- •1 Қауіпсіздік техника ережелері
- •1.1 Реактивтерді пайдалану ережелері
- •1.2 Химиялық зертханада жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік техникасы ережесі
- •1.3 Жазатайым жағдайларда бiрiншi дәрiгерлiк жәрдем көрсету
- •2 Жұмысты орындау және есеп беру реті
- •2.1 Жұмысты орындау реті
- •2.2 Есеп беру реті
- •3. Зертханалық жұмыстардың мазмұны
- •1 Тәжірибе. Негіздік оксидтердің қасиеттерін зерттеу
- •2 Тәжірибе. Қышқылдық оксидтердің қасиеттерін зерттеу
- •3 Тәжірибе. Сілтілер және қышқылдар ерітінділерінің ортасын анықтау
- •4 Тәжірибе.Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу
- •Жұмысты орындау реті
- •Химиялық кинетика және химиялық тепе-теңдік
- •Жұмысты орындау реті
- •1 Тәжірибе. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі
- •2 Тәжірибе.Реакцияжылдамдығынатемператураныңәсері
- •3 Тәжірибе. Заттардың концентрацияларының химиялық тепе-теңдікке әсері
- •Ерітінділердің қасиеттері
- •Еру кезінде байқалатын жалпы жылу эффектісі қатты зат ерігенде жүретін әр түрлі үрдістердің жылу эффектілерінің алгебралық қосындысына тең болады:
- •Энергия, н(ы) – кристалдық торды бұзу үшін жұмсалатын энергия.
- •Жұмысты орындау реті
- •1 Тәжірибе. Дегидраттану реакциясы
- •2 Тәжірибе. Гидраттардың түзілуі және олардың қасиеттері
- •3 Тәжірибе. Еру кезіндегі жылу эффектісі
- •4 Тәжірибе. Аса қаныққан ерітінділер
- •5 Тәжірибе. Ерітінділердің қайнау температуралары
- •Электролиттік диссоциалану
- •Жұмысты орындау реті
- •1 Тәжірибе. Қышқылдар және негіздердің индикаторларға әсері
- •2 Тәжірибе. Ерітінділердің электрөткізгіштігі. Диссоциалану дәрежесінің еріткіштің табиғатына, әлсіз электролиттің концентрациясына тәуелділігі
- •3Тәжірибе. Ерітіндігеаттасиондардықосқандағыиондықтепе-теңдіктіңығысуы
- •Металдар коррозиясы
- •Жұмысты орындау реті
- •Көмірсутектер.Алкандаржәнеалкендер
- •Жұмысты орындау реті
- •1 Тәжірибе.Сұйық алкандардың реакциялары
- •Спирттер. Бір және көп атомды спирттер
- •Жұмысты орындау реті
- •1 Тәжірибе. Спирттердің судағы ерігіштігі, индикаторларға әсері, жануы
- •2 Тәжірибе. Этил спиртіндегі суды анықтаужәне спиртті сусыздандыру
- •3 Тәжірибе. Мыс глицератын алу
- •Карбон қышқылдары. Бір негізді карбон қышқылдары
- •Жұмысты орындау реті
- •1 Тәжірибе.Қаныққан карбон қышқылдарының судағы ерігіштігі
- •2 Тәжірибе. Минералды және карбон қышқылдарының күшін салыстыру
- •3 Тәжірибе.Сірке қышқылының қасиеттері
- •Әдебиеттертізімі
- •Қосымша
- •Қышқылдар, негіздер және тұздардың судағы ерігіштігі
- •Күшті және әлсіз электролиттер
- •Металдарбелсенділігініңқатары
- •298К-дағы әлсіз электролиттердің диссоциаланутұрақтылары
- •150С-дағы қышқылдар, сілтілер және тұздардың әртүрлі концентрлі ерітінділерінің тығыздығы (г/см3)
- •Металдардың стандартты электродтық потенциалдары(сутек бойынша)
- •ЖүйелікемесбірліктержәнеСИжүйесібірліктерінің арасындағықатынас
- •Си халықаралық жүйесінің кейбір бірліктері
- •Кейбір негізгі физикалық тұрақтылар
- •Физикалық шамалардың шартты белгіленуі,аттары және бірліктері
- •Бірлік аттарына ондық тіркестер
- •Грек алфавиті
Жұмысты орындау реті
1 Тәжірибе. Негіздік оксидтердің қасиеттерін зерттеу
Екі сынауыққа кальций оксидін салыңыз. Бірінші сынауыққа су, содан кейін фенолфталеиннің бір тамшысын тамызыңыз, ал екіншісіне тұз қышқылын құйыңыз. Реакция барысы қалай өтіп жатқанын белгілеп, химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз. Бірінші сынауықта фенолфталеин неге қызылдау түске боялғанын түсіндіріңіз.
2 Тәжірибе. Қышқылдық оксидтердің қасиеттерін зерттеу
Қышқылдық оксид алу үшін сынауыққа мәрмәрдің бірнеше кесегін салып, тұз қышқылын қосыңыз. Содан кейін сынауықты газ шығаратын түтігі бар тығынмен жауып, түтіктің ұшын дистилденген су құйылған сынауыққа салып біраз уақытқа қалдырыңыз, біраз уақыт өткен соң, түтікті кальций гидроксиді бар сынауыққа салыңыз. Не байқадыңыз?
Суы бар сынауықта реакцияның өткеніне көз жеткізу үшін оған әмбебап индикатор кағазын салыңыз, ал тағы бір қағазды басқа сынауыққа дистилденген су құйып, оған да индикатор қағазын салып, түстерін салыстырыңыз. Бақылағанқ ұбылыстарға түсініктеме беріңіз. Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.
3 Тәжірибе. Сілтілер және қышқылдар ерітінділерінің ортасын анықтау
Бір сынауыққа натрий гидроксидінің ерітіндісін, ал екіншісіне күкірт қышқылын құйып, әмбебап индикатор қағазының көмегімен ортасын анықтаңыз. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңыз.
4 Тәжірибе.Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу
а) Сынауыққа күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, әмбебап индикатор қағазының көмегімен ортасын анықтаңыз. Осы сынауыққа қышқылдың мөлшеріндей мөлшерде сілті ерітіндісін құйып, қайтадан ерітіндінің ортасын анықтаңыз. Неге әмбебап индикатор қағазы түсін өзгертті? Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.
б) Сынауыққа металл мырышының түйіршігін салып, күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Не байқадыңыз? Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.
5 тәжірибе. Негіздерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу
Сынауықтағы мыс сульфатының ерітіндісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін тұнба пайда болғанша құйыңыз. Түзілген тұнбаны екіге бөліңіз. Бір бөлігіне натрий гидроксидінің ерітіндісін, екінші бөлігіне күкірт қышқылының ерітіндісін қосыңыз. Барлық қажетті реакция теңдеулерін жазыңыз және бұл реакция нәтижесінде пайда болған өзгерістерді белгілеңіз.
6 тәжірибе. Амфотерлік гидроксидті алу және қасиеттерін зерттеу
Амфотерлі гидроксид алу үшін мырыш хлориді тұзының ерітіндісіне натрий гидроксидін тамшылатып тұнба пайда болғанша құйыңыз. Алынған тұнбаны екі бөлікке бөліп, бір бөлігіне сілті, ал екінші бөлігіне қышқыл қосыңыз. Не байқадыңыз? Химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.
7 тәжірибе. Тұздардың металдармен әрекеттесуі
Сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған мырыш металының түйіршігін салыңыз. Не байқадыңыз. Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.
8 тәжірибе. Тұздардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі
2 сынауыққа натрий сульфатының ерітіндісін құйыңыз. Біріншісіне натрий хлоридінің, ал екіншісіне барий хлоридінің ерітіндісін қосыңыз. Неге реакция тек 2-ші сынауықта ғана өтіп жатыр? Химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.
Бақылау сұрақтары:
Қандай оксидтер негіздік, қышқылдық және амфотерлік деп аталады?
Негіздік, қышқылдық және амфотерлік оксидтерге қандай жалпы қасиеттер тән?
Қандай заттар негіздер, қышқылдар деп аталады?
Қандай химиялық реакция бейтараптану реакциясы деп аталады?
Кальций және мыс сұйылтылған күкірт қышқылымен қалай әрекеттеседі?
Kелесі тұздардың диссоциация теңдеулерін жазыңыз: K2SO4, KHSO4, Fe(OH)2Cl, FeCl3
Барий сульфатын алудың барлық мүмкін химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.
Неге күміс нитраты тұз қышқылымен де, натрий хлоридімен де әрекеттеседі? Сәйкес теңдеулерді молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
№2зертханалық жұмыс
