Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ex.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

56. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: тарихи, табиғаттау тақырыбындағы экскурсиялар.

Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тарихи тақырыптағы экскурсиялардың негізгі дүние танымдық, оқу тәрбиелік мақсаты халқымыздың ерлік жолдарын, тарихи оқиғаларын,оқиғаға байланысты ұлы тұлғаларын таныстыру, сол арқылы адамдар бойында азаматтық асыл қасиеттер мен дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Тарихи экскурсиялардың басқа экскурсиялардан айырмашылығы сол, тарихи әңгіме дерегі тек объектілерді көбірек көрсеткенде ғана ашылып отырады. Тарихи тақырыптағы экскрурсия басқаларға қарағанда маңызды оқиғаларға және көрнекті адамдарға қатысты тарихи ескерткіштерді көрсетумен ерекшеленеді. Тарихи экскурсия – мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:

а) тарихи-өлкетану;

ә) археологиялық;

б) этнографиялық;

в) тарихи-өмірбаяндық;

г) тарихи мұражайларға бару;

ғ) тарихи шайқастар болған жерге бару.

Табиғаттану экскурсиялары тақырыптық және шолу болып бөлінеді. Шолу экскурсиясына «Алып Тянь-Шаньмен кездесу», Кіші Алматы өзенінің аңғарында өткізілетін экскурсия жатады. Бұл экскурсияларда геология, зоология, ботаника тақырыптары қозғалады. Басқа табиғаттану экскурсиялардың тақырыптары гидрологиялық, минералогиялық, астрономиялық, табиғат ескерткіштері жатады. Табиғи объектілердің мемлекеттік түрлері бойынша табиғи қорықтар, ұлттық қорықтар, табиғи ескерткіштер, қорықтық зоналар, зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар, дендробақтар болып бөлінеді.

57. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: әдеби, архитектуралық тақырыптардағы экскурсиялар.

Әдеби экскурсиялар кез келген жастағы және білімі әртүрлі дәрежедегі адамдарға түсінікті болғандықтан, білімділік құндылығы аса жоғары. Әдеби экскурсиялардың барлық тақырыптарында көркем әдебиет шығармаларынан үзінділер қолданылады. Әдеби экскурсия мәліметтерін жеткізуде экскурсоводтың сөйлеу мәдениетіне аса жоғары талап қойылады. Мәнерлеп айту, шешен сөйлеу экскурсоводтың шеберлігін көрсетеді. Әдеби экскурсия арқылы тарихи кезеңге тоқталып, еске түсіру, оған сипаттама беру, оны көрнекілік материалдармен толықтыру экскурсия құндылығын арттыра түседі. Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:

1.Әдеби өмірбаяндық экскурсиялар, әдебиет қайраткерлері мен белгілі жазушылар, ақындар, драматургтар өмірі мен шығармаларын ашып көрсетуге пайдаланады.

2.Тарихи әдеби экскурсиялар, әдебиет дамуының белгілі бір кезеңдерін ашып көрсетуге арналады. Әдебиеттің тарихы мен тұлғалары жайлы кең ауқымды мәліметтер береді.

3.Әдеби көркем экскурсиялар, белгілі бір жазушының шығармаларымен, ондағы кейіпкерлер және бейнеленген орындар туралы мағлұматтарды жеткізуді мақсат етеді.

Архитектуралық экскурсияда бір белгілі архитектордың туындыларын алуға болады немесе ең қызықты архитектуралық ансамбльдерді. Мәселен, белгілі бір қала көшелерінде орналасқан XVIII немесе XIX ғасырлардан қалған архитектуралық ескерткіштер, ансамбльдерді мысал ретінде айтып кетуге болады. Архитектуралық экскурсиялар тәрбие беруде үлкен рольді атқарады. Архитектуралық экскурсияларда маңызды әдістердің бірі жүріп отырып көрсету, сонда ғана архитектуралық объектілердің, қызметін, конструкциясын, эстетикалық жағын дұрыс көруге, шынайы қабылдауға, олардың әрбір тетігін анықтап көруге болады. Архитектуралық ескерткіштер қатарына тарихи қалалар, архитектуралық ансамблдер мен комплекстер, қаладағы немесе ауылдағы тұрғын үйлер, сарайлар, театрлар, әкімшілік және қоғамдық ғимараттар жатады. Архитектуралық экскурсияларды жүргізу үшін арнайы терминдерді білу қажет: ансамбль, апсида, аркада, баллюстрада, ригель, фреска, цоколь т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]