Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. лабор.практикум с органикой.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

Химиялық кинетика және химиялық тепе-теңдік

Жұмыстың мақсаты: әрекеттесуші заттардың концентрацияларының, температураның химиялық реакция жылдамдығына, заттар концентрациясының химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер етуін зерттеу.

Құралдар мен реактивтер: зертханалық сынауықтар, химиялық стакан, пипеткалар (5мл), термометр(50-1000С-ға дейін), шпатель, электр пеші, Na2S2O3 (5% ерітіндісі), KCl (құрғақ тұз), ерітінділер (0,1 н): H2SO4, FeCl3, KCNS немесе NH4CNS.

Химиялық реакцияның жылдамдығын кесімді уақыт ішінде (секунд, сағат, жыл) реакцияласушы заттардың концентрацияларының өзгеруімен өлшейді.

Концентрация дегеніміз көлем бірлігіндегі заттың мөлшері.

Реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына, олардың концентрациясына, температураға және жүйедегі катализатордыңқатысуына тәуелді.

Әрекеттесуші массалар заңы)

Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.

Мысалы, А+В2АВ2 реакциясы үшін, әрекеттесуші массалар заңы келесі түрде өрнектеледі:

v=k[A]·[B2]

Бұл теңдеуде [A] және [B2] – реакцияға түсетін заттардың концентрациялары, ал пропорционалды коэффициент – k реакция жылдамдығыныңтұрақтысы.Жылдамдық тұрақтысы– k әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелді болады. Әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегі, яғни кинетикалық теңдеуі А+2В=АВ2 реакциясы үшін келесі түрде өрнектеледі:

v=k[A]·[B]2

Гетерогенді реакцияларда қатты күйдегі заттардың концентрациялары реакция барысында өзгермейді, сондықтан әрекеттесуші массалар заңыныңкинетикалық теңдеуіне қосылмайды.

Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі Вант-Гофф ережесіменанықталады:температура әрбір 100С-қа өзгергенде реакция жылдамдығы 2 – 4 есе өзгереді:

мұндағы γ– температуралық коэффицент.

Химиялық реакция жүргенде бастапқы заттардың концентрациялары азаяды, бұл тура реакция жылдамдығының кемуіне алып келеді. Егер реакция қайтымды болса, онда реакция тура және кері бағытта да жүре алады. Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болғанда химиялық тепе-теңдік күйі пайда болады және реакцияға қатысушы заттардың концентрациялары ары қарай өзгермейді.

А + В ↔ С + Д реакциясы үшін:

тура реакция жылдамдығы v=к[А]·[В]

кері реакция жылдамдығы v←=к←[С]·[Д]

Химиялық тепе-теңдік күйінде v= v←, яғни к[А]·[В]=к←[С]·[Д]

Осыдан, , мүндағы К–реакция тепе-теңдігініңтұрақтысы.

Тепе-теңдік тұрақтысының өрнегіне кіретін концентрациялартепе-теңдік концентрациялары деп аталады. Тепе-теңдік тұрақтысы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым реакция өнімдерінің шығымы көп болады.

Химиялық термодинамикада химиялық реакцияның жалпы жағдайы

аА+вВсС+дД үшін тепе-теңдік тұрақтысы:

Гетерогенді жүйеде тепе-теңдік тұрақтысыныңөрнегіне тек сұйық және газ күйдегі заттардың концентрациялары кіреді, себебі қатты заттардың концентрациялары тұрақты болып қалады.

Катализатор тепе-теңдік тұрақтысының мәніне әсер етпейді, себебі ол тура және қайтымды реакциялардың белсендіру энергиясын төмендетеді. Катализатор реакция өнімдерінің шығымына әсерін тигізбейді, ол тек тепе-теңдікке жетуді жылдамдатады.

Реакцияныңжүру жағдайы өзгергенде, (температура, қысым, реакцияға қатысатын заттардың концентрациялары) тура және кері үрдістердің жылдамдықтары бірдей өзгермейді, сондықтан химиялық тепе-теңдік бұзылады. Реакцияның берілген бір бағытта өтуі нәтижесінде бастапқыдан өзгеше, жаңа химиялық тепе-теңдік күйі орнайды. Бір тепе-теңдік күйден жаңа тепе-теңдік күйге өту химиялық тепе-теңдіктің ығысуы деп аталады. Бұл ығысудың бағыты Ле-Шателье – Браун принципіне бағынады: Егер тепе-теңдік күйдегі жүйеге бір әсер тигізілсе, онда тепе-теңдік сол әсерді азайту бағытына қарай ығысады.

Мысалы, температураның жоғарылауы тепе-теңдіктің жылуды сіңіруімен, яғни жүйені суытумен жүретін реакция бағытына ығысуына; қысымның жоғарылауы тепе-теңдіктіңгаз тәріздес заттардың мольдерініңжалпы санының азаюы бағытына, яғни қысымның төмендеуіне алып келетін бағытқа ығысуына; жүйеден реакция өнімдерінің біреуін алып тастау тепе-теңдіктің тура реакция жағына ығысуына; бастапқы заттардың біреуінің концентрациясының азаюы тепе-теңдіктің кері реакция бағытына ығысуына алып келеді.