- •Электр тогы дегеніміз не? Ток күші, кернеу, кеедгінің өлшем бірліктері және өлшенетін приборлары.
- •Тізбек бөлігі үшін Ом заңының мағынасы, ол қалай өрнектеледі? Джоуль-Ленц заңын тұжырымдаңыз.
- •Меншікті кедергінің физикалық мағынасы неде? Өлшем бірлігін көрсетіңіз. Меншікті кедергінің температураға тәуелділігі қандай?
- •Эст схемасындағы әртүрлі элементтердің атқаратын қызметін түсіндіріңіз.
- •Осциллографтың көмегімен кернеуді, импульстың ұзақтығын, синусоидалы сигналдың периодын және жиілігін қалай өлшеуге болады? Синхронизация не үшін керек, атқаратын қызметі қандай?
- •Осциллограф туралы тусінік. Электронда сәулелік түтікшенің басқару құрылымы неден тұрады? Электрондық пушка неден тұрады?
- •Парамагнетиктердің, диамагнетиктердің, ферромагнетиктердің қасиеттері қандай?
- •Ферромагнетиктердің негізгі қасиеттері. Магниттік гистерезис құбылысының негізі неде?
- •Гистерезис тұзағы. Қалдық магнит индукциясы дегеніміз не? Гистерезис тұзағынының ауданы нені сипаттайды?
- •Ферромагнеттиктер. Заттың магниттік алғырлығы және магниттік өтімділігі.
- •Жартылай өткізгіштердің электромагнитік табиғаты қандай? Қоспалы электрондық немесе кемтіктік электр өткізгіштік қалай пайда болады?
- •Жартылай өткізгіштік диод. P-n өткелдің тура және кері бағытта ығысулары жағдайында вас-н динамикалық кедергіні және түзету коэффициентін қалай анықтауға болады?
- •4.3. Өлшеу әдісі
- •Термоэлектронды эмиссия құбылысын түсіндіріңіз. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
- •Ток үшін вакуумдық лампада Ом заңы орындала ма?
- •Жартылай өткізгішті диод. Сыртқы кернеудің әсерінен p-n ауысуларында қандай өзгерістер болады? Диодтың вас түсіндіріңіз.
- •Амперметр және вольтметр өлшеу тізбегіне қандай бөгеулер енгізеді? Бөгеулер нелерге тәуелді? Бұларды қалай жоюға болады?
- •Қателіктер және оны есептеу жолдары. Ең кіші квадраттар әдісі.
Осциллографтың көмегімен кернеуді, импульстың ұзақтығын, синусоидалы сигналдың периодын және жиілігін қалай өлшеуге болады? Синхронизация не үшін керек, атқаратын қызметі қандай?
Жазба
генераторы сызықты - өспелі (ара тістері
пішіндес) кернеу шығарады (3-cуретті
қара). Жазба кернеуінің минимал
мәні жағдайында (3-сурет, А нүкте) сәуле
осциллограф экранының сол жақ шетінде
(
)
болады. Кернеу А-дан В-ға дейін өскен
сайын сәуле көлденең түзу (уақыт осі)
бойымен, тұрақты жылдамдықпен, солдан
оңға қарай қозғалып орын ауыстырады.
Ал кернеу
-дан
-ға
дейін төмендегенде сәуле кері қарай
қозғалады. Сызықтық жазбаның периоды
былай анықталады:
T=tтура +tкері (tкері<<tтура)
Сәуленің кері қарай қозғалысы экранда көрінбейді, себебі осциллографтың ішінде сәулені кері қайту кезінде өшіретін арнаулы жүйе бар.
Бұл жағдайда жазбаланатын ара тістері пішіндес кернеу көлденен ауытқытушы пластиналарға тек зерттелінетін импульс осциллографқа келіп түскенде ғана беріледі. Жазба кернеуінің әсерінен сәуле тура және кері қарай бір жүріс циклін жасағаннан кейін жазбалау процесі тиылады. Жазба енді өзін іске қосатын жаңа импульстың келуін “күтеді” (3б- сурет).
Синхронизация (бір мезгілділікке қол жеткізу). Трубканың экранында анық айқын кескінді алу үшін жазбаның синхронизациясын (бір мезгілде өтуін) дұрыс таңдап алу керек. Синхронизация процесінің мәні мынада: жазба генераторына сыртқы сигналмен мәжбірлеп әсер ету. Осының нәтижесінде жазба генераторы әсер еткен кернеу жиілігіне тең жиілікпен немесе оған еселі жиілікпен генерация жасай бастайды. Осциллографтарда екі түрлі ішкі және сыртқы синхронизация болады. Бірінші жағдайда синхронизация зерттелінетін сигналмен жасалынады. Ал екінші жағдайда - сыртқы электр көзінің кернеуімен; мұнда синхронизация синусоидалы (сызықты үздіксіз жазба режимі) немесе импульсты (күтетін жазба режимі) сыртқы сигналмен іске асырылады. Сонымен қатар, әрине, синхронизацияланатын сигналдың деңгейін қолмен де, автоматты түрде де реттеп, таңдап алатын мүмкіндіктер бар.
Сигналдың ұзақтығын (период) өлшеу. Кейбір ЭО-та сигналдың ұзақтығын өлшеу үшін калибрлік уақыт белгілері арқылы электрондық сәулені жарықтылығы бойынша модуляциялау керек. Маркерлік белгінің ұзақтығын және олардың сигналдағы кеми түсетін санын біле отырып оларға сәйкес келетін уақытты анықтайды. Осциллографтардың кейбір басқа түрлерінде сигналдың ұзақтығын трубканың экранындағы оның кескінінің ұзындығы бойынша анықтайды.
Сигналдың ұзақтығы “X” осі бойынша өлшенеді. Ол экранда көлденең бағыттағы (сантиметрмен немесе шкала бөлігімен) өлшенетін уақыт интервалына сәйкес келетін экрандағы кескінді жазбалау коэффициентіне [Уақыт/бөл.] көбейткенге тең.
Сигналдың амплитудасын өлшеу. ЭО-тардың кейбір түрлерінде сигналдың амплитудасын өлшеу үшін кернеуі белгілі калибрленген сигнал қолданылады; сонда соңғы кернеудің тік бағытта ауытқуымен зерттелетін сигналдың ауытқуы салыстырылады. Осциллографтың басқа түрлерінде сигналдың амплитудасы оның трубка экранындағы тік бағытта ауытқуы бойынша тікелей өлшенеді.
Қазіргі кездегі электронды осциллографтарда сигналдардың амплитудасы мен ұзақтығын өлшеу үшін амплитуда және ұзақтылық калибраторлары деп аталатын қондырмалар болады. Бұл қондырмалар нақты жиілігі және амплитудасының міндері өте дәл анықталған, пішіні белгілі импульстардың (мысалы, тік бұрышты, “меандр” деп аталатын) генераторлары болып табылады. Сигналдың амплитудасы және оның уақытқа байланысты сипаттамалары жоғарыда айтылғандай, прибордың экранындағы шкала бойынша тікелей өлшенеді. Бірақ алдын ала прибордың ішіндегі қондырманың - калибратордың сигналдары бойынша осциллограф жазбасының сезгіштігі мен ұзақтығын алдын-ала калибрлеу қажет.
Сигналдың амплитудасын өлшеу былайша жүргізіледі: зерттелінетін сигнал тік “Y” ауытқитын калибрленген күшейткішке беріледі және сантиметрмен немесе шкаланың бөлігімен тік бағыт бойынша оның тербелу өрісі өлшенеді. Сигналдың амплитудасы сантиметрмен (шкаланың бөлігімен) өлшенген тербелу өрісін кіру бөлгішінің аударғыш тетік арқылы қойылған сезгіштіктің [Вольт/бөл.] цифрлық белгісіне көбейткенге тең.
Қателікті сәуле таңбасының қалыңдығы есебінен кеміту үшін өлшеу кескін сызығының төменгі (жоғарғы) шетінен бастап жүргізіледі.
