Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фил2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

43.Таным және оның түрлерін түсіндіріп беріңіз.

Таным проблемасы – философия мазмұнында түбегейлі орын алатын, үлкен мәнді иеленетін, материализм мен идеализм арасындагы шиеленіскен курестің арқауына арналған проблема. Таным – адам санасын дамытудың басты негізі. Танымның 2 түрі бар. Материолистік және идеалистік теория. Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі. Бейнелену теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер, олардың қасиеттері мен маңызды байланыстарын танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір суреді. Түйсіктердің және қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасындабіз заттарды, қасиеттерін танып білеміз.таным – сыртқа заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің, қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуі. Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай умтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте Р.Декарттың, Г.Гегельдің ойларын айтуга болады. Гегель дүниені танып білуді өзін-өзі танып білу жолын дейді. Диалектикалық матерализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным прорцестерінің заңдылықтарын зерттейді.Материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы міселеге ден қойса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесінтауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеалинизм бейнелену принциптерін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді.материализм керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелену принципін мойындауды талап етеді.

44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

Методология адамның теориялық және практикалық қызметіндегі принциптік жүйелері, ұйымдастыру тәсілі және осылар туралы ілім. Ғылыми таным әдістерінің үш түрі бар: а)эмперикалық зерттеу әдісі ә)теориялық және эмпериалық деңгейде қолданылатын әдістер б)теориялық зерттеу әдісі. 1эмпериалық зерттеу объектіні сезім мүшелерімен приборлармен қабылдау қадағалау. А)бақылау ә)эксперимент б) өлшеу в) салыстыру. Эмпиризм танымның негізгі қайнар көзі бірінші кезекте сезімдік тәжірибе деп есептейтін бағыт. Таным процесінің нәтижесі ілім болып табылады. Шындыққа сәйкес келетін білімді ақиқат деп атайды. Өзінің мазмұны жағынан ақиқат объективті яғни өзін танып білетін субъектіден тәуелсіз болады. Өзінің формасы жағынан ақиқат әрқашан субъективті болып келеді, оның себебі санадан тыс ақиқат өмір сүрмейді. Ақиқат әрқашанда нақты болып келеді, абстракты ақиқат деген болмайды. Философиялық категорияда ақиқаттың өлшемі деп ұғынылатын практика деп аталатын философиялық категория бар. Практика шындықты қайта құруға айналған заттың іс қызмет болып табылады.

45. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) зерделеңіз

Таным .Ерте заманнан ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүкін емес.Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғаның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше адамзат дамуында ада танымдықы қоғамдық , тарихи сипатта болады. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарны зерттеуді таным теориясы деп атайды. Диалектикалық материализмнің таны теориясының метафизикалық материализнің таны теориясынан ең басты екі айыпмашылығы бар.бір.і тансы теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екін.і таным теорриясына диалектиканың пайдалануы. Кейбір философтар дүниені танып білуді жоққа шығарады асолютті ақиқатты заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды. Философияда қалыптасқан мұндай позияция агностицизм деп аталады. Өкілдері Д.Юн мен Кант олып табылады.

Ақиқат пен адасу Акиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш көрсетеді. Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына мұрындык болды. Эфир, жылу тегі идеялары толкындык оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде бүлардан да катал акикатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Таным қозғалысының қиындығының да қажетті сәті бар .Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты сашлы бұрмалау. Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу білімнің сипаты болып табылады, ал қате божа, адамның түрлі салалардағы дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді. Адамдар айғактық, логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті өңгірде түрлі қателерге ұшырап отырады.

Тусіну – ойлау әрекетінің нәтижесінде белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мағынасы жайлы ой-тұжырымға келу. Тусіну мүмкіндігімен сан алуан құбылыстардың себеп-салдарын, елеулі белгілерін, өзара байланысын, маңызы мен мағынасын ұғынуға болады. Басқа адамның амал-әрекетінің, ой-пікірінің мазмұнын ұғынуда, кез келген ақпаратты қабылдап, оған лайық ой түю түсіну арқылы жүзеге асады.Түсінудің арқасында адам қоғамдық және мәдени ортада, өзара қарым-қатынаста, ақпараттық кеңістікте өз орнын, өзіндік ой-пікірінің лайықты мүмкіндігін айқындайды. өзгенің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын түсінбей тұрып, өзіндік ой-пікір тұжырымдау, қарым-қатынасқа түсу мүмкін емес. Сондықтан түсінудің алғышарты өзгемен санасу, оны мұқият тыңдау. Ғылымдағы түсіну жүзеге асуы үшін арнаулы методол. ережелер, логик. қисындар, ғыл.-теор. нәтижелер пайдаланылады. Мәселені дұрыс түсіну үшін адамға тиянақты, саналы білім, ақыл-парасат, дағды қажет. Түсіну үшін мәселенің негізгі мәнін іздеу, түйінін шешетін сұрақ қоя білу, дәл тұжырымдау, жалпылау, топтастыру, т.б. шарттарды орындау керек.