Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фил2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

37. Философиядағы адам мәселесін зерделеңіз

Философиялық антропология – адамның  мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық,  психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.

Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.

Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі. Ол заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын пенде. Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді, сонымен қатар оларды жойып, тіпті өзін жойып жіберетін кездер де болады. Ең соңында ,адам өз-өзін бақылап,баға беріп,өзімен өмір мен өлім жөнінде сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе,адам алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір сүруім керек?», «қалай өмір сүру керек?» деген т.с.с, сұрақтар пайда болады. Оның себебі жоғарыда өрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне,бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді. Адам өмірінің мән мағынасы-ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе.өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған «мәңгілік» сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой: «Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты ж/е олар бір-бірімен сыйыспай,күресіп жатқан сияқты»,-дейді. Бір «мен»: «Мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын,қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана,сондықтан бүкіл дүниенің мән-мағынасын маған деген жақсылыықтың болуында»,-дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл дүние саған емес,өз мақсаттарына,сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба.ол оны білгісі келмейді»,-дейді. Бұл өмір сүруге қорқыныш сезімін әкеледі-деп қорытады ұлы ойшыл. Адам өмірінің мән-мағынасы жөнінде арнайы еңбек жазып,құнды пікір айтқан австриялық ұлы ойшыл В.Франкл болды. Ол бүгінгі адамның өмір ахуалына тоқтала келе, оның қиындығы жөнінде сыр шертеді. Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинктің кешегі,қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды. Сондықтан ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм),я болмаса басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарысынан екенін,өмірдің мән-мағынасын әлі таба алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде,адам «экзистенциялдық ваккумға» ( өмір сүрудегі мәнсіздікке)келіп тіреледі. В.Франклдің ойынша,жалпылай келе өмірлік мән-мағынаны үлкен үш топқа бөлуге болады. Оның ең биігі шығармашылық құндылықтарға жету,яғни тарихта бұрын –соңды болмаған жаңаны тудыру.ол үшін,әрине,табиғи дарыннан тыс,сол саланы толығынан игеріп,шыңына жету керек. Ол,негізінен,элитарлық топтарға тән нәрсе. Адамның өмірінде тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс,жер сілкіну,түрмеге түсу,қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с) қолынан еш нәрсе келмей,тағдырдың тәлкегіне түскен кезде ол өмірінің мән-мағынасын жоғалтып,түңілуі мүмкін. Ондай жағдай болмағанның өзінде әр адам өз өмірінің аяғында «қайғылы үштіктен « (зардап,күнә,өлім) өтеді. «осындай жағдайдың өзінде адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып алмауы керек.» . ол ой-толғау құндылықтарына» көшу керек,сонда зардап шегудің өзінен жан-дүниені тазартатын,көп нәрселерге жаңа баға берілетін мән-мағынаны табуы мүмкін.

Жеке өзін анықтауда зейін әлеуметтік сапаға және адамның әлеуметтік белсенділігіне бөлінеді. Қазіргі философияда адамның тұрмыстық мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Адамда екі өмір бар: біреуі — өмір сүретін, қоршаған ортаға және қоғамға дағдыланған; екіншісі – сыртқы әлемнен жасырын жатқан өмір. Философиялық көзқараспен қарасақ, соңғы өмір, шынайы өмір: бұнда біз қуанамыз, қобалжимыз, толық өмірмен ғұмыр кешеміз. Осындай тұрпатта адам екі өмірлік. Адам тұрмысының негізгі категорияларын анықтайтын өмір – бұл бостандық, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, болып табылады.

Айтылғандарды қарастыра келе, адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі өзге формалармен генетикалық байланысты биологиялық жаратылыс дегенді анықтайды. Алайда олардан еңбек құралдарын жасау қабілеті бар адамға тән сөйлеу мен санасының арқасында ерекшелігі арқылы білініп тұратын жаратылыс