Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нозология.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

Постреанимациондық бұзылыстар (кезењі)

Реанимация және жүрек-тамыр мен тыныс жүйесін қалпына келтіру кезңінен кейін, әртүрлі мүшелер және жүйелерде постреанимациондық дерт дамиды, реанимациядан кейінгі дамитын дерттер-постреанимациялық аурулар деп аталады, оны алғаш рет В.А. Неговский сипаттаған (1979).

Жағдайдың жақсы ағымында реанимациядан кейінгі кезең орта есеппен 5 тәулікке созылады.

Неговский және қызметтері мәліметтері бойынша постреанимациялық период 3 кезеңнен тұрады: функцияның уақытша тұрақтануы, жағдайдың қайта нашарлауы және қызметтердің қалыпқа келу кезеңінен. Бұл мәлімет жалпы қансыраған, травмаланған және шок құбылысы бар 1539 науқасты емдеу нәтижелерінің анализіне негізделген.

Функцияның уақытша тұрақтану кезеңі дұрыс емдесе реанимациядан кейін 10-12 сағаттан соң басталады. Науқастың жалпы жағдайы алғашқы болжамдарға қарамастан жақсарады; артериялық қысым тұрақтанады. Сонымен бірге жалпы қанжоғалтуда, орнын толтыруға қарамастан, гиповолеэмия-жалпы айналымдағы қан көлемінің 30%-ға дейін азаюы, гипопратейнэмия-жалпы плазмадағы белок үлесінің 60г/л төмендеуі анемия-гемоглобин 100г/л төмен, сақталады, сонымен бірге шеткері қанайналымда бұзылыстар байқалады, циркуляторлық және анемиялық гипоксия байқалады, аяғына дейін тотықпаған алмасу заттарының көптеп жиналуы-қалыпты рН-та лактат және органикалық қышқылдардың көлемі қан плазмасында 1,5-2 есе көбеюі. Калидің зәрмен белсенді шығарылуы және натридің жиналуы, функционалдық олигоурия және анурияның дамуы, ағзада су тапшылығы және бүйректе қанайналымның бұзылуынан. Гипокоагуляция реанимацияның алғашқы сағаттарына және онан кейін коагуляция қалпына келіп, гиперкоагуляцияға ұласуы мүмкін. Бұл кезеңдегі науқастарға көрсетілген ем, анықталған гемеостаз бұзылыстарын коррекциялауға бағытталуы керек. Бұл үшін ИВЛ және инфузды терапияны жалғастырып, орталық веналық қысымын және жалпы айналымдағы қан көлемін, сағаттық диурезді, жүйелік гемодинамикалық, шеткері қанайналымды, қанның және зәрдің биохимиялық құралын бақылап отыру керек.

Науқас жағдайының қайта нашарлау кезеңі бірінші тәулік аяғында және 2-ші тәулік басында байқалады. Жалпы жағдайдың нашарлауынан басқа артериялдық гипоксемия (артериялық қанда оттегінің парциалдық қысымының РаО2-нің 80мм. с.б.б.-нан төмендеуі, артериялық қанның оттегімен қанығуы-aО2 92% -дан төмен) дамиды. Бір уақытта гиперкоагуляция жоғарылайды; сақталған циркуляторлық және анемиялық гипоксияға гипоксиялық анемия қосылады. Газ алмасу бұзылысының жетекші механизмі кіші қанайналым шеңберіндегі циркуляциялық бұзылыстар: тамырларда микротромбтар және май тамшыларымен эмболизация жүріп, үлкен қанайналым шеңберіне өтеді, өкпеде ұлпалардың зат алмасуы бұзылады. Аталған себептер осы кезеңде-ақ жедел өкпелік жеткіліксіздікке-“шоктық өкпенің” дамуына әкеледі. Ұзақ гиповолемия “шоктық бүйрекке” әкеледі. Сақталған гиповолемия шеткері қанайналым бұзылуының аясында гипоксияның тереңдеуі, гликолиздің күшеюіне, организмнен калидің белсенді шығарылуына, су-эликтролит балансының бұзылуына және көп жағдайда метаболиттік алкалоздың дамуына әкеледі. Бұл кезеңде емдеудің негзізгі мақсаты симптомдық терапиямен бірге жедел өкпе және бүйрек жеткіліксіздігін коррекциялау болып табылады. Гиперкоагуляцияны жою, газ алмасуды қалыпты деңгейде ұстап тұруға жағдай жасайды. Бұл фазада антикоагулянттарды тағайындау ұсынылады.

Постреанимациялық периодтың қолайсыз ағымында 3-5 тәулікте гипоксия өршіп, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылыстары өрістейді.

Реанимациядан кейініг алыстаған кезеңде клиникалық өлімге ұшыраған немес гипотензиямен көп қанжоғалтқан науқастарда 3-4 айдан кейін психоневрологиялық бұзылыстар пайда болып, 6-12 айда өршіп, 2-3 жыл бойы сақталуы мүмкін, одан да көп уақыт сақталуы да мүмкін. Көбінесе невростениялық синдром байқалады. Жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдеріне зақымдалу ошақтар пайда болып, бағана-мишықтық бұзылыстармен, пирамидалық синдроммен көрініс береді.