тарату, олжаларды бөлу және байтулмал үлесін Мединеге жіберу, тұтқындардың жағдайын анықтау, мұсылмандарды жаңа қоныстарға немесе ескі қалаларға орналастыру сияқты қызметтерді уали атқарады.

Соғысқа қатысатын ерікті әскер жинауда және аттандыруда уалилер маңызды жұмыс атқарғандығы баяндалады. Омар бірнеше уилаятқа қазылық және қаржылық істерді уалилік қызметтен бөліп, өзіне тікелей бағынатын қазылар мен салық жинайтын қызметкерлер жібере бастады.

Уилаятта уалидің жанында хатшы, дуан (диуан) хатшысы, салық қызметкері, мемлекеттік қазына қызметкері және әскербасы сияқты мемлекеттік қызметкерлер болды. Мемлекет қызметкері, оның ішінде салық қызметкері ретінде кебәр қызмет түрлері Пайғамбар кезінде ақ белгіленген болатын.

Омар заманындағы үлкен уилаяттар Хижаз, Иемен, Бахрейн, Шам (Сирия), Ирак, Фарс (Персия) және Мысыр болатын. Қазылық және қаржылық істерді негізгі басқармалықтан бөліп, халифа Омар диуан (дуан) мекемесін құрды. Осы кезеңде уалилер жоғары жалақы ала бастады. Бірақ, Омар олардың барлығын қысып тастады.

Егер арыз-шағым шыға қалған жағдайда, оны тексеруге халифа ансардан шыққан Мухаммад бин Масламаға жүктейтін, соңында шыққан қылмыскер тиісті жазасын алатын. Әр жылы қажылық мезгілінде уалилер Мединеге шақырылатын және жанына кейбір адамдардың бірге келуін бұйыратын. Олардан уилаяттың жағдайына және арыз-шағымға қатысты мәліметтер алатын.

Қызметке кірісерде уалилер мен қызметкерлердің бұрынғы дүние-мүлкі есепке алынатын. Қызметке кіріскеннен кейін дүние-мүлкі артса, олар сұраққа тартылып, қатаң түрде тексерілетін, тіпті байлығы тәркіленетін.

Бір қалада уали, хатшы, дуан хатшысы, салық қызметкері, сақшы, қазынашы, қазы бөлек қызметкерлер тарапынан жүргізілсе, кейде осы қызметтерді бір-ақ адам ғана істей беретін жағдайлар да болған.

Қазылық және сот ісі. Хулафа Рашидин дәуірінде қазылық істерде халифа Омар айрықша орынды иеленеді. Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде Мединедегі қазылық істерді монына алған Омар өзінің халифалығы кезінде бұл істі Әбу-д-Дардаға жүктеді.

Сот жүйесін қазылар, қаржылық істерді қарсы қызметкерлері орындады. Олар халифа тарапынан тағайындалды және босатылды. Уилаяттарға алғашқы қазыларды тағайындаған да осы Омар болатын. Кейде уалидердің өзі қазыларды тағайындайтын. Осы жүйе төрт халифа дәуірінің соңына дейін осылай жалғасын тапты. Халифа Омар Әбу-д-Дарданы Менинеге, Шурайх бин Харис әл-Киндиді Куфаға, Әбу Муса әл-Ашариді Басраға және Осман бин Қайсты Мысырға қазы етіп тағайындаған.

Халифа Омар бірнеше уалилікте қазылық және қаржылық істерді уалиліктегі жалпы биліктен бөліп алып, өзіне тікелей бағынатын қазылар мен салық жинаушылар жібере бастады.

Қаржылық істер. Халифа Омар мұсылмандар мен мұсылман еместерге қатысты жаңадан туындаған проблемалар мен қажеттіліктерді бағдарлай отырып, осы проблемаларды шешу үшін жаңа тәсілдерді іске асырды. Халифа осы реформасында түскен олжалар мен мұсылмандардың қарамағына өткен өзге дін адамдары мен олардың жерлерді қайтарып алды. Себебі, Омар дәуіріндегі жорықтардан түскен олжалар шектен тыс артқан.

Мемлекет кірістері. Мұсылман еместердің ер кісілерінен жаны мен дүние-мүлкі амандығын, сенім еркіндігін қамтамасыз ету үшін «жизия» деп аталатын жан басы салығы алынды. Бұл салық түрі ардақты Пайғамбардың заманында алына бастаған болатын және кейінгі кезеңдерде де күшін жоймады. Омар дәуірінде Ирак аймағындағы кедейлерден (шаруалар және басқалар) 12, орта тұрмыстағылардан (саудагер) 24, байлардан 48 дирхам жизия алынды. Ал Шам халқына адам басына алтын ақша түрінде 4 динар, күмістен 40 динар алынды. Мысыр халқынан да 4 динардан алынды. Жизия ақшалай алынумен қатар, егін өнімінен де, сауда заттарынан да алынған.

Мұсылман еместердің егістік жерлерінен алынатын салық «хараж» деп аталды. Бұл салық Омар дәуірінде күшіне енді. Жаулап алынған егістік жерлердегі шаруа адамдар тұтқын ретінде алынбады және сол жерді игеру үшін қалдырылды: олардан хараж салығы алынды.

Мұсылман еместерден соғыс арқылы алынған барлық дүние-мүлік түрлері мен тұтқындар «ғанимат» (олжа) деп аталды. Осы олжаның бестен бірі «хумус» атымен мемлекет қазынасына алынды. Осы тақырыптағы аяттар Бәдір шайқасынан соң түскен.

Бір жерге сауда жасау үшін келген саудагерлерден халифа Омар салық алды. Мұны көрші мемлекеттер де алатын. Мұсылманнан қырыңтың бірі, зыммиден (соғыссыз келісімге келген мұсылман емес ел азаматы) жиырмадан бір, харбиден (келісімсіз жаулап алынған мұсылман емес ел азаматы) оннан бір салық алынды. Бұл салық халифат территориясына кіретін және шығатын заттар мен мемлекеттің әр алуан аймақтарындағы мүліктерден алынды.

Мұсылман байларынан алынатын мүліктің қырықтың бірі – зекет те мемлекеттің басты кірістеріне жататын. Мұсылман шаруалар жерінен түскен өнімінің онан бірін немесе жиырмадан бірін мемлекетке берді.

Мемлекет шығындары. Омардың мемлекет қазынасына түсетін кіріс – зекетті Тәубе сүресінің алпысыншы аятында баяндалғаны тәрізді таратқандығы, бірақ жүректерін исламға икемделетін адамдар енді қалмады деп есептеліп, исламға жаңадан кіргендерге кедей болмаса зекеттен бермегендігі белгілі. Хумусты да Анфал сүресінің 41 аятына сәйкес мұсылмандарға таратты.

Халифа Омар мемлекет кірістерін таратуда әділдікті орнату үшін арнайы әдісті жүзеге асыру үшін «диуан» мекемесін құрды. Адамдарың исламға кірудегі ерекшеліктері мен ислам дініне жасаған қызметтерін негізге ала отырып, Пайғамбармен бірге соғысқа қатысқандардан басталатын тізім бойынша мемлекет кірістері сахабаларға үлестірілді.

Диуан мекемесі. Халифа Омар Ирак, Иран, Сирия, әл-Жазира, Палестина және Мысыр бағындырылғанда халифаттың территориясына кіретін жерлерде өмір сүретін мұсылман еместердің берген жизия, хараж және сауда заттары салықтарынан түскен кірістерді мұсылмандарға үлестіру үшін бір мекемені құруды ойластырды. Омар әлгі салық түрлерін байтулмалда жинап, жылына бір мәрте үлестіруді дұрыс деп шешті. Үлестіру исламға кірген ерекшелегіне, исламға қызметіне және Пайғамбарға жақындығы мен Пайғамбармен бірге қатысқан соғыстарына қарай әртүрлі мөлшерде таратылды. Ал айлық үлес бір мөлшермен таратылды.

Адам аты «лаух» деп аталатын парақтарға жазылды. Оған Хашим әулетінен Бәдір шайқасына қатысқандардан басталып жазылды. өзге рулар Хашим әулетіне жақындығына қарай түзілді. Ал ансар хижреттен бұрын мұсылман болған Саад бин Муаз бен оның тайпасынан бастап жазылды. Халифа осы дәптерлердің дайындалуын арабтардың шежіресін жақсы білетін Алидің бауыры Ақыл бин Әбу Талибке Махрама бин Науфал мен Жубайр бин Мутимге жүктеді.

Бұл мемлекеттің жүргізген басқа істерінде де іске жарады. Жорықтарға қатысатын адамдар белгілеуде осы дәптерлерге үңілетін дереккөз болумен қатар қазынаны ретке келтіру үшін маңызды болды.

Омар дәуіріндегі мәдениет

Пайғамбардың дүние салуынан соң халифаттың билігі халифаның қолында болғандығы, ал провинцияларда уалилер халифаның атынан елді басқарғандығы белгілі. Халифа – ел басшысы, ол Мединедегі мұсылмандар тарапынан сайланды, одан соң өзге провинциялардағы мұсылмандардың биаты алынады. Халықтың таңдауымен билік басына келген Әбу Бәкір Омарды өзінің орнына ұсынып кетті. Алғашқы мұсылман арабтар ежелден бері келе жатқан әкеден балаға жалғасатын тақ мұрагерлігі дәстүрін қолданбады. Хулафа Рашидин дәуіріндегі ешбір халифа өлімінен соң өзінің орнына отыратын халифаны жанұясынан ұсынбаған. Исламды алғаш қабылдағандар, жоғары адамгершілік қасиетке иелері, сіңірген еңбектері және ардақты Пайғамбарға жақындары халифаттың халифасы болуына басты критерий болды. Сол кезеңде халифаның халықты басқару мен намазда имамдық жасау сияқты діни қызметтерді атқаруға міндетті саналды. Мұсылмандар биат жасаумен халифаны мойындағандығына, оған бағынатындығына және бұйрықтарын орындайтынына сөз беру арқылы жүзеге асырылады.

Халиыаның міндеттері - әділдікті жүзеге асару, елді басқару, халықтың діни және дүниелік істеріне жетекшілік жасау. Осы қызметтерді атқарған халифалар Құранда орын алған шура негізін (Али Имран 3/1-59, аш-Шура 42/38) тиімді қолданған және мемлекеттің шура мен биат негізінде қалыптасуын қамтамасыз еткен.

Ел дамуына қатысты атқарылған жұмыстар. Мұсылман арабтар бағындырған қалаларда кейде ескі ғибадатханаларды толықтай немесе жартылай мешітке айналдырса, кейде жаңа мещіттер тұрғызды. Дамаск қаласының ортасында орналасқан Юоан шіркеуінің жартысы христиандарға қалдырылып, қалған жартысы мешітке айналдырылған. Мұндай іс Хумуста да жүзеге асырылды. Бейбіт жолмен бағындырылған ескі ғибадатханаларға мұсылмандар тиіспеген. Халифа Омар өзіне берілген Құдыстағы ғибадатханаларға тиіспеді, қоқыс орнына айналған мешіт Ақсаның орнын тауып осол жерге үлкен мешіт тұрғызылуына бұйрық берді.

Елдің тұрмысын жақсарту жолында егіншілікке қолайлы жерлерге су жеткізу үшін каналдар қазылғандығын да атап өткен жөн. Келесі жағынан адамдардың суға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін отырықты жерлерге каналдар қазылды. Басраға Тигр өзегінен су әкелу үшін қазылған тоғыз милдік Әбу Муса өзені мен Мақил каналы және Куфаға су әкелу үшін қазылған Саад каналын ерекше атауға болады.

Амр бин әл-Ас та Ніл өзенін Қызыл теңізге құятын 69 милдік канал қаздырды. Бұл каналға «Амиру-л-муминин» деп ат берілді. Осы су жолымен Мединеге азық-түлік тасымалдау қатынасы жолға қойылды. Осы каналмен жүретін жүк кемесі Қызыл теңізге өтеді де Жиддаға келіп түседі.

Қалалардың салынуы. Халифа Омар дәуірінде жаулап алынған жерлерді бақылауға алу және жаңа жерлерді бағындыру үшін әскер орналастырылатын және халық қоныстанатын қалалар бой көтерді. Жаулап алынған Ирак мен Иранды бір орталықпен басқару мүмкін болмағандықтан осы аймақта екі түрлі орталықтан басқару мақсатында Басра мен Куфа қалалары салынды.

Омардың бұйрығымен Утба бин Ғазуан бүгінгі Басрадан шамамен 25 шақырымдай қашықтықта қамыстан бір мешіт пен уали отыратын орын тұрғызды. Әбу Муса әл-Ашари 638 жылы осы аймаққа уали ретінде тағайындалғанда аталған екі ғимаратты бұрынғысынан да кең етіп кірпіштен қалатты. Қалаға араб тайпаларымен қатар жорықта қолға түскен және мұсылман болған халықтарда орналастырылды.

Куфа бастапқыда мұсылман араб әскерін орналастыратын берік лагерь ретінде пайда болды, одан соң бұл жерге қарапайым халық та келіп қоныстанды. Саад бин Әбу Уаққас халифа Омардың рұқсатын ала отырып, тегіне қарай тайпаларды Куфаға жеті бөлек ауданға орналастырды. әр Тайпаның бөлек мешіті мен мазараты болды. Қаланың орталығында орналасқан әл-Масжиду-л-Жами 40 000 адам намаз оқи алатын соншалықты үлкен етіп тұрғызылды. Халифаның әмірімен бес уақыт намаз аудан мешіттерінде, ал Жұма намазы үлкен мешітте оқылды. Осылай орналастару әскер қатарына алуға және олжа үлестіруге қолайлы болды. Куфаға христиан арабтар мен парсылдар да орналасты.

Келесі жағынан Амр бин әл-Ас 643 жылы Бабилонға жақын Фустат деп аталатын бекіністі қала салып, Араб түбегінен көшіп келген мұсылмандарды осы жерге жайғастырды. Ол кейін келе Мысырдың орталығына айналды.

Оқу-ағартушылық. Құранды бір нұсқаға түсіру қажет екендігін Әбу Бәкірге айтқан Омар халифатқа қарасты барлық аймақтардың мешіттері мен мектептерінде Құранды үйрету арқылы оқу-ағартушылықты бастау қажет екендігін уалилерге бұйырды. Осы мақсатпен уилаяттарға Мединеден кейбір сахабаларды аттандырды және оларға айлық төледі. Құранды дұрыс түсінуге талпыныс жасалып, муташабих аяттармен айналысуға тиым салынды, қадар мен қаза тақырыптарында қате түсініктемеге тосқауыл қойылды. Омар тарапынан Куфаға жіберілген Абдуллаһ бин Масуд онда берген қырағат, тәпсір дәрістерімен Куфа мектебінің негізін қалады, әсіресе, Иракта әһлу рай әрекетінің пайда болуына әсер етті.

Хижри күнтізбесін енгізу. Халифа Омар дәуірінде болған жорықтардың нәтижесінде Парсы және Аден шығанақтары арқылы Үндіста мен Қытайға, Хира қаласының маңына салынған Куфа арқылы Арабстанға, Сирияға, Палестинаға және Анатолияға, Иранға, Орта Азияға, Мысырға жәгне шығыс Жерторта теңізіне қарай ежелден бері келе жатқан сауда жолы мұсылман арабтардың бақылауына өтті.

Сауда қатынасының жандауымен жыл қайыруға деген қажеттілікке байланысты Омар хижретті күнтізбе бастамасы ретінде қабылдады, осылай хижрет жыл санағы қолданысқа енді. Хазіреті Алидің ұсынысымен хижрет жыл санағының он алтыншы жылы Рабиулаууал айында хижрет күнтізбесі қолданысқа ендіру жоспарланды.

11-12 лекция

Осман халифалығы (644-656 жж.)

Халифа Омардың өлімінен соң оның белгілеп кеткен кеңес (шура) мүшелері тарапынан халифа ретінде сайланған Осман бин Аффан он екі жыл халифалық таққа отырды. Ислам тарихшылары оның халифалық кезеңін «бірінші алты жыл» және «екінші алты» жыл деп екі кезеңге бөледі. Бірінші алты жыл халифатта тыныштық пен ауызбірлік сақталған «сукунат дәуірі (644-650 жж.)» деп есептелсе, екінші дәуір «алауыздық кезеңі (650-656 жж.)» деп аталатын екінші алты жыл халифа Османның өлтірілуімен аяқталған және жағымсыз әсерін кейінгі дәуірге де қалдырған ішкі алауыздықтар өрбіген кезең ретінде тарихта қалған.

Осман мен уалилеріне бағытталған сыни түрдегі алауыздық билік басындағыларды құлатуға айналды. Әсіресе, жаулап алынған аймақтардағы әскери мақсатпен құрылған және әртүрлі араб тайпалары орналастырылған Куфа, Басра, және Фустат қалаларында бой көрсеткен бұл қозғалыс Құрайшқа қарсы тайпашылдық күресіне айналды. Осман бин Аффанға қарсы бас көтергендер оны орынсыз өлтірдіХазіреті Османның заманында болған және ислам тарихындағы алғашқы алауыздық ретінде танылған бұл көтеріліс ислам тарихының басты кезеңін құрайды. Ислам тарихының алғашқы алауыздығы болып табылатын аталған ел іші алауыздық және халифа Османның орынсыз өлім құшуынан соң мұсылмандар арасында ішкі шайқастар орын алды.

Хулафа Рашидиннің үшіншісі болып табылатын Осман бин Аффан 576 жылы дүниеге келген. Ол ардақты Пайғамбардан алты жас кіші. Осман Құрайштың атақты екі тармағының бірі – Бани Умаййаға жататын. Оның әкесі Аффан бин Әбу-л-Ас Құрайштың ең бай саудагері болатын және ол жахилия дәуірінде дүние салған. Ал анасы Аруа бинт Курайз ардақты Пайңамбардың нағашысы Байзаның қызы болатын. Хазіреті Осман ардақты Пайғамбардың екі қызымен үйленгеніне байланысты екі нұр иесі деген мағынаны білдіретін «зу-н-нурайн» деген лақаб атқа ие болған.

Балалық пен жақсық шағын Меккеде өткізген Осман кішкентай кезінде-ақ саудамен айналысты. Әкесінің Сирияға шыққан бір сауда мақсатындағы сапарында дүние салғаннан соң жанұясының сауда-саттық жұмыстарын Осман мойнына алған. Оның мата мен киім сатумен аты шықты. өнегелі мінез-құлқы мен әділдігіне байланысты саудада қолы жүрді және ислам келген алғашқы жылдарында Меккенің белді саудагерлері арасында орын алды. Осылай ол Мекке халқының құрметіне бөленіп Мекке мықтыларының қатарына қосылған. Осыған орай саудагерлермен бірге Әбу Бәкірдің шынайы досына айналған.

Осман ислам дүниеге келген алғашқы шақта Пайғамбардың жасырын исламды тарата бастаған алғашқы күндері Әбу Бәкір арқылы ардақты Пайғамбарға барып алғаш исламды қабылдағандар қатарынан табылды. Оның алғашқы он мұсылмандардың бірі екендігі баяндалады. Осман исламды мен жанұясының қатты қарсылығына ұшырады. Немере ағасы Хакам бин Әбу-л-Ас оны жіпке байлапүйдің ішіне қамап қойды және исламнан бас тартпайынша оның соңына түсетінін айтты. Соңында Османның сенген дінінен бас тартпайтынына көзі жеткеннен соң ол жайына қоя берді. Анасы да оны кірген дінінен шығару үшін бар амалды жасап бақты, одан да еш нәтиже шығара алмағаннан соң Османды жайына қойды. Османның жахилия дәуірінде Махия атты әйелмен үйленгендігі, одан Амр деген бала туылғанын және осы баласына байланысты Осман Әбу Амр деп аталатындығы баяндалады. Осман исламды қабылдағаннан аз уақыт ішінде ардақты Пайғамбардың қызы Руқиямен шаңырақ көтерген. Мекке мүшіріктерінің мұсылмандарға көрсеткен жәбір-жапасының күн өткен сайын артуына байланысты пайғамбарлықтың бесінші жылы Осман Руқиямен бірге алғашқы қоныс аударушылармен бірге Хабашстанға қоныс аударған. Біршама уақыт өткеннен соң Хабашстандағы бірнеше мұсылмандармен бірге ол Мекке қаласына қайта оралды. Мединеге хижрет кезінде жанұя мүшелерімен бірге ол Мединеге қоныс аударды. Осылай ол Хабашстанға және Мединеге екі рет хижрет жасады. Мединеге хижреттің алғашқы жылында ардақты Пайғамбар тарапынан мухажирлер мен ансарлар арасында жасалған бауырластық серті кезінде Осман Аус бин Сабитпен бауыр болды. Біршама уақыт Аус бин Сабиттің үйінде қонақ болған Осман тұрғызған өз үйіне көшті. Осы жерде де саудамен айналысып, мол табысқа қол жеткізді.

Осман әйелі Руқияның сырқаттануына байланысты Бәдір шайқасына қатыса алмады. Өйткені, ардақты Пайғамбар оның қызына қарауын өтінген. Шайқастан соң оны да Бәдір соғысына қатысқандармен бірге олжадан үлес берді. Руқия Бәдір жеңісі сүйіншісі Мединеге жеткен кезде көз жұмды. Османның Руқиядан Абдуллаһ деген ұлы дүниеге келген. Абдуллаһ Мединеге хижреттің төртінші жылы алты жасында бір қораздың көзін шұқуынан ауырып дүние салды.

Ардақты Пайғамбар Османды кейінірек келесі бір қызы Умму Кульсумге үйлендірді. Осыған байланысты ол Зиннурайн деген атқа ие болды. Умму Кульсум Османмен бас қосқанна алты жылдан соң хижреттің тоғызыншы жылы Табуқ жорығынан оралған күндері дүние салды.

Осман хижреттің үшінші жылы болған Ухуд шайқасына қатысты. Осман ардақты Пайғамбардың уахи хатшыларының бірі болатын. Ол Затурриқа және Зуамар жорықтары кезінде Мединеге Пайғамбардың өкілі ретінде қалдырылған. Худайбия келісімі болар кезде ардақты Пайғамбар тарапынан Меккеге елші ретінде жіберілген. Мұсылмандардың Қағбаға зиярат жасауында ол белсенділік көрсеткен.

Ардақты Пайғамбардың қызы Умму Кульсумның өлімінен соң Осман алты рет үйленді. Алдымен Фахита бинт Ғахуанмен үйленді және одан Абдуллаһ деген ұл дүниеге келді. Фахитаның өлімінен соң Умму Амр бинт Жундабпен шаңырақ көтерді. Одан Амр, Абан, Омар және Халид деген ұлдары мен Мариям деген қызы дүниеге келді. Османның ұлы Абан ардақты Пайғамбардың өмірі туралы мәліметтер жинаған алғашқы сияр ғадымы болатын. Осман Махзум руына жататын Уалид бин Муғираның қызы Фатимамен де үйленген, одан Уалид және Саид деген екі ұлы мен Умму Саид деген қызы дүниеге келген. Османның Калб тайпасына жататын Наила бин Фурафиса атты әйелінен де балалары болды. Басбұзарлар Осман үйін қоршауға алған және үйіне басып кіріп оны өлтірген кезде Наила оның жанында болатын. Ол күйеуін қорғамақ болғанда қолының саусақтары кесілген. Осман өлтірілгенде Фахита мен Рамла атты әйелдері де тірі болатын.

Халифа ретінде сайлануы. Араларыңнан бірің үш күн ішінде халифа сайлаңдар деп халифа Омардың белгілеп кеткен алты адамдық шура (кеңес) мүшелері алғашқы мәжілісін оның өлімінен бұрын (Тальха бин Убайдуллаһ Мединеде болмағандықтан) бес адам болып жүргізді. Бірақ Омардың әмірімен мәжіліс оның өлімінен кейінге қалдырылды. Екінші мәжілісте де бес адам бас қосты. Бас қосудың алғашқысында орын алған бірнеше тартыстан соң Абдуррахман бин Ауф мәжілісте отырғандар бірінің халифалыққа үміткерліктен бас тартып, осы мәжілісте ең көп қолдауға ие болғанды халифа сайлауға төрелік жасауға шақырды. Қалған төрт үміткер бұдан бас тартқандықтан, Абдуррахман өзін халифа сайлаудан еркімен бас тартып, өзін төрелік жасауға ұсынды. Осман, Зубейр бин Аууам және Тальхаға өкілдік жасаған Саад бин Әбу Уаққас оның төрелігін мойындайтынын алға тартты. Бірақ Али Абдуррахманның туысына бұрмай, тек мұсылмандардың игілігі үшін әділ болатыны жөнінде уәдесін алып барып қабылдайтынын мәлімдеді. Осы шартты қабылдағанын білдіргеннен соң Абдуррахман бин Ауф сайланатын халифаға бағынатындығы туралы кеңес мүшелерінің антын алды. Одан соң жұмыстарын жалғастырды. Кеңес мүшелерінің әрқайсысымен жеке жеке кездесті. Олардың халифалыққа үміткерлігі қаншалықты екендігі сұралды. Халифа ретінде сайланбай қалса қайсысын халифалыққа лайықты деп білетіндігін анықтауға тырысылды. Ол шура мүшелерімен кездесумен ғана шектелмей, мәжіліс тәртібі бойынша Әбу Тальха әл-Ансаридің басшылығымен бір топ әскер тарапынан күзетілген әлгі мәжіліс үйінен сыртқа шығып, Мединедегі ансар, мухажир басшыларымен де кеңесті. Сонымен қатар қажылықтан қайтып Мединеге келген уалилермен, қолбасылармен, тайпа көсемдерімен т.б.-лармен кездесіп, олардың осы кеңес мүшелері ішінде қайсысының халифалыққа лайықты деп білетіндігін анықтауға талпыныс жасалды. Ол мәжіліске қайтып келіп, шура мүшелерімен қайта-қайта кездесті және үш күн бойы жұмысын өте мұқияттылықпен атқарды. Төртінші күннің таң намазынан соң шешімін жариялау мақсатында Масжид Набауидің лық толған жамағатының алдына шығып, алдымен Алиді, одан соң Османды шақырып, екеуінен де халифа сайлана қалса, Алланың кітабына және Пайғамбардың сүннетіне бой ұсыну және бастапқы екі халифаның саясатын ұстану» жайлы сөз берулерін талап етті. Али «күш-қуатым мен білімім жеткенінше оны ұстанамын», - деп шартты және тартыншақтап жауап берді. Ал Осман оның қойған сұрағына тартыншақтамастан, ешқандай шартсыз түрде «ия» деп жауап берді. Осыған байланысты Абдуррахман бин Ауф Османды халифа деп сайлайтынын жариялап, оған биат жасады. Оның артынан Али мен мешіттегілер кезегімен Османға биат жасады.

Осы соңғы шешім жарияланғанға дейін Османның жақындары мен Алидің жақындары арасында тартыс орын алғанымен, халифа сайлау анықталғаннан соң ешөқандай тартыс және алауыздық орын алмады. Дереккөздерде Абдуррахман бин Ауфтың ұйымдастырған кездесулері кезінде көпшілігі Османды қолдағандығы туралы мәліметтер бар. Осы мәліметтер соңғы шешіміне дейін Абдуррахманның Алиді таңдау ниетінде болғандығы, бірақ, Алидің шартты түрде жауап беруіне байланысты таңдауын өзгерткенін баяндайды.

Халифа Осман заманындағы жорықтар. 644 жылы халифа ретінде сайланған Османның халифалығы он екі жылға созылды. Оның бастапқы алты жылы елде тыныштық орнады. Жорықтар заманының алғашқы жылдарында жетелдей түсті. Ал екінші алты жылынан бастап, пайда болған ішкі алауыздықтарға байланысты жорықтардың шапшаңдығы баялай бастады. Осыған қарамастан халифалығының соңғы екі жылында да біршама жеңістерге қол жеткізілді.

Иранға, Азербайжанға және Хорасанға жорықтар. Османның халифалығы заманында мұсылман араб әскерлері Иранның ішкі аймақтарына одан ары жорықтарын жалғастырды. Исфахан, Хамадан және Кирман алынып, Иранды жаулау толықтай дерлік аяқталды. Иранға жорықтар Бахрейн арқылы теңіз жолымен де жүргізілді. Осы жорықта Истахр мен сол аймақтағы өзге де қалалар бағындырылды және Балужистанның теңіз жағалауындағы аймақтар алынды. Мервке шегінуге мәжбүр болған сасанидтердің соңы билеушісі ІІІ Иездижерд 651 жылы өз адамдары тарапынан өлтірілді. Осы кезде Иран толықтай халифаттың құрамына қарап үлгірген болатын. Хорасанға халифаттың ықпалы мен үстін үстіне жасалған жорықтар Осман халифаның заманында басталған болатын. 651 жылдың басында Ахнаф бин Қайс Кирман арқылы Хорасанға басып кірді де Тохаристанға дейін созылып жатқан жерлерді бағындырды. Осы аймақтағы жорықтарды ұйымдастырып отырған Басра уалиі Абдуллаһ бин Амир де Нишапурды басып алды және аталған қалаға Хорасан аймағының алғашқы мешітін тұрғызды. Абдуллаһ бин Амир мен Ахнаф бин Қайстың толеранттық ұстанымдары сасани губернаторлары мен аймақ әкімдерінің халифат билігін мойындауына жол ашты. Абдуллаһ пен Ахнаф бүгінгі Ауғастан территориясына енетін Балх, Герат, Бушанж және Тус сияқты үлкен қалаларды бағындырды. Келесі жақта Армения, Грузия, Дағстан (Дагистан), Азербайжан, Арран аймағы және Тбилиси жаулап алынды. Халифа Осман Азербайжанның алуан түрлі аймақтарына араб әскерлерін орналастырды және аймақтарға ислам дінінің таралуына көп жағдай жасаолды.

Солтүстік Африка және Нубия аймағына жорықтар. Османның дәуірінде Солтүстік Африкаға жорықтар одан ары жалғасты. Византиялықтар 645 жылы осы аймақтың уалиі Амр бин әл-Ас Мединеге кеткен кезде Александрия қаласын жаулап алған болатын. Амр өзіне қарасты әскермен Александрияны қоршауға алып, соңында ондағй византиялықтарды қаладан қуып шықты (645 ж.). Амр уалиліктен алынып тасталғаннан соң, оның орнына тағайындалған Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сарх халифа Османнан рұқсат алып, жіберген қосымша әскермен 647 жылы Ифриқия аймағына жорыққа аттанды. Траблусғарбтан Ифриқияға (Тунис аймағы) дейін сапар шегіп, осы аймақтың басты орталықтарының бірі – Субайтила маңайында болған шайқаста 20 000 сарбаздың әскермен Византиядан тәуелсіздігін жариялаған Грегориустың 120 000 адамдық әскерін жеңіп шықты. Аббдуллаһ деп аталатын жеті сахабаның қатысуымен болған осы шайқас «Ғазуату-л-Абадила» (Абдуллаһтар шайқасы) деп аталды. Осы шайқастан соң Ифриқияның жергілікті басшылары Абдуллаһ бин Саадқа келіп, жерлерін өздеріне беру шартымен жизия салығын төлеуге келісті. Осылай аймақ халифат территориясына қарады. Бірақ, ифриқиялықтардың берген уәделерін бұзуына байланысты 653 немесе 654-655 жылы екінші мәрте осы аймақты жаулауға шыққан Абдуллаһ бин Саад оларды қайта тізе бүктірді.

Халифа Омардың заманында Мысыр уалиі Амр бин әл-Ас тарапынан Нубияға аттандырылған Уқба бин Амир біршама шайқастарды өткерсе де аталған аймақты бағындыра алмаған болатын. Абдуллаһ бин Саад Ифриқияда жеткен Субайтила жеңісінен соң жорықтарын Ніл өзенімен жоғарылай отырып, оңтүстікке, Нубияға қарай жалғастырды. Ол бүгінгі Судан жеріндегі Донголаға дейін ілгеріледі. Ондағы билік жүргізген христиан дініндегі Макарра корольдігімен келісім жасалып, аталған мемлекет халифатқа вассал ретінде қабылданды (652 ж.).

Кипр жорығы. Халифа Осман заманында Сирия мен Мысыр уалилері теңіз жағалауларындағы Византиядан қалған теңіз қоймаларын пайдалануға көшті. Теңіз арсеналдарында жұмыс істейтін ұсталарды пайдалана отырып, мұсылман арабтар теңіз флотын құрды. Қуаттана түскен осы теңіз флоттары арқылы мұсылман арабтар халифа Османның замамында бірнеше жеңістерге қол жеткізді. Дамаск уалиі Муауия бин Әбу Суфиян Кипрды жаулау үшін халифа Омардан рұқсат сұраған болатын. Бірақ теңіз жағдайы жайлы Мысыр уалиі Амр бин әл-Астан мәлімет алдырған халифа мұсылман әскерлер өміріне қауіп төндірмеу үшін теңізге жорық жасауға рұқсат бермеген еді. Халифа Осман заманында бүкіл Сирия уалиі қызметін атқарған Муауия үшінші халифаның рұқсатын алды. Халфа Осман екіріктілерден құралған әскермен ғана шығуға болады деген шартпен Кипрға жорық жасауға рұқсат етті. Муаия Мысыр уалиі Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сархты да жорыққа қосылуға шақырып, үлкен мұсылмана араб теңіз флотын құрды. Мұсылман араб теңіз әскері 649 жылдың көктемінде 1700 кемемен Аккадан теңізге шықты. Кипр аралы қоршауға алынып, 7200 алтын салық беру және мұсылмандарға шабуыл жасамау шартымен бейбіт жолмен келісім жасалды. Кипр басшыларының салықтан жалтаруына байланысты 654 жылы 500 кемелік мұсылман араб теңіз әскері екінші мәрте Кипрға аттанды және соғыс арқылы арал алынды және 12 000 әскер орналастырылды.

Зату-с-Сауари шайқасы. 650 жылы Сирия жағалауына жақын Аруад аралы алынды. 652 жылы Сицилия мен Родос аралдарына әскери кемелер аттандырылды. Осы жылы Александрияны жаулап алуға талпынған Византия әскери кемелері кері қайтарылды. Осы жылдары 200 кемелік мұсылман араб теңіз флоты Александрия (кейбір мәліметтерде Финика) ашық теңізінде ІІ Констанс қолбасшылығындағы 500 кемелік Византия теңіз флотымен шайқасып жеңіске жетті. Осы шайқаста кеме желкендері көп болуына байланысты «Зату-с-сауари» деп аталған осы жеңіспен Византияның Оңтүстік Жерорта теңізіндегі билігіне нүкте қойылды. Хулафа Рашидин дәуірінің ең үлкен шайқасы болып табылатын бұл шайқас 652 жылы немесе 655 жылы болды деген әртүрлі мәліметтер бар.

Құран Кәрімді көшіріп көбейту. Құран Кәрім халифа Әбу Бәкір заманында түпнұсқа (мусхаф) ретінде жинақталған және аталған мусхаф барлығына түбіртек ретінде сақталған. Сонымен қатар сахабалар да өз нұсқалары мен жаттағанына қарай оқитын. Халифа Омар мен халифа Осман дәуірлерінде жасалған жорықтар арқылы халифат территориясы кеңейді. Жаулап алынған аймақтардағы мұсылмандар Құранда өз аймақтарында аты шыққан сахабаның нұсқасымен, қырағатымен оқитын. Тіпті, алуан түрлі уилаяттардағы әскерлер бір жерде бас қосқан кезде оларлың арасында қырағат айырмашылықтарына байланысты тартыстар орын ала бастады. Азербайжан мен Арменияны жаулауға қатысқан әскердің қолбасшысы Хузайфа бин Яман сириялық және ирактық әскерлер арасындағы қырағат қайшылығына және олардың бірін бірі теріске шығарғанына куә болып қатты мазасызданды. Дереу, Мединеге, Османның қасына барып, осы проблеманы тез арада шешу қажеттігін ескертті. Халифа Осман халифа Омардың өлімінен соң оның қызы және мүміндердің анасы хазіреті Хафсаға берілген Әбу Бәкір нұсқасын көбейтіп белгілі орталықтарға жіберуге шешім шығарды. Көшіру және көбейту жұмысына Зейд бин Сабит басшылығындағы Абдуллаһ бин Зубейр, Саид бин Ас және Абдуррахман бин Харис бин Хишамнан құралған комиссия мүшелерін жасақтады. Қырағат айырмашылықтарына байланысты туындаған тартыстарға нүкте қоюда сөздерді жазуда қайшылық туындай қалса, Құрайш диалектісін негізге алуын бұйырды. Құрылған комиссия жұмыстарын аяқтағаннан соң түпнұсқаны Хафсаға қайта тапсырды. 646-651 жылдары аралығында жасалған осы жұмыстың соңында көшіріліп көбейтілген жеті (немесе төрт, бес, сегіз) Құран нұсқасының бірі единеде қалдырылды. Ал қалған нұсқалар осы нұсқаны үйрету міндеттелген қарымен бірге Меккеге, Куфаға, Басраға, Шамға, Иеменге және Бахрейнге жіберілді. Құран нұсқалары уилаяттарда қолдауға ие болды. Осы күннен бастап, Құранды үйрету осы нұсқалар бойынша жүзеге асырылды.

Халифа Осман аталған қырағат қайшылығын одан ары жалғасуына тиым салу үшін осы көшіріліп көбейтілген нұсқалардан басқа жазылған Құран парақтары мен нұсқаларының өртелуіне бұйырық берді. Халифа Османның бұл шешімі көпшілік тарапынан қолдауға ие болды. Османның осы ісін қолдағандардың басында хазіреті Али келеді. Құранды реттеу жұмысының комиссиясы басшылығына Зейд бин Сабитті қоюға қарсы шыққан Абдуллаһ бин Масуд пен шәкірттері бастапқыда қарсылық білдіргенмен, кейіннен Османның шешіміне келісімдерін берді.

ІШКІ АЛАУЫЗДЫҚТАР ЖӘНЕ БАС КӨТЕРУЛЕР

Ішкі алауыздықтар жайлы мәліметтер

Осман халифалығының алғашқы алты жылында жоғарыда баяндалғаны тәрізді жорықтар одан ары жалғасрылды және түскен олжалардың артуы нәтижесінде материялдық молшылық одан ары көбейе түсті. Молшылыққа кенелумен қатар халықтың жеу, ішу және киіну әдеттерінде маңызды өзгерістер туындады. Жорықтан түскен табыстардың молаюымен рахат өмір басталған жылдарда халықтың көпшілігі халифа Османның жүргізген саясатына риза болатын. Тіпті Османның осы жылдары халық тарапынан Омардан да артық қолдауға ие болғандығы баяндалады. Ел іші тыныш өткен осы кезеңде билік басындағыларға шағым түсіргендер болғанымен ол үлкен дау-дамайға айналмастан проблема дер кезінде шешілді. Мұсылмандардың күн тәртібіндегі бірінші мәселе жорықтар болатын. Халық арасында тыныштық сақталды.

Алайда, 650 жылдан бастап алауыздық дәуірінде мұсылмандар арасында қайшылықтар дүниеге келе бастады. Халифа Осман, әсіресе, уалилерінің кейбір істері шағымға арқау болып, сынға алынды. Билік басындағыларға қарсы шағымдар артып, соңы мұсылман ғұламалары алғашқы арандатушылық (фитна) деп есептеген және оның әсері бүгінгі күнге дейін жалғасқан қанды оқиғаға ұласты. Мұсылмандардың бөлшектенуіне жол ашқан аталған алауыздық ислам тарихындағы ең қайғылы мәселе болуы жағынан ерекшеленеді. өйткені, халифа Османды нысанаға алған және ел іші шайқастарға жол ашқан аталған қайшылық исламда пайда болған әртүрлі ағымтар тарапынан алуан түрлі түсініктемелер жасалды. Осы таұырыпты баяндайтын алғашқы мәліметтер көп жағынан бір-біріне қайшы келетін тұстары да жоқ емес. Осы мәліметтердің көпшілігі болған оқиғаны жеткізушілердің идеялық ұстанымдарына, саяси бағытына, тайпалық және дүниелік түсініктеріне байланысты қалыптасқан. Осыған орай істің анық-қанығы мен ақиқатын білу мүмкін емес. Осы тақырыптағы мәліметтердің үш негізгі дереккөзінің бірі болып табылатын Әбу Михнафтың шектен асқан шии екендігі белгілі. Оның берген мәліметте Осман ашық түрде айныпталып, Тальха басбұзарлар арасында орын алады. Ал Али кейбір істерде Османды айыптағанмен оған көмек қолын созған. Екінші негізгі дереккөз – Уақидидің мәліметінде Осман шектен аса қараланып, оған ауыр айыптар тағылған. Осы екі дереккөзден басқа үшіншісі – Сайф Омарға негізделген мәліметтердің ортақ ерекшелігі алауыздықта Осман мен басқа да сахабаларды кінәсіз деп табуы болып табылады. Бүгінгі күнгі атақты тарихшы Юсуф әл-Уш осы үш негізгі дереккөзде жеткізілген мәліметтерді ең сенімді жеткізушілер арқылы салыстыра, зерттей келе бір нәтиже шығарған. Оның қуаттауына қарағанда осы дереккөздердің ішінде Сайф бин Омардың жеткізген мәліметі шындыққа жанасады. Сайф бин Омардың жеткізген мәліметіне қарағанда осы алауыздықты өрбіткен құпия бір арандатушылық әрекетінің рөлі бар. Бұл құпия арандатушылық әрекетінің бастауы Абдуллаһ бин Сабаға барып тіреледі. Али, Тальха, Зубейр және Айша сияқты алдыңғы қатарлы сахабалар кейбір істеріне байланысты Османды сынға алғанымен басбұзарларға қаорсы халифаның жанынан табылған және халифаға деген адалдықтарын соңына дейін сақтаған. Халифа Осман үйін қоршауға алған кезде олар Османды қорғау үшін ұлдарын халифаның үйіне жіберген. Бірақ, басбұзарлар атақты сахабалардың атынан хаттар жазып, оларды өз қатарларындағы адам ретінде көрсетуге тырысты. Осылай істің анық-қанығын білмеген көптеген адамдарды сендіруге тырысқан.

Алауыздықтың шығу себептері. Осман халифалығының алғашқы жылдарынан бастап, халифа Осман мен уалилерінің кейбір істері арыз-шағымдардың шығуына себеп болды. Бұл шағымдар халифалығының екінші жарьтысында үдей түсті де әсіресе, Омар заманында құрылған және Османның халифалығы соңғы жылдарында баюдан соң орын алған экономикалық тоқыраудан қатты әсерленген әскери бекініс қалалары Куфада, Басрада және Фустатта осы шағым иелері тіл табысатын лайықты орта табылды. Соңғы үш жылда бірге әрекет ете бастаған қарсыластар халифа Осман мен уалилерінің кейбір әрекеттерін теріс жағынан әшкере етуге көшті.

Билік басындағыларға қарсы сындар мен қаралау әрекеттері күннен күнге арта келе басты сахаба сөздерімен ұштастыруға тырысылды. Кейін келе билік басындағыларды қаралау арнайы үгіт-насихатқа айналдырылды да оларға қарсы халықтың тізе қосуына шақыру талпынысы жасалды. Тарих мәліметтеріндегі ел іші қайшылықтарына жол ашатын баскөтеруге себепкер халифа Османға қарсы бағытталған айыптауларды былай тізбектеуге болады: уалилік және басқа да басты мемлекеттік қызметтерге Османның туыстарын қоюы, оларға және басқа да туыстарына мемлекет қазынасынан көп мөлшерде сый-сияпат тарту етуі, осыған байланысты ашық қарсы шығып, сынға алған Әбу Зарр әл-Ғыфари, Абдуллаһ бин Масуд және Аммар бин Ясир сияқты алдыңғы қатарлы сахабалар әртүрлі жолдармен жазаға тартылуы, кейбір сахабалардың жалақыларын кесуі немесе азайтуы, мухажирлер арасындағы Құрайш басшыларының Мединеден көшіп, жаулап алынған аймақтардағы қалаларға орналастыруына және олардың Мединедегі жерлерін барып қоныстанған жерлерімен ауыстыруына рұқсат беруі және ол жақта олардың көп мөлшерде мал-мүлікке ие болуына көз жұмуы, кейбір сахабаларға жаулап алынған қалалардан жер беруі, ардақты Пайғамбар тарапынан Тайфқа жер аударылған немере ағасы Хакам бин Әбу-л-Астың Мединеге қайта оралуына рұқсат беріп, оның ұлы Маруанды мемлекет хатшысы қызметіне қоюы, Құрайш атынан тайпалыққа бөлген кейбір уалилерге ешнәрсе демеуі, уалилердің қате шешімдеріне көз жұмуы және олардың алуы тиіс жазаларды бермеуі, Медине маңайындағы кейбір жерлерді байтулмал түйелерінің жайылымы қорығына айналдыруы, ардақты Пайғамбар, Әбу Бәкір және Омар қажылық мезгілінде намаздарды жолаушы намазымен оқыса, ол халифалықтың алтыншы жылынан бастап, Меккеде намаздарды тұрғылықты адам сияқты оқуы сияқты кейбір фықхтық тақырыптар, Әбу Бәкір заманында мусхафқа түсірілген Құран Кәрім нұсқасын көшіріп көбейткеннен соң, бастапқы нұсқа мен кейбір сахабалардың қолындағы жекелеген нұсқаларды толықтай жоюы, Пайғамбар мешітін кеңейткен кезде бұрын қолданылмаған кейбір құрылыс материалдарын қолдануы, ардақты Пайғамбардан келе жатқан халифалық мөрді Арис құдығына түсіріп алуы.

Осы айыптауларға кеңірек тоқталып өтсек: халифа Османға бағытталған айыптаулардың басында басты мемлекеттік қызметтерге туыстарын қоюы келеді. Халифа Осман немере ағасының ұлы Маруан бин Хакамды мемлекет хатшысы етіп тағайындайды, ал Муауияны Сирияның негізгі уалиі етеді де Хумус, Кинасарин және Палестина уилаяттарын оның қол астына қаратады. Байтулмалдың сенімді қызметкері Абдуллаһ бин Масудпен араларында болған оқиғаға байланысты оны қызметтен босатқан, Куфа уалиі Саад бин Әбу Уаққастың орнына алдымен аналас бауыры Уалид бин Уқба бин Әбу Муайт, оның артынша туыстарының бірі Саид бин Асты қойған. Мысыр уалилігіне Амр бин әл-Астың орнына сүт бауыры Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сархты, Басра уалилігіне Әбу Муса әл-Ашаридің орнына нағашысының ұлы Абдуллаһ бин Амирді тағайындаған. Осы тағайындаулардың нәтижесінде мемлекеттің барлық билік тетіктері омайяд әулетінің қолына өтті. Халифа Османның мемлекет басқармасындағы бірлікті және түсініспестікті оңайлату мақсатындағы бұл ниеті Али мен басқа да басты сахабалар тарапынан сынға алынды. Ал Осман аталған уалилер мен қолбасылардың кейбірі бұрыннан-ақ сол қызметті атқарып келгендігін, ал кейіннен тағайындалғандардың осы қызметке лайықты екендігін айтып ақталды. Али әсіресе кейбір қателіктеріне орай, аталған уалилерге тек ауызша түрде ескерту жасаумен шектелуіне қарсы шықты және халифа Омар сияқты іс жүзінде жазаға тарту қажеттігін алға тартты.

Халифаның уалилермен қатаң қатынас жасамауы арыз-шағымдарды одан ары үдете түсті. Бұл тайпашылдық әрекетін қайта қоздырды. Құрайш тармақтары ішінде Османның руы санататын Бани Умаййа (омайя) мен Алидің руы Бани Хашим арасында бәсекелестік күн тәртібіне айналды. Бұдан да күрделісі Османның бұл шешімі Құрайштан басқа тайпа лидерлері тарапынан Құрайштың үстемдігі ретінде сезілді. Аталға тайпалар Османның тайпасы болып табылатын Құрайшқа қарсы тайпашылдық отын тұтатуға тырысты. Билік басындағыларға қарсы басты қарсылық Бакир, Рабия, Азд, Кинда, Тамим, Қудаа сияқты жорықтарда көп күш берген қуатты тайпа өкілдері бірге өмір сүретін Куфада пайда болды.

Халифа Омар мухажирлер арасынан Құрайш басшыларының Мединеден тысқары қалаларға қоныстануына тиым салған болатын. Тек қана арнайы рұқсатпен және уақытша ғана басқа жаққа баруларына рұқсат етілетін. Ол мұның себебін олардың мал-мүлікке құнығып кету қапуімен байланыстыратын. Сонымен қатар, олардың басқа қалаларға таралуына байланысты араларында келіспеушілік шығып кетуінен және олардың маңайына топтасқан тобырлар арасында келіспеушілік туындап қалуынан қауіптенді. Тарихшылар Омардың қорыққан қаупіне Османның душар болғанын алға тартады. Ал Осман Омардың осындай тиымына рұқсат беріп, Құрайш басшылары басқа аймақтарға қоныстануына мүмкіндік берді. Осыған байланысты олар өзге аймақтарға барып, мол мал-мүлікке қол жеткізді. Олар қоныстанған уилаяттардағы халық ардақты Пайғамбардың ең жақын серіктері болғандықтан аталған сахабалардың маңайына топтасты. Мысыр, Куфа және Басра халқы өз қалаларын таңдаған немесе өздерімен жақын қатынас орнатқан бір үлкен сахабаны лидер және халифа Османның соңғы жылдарында оның орнына отыруы тиіс халифа үміткері ретінде санай бастады. Халық кезкелген мәселелерде және мал-мүлік жинауда оларды өздеріне үлгі қылды. Бұл қалалар арасындағы бәсекелестікке жол ашты және бәсекелестік барған сайын күшейе түсті. Атақты ислам тарихшысы Табари мұны мұсылман үмметінің ең үлкен кемшілігі және бүкіл мұсылмандарға әсер еткен алауыздық себебі ретінде санайды.

Кебір алдыңғы қатарлы сахабаларға деген Османның ұстанымы сынға алынды. Осы сахабалардың басында алғаш исламды қабылдағандардың бірі Әбу Зарра әл-Ғыфари, Абдуллаһ бин Масуд және Аммар бин Ясир келеді. Оның заманында Сирияға сапар шеккен Әбу Зар әл-Ғыфари Муауия бин Әбу Суфиянның ысырапшылдығын және мұсылмандардың игілігіне қажет дүниелерді Алла жолына жұмсамай, қысып ұстауын қатты сынға ала бастады. Оның сөздері кедей халық арасында қолдауға ие болды да байларға деген наразылықтың тууына жол ашты. Осыған байланысты Муауия оны ойынан бас тартуға тырысқанымен еш нәтиже шығара алмады. Ол халықтың Әбу Заррмен кездесуіне кедергі болып, жағдайды Османға жеткізді. Осыған байланысты Әбу Зарр Осман тарапынан Мединеге шақырылды (650-651 ж.). халифаның дүниелік билеушіге айналғанына мазасызданған Әбу Зарр әл-Ғыфари сыни ойларын Мединеде де жалғастырды. Қатысқан мәжілістерінде мал-мүлікке деген құнығуына және қажетінен артық дүниеге деген сараңдығына байланысты мұсылмандардың жақын арада бір бәлеге ұшырайтынын алға тартты. Халифа Османмен және кейбір сахабалармен Әбу Зарр арасында тартыстар болды. Осындай жұмыстарынан еш нәтиже шығара алмаған Әбу Зарр әл-Ғыфари Мединеден кету үшін рұқсат сұрады және ол өз қалауымен Осман тарапынан Рабазаға жіберілді. Бірақ, кейбір мәліметтерде оны күштеп жер аударылғандығы баяндалады.

Халифаның Құранды көшіріп көбейткеннен соң кебір адамдардың қолындағы мусхафтарды, әсіресе, өзіндегі мусхафты жақтыруына байланысты Абдуллаһ бин Масуд халифаға қарсы шыққан болатын. Оның Пайғамбар мешітінде өзін сынға алған Османға жауап беруге тұрған кезде мешіттен шығарылғандығы, осыған орай, онымен қатаң қатынас орнатқандығы туралы мәліметтер орын алады. Омайяд әулетін мемлекет басына отырғызуы және Әбу Зарр әл-Ғыфариге жасаған қатынасы Аммар бин Ясирді халифаға қарсы қойды. Бірақ, Османның Аммарды өзіне қарсылық көрсеткен кейбір әрекеттерді зерттеу үшін Мысырға комиссия ретінде жіберуі екеуі арасындағы қайшылықтың болмағандығын көрсетеді. Дереккөздерде Осман жайлы Аммардың ауыр сөздер айтқандығы және оның ауыр дүреге тартылғандығы туралы мәліметтер бар. Алайда бұлардың көпшілігі негізсіз екендігі және басбұзарлар тарапынан әдейі ойдан шығарылғандығы анық.

Хакам бин Әбу-л-Ас кейбір келеңсіз істеріне байланысты ардақты Пайғамбар тарапынан Таифқа жер аударылған болатын. Халифа Әбу Бәкірге барған Осман ардақты Пайғамбар тірі кезде одан немере ағасының кері қайтару рұқсатын алғандығын айтты және ағасының Мединеге қайта орлауына рұқсат сұрады. Бірақ, Әбу Бәкір оның айтқанына сенгенімен Пайғамбардың жер аударған адамын кері қайтармайтынын айтты. Одан кейін Омар да оған өз рұқсатын бермеді. Ал Осман өзі халифа болысымен немере ағасын Таифтан Мединеге шақырып, 100 000 дирхам берді. Ал ұлы Маруанды хатшылық қызметке тағайындады. Оның бұл ісін сахабалар жақсы қарсы алмаған болатын. Осыған байланысты көптеген адамдар халифаны сынға алды. Маруанның кебәр сахабалармен келісе алмауы және халифа атынан шешімдер шығарып, кейбір қателіктерге ұрынуы наразылықты одан ары арттырды. Демек Османның немере ағасы мен оның ұлына жасаған қамқорлығы соңында өзіне таяқ болып тиді.

Османның туыстарына жақсылық жасауы оған деген наразылықтың үдеуіне жол ашты. Халық арасында халифаның Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сархқа, Маруан бин Хакамға және күйеу балаларына байтулмалдан тартулар бергендігі жайлы мәліметтер таралғандығы байқалады. Бірақ бұл мәліметтердің негізсіз екендігі, халифаның оларға өз дүниесінен бергендігі, бірақ халық арасында мемлекет қазынасынан берілді деп өтірік жала тарағандығы белгілі. Себебі, Осман басбұзарлармен кездесу кезінде әлгі тартуларды өз мүлкінен бергендігін айтқан. Бірақ, бұл жала халифаға қарсы айыптауға себепкер болғ,аны анық.

Уалиліктерде көрініс тапқан қырағат айырмашылықтарына нүкте қою мақсатымен Құранды көшіріп көбейтуі кезінде басқа Құран нұсқаларын жоюға Османның талпынысы оның бетіне күйе жағылуына себеп болды. Оның бұл ісі жалпы алғанда қолдауға және дәріптеуге ие болғанымен, оны сынға алғандар да кездесіп жатты. Кейіннен қырағаттарын өзгерткенімен Абдуллаһ бин Масудтан қырағатты үйренген куфалықтар бұған қарсы шыққан. Куфада билікке наразы болғандар осыны шебер пайдаланды.

Халифа Осман 650 жылы ардақты Пайғамбардан келе жатқан және бетіне «Мухаммад Расулуллаһ» деп жазылған халифалық мөрді Асир құдығына түсіріп алған болатын. Жүзікті табу үшін құдықтың суы толықтай шығарылды. Құдықтан алынған батпақтар үш күн бойы тексерілді. Бірақ, жүзік табылмады. Халифа Осман бұған қатты қапаланған да болатын. Османның жүзікті жоғалтуы оның қаралануына сыртау болды. Келесі жағынан бұл жаман күндердің бастауына белгі ретінде де саналды.

Уилаяттардағы жағдай.

Халифа Осман мен уалилеріне қарсы алғашқы наразылық тайпалық сипатпен Куфада пайда болды. Уалилердің кейбір сөздері мен әрекеттері наразылық тудыраушы тайпа көсемдерінің ісін оңайлатты. Уали Уалид бин Уқба 650-651 жылында бір қылмысты істеген адамға қысас жазасын кескен болатын. Осыдан қысас жазасына тартылған қылмыскерлердің туыстары уалидің соңына түседі. Уалиді ішімдік ішті деп кінәлап, (кейбір мәліметтерде ішімдік ішкенін көрген) олар куәгерлермен халифаға жүгінген және әлгі уалиді қызметінен алып жазалануын талап еткен. Оның орнына қызметке тағайындалған Саид бин Ас бір мәжіліс сұхбатында «Sevad-ı Ирак Құрайштың бақшасы», - деп, тайпа көсемдерін ашуландырады. Сол мәжілістегі билік басындағыларға наразы адамдардың бірі – Аштар ан-Нахаи «Алланың бізге қылыштарымызбен тарту еткен бұл жер қалайша Құрайштың егістігі болады екен?» деп қарсы шығады. Уалиге жақтасқан бір жас жігіт соққыға жығылады да екі жақ арасында тартыс орын алады. Уалидің мәжілісінде пайда болған бұл тартыс қарсылас тайпа басшыларын әрекетке көшірді. Олар қатысқан жиындарда уалиді сынға алып, халықты билік басындағыларға қарсы көтеріс жасауға шақырды. Алауыздық одан ары үдегенде халифа Османнан уали қарсыластар басшыларын жазалады өтінді. Халифа Османның бұйрығымен Аштар ан-Нахаи мен басқа да он екі адам халықты көтеріліске шақырғандықтан жер аударылды және оларды тәртіпке түсіру үшін Сирия уалиі Муауия бин Әбу Суфиянның жанына, Дамаскке 653-654 жылы жіберілді. Бірақ Муауия да оларды алған беттерінен қайтара алмады. Тайпалық алауыздықты қоздыра беруіне байланысты олар одан ары Хумусқа жер аударылды. Сол жақта олар өз аймақтарына қайту үшін жаңа жоспар құрды. Олар істегендеріне өкінетінін, енді қайтып ондай ойда болайтынын халифаға мәлімдеді және Куфаға қайтуға рұқсат сұрады. Бірақ, олар Куфаға келгеннен соң берген уәделерінде тұрмады. Керісінше халифа мен уалилерге қарсы әрекеттін одан ары үдете түсті. Тегі еврей болып келетін Абдуллаһ бин Сабаның біршама уақыт Куфада болуы да бұған әсер етті. Османның тайпасы болып табылатын Құрайш билігіне қарсы тайпалық намысты қоздырған бұл әрекет Ирактың екінші үлкен орталығы – Басрада да тұтанды. Османға деген наразылық мұнда да қуаттана түсті. Басра, Куфа және Мысыр басбұзарлардың негізгі ошақтарына айналды.

Мысырда халифа Осман мен Мысыр уалиі Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сарх қатты сынға алынатын. Осы жақтағы наразылық әрекеттің лидерлігін Мухаммад бин Әбу Бәкір мен Мухаммад бин Әбу Хузайфа қолдарына алған. Мухаммад бин Әбу Бәкір әкесінің өлімінен соң анасы Алиге тұрмысқа шыққанына байланысты үнемі Алиді жақтайтын. Османның қамқорлығында өскен Мухаммад бин Әбу Хузайфа уалилік қызметті бермегеніне байланысты халифаға ренжіп Мысырға кеткен. Абдуллаһ бин Сабаның Мысарға баруымен Османға қарсы әрекеттің негізгі орталығы Мысыр болды. Османның заманында Хижазда пайда болған және барлық мұсылмандарға ықпалын тигізетін «әл-Амр би-л-маруф уа-н-нахи ани-л-мункар» ұранымен құпия әрі қауыпты үндеу тастай бастаған ибн СабаКуфадан, Басрадан, Сириядан қуылғаннан соң Мысырды паналады. Абдуллаһ бин Сабаның келуінен бастап, Куфадағы, Басрадағы және Мысырдағы билікке қарсы топтардың оның ұйымдастыруымен әрекет еткендігі белгілі. Оның үйретуімен аталған қаладағы басбұзарлар халифа Османды және уалилерін қаралайтын хаттар жазып, бір-бірімен хабарласа бастады. Хаттарда олар Осман мен уалилері діни қағидаларға немқұрайды қарап, зұлымдыққа бет бұрған деп айыптапп, халықты билік басындағыларға қарсы көтеріліске шақырды. Әсіресе халық көп жиналатын жерлерде оқу қадағаланған аталған хаттар астанаға да жіберіліп тұрды.

Уалилермен жасалған жиналыс. Мысырда (Фустат), Куфада және Басрада Османға қарсы әрекет күшейе түсті, көтеріліс дайындығына кіріскен топтардың талпыныстары мен толқулары күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Халифа Осман осы жағдайға байланысты уилаяттардағы жағдайды қадағалау үшін комиссиялар жіберді. Мысырға барған Аммар бин Ясирден басқа комиссиялар астанаға келіп жеткен хабарлардың көпшілігі негізсіз екендігін және уилаяттардағы жағдай қалыпты екендігін мәлімдеді. Ал Аммар сапардан кеш оралды.

Комиссиялардың берген мәліметіне қайшы түрде арыз-шағымдар мен өсек-аяңдар одан ары арта түсті. Осыған байланысты халифа Осман 655 жылы қажылық мезгілінде уалилермен Мединеде жиналыс ұйымдастырды. Жиналысқа Сирия уалиі Муауйия бин Әбу Суфиян, Куфа уалиі Саид бин Ас, Басра уалиі Абдуллаһ бин Амир және Мысыр уалиі Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сарх қатысты. Жиналыста басбұзарларды қалай бағындыруға болады деген мәселе көтерілді. Уалилер таралып жатқан хабарлардың бір тәртіппен болып жатқанына қатты алаңдады. Оларды соғысқа жіберу, басшыларын дарға асу, оларды уалилерге қалдыру, дүние-мүлікпен ауыздарын жабу сияқты идеяларда тасталды. Уалилердің кеңесін тыңдай отырып, Осман алауыздық жетекшілерін әскерге алуға, Куфадағы кейбір адамдардың жалақыларын кесуіне бұйрық берді. Болған осы мәселелерге Алланың бұйрығына сай шешім шығаратынын айтып, халифа уалилеріне адамдарды алауыздықтан сақтауға тырысуларын, олардың құқықтарын кемітпеуін және халықпен жақсы қатынас орнатуын бұйырды. Одан соң уалилерді өз аймақтарына жіберді. Арандатушылық әрекетінің қауіпті екендігін байқаған Муауия бин Әбу Суфиян алауыздық басылғанға дейін Османды Сирияға алып кетуді ойластырған болатын. Халифа оның ұсынысын қабылдамағандықтан, оны қорғауға Сириядан әскер жіберуді ойлады. Бірақ, халифа келетін әскердің Медине халқының мазасын алатынынан қауіптеніп, бұл ұсыныстан да бас тартты.

Көтеріліс және басбұзарлардың халифа Османды өлтіруі. Басбұзарлар алғашқы нақты әрекеттерін Осман ұйымдастырған жиналыстан соң уалилердің өз аймақтарына қайтуы кезінде Куфада жүзеге асырды. Куфадағы басбұзарлардың лидері Аштар ан-Нахаи мен жолдастары қаруланып, Куфаға қайтып келе жатқан уали Саид бин Астың жолын торыды. Олар уалидің Куфаға кіруіне кедергі жасады және Османнан Куфа уалилігіне Әбу Муса әл-Ашариді тағайындауды талап етті. Халифа мәселені ушықтырмау үшін олардың талаптарын қабылдап, Әбу Мусаны уалилікке тағайындады. Бірақ, қарсыластардың талаптарын орындау типінде болған бұл тағайындау Куфаның бақылаудан шығуына жол ашты. Бұл өзге орталықтардағы басбұзарларға да қуат берді. Бірлесіп, Абдуллаһ бин Сабаның ұйымдастыруымен басқарылатын Мысырдағы, Куфадағы және Басрадағы топтар Осман мен уалилерді ашықтан ашық қаралай бастады. Олар кейбір кіші-гірім қателерді ұлғайтып, тіпті жала жабудан да тайынбады. сондай-ақ Али, Зубаейр, Талха және Айша сияқты басты сахабалардың атынан хаттар жазып, оларды осы іске қатысы бар адамдар ретінде көрсетуге тырысты. Барлық қалаларға жіберілген және халықты жихадқа Мединеге шақыратын аталған хаттар тұтанғалы отырған алауыздық отын одан ары лаулатты. Бұл хаттар Мединеде де әсер ете бастады. Османға жеке ренжулі адамдардың саны күрт көбейе түсті.

656 жылдың қаңтар-ақпанында уалилер мен билік басындағыларға шағымданған Мысырдан бір топ Мединеге келді. Осман ішінде Али де бар көптеген өкілмен олардың шағымдарын тыңдады. Олардың мындары мен айыптауларына жеке-жеке жауап берді. Мұнда арандатушылықтың негізсіз екендігі дәлелденді. Соғыстан түскен олжаларды бөлісуге қатысты кейбір талаптардың орындалатыны мәлімденіп, олардың кері қайтуын қамтамасыз етті. Шамамен екі айдан соң Мысырдан, Куфадан және Басрадан 600-бен 1000 арасындағы үш топ қажылық керуендерімен бірге Хижаз аймағына келді. Ойластырылған жоспар бойынша алдымен олар Мединеге беттеді және қала сыртындағы үш түрлі жерге қонды. Олар екі адамды өкіл ретінде Мединеге жіберді. Өкілдер халифамен кездесуге жіберілгендігін сылтауратқанмен, негізгі ниеттері Мединеде өздеріне қарсы тұратын әскерді анықтау болатын. Аталған екі адам Алимен, Тальхамен, Зубейрмен және ардақты Пайғамбардың әйелдерімен кездесті. Оларға Мысыр уалиі жайлы шағым түсірді және өздерін халифамен кездестіруді өтінді. Бірақ, аталған сахабалардың ешбірі олардың өтініштерін орындаудан бас тартты. Осыған орай, аталған екі өкіл жолдастарына қайта оралды. Алғашқы кездесуде еш нәтиже шығара алмағаннан соң мысырлықтар Алиге, басралықтар Тальхаға, куфалықтар Зубейрге адам жіберді, келген адамдар аталған сахабалардың халифа болуын ұсынды. Бірақ, аталған үш сахаба да бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.

Осы кезде басбұзарлардың ниетінен қауіптенген Али болып жатқан оқиғадан Османға білдірді және өз ұлы Хасанды халифаны қорғау үшін жіберді. Осы кездерде атақты сахабалар балаларын халифаны қорғауға жіберген болатын. Осылай Османды қорайтын бір топ адам оның үйінің алдында жиналды.

Османды халифалықтан алып тастауға бел шешкен, бірақ оның орнына отырғызатын адам турасында бір шешімге келе алмаған басбұзарлар Османнның үйі алдында жиналған мединеліктерді таратып жіберу және күшпен қалаға өз бақылауларын орнату үшін жоспар құрды. Осы жоспар бойынша қонған жерлерінен олар қайта үшке бөлініп, келген қалаларына қарай қайта жолға шықты. Кейбір мәліметке қарағанда олар алдымен Османмен кездесіп, Мысыр уалилігіне Мухаммад бин Әбу Бәкірді тағайындатқаннан соң жолға шыққандығы баяндалады. Басбұзарлар қонған жерлерінен кеткендігін естігеннен соң Осман үйін қорғауға жиналғандар үйлеріне тарасты.

Басбұзарлар өз елдеріне кеткенімен бір мезетте кенеттен қайта оралды. Такбир айтып Мединеге кіріп, Османның үйін қоршауға алды. Қайтар жолда олар Осман тарапынан Мысырдың бұрынғы уалиіне жазылған және жаңа уали Мухаммад бин Әбу Бәкір мен кейбір лидерлерді өлтіру арқылы жазалау қажеттігін бұйырған бір хатты қолға түсіргендігін айтты және қолдарындағы хатты көрсетті. Осман ондай хат жазбағандығын айтты және ондай хат туралы хабары жоқ екендігін мәлімдеді. Халифаның айтқан сөзіне құлақ аспаған басбұзарлар үйді қоршай және страктегиялық орындарға орналасты. Осы кезде бейтарап қалған және болған оқиғаға араласпаған мединеліктерге олар халифаға тиіспейміз деп сөз берісті. Алдын ала жоспар ішінде орын алған әлгі хаттың Османның хабарынсыз хатшысы Маруан тарапынан жазылып, халифалық мөр басылғандығын қуаттатйтын мәліметтер де орын алады. Осман үйін қоршауға алған басбұзарлар алдында уилаяттарға жасырын хабар жіберіп, уалилерден көмек сұрады.

Келесі жағынан мединеліктердің көпшілігі қоршаудың алғашқы күндерінен бастап үйлеріне кіріп сыртқа шықпады. Оның себебі, басбұзарлардан қорыққандығынан емес, халифаны өлтіреді деп ойламауына байланысты. Мединеліктердің көпшілігі үйінен шықпай қалған осы күндерде қалада сандары мейлінше артқан құлдар мен қолы бос бадауилер басбұзарлардың қатарына қосылды. Басбұзарлар жиырма күн мен екі ай арасында деп айтылатын қоршаудың соңғы он күніне дейін Османның Пайғамбар мешітінде имамдық жасауына рұқсат берді.

Осы күндері Осман қанша мәрте басбұзарлармен сөйлесті. Өзіне бағытталған айыптар мен кінәлардың барлығына жауап берді және көпшілігінде олардың көзін жеткізді. Ол өзінің өлім жазасына кесілетіндей қылмыс істемегендігін дәлелдеді. Өзі тірі кезінде-ақ жұмаққа кіретіндігі туралы Пайғамбардың айтқанын және Исламға, мұсылмандарға сіңірген еңбегін еске түсірді. Осы кездесулердің бірінде Алидің берген кеңесі бойынша халифа басбұзарлардың дауласқан кейбір істерде өзім қателік жібердім деп мойындай салып, бұдан ары Құран мен Сүннетке берік болатынына сөз беріп оларды тыныштандырды. Бірақ, үйіне қайтқан кезде онда отырған хатшысы Маруан бин Хакам бұл шешім ел басқаруға тиімсіз екендігін, басбұзарларды еркінсітіп аланытын, олар билік басындағыларды көзге ілмей дандайситынын айтты. Ол Османның сыртқа шығып қатаң басбұзарларға қатты сөйлеу керек екендігін айтты. Осы тұста Османның әйелі Наиланың Маруанға қарсы шыққандығы және Алидің кеңесіне құлақ асу керек екендігі баяндалады. Маруан Османға айтқанын істете алмайтынына көзі жеткеннен соң, оны өзі айтуға рұқсат сұрады. Артынша сыртқа шыққан Маруан басбұзарларлың шамына тиетін сөздер айтып бопсалады және тұтанған отты одан ары үрлей түсті.

Басбұзарлар қоршаудағы соңғы он күнді үдете түсті. Олар Османның сыртқа шығуына және мешітке баруына тиым салды. Олар Османның халифалықтан бас тартуын талап етті, егер бас тартпаса өлтіретінін ескертті. Осыдан бастап үйіне су алып кіруге де тиым салды. Али мен ардақты Пайғамбардың әйелі Умму Хабиба Османға су алып кіруге қанша тырысса да Маруанның бопсалау сөзіне ашуланған басбұзарлар кедергі жасады және кіргізбеді. Басбұзарлардың тек өзін ғана өлтіруге бекінгенін түсінген Осман олардың халифалықтан бас тарт деген ұсыныстарын қабылдамады және үйі мен есігінің алдында қорғағысы келгендердің басын өлімге байлағысы келмеді және халифаны қарумен қорғауға Османның өзі рұқсат бермеді. Тіпті, өзі үшін өзгенің қанының төгілмеуді қалаған Осман олардың қару қолданбау антын да алып, өзін өлімге тікті.

Қажылық мезгілі аяқталып, қажылық рәсімі аяқталғаннан соң қажылардың Мединеге келетінін білген басбұзарлар қауіптене бастады. Келесі жағынан халифаның тапсырысымен уилаяттардан келе жатқан әскерлердің жақындапр қалғандығын да басбұзарлар естіген. Осыған орай істі қолда бар мүмкіндікпен тындыру қажет. Қоршаудың соңғы күнінде халифа үйі есігінің алдында жас сахабалар мен басбұзарлар жаға жыртысып, біреулер жақаттанды. Соңында басбұзарлар үйдің есігін өртедіКешқұрым уақыттарды пайдаланып бірнеше мысырлық көршілес үйден Османның үйіне кірді және Құран оқып отырған халифа Османды өлтірді 17 маусым 656 ж.). халифаға қорған болуға талпынған әйелі Наиланың саусақтары да кесіліп түсті. Бұдан соң халифа үйі мен байтулмалды талан-таражға түсірген басбұзарлар Османның жерленуіне де тиым салды. Осыған орай, Османның жаназасы әйелі Наиланың белсенділігімен ақшам мен құптан арасында аз ғана адамнан құралған жасырын түрде шығарылды. Тіпті оның жаназхасын шығару үш күнге кешеуілдегендігі де баяндалады. Басбұзарлардан қорыққанына байланысты халифаны жерлеуге Османның екі әйелімен бірге 3-17 арасындағы ер адамдар ғана атсалысты. 82 жасында жауыздықпен өлтірілген Осман Жаннату-л-Бақи мазарына көршілес Хашшу Каукаб деген жерге жерленді. Муауия бин Әбу Суфиян халифалығы заманында ол оның қабірі жатқан жерді Жаннату-л-Бақиға қостырды. Халифаға көмектесу мақсатымен Сириядан жіберілген әскер Уадиулқурраға, Куфа мен Басрадан жіберілген әскер Рабазаға келген кезде қайғылы хабарды естігенен соң олардың кері қайтқандығы баяндалады.

Халифа Османның зұлымдықпен өлтірілуі Медине халқын қайғыға батырды. Сахабалар Османға қол ұшын бере алмағандығына қатты қапаланды. Оның өліміне қатты қайғырған адам ретінде Алиді ерекше атауға болады. Османның өлімі ислам әлемін дүр сілкіндірді. Халифатта бірлік пен бейбітшілік жойылды.

Тарихи дереккөздер басбұзарлардың көтерілуіне себеп ретінде көрсетілетін жоғарыда баяндалған наразылықтар мен арыз-шағымдардың негізсіз екендігін баяндайды. Османның көтерілістің шығуына себеп болатындай айтарлықтай қателік істемегендігі белгілі. Халифа өзінің тірлігінде қателіктер орын алғандығын, ол үшін тәубеге келгендігі және Алладан кешірім сұрағандығы белгілі. Бірақ, бұлардың барлығы Османды өлтіруге негізгі себеп бола алмайды, сондықтан, ортағасырлық ислам тарихшылары оны өлтіруге жол ашқан негізгі себептерді іздестірген. Кейбір тарихшылар халифа Османға бағытталған және мұсылмандар арасында арандатушылықты қоздырған көтерілісті сол кезеңде орын алған саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістермен байланыстырады. Мысалы, Осман халифалығының соңғы жылдарында ислам әлемінің кеңеюі сол заманның талапына сай өз шегіне жеткен және жорықтар тоқтатылған. Осыған орай соғыстан түсетін олжа да азайған. Бұл әсіресе, Мысыр (Фустат), Куфа және Басра сияқты әскери бекініс ретінде құрылған және аз уақыттың ішінде ұлғайған, әртүрлі араб тайпалары бір жерде өмір сүретін қалаларға көп әсер етті. Осы уилаяттарда өмір сүретін әскери топ соғыс олжаларынан мақұрым қалғандықтан салықтан түсетін жалақымен ғана өмір сүретін халге жетті. Сондай-ақ әскер жалақыларын беруде де қиындық туындады. Жорықтар кезінде аз уақыттың ішінде баюдың аяғы экномикалық тоқырауға барып тірелді. Мемлекет қаржыны үнемдеу үшін әскер жалақыларын қысқартуға мәжбүр болды. Бұл билік басындағыларға деген наразылықты тудырды.

Келесі жағынан мұсылман араб әскерлерінің рухани құндылықтарға деген маңызы әдеуір өзгерген. Халифа Омар мен Әбу Бәкір заманындағы әскерлер шайқасқа шахид болу және ғази (ардагер) болу үшін кәретін және құдайдың ризалығы үшін шайқасатын. Ал Османның заманында әскерлердің көпшілігі білімсіз, тар түсінікоті бадауи тайпаларынан және олжа, дүние-мүлік, байлық үшін шайқасатын адамдардан құралды. Жорықтардың тоқтатылуымен мол табыс пен жұмыстарынан айрылған әлгі бадауи арабтар бұрын түскен олжалары, қолындағы жерлері туралы әңгіме қозғай бастады, мұсылмандардың санасын улады.

Сонымен қатар уалилер мен кейбір сахабалардың мол байлыққа қол жеткізгендігі олардың қызғанышын қоздырды. Оның табиғи нәтижесі ретінде жахилия дәуіріндегі тайпашылдық бәсекелестік қайтадан пайда болды. Мысалы атақты тарихшы және социолог ибн Халдун «Бакир, Абдулқайс, Рабия, Азд, Кинда, Тамим, Қудаа сияқты жорықтарда көр рөл ойнаған тайпалардыңм жахилия заманындағы түсінікті қайота оятқанын және биліктің мухажир, ансар және өзге де Хижаз халқының қолында болуына қарсы әрекетті дүниеге әкелгендігіне» тоқталады.

13-14 лекция

Али және Хасан дәуірі (656-661 жж.)

Рашид халифалар дәуірінің ең саяси шиеленіскен жылдары Алидің халифалық жылдары болып табылады. Хазіреті Али үшінші халифа Османның басбұзарлар тарапынан өлтірілуінен соң саяси тәртіпсіздік ортасында халифалыққа өтті. Ол халифа болған кезде оның алдында бірнеше проблемалар күтіп тұрды. Билік жүргізген жылдары ол исламның тұтастығын қамтамасыз етуге тырысқанмен, мақсатына қол жеткізе алмады. Соңында бұрын жақтасы болған, кейіннен сырт айналған бір адамның қастандығынан өмірмен қоштасты.

Ислам тарихында маңызды орынды иеленетін Али ардақты Пайғамбардың немере ағасы Әбу Талибтің кіші ұлы болатын. Шамамен хижреттен жиырма жыл бұрын дүниеге келген. Әбу Талибтың тұрмыс жағдайы нашарлағанына байланысты ардақты Пайғамбар Алиді бес жасынан бастап өз қамқорлығына алған. әлі кішкентай бала кезінде ардақты Пайғамбардың пайғамбарлығын мойындап, алғаш мұсылман атағын иеленген. Ол Табуқ шайқасынан басқа ардақты Пайғамбардың барлық жорықтарына қатысты, сондай-ақ бірнеше мәрте жорықтарда қолбасы да болған. Ардақты Пайғамбардың басшылығымен жасалған орықтарда оның байрағын ұстаған және шайқастарда маңызды қызметтерді атқарған. әсіресе, Бәдір, Хандак және Хайбар шайқастарында ерлігімен көзге түскен.

Али хижреттің екінші жылы ардақты Пайғамбардың қызы Фатимаға үйленді. Одан Хасан, Хусейн және өлі туған Мухсин атты ұлдары, Зейнеп, Умму Кульсум атты қыздары дүниеге келді. Пайғамбардың ұрпағы осы Фатима мен Алиден туған балалары арқылы тарайды.

Али ардақты Пайғамбардың дүние салуынан соң оның орнына отыратын адамды таңдауда Хашим әулетімен кеңесу қажет деп ойлайтын. Ал Хашимилерден халифа болуға ең лайықты үміткер де өзі болатын. Ал жасы жағынан Алиден әлдеқайда үлкен Аббастың исламды кешеуілдеп қабылдағандығы оның мұсылмандардың лидерлігіне өтуіне кедергі болды. Ал Алидің жас болуы оның халифа ретінде сайлануын қиындатты. Өйткені арабтарда ерекше бір жағдай немесе жасы жағынан үлкен адамдардан ғана лидер таңдау қажет деген дәстүр кең таралған.

Ардақты Пайғамбардың дүние салуынан соң Сақифа мәжілісінде Әбу Бәкір халифа сайланғанда Али ибн Әбу Талиб оған алты айдай кеш биат етті. Осы кезде Фатиманың ардақты Пайғамбар мұрасын талап етуі және Әбу Бәкірдің Фадак жерін мұра ретінде бермеуі Али мен Әбу Бәкір араларының ашылуына себеп болған.

Омар халифа сайланғанда Али анық болмағанмен бұрынғы саяси ұстанымынан бас тартты деп айту қиын. Османның халифа сайлануымен аяқталған шура мәжілісі кезінде Али өзін халифалыққа үміткер ретінде ұсынды.

Алғашқы үш халифа дәуірінде Али саяси белсенділіктен аулақ жүрді. Кейде одан ақыл-кеңес сұралғанмен ол мемлекеттік қызметке алынбады және жоорыққа жіберілген әскерлерге де қосылмады.

Алидің билігі кезінде ол бірнеше проблемаларға тап болғандығы белгілі. Ислам тарихының ең негізгі ішкі қайшылықтарының бірі осы кезеңде болды. Алидің өлімінен соң оның орнына отырған баласы Хасан билікте белсенділік көрсете алмай, алты айдан соң Муауиямен бейбіт келісімге келіп, саясаттан сырт қалды.

Али халифалығы дәуірі

Алидің халифа сайлануы. Осман зұлымдықпен өлтірілгеннен соң Мединеде билік бос қалды. Сол күнге дейін халифа мединеліктерден, оның ішінде мединелік Құрайштардан сайлау керек деген дәстүр мықтап қалыптасқан болатын. Сондықтан халифалықты ислам әлеміне заңды түрде мойындату үшін осы дәстүрді сақтаған анағұрлым тиымды болып табылды. Осыған орай Осман өлтірілгеннен соң басбұзарлар өздерін халифа сайлаудың орнына жаңа халифа сайлау үшін мединеліктерге қысым көрсете бастады.

Алиге халифалық ұсынысы жасалғанда ол алғашқыда Османның өлтірілуінен соң орын алған шиеленіс кезінде халифалыққа өтудің дұрыс емес екендігін ойлап, ұсыныстан бас тартты. Бірақ сайланған жаңа халифа билігі аясында ғана қарсыластар арасында түсіністік болатыны, басшы сайланбастан, азаматтар бір-біріне бағынбайтыны айтылды.

Алиден басқа Омардың дүние салуынан бұрын құралған шура мүшелері – Зубейр бин Аууам, Тальха бин Убайдуллаһ және Саад бин Әбу Уаққас та халифалыққа ұсынылды. Бірақ, олардың барлығы бұдан бас тартты.

Қайтадан Алиге халифа болуға ұсыныс жасалғанда ғана ол ұсынысты қабылдады. Алдымен үйінде, артынан Масжид Набауиде жасалған биатта Али халифа болды (маусым 656 ж.). Алиге көпшілігі биат еткенімен оған биат жасамай бейтарап қалған мұсылмандар да кездесті. Жаңа халифаға биат жасамағандар арасынан Саад бин Әбу Уаққасты, Усама бин Зейдті, Абдуллаһ бин Омарды, Хассан бин Сабитті, Әбу Саид әл-Худриді, Мухаммад бин Масламаны, Нуман бин Баширді және Зейд бин Сабитті атауға болады.

Алидің алғашқы істері. Алидің халифалыққа келгеннен соң алғашқы ісі Османның қойған уалилерін алып тастап, орнына өз уалилерін тағайындау болды. Себебі, Осман заманында орын алған проблемаларға уалилердің де қатысы бар деп есептелді. Осман уалилікке туыстарын қойған болатын. Ал Али Османды жақтамаған деп есептеген қарсыластарын уалилікке тағайындады, олардың арасында туыстары арасында уали болғандар да бар. Сирия уалиі Муауия бин Әбу Суфиянның орнына ансарлық Сахл бин Хунайфты тағайындады. Бірақ Сахл қызметіне кіріспей-ақ Табуқ деген жерде Муауия адамдары оны кері қайтарды. Басраға Сахлдың бауыры Осман бин Хунайфты уали ретінде жіберген Али Жамал шайқасынан соң оның орнына немере ағасының баласы Абдуллаһ бин Аббасты тағайындаған. Немере ағасы Абастың келесі бір баласы Убайдуллаһты Иемен уалилігіне, Қусамды Мекке уалилігіне қойды.

Куфаға Умара бин Шихаб уали ретінде тағайындалғанымен жолда кездескен Тулайха бин Хуайлидтің куфалықтардың Әбу Муса әл-Ашариден өзгесін уали ретінде қабылдамайтынын ескеркеніне байланысты ол кері қайтуға мәжбүр болды. Мысыр уалилігіне Сақифа мәжілісінде халифа үміткері болған Саад бин Убаданың ұлы Қайс бин Саад тағайындалды. Қайс Мысырға барған кезде халықтың саяси текетірестен екіге бөлінгенін көрді. Али біршама уақыттан соң Қайсты орнынан алып, оның орнына Мухаммад бин Әбу Бәкірді қойды. Кейінірек оны да уалиліктен алып тастап, Османды өлтірумен аяқталған баскөтеруде Куфадан келген басбұзарлардың ішінде болған Аштар Малик ан-Нахаиді Мысырға жіберді. Бірақ, Аштар Мысырға жетпей жолда Муауияның бір адамы тарапынан уланып өлді.

Муғира бин Шуба Алиге уалилердің барлығын бірден алып тастамау, Сирия уалиі Муауияны орнында қалдыра тұру керек екендігін, егер олай болмаса ол туысы Османның өліміне байланысты қарсы шығатынын ескертсе де Али оның кеңесіне құлақ аспады.

Алидің келесі бір ісі Осман заманындағы кейбір мәселелерді өзгертуі болып табылды. Атай кетер болсақ, Омар заманында жолға қойылған және осман заманында та жалғасын тапқани адамдардың исламға жасаған қызметіне қарай берілетін жылдық жалақыны қысқаруы. Али халифа болғаннан соң жылдық жалақыларды теңдей тарата бастады. Сондай-ақ Османның кейбір адамдарға берген жерлерді кері алды. Бұлардың барлығы Осман заманында шыққан наразылықтарға нүкте қою үшін жасалды. Алидің алғашқы жасаған істерінің бірі қоғамдағы билігін нығайту үшін наразы, бас көтеруші тараптың талаптарына көңіл бөлді. Бірақ, оның жасаған кейбір істері Осман жақтастарының, бұрынғы уалилердің маңайындағы адамдардың, ойлағанындай шықпағандардың және жаңа реформаға көңілі толмағандардың өзіне қарсы шығуына жол ашты.

Халифа болғаннан соң Алиге қарсы қойылған басты талаптардың бірі Османды өлтіргендерді жазалау келеді. Бірақ Али халифа болғаннан соң бұл іске кірісе алмады. Себебі, Османды өлтіруге қатысқан немесе оның өлтірілуін қалаған кейбір адамдардың саяси ықпалдын әзірше жоя алмайтын еді. Бұл Алиге деген қарсылықтың көбеюіне жол ашты. Ал Али Османның өлтірілуі мәселесін өзінің саяси қуатын нығайтпай тұрып қарастырудың мүмкін емес екендігін аңғарды.

Алидің алғашқы ісі болып табылатын Осман уалилерін орнынан алып тастауы Осман билігіне наразы болғандарды тыныштандыру мақсатында болғаны белгілі. Ол мұны өзінің билеуші ретіндегі құқығы деп білді. Бірақ оның бұл шешімі саяси шиеленістің одан ары үдеуіне жол ашты.

Алидің қарсыластары. Аз уақыттың ішінде Алидің халифа ретінде сайлануына және оның алғашқы істеріне қарсы наразылар пайда бола бастады. Оған қарсы шыққан топтардың бірі Айша, Тальха бин Убайдуллаһ және Зубейр бин Аууам жетекшілігіндегі топ болды. Айша кейбір істеріне байланысты кейде Османды сынға алатын. Осман басбұзарлар тарапынан қоршауға алынған кезде Айша қажылық рәсімін жасау үшін Меккеге кеткен болатын. Ол қайтарда Османның өлтірілгенін естісімен Меккеге кері қайтты. Тальха мен Зубейр Алиге биат жасағаннан бірнеге айдан соң умра қажылық жасау үшін Меккеге кетті және зорлап биат жасадық деп халифаға қарсы тұрды.

Алиге биат жасалғаннан соң халифаға қарсы шыққан келесі бір адам – Муауия бин Әбу Суфиян. Муауия Омар дәуірінен бері шамамен 18 жыл Сирия аймағында уалилік қызмет атқарып келді және ол жаққа әбден жерлесіп алған болатын. Ол Алиге биат жасауды Османды өлтіргендерді жазалаумен байланыстырды.

Али Муауияның ұстанымын жөнсіз деп білді. Оның пікірі бойынша Османды өлтіргендерді жазалауды талап етуге Османның құқығы жоқ. Себебі, Османның балалары әлі тірі. Османды өлтіргендерді жазалауды талап ету оларға тиесілі іс. Бірақ, Муауия да Османның туысы болғандықтан қалмыскерлерді жалау керек деп шешкені рас.

Османды өлтіргендерді жазалауды талап етуде Муауия өз пікірін араб дәстүріне негіздеді. Муауияның бұл талабы Сыффын шайқасынан соң хакамдар (төрешілер) тарапынан қабылданған.

Османның жақтастары мен жақын туыстарының кейбірі аталған жетекшілердің қатарынан табылды және Алиге қарсы шеп құрды. Ал кейбірі бұл тартысқа араласуды дұрыс деп шешпей қалыс қалды.

Османның хатшысы Маруан бин Хакам Айшаның жетекшілік жасаған тобына қосылды. Ал Османның балалары Абан мен Уалид бастапқыда осы топқа қосылғанмен кейіннен жолда бөлініп кетті. Османның бұрын Куфаға тағайындаған уалиі Саид бин Ас Айшамен кездескеннен соң Иеменге кетіп, бұл алауыздықтардан сырт қалды.

Омайяд (Умаййа) әулетінің Меккелік Али қарсыластарына қатысқандардың алға қойған мақсаты орынсыз өлтірілген Османның орнына халифалыққа омайяд әулетінен бір адамды қою болды. Бірақ Меккедегі Али қарсыластарының жетекшілері халифаның үмммет тарапынан шура жолымен сайлануын қуаттады. Осыған орай, бастапқыда қолдау көрсеткен кейбір омайяд өкілдері кейінірек бұлардан бөлініп кетті.

Жамал шайқасы. Айша, Тальха және Зубейр жетекшілігіндегі Али қарсыластары Меккеде бас қосты. Олардың негізгі идеясы Османның зұлымдықпен өлтірілгендігі және Алидің Османның өліміне қатысы бар адамдарды жазалауы қажет болды. Алидің жазықсыз Османды өлтірілген баскесерлердің қысымымен сайланғанын олар дұрыс деп таппаған. Меккеде жиналған Али қарсыластары идеясы мен Муауияның идеясы арасында ұқсастық болғанымен аталған екі топ та бір-бірімен байланыссыз әрекет етті.

Меккеде жиналған Али қарсыластары не істеу қажет екендігі жайлы кеңес жүргізді. Кеңесте Османның басралық уалиі Абдуллаһ бин Амир Басраға бару қажет деген ұсыныс тастады. Өйткені Басрада Осман жақтастары көптеп шоғырланған. Османның Иемендік уалиі Яла бин Умаййа тарапынан әкелінген байтулмал қаражаттары әскерлерді жарақтандыру үшін пайдаланылды.

Негізінде алдарына әртүрлі мақсат қойған адамдар мен топтардан құралған бұл әрекет басынан бастап жақсы жоспарланбады. Өйткені олардың мақсаттары әртүрлі болды. Алидің меккелік қарсыластарына Османды өлтіргендерді жазалау сияқты негізгі ұранды қолдағандармен қатар дүние-мүлікке қол жеткізу, тайпасының пайдасын көздеу және жеке кегін алу мақсатында қосылғандар да табылды. Осы әрекеттің либері болған Айшаның өзі халифа болу мүмкіндігі жоқ болатын. Келесі лидерлері Тальха мен Зубейрдің халифа болу ойлары болса да оның іске аса қоюы қиын екендігін өздері де білетін. Осы топқа қосылған омайяд әулеті Осман балалараның бірі халифа болуы тиіс деген пікірді қолдады. Демек, осы топтың мақсаттары әралуан болды.

Алидің меккелік қарсыластары Басраға қарай жолға шыққан кезде намаздарда кімнің имамдыққа өтетініи жайлы әр алуан пікеірде болды. Айша Абдуллаһ бин Зубейрді имамдыққа тағайындап бұл проблеманы да шешті.

Айга Басра маңайына келгенде қала халқына елші жіберіп, өзіне қосылуды талап етті. Осы кезде Басра уалиі Осман бин Хунайф олардың ниеттерін білу үшін елші жібюерді. Айша қоғамда бейбітшілікті орнату және Османды өтіргендерді жазалау ниетінде екендігін білдірді. Али қарсыластары Басраға кірген кезде Осман бин Хунайфты тұтқындап, ондағы байтулмалды тартып алды да уалидің сақалы мен шаштарын жұлып Алиге жіберді.

Меккедегі Али қарсыластары Басраға жолға шыққан кезде Али Муауияның биат жасамағандығына байланысты осы мәселені шешуге кіріскен болатын. Ол меккедегі қарсыластарының аттанғанын естісімен Мединеде жиналған әскерімен жолға шығып, қарсыластарды Басраға жеткізбей қуып жетуге асықты. Бірақ ниетіне жете алмады. Олардың артынан Басраға қарай беттеген Али ұлы Хасан мен Аммар бин Ясирді Куфаға жіберіп, өз қатарына қосылуды сұрады.

Екі жақ Басра маңайындағы Хурайба деген жерде кездесті. Екі жақтан елшілер бір-біріне жіберіліп тұрғанымен келісе алмады. Осы тұста екі жақтың да келісімге келе бастағандығы туралы да мәліметтер бар. Соңында шайқас Айша мінген түйе күймесінің маңайында қыза түсті. Айшаның соғыс түйесінің үстіндегі күймеде басқарғандығына және шайқастар сол түйе маңайында қыза түскендігіне байланысты бұл шайқас «Жамал» (түйе) шайқасы деп аталды. Али шайқастың әлгі түйе маңайында өрбігендігін байқап, түйені өлтіруді бұйырды. Түйенің өлтірілуімен шайқас 656 жылдық жетоқсанында Алидің жеңісімен аяқталды.

Осы шайқаста қаза тапқандар туралы әртүрлі айтылғанмен шамамен 10 000 болғандығы туралы мәлімет бар. Бірақ осы шайқаста өлгендер бұдан көп те, аз да болуы мүмкін. Осы шайқаста Тальха мен Зубейр өлтірілді. Тальха шайқас алаңында өзіне бағытталған бір жебеден, Зубейр шайқас алаңынан қашып шыққанда жолда кездескен ибн Журмуз тарапынан өлтірілді.

Али қарсыластарын жеңгеннен соң олармен жақсы қатынас орнатты. Соғыста өлгендерді жерлеттірді және жеңілген әскерді тонауға, біреуге тиюге тиым салды.

Айша жанында бауыры Мухаммад бин Әбу Бәкір болса да серік ретінде Алидің Басрадан қосып берген әйелдер мен ерлермен бірге алдымен Меккеге, одан соң Мединеге кетті және осы оқиғадан соң саясаттан аулақ өмір сүрді. Оның Жамал шайқасынан соң қатты өкінгендігі баяндалады.

Сыффын шайқасы және тахким (төрелік) оқиғасы

Ислам тарихында әсері ұзаққа дейін созылғанішкі алауыздықтан туындаған келесі шайқастың бірі – Али заманында болған Сыффын шайқасы және одан кейінгі оқиғалар болып табылады. Осы соғыста анық ешкім жеңбегенмен оның соңы Муауияның пайдасына шешілгендігі анық.

Али Жамал шайқасынан соң Куфаға тартып, оны ел астанасына айналдырды. Осы кезде ол Муауияға хат жазып өзіне бағындыруға шақырды. Бірақ, Муауия бұрынғы жауаптарын қайталады. Муауия Османның жазықсыз өлтірілгендігін және оны өлтіргендерді жазалау қажеттігін талап етіп оған биат жасаудан бас тартты.

Али Муауияның бағынбағандығын, тіпті өзіне қарсы тұрудан тайынбайтынын аңғарған соң онымен шайқасудан басқа жол жоқ екендігін түсінді. Осыған рай, ол соғысқа дайындала бастады. Осы кезде Муауия да әскерін жасақтады. Екі жақтың әскері Ирак мен Сирия шекарасындағы Сыффында кездесті. Екі жақтан неше әскер иналғандығы туралы әртүрлі мәлімет келтірілгенімен, шамамен 90 000-дай сарбаз болғандығы баяндалады.

Али әскері шайқас алаңына келген кезде су жолының Муауия әскері жақта қалғандығын аңғарды. Али әскерлері шағын ғана шабуыл жасап суға қол жеткізді. Су жолын бақылауға алған әскерлеріне Али сириялықтардың су алуына кедергі болмауын ескертті.

Али дереу шабуылға шығу ниетінде болмады. Мәселе бейбіт жолмен шешілуін қалағандықтан, көп уақыт екі жақтан елшілер келіп кетіп жатты. Бірақ, келісімге келу мүмкіндігі тумады. Соңында екі жақтан кіші-гірім қақтығыстар туындады. Соңында 657 жылдың шілдесінде екі жақ жаппай шабуылға көшті.

Али әскеріне жаппай шабуылға шығу бұйрығын берді де шайқас 657 жылдың 27-28 шілдесінде қыза түсті. Таң атқанға дейін шайқас болған жұманың түні «Харир түні» деп аталды. Осы түні көптеген әскер құрбан болды.

Аштар ан-Нахаи әскерлерімен Муауияның шатырына беттеді. Шайқас қызған кезде жағдайдың қиындай түскенін байқаған Муауия қатты алаңдап, осы проблемадан қалай шығуға болатынын Амр бин әл-Аспен кеңесті. Амр осы алауыздыққа нүкте қоюға Құранға жүгіну қажет деп кеңес берді. Негізінде сириялықтардың Алиді Құранның төрелігіне шақыруы жаңадан ойластырылған нәрсе емес. Себебі, олардың пікірі бойынша Құран Құран Муауияға Османның қанын даулау құқығын береді.

Сириялық әскерлер қолдарындағы Құран нұсқасын немесе Құран парақтарын жоғары көтеріп «ей ирактықтар! Енді соғысуды қояық. Біздің арамызға Алланың кітабы төрелік жасасын» деп айқайлай бастады. Ирактық әскерлер бұл әрекетке таң қалды. Али әскері арасында өзара әңгімелер үдей түсті, соғыстың нәтижелерін талқыға сала бастады. әсіресе, Иемен тайпаларының өкілдері соғыстың әсерлерін талқылай бастады.

Иемендік Кинда тайпасының лидері Ашас бин Қайс Алиге кіріп, Муауия жаққа барып, осы ұсыныста не айтқысы келгендігін білуге баруға рұқсат сұрады. Алидің рұқсатымен Ашас Муауияға кетті. Муауия мұсылмандардың қанын төгудің қате екендігін, екі жақтан да көп адам өлгендігін, соғысты тоқтатып, екі жақтан бір-бір өкіл төрелікке шығып, арадағы алауыздықты бейбіт жолмен шешуді ұсынды.

Муауияның ұсынысын Ашас қолдады. Ол Алиге келіп Муауияның ұсынысын білдірді. Али оның соғыс айласыекендігін түсінді. Сондықтан, ол соғысты тоқтатуға болмайтынын, Муауия өз жеңілісінен осылай бұлтаруды ойластырғанын айтқанмен, соғысты қайта бастауға көпшілік көнбеді.

Осыған байланысты алдыңғы шептегі әскердің басындағы Аштар ан-Нахаиге хабар жіберіп, кері қайтуын бұйырды. Аштар кері қайтуға рұқсат сұрағанмен, Алидің кесінді бұйрығымен ол кері қайтуға мәжбүр болды.

Шайқаста қанша адам өлгендігі белгілі болдмағанмен үш айға созылған осы шайқаста мыңдаған әскердің өмірмен қоштасқандығы анық.

Тахким (төрелік). Али қаламаса да әскерінің көпшілігі соғыстың тоқтауын жақтағандықтан, Али амалсыз соғысты тоқтатуға бұйрық шығарды. Ашас екі жақтың келісімге келуіне мұрындық болды. Муауия өзінің хакамы ретінде Амр бин әл-Асты белгіледі. Амрдың Муауия жақтасы екендігін білетін Али Амрмен айтыса алатын қабілетті адам іздеді. Соңында Абдуллаһ бин Аббасты ұсынды. Бірақ, Ашас Абдуллаһ бин Аббастың Али туысы болғандықтан қарсы жақтағылар оны төрелікке қабылдамайтынын айтты. Одан соң Али Аштарды ұсынды. Бірақ, Ашас оны да мақұлдамады. Өйткені мұсылмандарды алауыз еткен істің басында Аштар келеді. Осыған орай Ашас Әбу Муса әл-Ашариді Али жақтан төрелікке ұсынды. өйткені ол осы оқиғаның басынан бастап алауыздыққа араласпаған адам болып табылады. Ал али оның дауды өз пайдасына шеше алмайтынын білетін. Оның төрелікке шығуын қаламағанмен Али әскеріндегі тахкимдікті қалайтын адамдарды көндіре алмағандықтан Әбу Мусаны төрелікке ұсынуға мәжбүр болды.

Осы кезде Әбу Муса Сирия аймағындағы бір ауылда елден оңашаланған болатын. Оны алдырып келісім мәтіні жасалды. Онда төрешілердің Құран бойынша жұмыс істейтіні, одан үкім таба алмаса сүннет аясында төрелік ететіні, өз қалауына қарай әрекет етпейтіндігі, олдардың шығарған үкіміне Али де, Муауия да ризалығын білдіретіндігі, төрешілер мен олардың жақындарының жаны мен мүлкі қорғалатыны, төрешілердің қайда және қашан кездесетіндігі туралы баптар орын алды.

Белгілеген уақыт келгенде төрешілер Думату-л-жандал аймағының Азрух деген жерінде кездесті (рамазан/ақпан 658 ж.). төрешілермен қоса екі жақтың өкілдері де ол жерде болды. Ол жаққа тарапсыздар да бақылаушы ретінде қатысқан.

Төрешілердің келісімдерін қағазға түсіретін бір хатшы тағайындалды. Кездесуде Амр бин әл-Ас сөзді Османды өлтіргендер жаққа бұрып, ол Әбу Мусадан Османның зұлымдықпен өлтірілгендігін немесе өлтірілмегендігін сұрады. Әбу Муса Османның зұлымдықпен өлтірілгендігін қуаттады. Бұл хатқа түсірілді. Муауия Османның уалиі ма әлде уалиі емес пе деген тақырыпты қарастырған төрешілер Муауияның туысы сипатымен Османның уалиі екендігін, сондықтан, ол Османды өлтіргендерді жазалауды талап ете алатынын қуаттады.

Одан соң халифаттың билігінің басына кім келу керек деген мәселе қаралды. Әбу Муса әл-Ашари Абдуллаһ бин Омарды халифалыққа ұсынды. Өйткені Али де , Муауия да алауыздық ортасындағы адамдар. Сондықтан, билік басына осы алауыздыққа қатысы жоқ адам ғана келе алады. Амр Абдуллаһтың орнына өз ұлын ұсынды. Соңында Али мен Муауиядан басқа бір адамның халифа болуы керек деген шешім жасалды.

Хакамдардың қабылдаған шешімдерін алдымен Әбу Мусаи тарапынан түсіндірілді. Ал Амр бин әл-Асқа кезек келген кезде ол қабылдаған шешімнен айнып, айлаға жол берді де Муауияны халифа ретінде тағайындағанын жариялады. Амрдың айтқаны өтірік деп Әбу Муса айтқанымен оның миәні қалмады. Төрешілердің шешімі жарияланғанда Али жақтастары бұған таң қалысты. Өйткені Муауияның ұстанымы дұрыс деген нәтиже шығарылған және мединеліктердің биатымен халифа болған Алидің қызметтен кетуіне шешім жасалған.

Али бұл шешімнің Құранға сай емес екендігін айтып, төрешілердің шешімін тамытайтындығын жариялады. Ал Муауия әлгі шешімге сүйеніп, Сирияда өзін халифа ретінде жариялады. Осылай мұсылмандар арасындағы келісімді қамтамасыз ету мақсатында жасалған төрелік мұсылмандардың бірлігін одан ары ушықтырды.

Тахким жахилия дәуірінен бері қолданылып келе жатқан, араларында дау-дамай шыға қалған кезде адамдар немесе тайпалар арасын бітімге келтіру мақсатында жүгінетін әдіс болатын. Алайда сыффын шайқасы кезінде туындаған тахкимде төреші ретінде тағайындалған адамдардың ниеттері екі түрлі болғандықтан, Алиге зұлымдық жасалды. Себебі, Муауияның төрешісі – Амр бин әл-Ас оның жақтасы ретінде Сыффын шайқасына қатысса, Алидің төрешісі Әбу Муса әл-Ашари екі жаққа да жақтаспай, елден оңашаланған адам болатын.

Харижилердің Алиге қарсы бас көтеруі. Харижилік Сыффын шайқасынан соң тахкимді қабылдау мәселесінде пайда болған діни ағым ретінде қуатталса да, аталған ағымның негізгі идеялары Осман заманында саяси шиеленіспен және Османның өлтірілуімен байланысты дүниеге келді. Сондай-ақ харижит лидерлері арасында орын алған Хуркус бин Зухейрдің Османға қарсы бас көтеру мақсатында Басрадан келген топтың ішінде болғандығы баядалады.

Харижилердің пайда болуын қамтамасыз еткен себептер. Ислам тарихының алғашқы кезеңінде-ақ тарих сахнасына шыққан харижиттердің өздеріне тән идеялары мен ұстанымдары мұсылмандардың сүйіспеншілігіне айналған сахабалардың алдыңғы қатарлыларына қарсы ұстанған асыра сілтеушілігі, өз идеяларын қолдамаған мұсылмандар жайлы қатаң қатынастары зерттеушілерді ойға қалдырды.

Харижиттік қозғалыстың пайда болуындағы ең басты себеп – бадауиліктен қала өміріне өткен арабтардың психологиясындағы өзгеріс. Осы процесте әртүрлі фактордың ықпалында қалған адамдардың әртүрлі ұстанымда болуы бір тайпада болса да бір-бірімен бетпе бет келуі де осыны көрсетеді.

Харижиттердің пайда болуына әсер еткен басты себептердің бірі ретінде қоғамның саяси тақырыптарға ерекше көңіл бөлуі дер едік. Алғашқы екі халифа заманында провинциядағы мұсылмандардың мемлекет басқармасы ісіне араласуға уақыттары аса бола бермеді. Оның үстіне билік басындағыларға деген ризалық оны қажетсінбеді де. Ол замандағы билік тізгінін ұстағандар халықтың саяси талаптарын қанағаттандырды.

Алғашқы кезеңдегі саяси әрекеттердің пайда болуында мұсылмандардың бетпе бет келген саяси проблемаларды шешу үшін Құран мен Сүннетте сүйенетін нақты дәлелдің орын алмауы десек болады. Мұсылмандар аз уақыттың ішінде әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өмір кешкен аймақтарды жаулап алғанда ол жерде өмір сүретін адамдар мен мәдени қатынас орнатты. Аталған халықтардың ислам дінін қабылдауымен бұл қатынас одан ары артты. Исламды жаңадан қабылдаған адамдардың бұрынғы діндерінің, салт-дәстүрлерінің кейбір элементтерін жаңа өмірде одан ары жалғастыруы табиғи құбылыс. Бұл да мазхабтардың пайда болуына басты себеп болары анық.

Аталған себептермен қатар жекелеген адамдардың болған оқиғаларға деген ұстанымы, алған діни білімдері, настарды түсіну және түсініктеме жасау қабілеттері де харижиттердің қалыптасуына басты себеп болып табылады. Харижиттерді зерттер болсақ, өздері сияқты ойламайтын адамдарға қарсы қатаң ұстанымда болғандығын, настарды саяз түсінгендігін және діни ғұрыптарға шынайылықпен қатыс жасағандығын байқаймыз.

Харижиттердің пайда болуында әсіресе, Осман заманында қоғамның саясатқа тікелей атсалысып, уалилер мен халифаның істерін зерделей бастауының да өзіндік әсері болғандығын естен шығармаған жөн. Мұсылмандардың бетпе бет келген алғашқы саяси мәселелермен байланысты Құран мен хадисте анық дәлелдер орын алмауы олардың әртүрлі түсініктеме жасауына жол ашты. Табиғи түрде осы түсініктемелердің кейбірі қатаң түсінікпен пайда болды.

Осы аталғандардан басқа діни ағымдардың пайда болуына әсер еткен экономикалық өзгерісті де атап өткеніміз артық емес. әсіресе жорықтардан соң арабтардың тіпті бұрын қиялап көрмеген байлыққа кенелуі және мемлекеттің экономикалық саясатқа бағытталған мүдделері наразылықтың тууына, әсіресе, харижиттік әрекеттің пайда болуына әсер етті. Келесі жағынан олжаларды бөлісуде пайда болған проблемалар осындай ағымның пайда болуына әсерін тигізбей кетпеді.

Харижиттердің бір діни ағым ретінде пайда болуы. Ашас бин Қайс пен оны жақтаған әскердің көпшілігі тахким үкіміне жүгінуді қолдаса, Али әскерінің ішіндегі саны өте аз адам хакамдықтың қателікке алып баратынын қуаттады. Төреліктен соң Ашас бин Қайс тахкимге қолдау көрсету және халыққа мәлімет беру мақсатымен тайпаларды аралап төрелікте қойылған шарттарды оқи бастады. Тамим тайпасына барған кезде осы тайпаның өкілі Уруа бин Удаййа «Аллаға тән істе адамдарды төрелікке ұсініп отырсың, үкім тек Аллаға ғана тән (ла хукма илла лиллаһ)» деп қылышымен Ашас мінген атты жаралады. Бұл оқиға иемендіктер мен тамимдіктерді бір-біріне қарсы қойды. Бірақ, басқа да жетекшілер араға түсіп мәселені шешті.

Екі жақ төрешілердің шығаратын шешімін күту үшін елдеріне қайтқан кезде көпшілігі Тамим тайпасына жататын 12 000 әскер Алидің әскерінен бөлініп Харура деген жерге жиналды. Али олармен кездесу мақсатымен Абдуллаһ бин Аббасты жіберді. Одан соң өзі де барып, оларды Куфаға қайтуға шақырды.

Алғашқы харижиттер болып табылатын бұл қауымның пікіріне қарағанда Али тахкимді қабылдаумен қателікке ұрынды. Олар тахкимді қабылдағандығына байланысты Алиді тәубеге келуге шақырды. Ал Али тахкимді қабылдау діни қателік емес, саяси әлсіздік екендігін айтты.

Харижиттер Алимен бірге Куфаға қайтқаннан соң тахкимнің қате екендігін және оған тәубе жасау керек екендігін айта берді. Кейде мешітте «үкім тек Аллаға ғана тән» деген ұранмен Алиге қарсы шығып та отырды.

Харижиттер Алидің тахкимді қабылдап, үлкен күнә істеді деген саяз түсініктерін Құранға негіздеді. «Егер мүміндердің екі тобы өзара керісіп қалса, араларын жарастырсын. Ал егер олардың бірі екіншісіне шабуыл жасаса, Алланың бұйрығына тоқтағанға дейін солармен шайқассын. Егер райларынан қайтса, араларын әділдікпен түзесін, барлық істе әділ болыңдар. Алла әділеттілерді дос тұтады» (Хужурат 49/9) деген Құран аяты харижилерге қарағанда басбұзар болған Муауия мен жақтастары туралы үкімді Алла шайқастың нәтижесінде береді. Демек, Алланың үкім шығаратын тақырыпты шешуге тырысқан төрешілер (хакам) де, оларды сол қызметке қойған адамдар да үлкен күнә істеген. Егер тәубеге келмесе мәңгілік тозақта қалады.

Нехреван шайқасы. Харижиттер төрешілер бас қосқанға дейін Куфада олардың соңын күтіп жатты. Олар Алидің Әбу Мусаны төрелікке ұсынудан бас тартқанға дейін күтті. Халифа төрешіні жібергенде олар бас қосып өз жолдарын айқындай бастады. Олардың пікірі бойынша халифа Али төрешіні жібергендіктен оған бағынудың ешбір қажеті қалмады. Осыған байланысты халифалыққа өз араларынан Абдуллаһ бин Уахб ар-Расибиді сайлады. Ендігі мәселе – кететін жерін айқындау. Өйткені бұл қалада қалудың ешбір пайдасы қалмады деп түсінді. Олар өздеріне мекен ететін әртүрлі елдерді қарастыра келе, Нехреван деген жерде өзге қалалардан келетін жақтастарымен кездесіп, басқа жаққа кетуге шешім қабылдады. Басрадан келген 500 адамдық харижиттің басында Мисар бин Фадаки тұрды. Жолда олар Абдуллаһ бин Хаббаб бин Аратпен кездесті. Онымен харижиттер біраз сұхбат құрды. Бірақ, Абдуллаһтың айтқан сөздері оларға ұнамады да Абдуллаһ пен жүкті әйелін өлтірді. Халифа Али Абдуллаһтың жазықсыз өлгеніне қайғырған.

Осы кезде төрешілердің жоғарыда баяндалған шешімдері анықталды. Али тахким шешімін қабылдамайтынын, өйткені ол Алланың кітабы мен Пайғамбардың сүннетіне сәйкес келмейтінін жариялады. Төрешілердің шешімі анықталғаннан соң Сирияға жорыққа аттануға дайындықтар жасалды. Абдуллаһ бин Хаббаб пен әйелі өлтірілгенін естігеннен соң Али оны өлтірген харижитті тапсыруды талап етті. Бірақ, харижиттер Абдуллаһ бин Хаббабты өлтірген адамды бермеді.

Алидің жақын адамдары харижи проблемасын шешпей, Сирияға жорық жасаудың дұрыс емес екендігін ескертті. Сондықтан, Али әскерін алдымен Нехреванға аттандырды. Ол алдымен харижиттерге елші жіберіп, Абдуллаһ пен әйелін өлтірген адамды беруін және бас көтеруден басм тартуды бұйырды. Нехреванда жиналған және сандары 12 000 шамасындағы харижиттердің көпшілігі соғыс алаңынан кетіп қалды. Соғыс алаңында қалған 3 000 харижит пен Али армиясы арасындағы шайқаста харижиттердің көпшілігін жер құшты. Шамамен 400-дейі жаралы қолға түсті (658 ж.)

Харижилер Нехреван шайқасынан соң халифа Алиге деген ұстанымын өзгертпеді. Керісінше Нехраванда жолдастарының қырылуынан соң халифаға деген өшпендігі одан ары артты. Нехреваннан соң олар Нухайлада тағы бір қақтығысты ұйымдастырды. Алиді өлтіргенге дейін харижиттер кіші-гірім бірнеше көтерілістер жасады. Бірақ, олардың барлығы дер кезінде бастырылды.

Али 658 жылы Нехреванда харижиттерді талқандап, Шамға қайта жорыққа аттанбақшы болғанымен әскерлері соғыстан қажығандығын айтып, халифадан сәл уақыт демалуға рұқсат сұрады. Али рұқсатын бергеннен соң әскер үйді үйлеріне тарасты. Келіскен уақытта Али ибн Әбу Талиб Шамға жорыққа әскерін шақырғанмен оған ешкім шықпай қойды.

Осы қолайлы сәтті пайдалана отырып, Муауия Амр бин Ас басшылығындағы әскерін Мысырға аттандырып, оны жаулап алады және ондағы Алидің уалиі – Мухаммад бин Әбу Бәкірді өлтіреді. 658-659 ж. Муауия Басраға әскер жібергенмен әскері сәтсіздікке ұшырап кері қайтқан. Осылайша, Муауия Алидің қол астындағы қалалар мен өлкелерді біртіндеп өзіне қарата бастайды, Хитқа, Анбарға, Таймаға, тіпті, Меккеге әскер жіберіп, ол бірнеше қақтығыстарды ұйымдастырады. Ал Али оған қарсы тұратын әскер жинақтай алмайды.

Муауия 660-661 ж. 3000 әскерді (Буср бин Әби Артат қолбасшылығындағы) Хиджазға жібереді. Олар Мединеге, Меккеге келіп, Муауияның атынан биат алып, Иеменге тартады да Убайдуллаһ бин Аббастың екі кішкентай баласын өлтірген. Мұны естіген Али 2 000 әскер жіберіп, аталған өлкені Шам әскерінен азат етеді.

Алидің өлімі. Нехреванда жолдастарының қырылуына байланысты харижиттердің Алиге деген өшпенділігі арта түсті. Бір топ харижит Меккеде жиналып, ислдам әлемін күйзеліске алып барған мына тығырықтан қалай шығуға болатынын кеңесті. Осы алауыздықтың себепкері болып табылған Алиді, Муауияны және Амр бин әл-Асты өлтірумен осы тығырықтан шығуға болатынын алға тартты. Осы мақсатпен үшеуі бір күнде 661 жылдың 24 қаңтарында (рамазан) аталғандарға қастандық жасауға шешім қабылдады.

Амрға қастандық жасауды жоспарлап Мысырға сапар шеккен Амр бин Бакр ат-Тамими Амр бин әл-Асты танымағандықтан сол күнгі таң намазына имамдыққа шыққан өге адамды, Харижа бин Хузафаны өлтірді. Оның қысасы ретінде бас кесер харижит те жазаланды.

Ал Муауияға қастандық жасауға міндеттелген Бурак бин Абдуллаһ келіскен таң намазында оған шабуыл жасады. Муауия шабуылдан жаралы күйде құтылды. Ал Бурак жасаған қастандығына байланысты өлтірілді.

Алиді өлтіруге міндеттелген Абдуррахман бин Мулжам Куфаға барып, өзіне көмектесетін адамдар тапты. Меккеде жолдастарымен келіскен уақытта таң намазын оқыту үшін мешітке кіріп бара жатқан Алиге шабуыл жасады. Жараланған Али бірнеше күннен соң дүние салды (19 немесе 21 рамазан 40 хижри жыл/26 немесе 28 қаңтар 661 ж.). Абдуррахман бин Мулжам да қысас ретінде жазаланды.

Хазіреті Али заманындағы үлкен ғалымдардың бірі болатын. Ол ардақты Пайғамбардың тәрбиесімен өскен және мінезі өте көркем адам болатын. Ол ардақты Пайғамбар дүние салғанға дейін оның жанынан шықпаған, ал ардақты Пайғамбардың дүние салуынан соңғы өмірін ғылым-білімге арнады.

Хасан халифалығы

Хасан Али мен ардақты Пайғамбардың қызы Фатиманың үлкен ұлы ретінде хижреттің үшінші жылы рамазан айында (март 625 ж.) Мединеде дүниеге келген. Оның атын ардақты Пайғамбардың өзі қойып, құлағына азан оқыған.

Ол әкесі билік тағына отырғанға дейін саясаттан аулақ, тыныш өмір сүрді. Ол Осман дәуіріндегі Ифриқия мен Табаристанға жорыққа аттанырылған әскерге қатысты. Әкесі таққа отырған соң ол әкесі жағында болып, соғыстардың барлығына қатысты.

Хасанның халифа сайлануы. Халифа Али Абдуррахман бин Мулжам тарапынан ауыр жараланғанда өлім аузында жатқан Алиден жолдастары халифалыққа ұлын қоюды сұрады. Ал Али өзі оны бұйырмайтынын, бірақ, қарсы да шықпайтынын айтты.

Алидің дүние салуынан соң Хасанға Куфада биат жасалды. Биат кезінде Алланың кітабына және Пайғамбардың сүннетіне бой ұсынумен қатар басбұзарлармен соғысу шартында қосқысы келгендер болғанымен Хасан одан бас тартты.

Хасанға биат жасалған айлары Басра, Мекке, Медине, Хижаз және Иемен провинциялары өз биаттарын білдірді. Ал Мысыр мен Сирия провинциялары Муауияның қол астында болғандықтан Хасанға биат жасамады. Хасан билік басына келгеннен соң әкесінің уалилерін ауыстырмады.

Хасанның Муауиямен бейбіт келісімге келуі. Алидің өлімінен соң халифалыққа Хасанның сайлануын Муауия өзіне тиімді сәт деп білді. Осы мүмкіндікті жібермеу үшін Муауия Осман заманындағы Басра уалиі болған Абдуллаһ бин Амирді қолбасшы етіп үлкен қосынды әскерді Иракқа жіберді. Оның артынан өзі де жолға шықты. Ол жолға шығарда барлық уалилеріне хат жазып, әскерлерімен өзіне қосылуын бұйырды. Жеткілікті әскер жинай алған Муауия Мадаинге жақын маңайға дейін келді. Муауияның өзіне аттанғанын естіген Хасан әскердің жиналуына бұйрық берді. Бірақ өзін сайлаған халықтан күткеніндей әскер жиналмады. Хасан аз ғана әскерді зорға жинады.

Хасан жиналған әскерінің басына Убайдуллаһ бин Аббасты қолбасшы ретінде тағайындады. Муауия қарсыластарын ақшамен өзіне қаратуды көздейтін саяси қайраткер болатын. Алдымен ол Убайдуллаһты ақшамен сатып алуды көздеді. Оған жартысын қазір, қалған жартысын Куфаға кіргеннен соң беретін болып 1 000 000 дирхам ұсынды да өз жағына өтуін өтінді. Муауияның ұсынысын қабылдаған Убайдуллаһ әскерлері хабарсыз кезде түнде Муауияның әскеріне өтіп кетті. Қолбасшысының жау жаққа өтіп кетуінен әскердің рухы жоғалатыны белгілі.

Осы жағдайға байланысты әскерлері бас көтеріп, Хасанның ордасы тұрған жерге дейін келді. Хасанға шабуыл кезінде Хасанның үстіндегі сыртқы киімін бір әскер жұлып алды. Сонда Хасанның жанындағы адамдар оған кедергі жасады.

Муауиямен күресудің қиын екендігін ұққан Хасан онымен келісім жасауға бекіді. Муауия Хасанның ұсынысын қабылдап, оған Абдуллаһ бин Амир мен Абдуррахман бин Самураны өкілі ретінде жіберді. Муауияның өкілдері Мадаинде Хасанмен кездесіп оның шарттарын қабылдады. Хасан да халифалық құқығынан бас тартты. Хусейн мен кейбір куфалықтар келісімге қарсы шыққанымен Хасан келісімге келуден бас тартпады.

Хасанның ұсынған шарттар арасында бұрынғы текетіреске байланысты өзінің жақтастарын тұтқындамау, олардың бұрын істеген қылмыстарын кешіру, өз жақтастарының тыныштықта өмір сүруін қамтамасыз ету, Ахваздың харажын тек Хасанға беру орын алады.

Хасан халифалықтан бас тартқаннан соң Муауия Куфаға келіп, халықтың алдында Хасанның, Хусейннің және басқа да әһли байт өкілдері мен жақтастарының биатын алды (29 шілде 661 ж.)осылай шамамен алты айға созылған Хасанның халифалығы аяқталды. Осы келесіммен ислам әлеміне қайта бір шаңырақ астына топтасты.

Хасан Муауияға биат жасағаннан соң туыстарымен бірге Мединеге қоныс аударды да өмірінің соңына дейін сонда қалды. Ол осыдан соң саясатқа мүлдем араласпады.

15-16 лекция

ОМАЙЯДТАР ДИНАСТИЯСЫ

Умая бин Абди Шамс бин Абдуманаф пен немере ағасы Хашим бин Абдуманаф Құрайш тайпасының алдыңғы қатарлы көсемдерінің бірі болған және осы екі әулет арасындағы бақталастық Мұхаммедтің пайғамбарлығы тұсында да жалғасын тапты. Бәдір шайқасында пайғамбардың қасында Умая әулетінен бірнеше адам ғана болған. Бәдір шайқасында Умая әулетінен Утба бин Рабия мүшіріктерге қолбасшылық етсе, Ухуд пен Хандак шайқастарында Умая әулетінен Әбу Суфиян бин Харб мүшіріктердің қолбасшысы болды.

Осы екі әулет арасындағы бақталастық жәһилият дәуірінен басталып, аббастықтар билігінің құлауына дейін жалғасын тапты. Пайғамбарлықтың соңғы жылдары Хашим әулетінің беделі өсіп, ал омайядтардың беделі төмендеген болатын. Әбу Бәкір мен Омардың кезінде де олар билік тізгініне қол жеткізе алмады. Ал Османның халифалық таққа отыруымен олар бұрынғы билігіне қол жеткізуге тырысты. Өйткені, Осман Омайядтар әулетінен болатын. Османның жұмсақ, ақкөңіл, ешкімнің көңілін қалдырмайтын мінезін пайдаланып олар мемлекеттік билікке орналаса бастады. Осының нәтижесінде екі әулет арасындағы бақталастықтың аяғы өшпенділікке, бір-бірінің қанын төгуге жалғасты. Омайядтар әулеті Муауия халифалық дәуірінен басталады да 750 жылы аталған әулетті аббастықтар құлатады. Алайда бұл әулет Испания жерінде Кордова халифатын құрып одан ары билігін жалғастырған.