- •Электр тогы дегеніміз не? Ток күші, кернеу, кеедгінің өлшем бірліктері және өлшенетін приборлары.
- •Тізбек бөлігі үшін Ом заңының мағынасы, ол қалай өрнектеледі? Джоуль-Ленц заңын тұжырымдаңыз.
- •Меншікті кедергінің физикалық мағынасы неде? Өлшем бірлігін көрсетіңіз. Меншікті кедергінің температураға тәуелділігі қандай?
- •Эст схемасындағы әртүрлі элементтердің атқаратын қызметін түсіндіріңіз.
- •Осциллографтың көмегімен кернеуді, импульстың ұзақтығын, синусоидалы сигналдың периодын және жиілігін қалай өлшеуге болады? Синхронизация не үшін керек, атқаратын қызметі қандай?
- •Осциллограф туралы тусінік. Электронда сәулелік түтікшенің басқару құрылымы неден тұрады? Электрондық пушка неден тұрады?
- •Парамагнетиктердің, диамагнетиктердің, ферромагнетиктердің қасиеттері қандай?
- •Ферромагнетиктердің негізгі қасиеттері. Магниттік гистерезис құбылысының негізі неде?
- •Гистерезис тұзағы. Қалдық магнит индукциясы дегеніміз не? Гистерезис тұзағынының ауданы нені сипаттайды?
- •Ферромагнеттиктер. Заттың магниттік алғырлығы және магниттік өтімділігі.
- •Жартылай өткізгіштердің электромагнитік табиғаты қандай? Қоспалы электрондық немесе кемтіктік электр өткізгіштік қалай пайда болады?
- •Жартылай өткізгіштік диод. P-n өткелдің тура және кері бағытта ығысулары жағдайында вас-н динамикалық кедергіні және түзету коэффициентін қалай анықтауға болады?
- •4.3. Өлшеу әдісі
- •Термоэлектронды эмиссия құбылысын түсіндіріңіз. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
- •Ток үшін вакуумдық лампада Ом заңы орындала ма?
- •Жартылай өткізгішті диод. Сыртқы кернеудің әсерінен p-n ауысуларында қандай өзгерістер болады? Диодтың вас түсіндіріңіз.
- •Амперметр және вольтметр өлшеу тізбегіне қандай бөгеулер енгізеді? Бөгеулер нелерге тәуелді? Бұларды қалай жоюға болады?
- •Қателіктер және оны есептеу жолдары. Ең кіші квадраттар әдісі.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңының мағынасы, ол қалай өрнектеледі? Джоуль-Ленц заңын тұжырымдаңыз.
Тұрақты ток бағынатын негізгі заң – Ом заңы. Осы заңға сәйкес, тосын күштер әсер етпейтін тізбек бөлігіндегі (тізбектің біртекті бөлігі) өткізгіш бойымен ағатын ток күші өткізгіштің шеттеріндегі потенциалдар айырмасына (кернеуге) тура, ал оның кедергісіне кері пропорционал болады, яғни
.
Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.
Электр тогы металл өткізгіштер арқылы өткенде электрондар бірде нейтраль молекулалармен, бірде электрондарынан айрылған молекулалармен соқтығысады.Қозғалыстағы электрон өзінің кинетикалық энергиясын жоғалта отырып, нейтраль молекуладан жаңа электронды бөліп алады, да жаңа оң ион түзеді, немесе электронынан айрылған молекуламен (оң ионмен) қосылып нейтраль молекула кұрады. Электрондар молекулалармен соқтыққанда энергия жұмсалады, cол энергия жылуға айналады. Кедергіні жеңе отырып жүретін кез келген қозғалыс белгілі энергия жұмсалуын қажет етеді. Мысалы, қайсы бір денені орнынан қозғалту үшін үйкеліс кедергісін жеңу керек. Оған жұмсалатын жұмыс жылуға айналады. Өткізгіштің электр кедергісінің маңызы да үйкеліс кедергісі сияқты болады. Сөйтіп, өткізгіштен ток өткізу үшін ток көзі біраз энергия жұмсайды, cол энергия жылуға айналады. Электр энерғиясының жылу энергиясына өтуі Ленц — Джоуль заңымен анықталады. Бұл заңды токтың жылулық әсер заңы деп те атайды.
Орыс ғалымы және ағылшын физигі Джоуль бір мезгілде және бір-бірінен тәуелсіз электр тогы өткізгіш арқылы өткенде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өткізгіштен өту мерзіміне тура пропорционал болатындығын анықтады. Бұл ереже Ленц — Джоуль заңы деп аталады. Егер ток әрекеті жасалған жылу мљлшерін Q әрпімен өткізгіштен өтетін ток күшін I әрпімен, өткізгіш кедергісін R әрпімен және, токтың өткізгіштен ағып өту уақытын t әрпімен белгілесек, онда Ленц — Джоуль заңының өрнегін былай жазуға болады:
Неліктен вольтметрдің ішкі кедергісін өте үлкен етіп жасайды? Амперметр мен вольтметрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Не үшін және қалай амперметр мен вольтметрлерге қосымша кедергі (шунт) қосады?
Ток күшін өлшеуге арналған прибор амперметр деп аталады. Ол тізбектің ток күші өлшенетін бөлігіне тізбектеп қосылады. Амперметрдің ішкі (меншікті) кедергісі мүмкіндігінше аз болуға тиіс. Сонда амперметрді тізбекке қосқанда тізбектің осы бөлігінің кедергісі іс жүзінде өзгеріссіз қалады да, прибор тұтынатын қуат елеусіз аз болады. Осылай қосылған амперметрлер токты тікелей бақалайтын приборлар ретінде қолданылады, бұлар өлшенетін токтың сандық мәндерін көрсетеді.
Жұмыс істеу негізіне қарай амперметрлер магнитоэлектрлік және электромагниттік болып бөлінеді. Магнитоэлектрлік жүйедегі амперметрдің жұмыс істеуі тұрақты магниттің магнит өрісімен өлшенетін ток өтетін қозғалмалы контурдың әсерлесуіне, ал электромагниттік жүйедегі амперметрдің жұмыс істеуі орамдары арқылы өлшенетін ток өтетін катушканың магнит өрісімен қозғалмалы ферромагниттік өзектің әсерлесуіне негізделген.
Тұрақты ток тізбектерінде негізінен магнитоэлектрлік (электромагниттік сирек қолданылады) жүйедегі амперметрлер қолданылады. Амперметр ток күшінің белгілі шектік мәніне арналады. Оның өлшеу диапазонын үлкейту үшін амперметрге параллель қосымша кедергі (шунт) қосылады. Сонда өлшеу диапазонын есе үлкейту үшін кедергісі шунт керек болады.
Гальванометрге (вольтметрге) параллель шунт жалғап, бақылау шкаласын өзгертіп, оны амперметрге айналдыруға болады.
Кернеуді өлшеуге арналған прибор вольтметр деп аталады. Вольтметр өлшенетін тізбек бөлігіне параллель қосылады. Ол да амперметр секілді магнитоэлектр немесе электромагнит жүйесінде болады. Вольтметр тізбекке параллель қосылатындықтан негізгі тізбек тогын көп өзгертіп алмас үшін оның кедергісін өте үлкен етіп алады, яғни вольтметрден өтетін ток өте аз болуы керек. Сондықтан вольтметрдің өлшеу шегін өзгерту үшін оған тізбектей қосымша кедергі жалғайды: өлшеу шегін есе өсіру үшін = /(n −1) қосымша кедергі керек.
