- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Макроэкономика” пәні бойынша Құқық және экономика мамандықтарының студенттері үшін обсөж мәтіні және тапсырмалары
- •Барлық сағат саны: 135
- •« Макроэкономика » Лекция – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Әдебиеттер:
- •«Макроэкономика» обсөж – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары тапсырмаларын қабылдау кестесі
- •Әдебиеттер:
- •« Макроэкономика » Семинар – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Сөж сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары тапсырмаларын қабылдау кестесі
- •Әдебиеттер:
- •Бірінші аралық бақылау
- •Тақырыбы: Макроэкономика пәніне кіріспе
- •Макроэкономика пәніне кіріспе
- •1 Апта Глоссарий 3б
- •Макроэкономика пәніне кіріспе Глоссарий 2 апта 3б
- •Жоспар:
- •Макроэкономикалық өлшемдер Жазбаша бақылау 2 апта 3б
- •Жоспар:
- •Макроэкономикалық өлшемдер Жазбаша бақылау 3 апта 3б
- •Жоспар:
- •Макроэкономикалық тұрақсыздық Тест 4 апта 3б
- •Жоспар:
- •Макроэкономикалық тұрақсыздық Глоссарий 4 апта 3б
- •Жоспар:
- •Макроэкономикалық тұрақсыздық Реферат 5апта 3б
- •Жоспар:
- •Ұлттық табыс Тест 6 апта 3б
- •Жоспар:
- •Ұлттық табыс Глоссарий 6 апта 3б
- •Жоспар:
- •Ұлттық табыс Жазбаша бақылау 7 апта 3б
- •Екінші аралық бақылау
- •Жоспар:
- •Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс Жазбаша бақылау 8 апта 3б
- •Жоспар:
- •Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс Жазбаша бақылау 8 апта 3б
- •Жоспар:
- •Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік Тест 9 апта 3б
- •Тақырыбы: Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік Жоспар:
- •Ақша нарығы Тест 12 апта 2б
- •Тақырыбы: Ақша нарығы Жоспар:
- •1) Аѓымдыќ операциялар есебі.
- •2) Ќаржылыќ операциялар жєне капитал аѓымыныњ есебі.
- •Әдебиеттер
- •Тест сұрақтары
Макроэкономика пәніне кіріспе
1 Апта Глоссарий 3б
Экономикалық үлгілер
Экономикалық теориялар
Экзогенді айнымалылар
Эндогенді айнымалылар
Макроэкономика
Микроэкономика
ОБСӨЖ 3
Тақырыбы: Макроэкономика пәніне кіріспе
Жоспар:
Экономикадағы ағындар мен қорлар
Статистикалық ақпарат
Макроэкономика териясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні – үй шарушылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарды шешім қабылдау және сол “берілген ” шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механиздері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарстырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық фактор үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:
1 – кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауының зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, формаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2 – кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегаттталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктік пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;
3 – кезеңде макроэкономикалық ақпартты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
Макроэкономикалық талдау және саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылардың бірқатарлары бар. Егер макроэкономика жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен немесе саяси шешімдермен байланыстыларын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдау да экономикалық саясаттығы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда – саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті экономика арқылы экономист “егер... болса, онда ... болады” деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен сандармен салыстырылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақұты фактілермен, сандармен, тәелділіктермен жұмыс жасайды. Позитивті талдау қортынданың жақсы – жамандығына баға бермейді.
Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстармалы түрде бағалылырақ екенін білу үшін оларды бағалау қажет. Балама шешімнің негізгі шешіммен салыстырғанда қаншалықты дұрыс не теріс екенін нормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы мүмкін деген сұраққа салыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшін қолдануға болады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді.Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: “мынандай шараларды жүзеге асырған дұрыс”, “осындай саясатты жүргізу оңды болады”. Мысалға; “Еркін сауданы шектейтін саясат тоқтатылғаны дұрыс” деген тұжырымда еркін сауданың болуының дұрыстығы жағдайында пікір қорытылады. Нормативті талдаудан шыққан тұжырымдарды фактілермен растау немесе жоққа шығару қиын, себебі олар негізінен болжам түрінде емес, бұйрық түрінде болады. Сондықтан нормативті талдау нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау деп. айтсақ та болады.
