Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нозология.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

Реанимациядан кейінгі қайтымсыз үрдістер

Өлу үрдісінде науқаста бірінші есі өшеді, кейін шамалы уақыттан соң сопақша мидың қызметі өшеді-тыныс тоқтап, ең соңында жүрек өшеді.

Адам денесінде мүшелер мен ұлпалардың өлімге әртүрлі тұрақтылығы және олардың әртүрлі уақытта өлуі және жүректің айтарлықтай кеш өлуі, миға қарағанда изоляцияланған жүректің тірілу фактын көрсетеді. А.А. Кулябко (1902) одан соң С.В.Андреевпен (1952) жүректі мәйіттен алып тірілтуге болатындығын, өлгеннен кейін 1-2 сағаттан соң, бірнеше күннен кейін алса да тірілтуге болатындығын көрсетеді. Әрине, бұл уақытта өлген миды тірілту туралы ой ешкімге келмесі анық. Егер тұрақты, абсалютті дәл критерилермен мидың барлық бөлім қызметінің қайтымсыз тоқтауын анықтағаннан кейін, бірақ жүрек тоқтамай тұрып, жасанды тыныс алуды бастаса, онда жүрек 2-5 аптаға дейін тоқтамай соға береді. Мұндай жағдай «вегетативті өмір» деп аталады. Әрине, бұл жерде біз қаншама реанимациялық шараларды мидың тірілту үшін жасатылса, өлген ми ешқашан да тірілмейді, мұндай децеребрленген науқастарға есі қайтып орнына келмейді.

Бұл кезде міндетті түрде айыра білу керек:

  1. Тұрақты декортикация және вегетативті жағдай кезінде, мидың жоғары бөлімінің қайтымсыз бұзылуы уақытында ми бағанының, бірқатар қыртысасты-бағандық немесе бағандық серпілістердің сақталуын, жекелеп айтқанда өзіндік тыныс алудың сақталуы

  2. «Ми өлімі» жағдайы, яғни мидың барлық бөлімінің тотальді өлуі кезін.

Ми өлімі кезінде изоляцияланған жасушалар және мүшелердің өмір сүруі сақталуы мүмкін, бірақ адам біртұтас, тұлға терінде енді ешқашанда болмайды. Аза бүтіндігін, біртұтастығын көрсететін барлық шышандар өлді, жойылды, қалғаны тек «тірі қалған» қызметі минимумға дейін жеткен жеке биологиялық функциялар.

Дәрігерге дейінгі реанимация шаралары.

Жасанды өкпе вентиляциясы. ЖӨВ әдәсә зардаптартушының өкпесіне белсенді түрде ауа жіберудің ең эффективті түрі. Дем шығарған ауа ішінде 16-18% оттегі бар екені белгілі, бұл зардаптартушыға толық қанағаттанарлық газалмасуды қамтамасыз етуге жеткілікті. Сондықтан да қарбалас сәтте ЖӨВ ауызға-ауыз немесе ауызға-мұрын әдісімен шұғыл түрде бастаған дұрыс, себебі ауа немесе оттегі көмегімен ЖӨВ қоюға біз қымбатты секундтарымыздан айырылып қалуымыз мүмкін.

Байқап өту керек, көптеген жазба еңбектеріне жасанды тыныс алудың әртүрлі әдістері (Сельвестр, Хольгер-Нильсн, Шиффер және т.б. бойынша) зардаптанушының өкпесіне ауаның пассивті түсуіне негізделген, сондықтан да олар қажетті эффективті емес.

Жүректің сыртқы массажы. Жүрекке сыртқы массаж әдісінің мәнінде, төс пен омыртқа арасындағы жүректі басу арқылы қанды үлкен және кіші қанайналым шеңберінің ірі тамырларына итеріп, айдап шығару жатыр, осылайша өмірге маңызды мүшелердің қанайналымын және қызметін демеп тұрамыз.

Соңғы жылдардағы зерттеулерге келісті (Вильдер, Гаррис, Вейстфельд) жүрекке сыртқы массаж жасау кезіндегі қанның қозғалыс механизмі екі жақты:

  1. Жүректі тікелей қысу және оның қуысынан қанды итеріп шығару (әсіресе, егер жүрек үлкен және көкірек эластикалығы жақсы болса).

  2. Көкірекішілік қысымның айытқып, өзгеріп отыруы (көкірекішілік насос), жасанды тыныс алуды жүргізгенде күшейіп, оң қысымға жылжуы мүмкін, бұл көрсетілген ЖӨВ әдісі әлсіз «тамшылы» қанағысын (жүректің сыртқы массажысыз) қамтамасыз ететіні бесенеден белгілі.

Иллюстрациялық материалдар:

Кестелер:

1. Организмнің өлім этаптары.

2. Адам ауруы.

3. Ағзаның жүйелік құрылымы.

1. кесте