Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабка.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
827 Кб
Скачать
☆
  1. Осциллограф туралы тусінік. Электронда сәулелік түтікшенің басқару құрылымы неден тұрады? Электрондық пушка неден тұрады?

Электронды-сәулелі осциллограф (ЭО) әмбебап өлшеуіш прибор, ол электр сигналдарын графикалық түрде бақылау және олардың параметрлерін өлшеу үшін қолданылады.

Осциллографтың басқа прибордан артықшылығы – сезгіштігі жоғары, кіру кедергісі үлкен, инерттілігі азғантай. Оның көмегімен кернеуді, токты өлшеуге, электрондық схемалардың жиіліктік және фазалық сипаттамаларын алуға, транзистордың статикалық сипаттамаларының жиынтығын бақылауға болады; арнаулы датчиктерді (түрлендіргіштерді) қолданып электрлік емес шамаларды да өлшеуге болады.

Қазіргі осциллографтар жиіліктер диапазоны тұрақты токтан бастап бірнеше гигагерцке дейінгі электр кернеулерін зерттеуге, және де зерттелінетін сигналдардың амплитудасы мен ұзақтығын өлшеуге мүмкіндік береді. Осциллографтардың периодты жаймасы және күтілетін жаймасы (развертка) бар; осының арқасында периодты және бір мәрте өтетін электр процестерін зерттеуге болады.

Кезкелген ЭО-тың негізгі элементі – электронды-сәулелі трубка (ЭСТ). ЭСТ зерттелетін сигналды 8 экранда көрінетін бейнеге айналдырады (1–суретті қара). Қыздырылатын (1) оксидті катод электрондардың шығатын көзі болып табылады. Катод басқарушы электродтың (модулятор 2) ішінде орналасқан. Модулятор экрандағы жарық дақтың жарықталынуын R (9) потенциометрдің көмегімен өзіне берілетін теріс (катодпен салыстырғанда) U кернеуді реттеу арқылы басқарады. Өйткені модулятордың өрісі электрондар ағынын әлсіретумен қатар электрондарды тежейді.

(1-2-3-4) электродтар жүйесін электрондық пушка немесе электрондық прожектор деуге болады. Электрондық прожектордан электрондардың ұшқан кездегі ақырғы жылдамдығы екінші анодтың катодқа қатысты потенциалымен анықталады. Электрондық пушкадан шыққан электрондар ұйтқытатын өрістері жоқ кеңістікте болуы тиіс. Сондықтан трубканы металдан жасалған экранға (қорапқа) орналастырады, ал жермен қосылған экран мен екінші анодтың арасында өріс пайда болмас үшін, соңғысын да жермен қосады.

  1. Парамагнетиктердің, диамагнетиктердің, ферромагнетиктердің қасиеттері қандай?

магниттелу магнит өрісінің кернеулігімен байланысқан:

мұндағы - заттың магниттік алғырлығы деп аталатын пропорционалдық коэффициент. Заттың магниттік қасиеттері магниттік өтімділікпен де сипатталады. және мына қатынаспен байланысқан

Барлық заттар магниттік алғырлықтың таңбасы мен шамасына байланысты үш топқа бөлінеді:

Диамагнетиктер - сыртқы магнит өрісі жоқта атомдарының немесе молекулаларының орбиталық және спиндік моменттері теңгерілген заттар. Сыртқы магнит өрісінде прецессия нәтижесінде өріске қарсы бағытталған индукцияланған магниттік моменттер пайда болады, ол магниттік алғырлығы теріс болады .

Парамагнетиктер - сыртқы магнит өрісі жоқта немесе , немесе магниттік моменттерінің бейберекет бағдарланулары салдарынан болатын заттар және

Ферромагнетиктер - бұл кристалдық заттар, бұларда жекелеген иондардың магниттік моменттері . Ферриттерде кристалдың элементар ұяшығын әртүрлі типті иондар, ферромагнетиктерде – бір типті иондар құрайды. Эйнштейн және де Гааздың тәжірибелері және де Н. Ф. Иоффе және П. Л. Капицаның тәжірибелері ферромагнетик ионының магниттік моменті спиндік магниттік моменттердің реттелген бағдарлануынан пайда болатынын көрсетті.