- •Мазмұны
- •1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.
- •1. 1. Еңбекақының мәні, қызметтері және қағидалары
- •1.2 Еңбекақының формалары мен жүйелері.
- •1.3 Туристік кәсіпорындарда еңбекақы қорын пайдаланудың тиімділігі
- •2. Туристік кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
- •2.1 Туризм саласындағы еңбекақы мен еңбек қоры
- •2.2 Еңбек қоры және оның болмысы.
- •2.2 Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.
1. 1. Еңбекақының мәні, қызметтері және қағидалары
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Кәсіпорын жұмысшының табысына өндіріс шығындарына кіретін жалақы, еңбек және әлеуметтік ақшалай төлемдер, пайдадан алынатын сыйақылар, сонымен қатар кәсіпорын мүлкіне қосқан үлесі мен акцияларына алатын дивиденттер, заттай алатын өнімдер және т.б. табыстар кіреді. Жалақы – материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді тқтыну қорының бір бөлігі болып табылады. Ол жұмысшыларға еңбектерінің саны мен сапасына және нәтижелігіне байланысты төленеді.
Нарықтық экономика жағдайында жалақының мәні мен төмендегі аспектілерден құралады:
Жалақы – еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бағасы;
Жұмыс күші бағасының материалдық, заттық көрінісі болып тқтыну заттарының бағалары (азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, салықтардың және басқа төлемдердің бағалары); олар жұмыс күшінің ұдайы өндірісін, олардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (жұмыс күшінің өзінің және оның асырауындағы адамдардың жұмыс қабілетін қалпына келтіреді);
Жалақы еңбектің саны, сапасы және нәтижесіәне байланысты
Жалақы ұжымдық еңбектің нәтижесіне де байланысты.
Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде жалақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
Еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбекақыны, сыйлықтарды және т.б. уақтылы төлеу);
Өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін, жағдайын көтеру;
Еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;
Жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан ынталандыру;
Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсуіне қарағанда артық болуы.
Сонымен бірге еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады.
Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілік жіктеудің разряд аралық тарифтік коэффициенттерін, барлық қызметкерлердің еңбегіне төлеудің «Бірыңғай тарифтік кестесін», жалақы тарифтерін енгізу арқылы жүргізіледі. Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.
Туристік кәсіпорындағы еңбекақының жалпы деңгейі төмендегі негізгі факторларға байланысты:
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның рентабельділік деңгейіне;
Кәсіпорындардың кадр саясатына;
Аймақтағы, облыстағы жұмыссыздық деңгейіне, қажетті мамандықтардағы жұмысшыларға;
Кәсіподақ, бісекелестер және мемлекеттің ықпалы;
Кәсіпорынның қоғаммен байланыс саясаты[3].
Еңбекақы – еңбек келісім шарты негізінде, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде екі жақты сипатта болады, бір жағынан ол жалданған адам үшін – табыс, ал кәсіпорын үшін – өндіріс шығыны болып табылады.
Жұмыс күшіне деген шығындар жалақымен ғана шектелмейді. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсайтын шығындар қатарына сонымен қатар, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шығыстары, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары. Еңбекақы, кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары өнімді еңбек уәждемесі мен ынталандыруды қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Еңбек ақы қоры ай, тоқсан және жылға анықталады. Кейбір кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары өнімді еңбек уәждемесі мен ынталандыруды қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жалақы қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жқмыстың күрделілігіне, санынағ сапасына және жағдайына қарай төленеді, сондай-ақ ол төлемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерді қамтиды.
Сонымен қатар Кодексте қызметкерлердің еңбегіне төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер көзделген, олар:
Айлық жалақының ең төменгі мөлшерін;
Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін[1];
Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын;
Үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді;
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс ұшін ақы төлеуді;
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;
Жалақының толық және уақытылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды;
Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.
Кәсіпорындарда еңбекақыны тиімді ұйымдастыру оның жұмысшыларының еңбек нәтижелерін ынталандыруға, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнімнің пайдасын және рентабельділігін көтеруге ықпалын тигізеді.
Еңбекақыны тиімді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижелері мен жұмысшының еңбек үлесінің арасындағы үйлестікті қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлщемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.
Кәсіпорындар қазіргі жағдайда, өзінің ұйымдастырушылық-құқықтық формасына назар аудармастан, еңбекақының түрлерін, жүйесін және мөлшерін өзі анықтайды. Бірақ, жұмысшылардың жұмсаған еңбегі мен олардың санаттық біліктілігін толық есепке алатындай нарықтық механизмдер әлі құрылған жоқ. Сондықтан, мемлекет еңбекақының ең төменгі мөлшерін заңды түрде белгілеу арқылы кәсіпорынның еңбекақыға бағытталған қаражаттарын салық салу арқылы реттпе, аудандық коэффициенттер мен пайыздарды бекіту арқылы, мемлекеттік кепілді еңбекақыны бекітеді. Еңбекақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсподақтың араласуымен бір-екі жылға жасалады. Келісім-шарттарда мынадай сқрақтар реттеледі: еңбекақының мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер.
Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі – өмір сұру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш болып табылады.
