- •2Сурак.Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік
- •3Сурак, Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •4Сурак. Ф.А. Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
- •5Сурак. Психологиялық тренинг принциптері
- •7СуракТоптық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •8. Топтық психотерапия және гипноз.
- •9Сурак.«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •10Сурак.Топтық психокоррекция ұғымы
- •17Сурак Тренерге қажетті сапалар
- •19Сурак.«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •20Сурак, Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •21Сурак «Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •22Сурак. Топтық тренинг парадигмасы
- •24Сурак.Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •25. Топтық психотерапия ұғымы.
- •26 Сурак.« Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •27Сурак«Жер сілкіну » тренингі
- •32) Тренингтің алтын заңдары
- •36.Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •«Сәлемдесу»
- •37Сурак Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •38Сурак. Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.
- •39. Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •3.. «Ойлан тап!»
- •4.«Сөйлемді аяқтау»
- •41Сурак Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •43Сурак.Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •44СуракТопқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •49)Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістемелік астарлары
- •53Сурак.Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •54Сурак,Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •55Сурак. Тренинг топтарының негізгі түрлері мен классификациясы
- •56. Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •58Сурак Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •59Сурак. Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.
- •60 Сурак.Тыныс алу жаттығулары
- •66)«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •68Сурак Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •69 Билет
- •70.Жалпы тренингтік әдістер
- •71Сурак.Тренинг топтарының жүргізушісі
- •72 «Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •75Сурак, Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
17Сурак Тренерге қажетті сапалар
Психологиялық корекциялық қызметтің ең негізгі түрі -тренинг.Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердіңқабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді.Тренинг жүргізу тренердің тұлғасына үлкен талаптар қояды.Тренер тұлғасында Энергия.Хабардарлық..Тәжірибе.Билік.Ақылдылық..Харизматикалық қасиеттер болуы тиіс.Энергия- бұл потенциалды күш, ол өзгелерге энергия беруі үшін өте қажет. Әлсіз,сылбыр. көңілсіз тренер тренингтің тек теориясын ұғындыра алады да,қатынасушыларды табиғи, стихиялы мотивпен басқара алмайды.Ал энергиялық күшті заряды бар тренер, қатынасушыларға күш беріп қана қоймай, кеменің желкенін қажетті бағытқа бұра алады.Тренер энергия шығарушының үлгісін көрсетіп, қатысушыларды өзіндік ішкі зарядпен энергия беруі, жұқтыру және толықтырып отыруы, магнетизм күшімен тәуелсіз қимылдап сол энергияны өзгелерге сендіре алуы тиіс. Тренердің ең басты энергиясы – биологиялық энергия. Ол биологиялық энергиясын өзгелерге көрсете алуы тиіс. Сонымен қатар тренерге; бойшаңдық, тамақ таба алу, зат алмасу, материалдық жүйелерінің жаңартылуы, көбею, таратылу қабілеті болуы қажет. Бойшаңдық, гүлдену, зиялылық, тренердің сырт келбетінен көрініс тауып өзін-өзі презентациялауда өзгелерді өзіне тарта біліуі тиіс.Қатысушылар сіздің өскеніңізді, әрі қарай өсіп дами түсетініңізді сезінуі тиіс.Сізді гүлденіп ақша табуда еш қиындық көрмейтін, көбей, таратылуда проблемасы жоқ адам ретінде ұғынулары қажет.Тренер сырт келбетінен дамыған дами түсетін басында еш қиындығы жоқ адам кейпін көрсетуі тиіс. Биологиялық қалыптылық тренинг өткізуде фон ретінде өте қажетті. Тренер жаңа шығармашылық тапсырмаларды тез шешуге қабілетті. Тренер идея ұсынушы, дамытушы ғана емес, өзгелердің идеяларын ұғынушы және дамуға мүмкіндік беруші тұлға.Тренер псхология, биология, физиология, менеджмент және практикалық өмірден хабардар болуы тиіс. Хабардарлық кез-келген эксперименттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кең көлемді таным және білгеніңді қызықты етіп әңгімелеп беру – топта кез-келген эмоциональды қиындықты жеңе алуға көмектеседі. Кез-келген жағдай тіпті жағымсыз болсада білетін жағдаймен салыстырылып жаңа білім көрсеткіштері арқылы шешіліп отырылады. Тренердің тренинг қызметінде әртүрлі өмірлік аймақтарда тәжірибесі болған жөн. Өзіндік тәжірибе арқылы адамдарды басқара алуы тиіс.Тренер жан-жақты ғылым салларына білімі терең болуы тиіс. өзі айтатын әңгімесі мен әрекетінің құндылығына сенімді адамның кейпін көрсетуі тиіс. Ол өзінің кез-келген сөзіне 100% сенуі және өзгелерді сендіре алуы қажет. Өзіне сенімді тренер өзгелер мүлтіксіз орындайтындай нұсқау бере алады. Ол үшін сенімділік әзілқойлықпен ұштасып отыруы керек. Ол топқа нақты, ашық, қарапайым сенімді нұсқау беру арқылы қатысушыларға мотивация береді. Билікті өзгеге беру және өзгені тыңдау, өзің шешім қабылдау жауапкершілігінен құтылу мазасыздықтан құтқарады. Сенімді , толыққанды команда адамдарға мотивация беріп, уақытша жауапкершілігінен босатады. Тренердің ақыл-ой процесі жеткілікті түрде қозғалғыш болуы жөн. Тренер кез-келген проблеманы жеңіл шешіп өзгелерге жол көрсетуі тиіс.Кездескен жағдаяттарда қатынасушыларды дұрыс бағытқа сілтеуі жөн. Сонымен қатар ақыл-ойы икемді болып, белгілі бір проблеманы шешкенде, сол жағдайға, сол адамның жас ерекшелігіне сай шеше білуі тиіс.
18-билет.
«Көңіл күйім неге ұқсайды?»
Мақсаты: Өз көңіл күйін ауа-райына баламалай айтуға үйрету.
Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады.Бірінші қатысушы: «Менің көңіл күйім ашық,көк аспандағы аппақ жұмсақ бұлтқа ұқсайды,көршісіне қарап ал сенікі ше?» Келесі-«өте жақсы» деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді.Соңында жүргізуші барлығынан –«Бүгін біздің топтың көңіл –күйі қандай екен?-көңілдіме, қуаныштыма, болмаса көңілсіз бе?-деп сұрайды.
