Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Baitleuov.Makroecon[1].doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ұлттық табыс Глоссарий 6 апта 3б

  1. Кейнс тұтыну теориясы

  1. Ұлттық табыс

  1. Жеке табыс

  1. ТҰӨ

  1. Салықтар

ОБСӨЖ 19

Тақырыбы: Ұлттық табыс

Жоспар:

  1. Инвестиция және салым түрлері

  2. Тауарлы материалдық қорлар инвестициясы

Инвестиция деп өнеркәсіптің, құрылыстың ауыл шаруашылығының және экономиканың басқада салаларының кәсіпорындарында капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:қаржылық, нақты және интеллектуалды инестициялар болып бөлінеді.

Экономикалық теорияда “инвестиция термины” күнделікті өмірде қолдануына қарағанда тар мағынада түсінеді. Кәдімгі әр қандай-да активтерді сатып алу. Мысалы, фирманың акция немесе ескі жабдықтарды сатып алу инвестиция деп есептелсе, ал экономикалық мәнде, бұлар инвестиция деп есептелбейді. Өйткені, олар тауарлық қорлардың жиынтық мөлшеріне немесе жалпы қаржы игілік қорларына ештеңе қоспай, бұлар активтердің қарапайым аудармалары болып есептелінеді.Инвестиция – бұл табыс алу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетелге ұзақ мерзімге мемлекеттің капитал салымдарын айтады.

Инвестиция бағыттары:

  • жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;

  • жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;

  • шикізат пен материалдарды қосымша алуға;

  • әлеуметтік нысанмен пәтер құрылысына;

Осы бағыттарға байланысты:

  • негізгі капитал инвестициясы;

  • товарлы – материалдық қорлар инвестициясы;

  • адам капиталы инвестициясы болып бөлінеді;

Бұдан басқа инвестиция жалпы және таза инвестицияларға бөлінеді.

Жалпы инвестициялар ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестицияларын өсуі кіреді.

Таза инвестиция – негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса, онда іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді . Инвестиция сұраныс факторына жатады:

  • табыс мөлшерінің күтмі;

  • банктік процент ставкасы;

Бұл жердегі тәуелділік табыс мөлшерінің күтімі жоғары болса, онда инвестиция өседі. Проценттік ставка – бұл фирманың қарызға ақша капиталын алғанда төлейтін бағасы. Егер табыстың мөлшер күтімі процент ставкасынан болса, онда инвестициялар табысты болады және керісінше.

Ұлттық табыс Жазбаша бақылау 7 апта 3б

  1. Мемлекеттің кірісі мен шығысы

  1. Салықтар

  1. Мемлекеттік бюджет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]