- •Ауру дамуының негізгі кезеңдері (периодтары) және аурудың ақыры
- •Терминалдық жағдайлар. Өлу-кезеңді үрдіс.
- •Реанимацияның патофизиологиялық аспектілері.
- •Реанимацияның қоғамдық-деонтологиялық аспектілері
- •Қанайналым, тынысалу және метаболиттік бұзылыстарды қалпына келтіру ұстанымдары
- •Постреанимациондық бұзылыстар (кезењі)
- •Реанимациядан кейінгі қайтымсыз үрдістер
- •Дәрігерге дейінгі реанимация шаралары.
- •Адам ауруы
- •Ағзаның жүйелік құрылымы
- •Функционалдық элемент
- •Организмнің өлім этаптары
Қанайналым, тынысалу және метаболиттік бұзылыстарды қалпына келтіру ұстанымдары
Жүректің және тынысалудың тоқтауы, қайтымсыз биологиялық өлімнің басталғанын көрсетпейді. Биологиялық өлім алдында 3-5 мин. клиникалық өлім болады, бұл кезде егер жедел шараларды қолданса, онда мидың адекватты функциясы аясында жүрек және тыныс алу қызметін қалпына келтіруге болады. Бұл маңызды мезет, себебі жүрек жұмысын одан кеш уақытта, ми қыртысы жасушаларының қызметі қайтымсыз жоғалғаннан кейін де, қалпына келтіруге болады. Бұл қоғамдық өлімді білдіреді, әрине егер, жүрек жұмысын және тыныс алуды қалпына келтіре алса. Өкінішке орай практика мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін көрсетеді. Сондықтанда, жүрек тоқтағаннан кейін, дененің қалыпты температурасында ми қыртысының жасушалары 3-5 мин. ғана гипоксияға шыдай алатынын естен шығармауымыз керек. Бұл жерде реанимация шараларын жылдам, созбай жүргізу керектігі көрініп тұр. Бұл шаралар қаншалықты ерте басталса, соншалықты жақсы аяқтамаға мүмкіндік ұзарады және бұл жерде уақыт есебі минутпен емес, секундпен өлшенетінін ескеру керек.
Жедел медициналық көмекті үлгілі ұйымдастырған уақытта да, дәрігер шақыру түскен уақыттан бастап, жағдай болған мекенге жетуге дейін кем дегенде 10-15 мин. кетеді. Міне осы аз уақыт аралығы, дәрігер келгенге дейініг науқас тағдырын шешеді. Соныдықтан да тұрғындарға реанимация негіздерін оқыту әр түрлі себептерден жүрегі тоқтап қалған, мыңдаған зардап тартушылардың өмірін сақтауға негіз болатындықтан, маңызды мемлекеттік мәнге ие болады.
Мұндай себептер өте көп, мысалы: миокард инфаркты травма, суға бату, улану, найзағай немесе электр тоғынан зақымдалу, миорелаксанттар немесе анестетиктердің әсерінен улану, жедел жалпы қансырау, мидың өмірлік маңызды орталықтарына қан құйылу, гипоксия және жедел жүрек жеткіліксіздігімен асқынған аурулар, т.б. Барлық осындай жағдайларда кешіктірмей жылдам қанайналым және тынысалуды қамтамасыз етудің жасанды шараларын бастау керек.
Көп жылғы тәжірибелер көрсеткендей, ең эффективті және қолайлы реанимация шаралары жүректің сыртқы массажы және жасанды тыныс алуды белгілі әдіс-зардаптаратушының өкпесіне белсенді түрде ауа үрлеу болып табылады. Ең алдымен, тірілту әдістерін сипаттамас бұрын, жүрек және тыныс тоқтауының диагностикалық белгілерін, яғни, клиникалық өлімінң басталуының көріністерін сипаттайық:
естен тану;
ұйқы немесе сан артерияларында пульстің жоғалуы;
апноэ (диспноэ);
қарашықтың кеңеюі және жарыққа серпілісінің жоғалуы (қанайналым тоқтағаннан кейін, 1 минкттан соң пайда болады).
П. Сафардың жүргізуімен, организмді тірілту үш фазадан тұрады деп көрсетілген:
І Фаза (жедел оксигенация фазасы)-негізгі қолданылатын шаралар организмнің өмірлік іс-әрекетін ұстап тұруға бағытталған. Бұл фаза бірнеше кезектескен қатарлардан тұрады:
Тыныс алу жолдырының өткізгіштігін қалпына келтіру және бақылау.
Зардаптартушының өкпесіне оксигенация және ИВЛ
Ірі тамырлардың пульсациясын анықтап, қанайналымды ұстап тұру үшін, немесе демеу үшін жүрекке массаж жасау, шок кезінде зардаптартушының қансырауын бақылау және сәкесті таңу.
ІІ Фаза (өзіндік қанайналымды қалпына келтіру фазасы)-әрі қарай қолданылатын шаралар өзіндік қанайналымды және артериалдық оттекті тасымалдауды қалпына келтіріп, нормаға жақындату арқылы, өкпе-жүрек жүйесінің жұмысын тұрақтандыру бойынша жүргізіледі. Бұ үш кезеңнен тұрады:
Фармокологиялық заттарды енгізу және ерітінділердің венаішілік инфузиясы
Электрокардиоскопия (электрокардиография)
Электрлік дефибриляция
ІІІ Фаза (Ми реанимациясы және постреанимациялық интенсивті терапия фазасы)-ұзартылған фаза шаралары мидың және басқа да өмірлік қажетті ағзалардың адекватты функциясын қалпына келтіру, сақтау және даму бойынша жүргізіледі. Бұл фаза да үш кезеңнен тұрады:
Жүрек тоқтауының себебін анықтау және емдеу. Зардаптартушының құтқарылуы мүмкіндіктерін анықтау.
Жаңа құралдар және әдістер арқылы мидың функциясын толық қалпына келтірі бойынша шаралар жүргізу.
Посреанимациялық кезеңде өмірлік маңызды мүшелердің ұзақ интенсивті терапиясы.
Тағы да бір айта кету орында, диагнозы анықтау уақыты мейілінше қысқа болу керек!
Жүрек-өкпе-мишық реанимация. Анестезиология және реаниматологияның дамуы, әр түрлі мемлекеттерде соңғы он жылдықта организмді тірілту бойынша жиналған зерттеулер және тәжірибелердің жүйеленуі, ағзаны тірілту терминологиясына, әдісіне және техникасына жаңа өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді. Жекелегенде, кеңінен тараған “жүрек-өкпелік реанимация” термині, логикалық өзгерту бойынша “жүрек-өкпе-мишық реанимация” деп өзгертілді, себебі соңғы нәтиже, яғни тұлғаның толық қалпына келуі, тек тірілту бойынша алғашқы жедел шаралар жылдамдығына және эффективтілігіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар қалпына келтіру бойынша әрі қарайғы қазіргі интенсивті емдеу шараларының, басты орында мидың, сонымен бірге өмірлік қажетті мүшелердің қызметін қалпына келтіру және тұрақтандыру үшін жүргізілуіне де тәуелді.
