Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. лабор.практикум с органикой.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

3. Зертханалық жұмыстардың мазмұны

№ 1 зертханалық жұмыс

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

Жұмыстың мақсаты: бейорганикалық қосылыстарды жіктеу, олардың арасындағы генетикалық байланыс және құрамы мен қасиеттері жайлы алған білімді жинақтап тұжырымдау.

Құралдар мен реактивтер: зертханалық сынауықтар, газ шығаратын түтігі бар сынауықтар, мәрмәр, CaO, Zn (түйіршіктері), H2O (дистилденген), ерітінділер (0,1 н): HCl, Ca(OH)2, NaOH, H2SO4, CuSO4, ZnCl2, NaCl, Na2CO3, AlCl3, Na2SO4, BaCl2, фенолфталеин, метилоранж, әмбебап индикаторлық қағаз.

Жай заттар. Молекулалары бір элементтің атомдарынан тұрады. Химиялық реакцияларда басқа заттардың түзілуімен ыдырай алмайды.

Күрделі заттар (немесе химиялық қосылыстар). Молекулалары әр түрлі элементтің атомдарынан тұрады. Химиялық реакцияларда бірнеше басқа заттардың түзілуімен ыдырайды.

Оксидтер (негіздік, қышқылдық, амфотерлік)

Негіздік оксидтер деп қышқылдар немесе қышқылдық оксидтермен әрекеттескенде тұздар түзетін оксидтерді атайды. Негіздік оксидтерге негіздер сәйкес келеді. Мысалы, СаО кальций оксидіне Са(ОН)2 кальций гидроксиді сәйкес келеді.

Қышқылдық оксидтер деп негіздермен немесе негіздік оксидтермен әрекеттескенде тұздар түзетін оксидтерді атайды. Олар сумен әрекеттескенде қышқылдар түзіледі. Мысалы, көміртек (ІV) оксиді – СО2 көмір қышқылын– Н2СО3, азот (V) оксиді – N2O5 азот қышқылын –HNO3 түзеді.

Қышқылдық оксидтер сәйкес қышқылдардан суды бөлу жолымен де алынуы мүмкін, сондықтан оларды қышқылдық ангидридтер деп те атайды.

Амфотерлі оксидтер деп қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттескенде тұздар түзетін оксидтерді атайды. Амфотерлі оксидтерге ZnO, Al2O3 , SnO , SnO2 ,PbO2, Cr2O3 жатады.

Қышқылдар деп ерітіндіде диссоциацияланып, сутек иондарын түзе алатын заттар аталады. Қышқылдарға тән қасиеттер олардың негіздермен, негіздік және амфотерлі оксидтермен әрекеттесіп тұз түзе алулары. Мысалы:

2HNO3+Cu(OH)2=Cu(NO3)2+2H2O

2HCl+CaO=CaCl2+H2O

H2SO4+ZnO=ZnSO4+H2O

Құрамында оттектің бар болуына байланысты қышқылдар оттекті (H2CO3, HNO3) және оттексіз (HCl, HBr, H2S) болып бөлінеді. Қышқыл молекуласында металл атомдарымен алмаса алатын сутек атомдарының санына байланысты қышқылдар бір негізді (HCl, HNO3), екі негізді (H2SO3, H2CO3), үшнегізді (H3PO4) және т.б болып бөлінеді.

Негіздер – ерітіндіде диссоциацияланып гидроксид-иондарын (ОН-) түзе алатын заттар. Негіздер қышқылдармен, қышқылдық немесе амфотерлік оксидтермен әрекеттесіп, тұз түзе алады:

KOH+HCl=KCl+H2O

Ba(OH)2+CO2=BaCO3+H2O

2NaOH+Al2O3=2NaAlO2+H2O

Негізге қосыла алатын протондар (Н+) санына байланысты негіздер бір қышқылды (LiOH, KOH, NH4OH), екі қышқылды (Ca(OH)2, Fe(OH)2) және т.б болып бөлінеді.

Амфотерлі гидроксидтер – сулы ерітінділерде қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады.

Zn(OH)2+2HCl=ZnCl2+2H2O

Zn(OH)2=H2ZnO2

H2ZnO2+2NaOH=Na2ZnO2+2H2O

Амфотерлі гидроксидтерге Zn(OH)2, Al(OH)3, Pb(OH)2, Sn(OH)2, Cr(OH)3 жатады.

Тұздар қышқыл молекуласындағы сутек атомдарының металл атомдарымен толық немесе жартылай алмасу нәтижесінде түзілетін өнімдер немесе металл гидроксиді молекуласындағы гидроксо топтардың қышқыл қалдықтарымен толық немесе жартылай алмасу нәтижесінде түзілетін өнімдер. Қышқыл молекуласындағы сутек атомы толық алмастырылса орта тұздар, ал жартылай алмастырылғанда қышқыл тұздар (гидротұздар) түзіледі. Қышқыл тұздар көп негізді қышқылдардан алынады.

Негіздер молекуласындағы гидроксотоптар қышқыл қалдықтарымен жартылай алмастырылғанда негіздік тұздар (гидроксотұздар) түзіледі. Мысалы:

Н2SO4+NaOH=NaHSO4+H2O

Fe(OH)3+H2SO4=FeOHSO4+2H2O