- •30. Ғылыми таным философиясы пәні: және оның зерттеу обьектлері қандай түсіндіріңіз .
- •31. Хiх ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық идеяларына талдау жасаңыз: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев.
- •33. Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясын қалай түсіндіресіз
- •34. Хх ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм түрлерін негіздеңіз
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық идеяларды айқындаңыз (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36.Марксизм философиясына талдау жасаңыз
- •37. Философиядағы адам мәселесін зерделеңіз
- •38. Жаңы заман философиясының ерекшелігін анықтаңыз
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын талдап беріңіз
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт категорияларын түсіндіріңіз
- •42. Онтология болмыс туралы ілімді саралаңыз
- •43.Таным және оның түрлерін түсіндіріп беріңіз.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) зерделеңіз
- •46.Ақиқаттың аспектілері:аксиологиялық, экзистенциалды, концеп-туалды,операционалды ақиқат.Абсолютті және салыстырмалы ақиқат талдаңыз.
- •47.Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары сараптаңыз
- •48. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат талдаңыз
- •49.Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана, сараптама жасаңыз
36.Марксизм философиясына талдау жасаңыз
XX – ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең – “қазіргі марксизм” деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгельс капитализмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп,сол кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В. И. Ленин копитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм Шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық революцияның жетекші күші пролетариат болатыны айқын байқалды. Сондай – ақ, XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп отыратынын көрсетті. Міне, бұл жағдай материалист философтардан байсалды тұжырымдар күтті. Бірақ оған Г. В. Плеханов сияқты ірі философ материяның жойылуы мүмкін еместігі туралы пікір айтудан жалтарды, тіпті байқамаған сыңай танытты. Н. В.И. Лениннің Маркске қосқан тағы бір үлесі – оның империализмге берген анықтамасы. В. И. Ленин сол кезеңде капитализм өзінің ең соңғы сатысы - өзгеше, қайшылықтары мол қоғам екенін дәлелдеп топшылады. Оның ерекшеліктері үш түрлі: біріншіден, империализм – монополистік капитализм, екінші жағынан, паразиттік немесе іріп – шіріп бара жатқан капитализм, үшіншіден, ол - өліп бара жатқан капитализм, олай болса, ол – социалистік революция қарсаңы деп жорамалдады. Қазір социализмді, марксзим – ленинизмді сынаушылар көп. Бірақта, ол себеп емес. Кезінде Маркс пен Энгельс қоғам обьективті өз заңдылықтарымен дамиды деген. В.И.Ленин сол заңдылықтарды қолдан тездетпек болды. Н.А.Бердяев (1874-1948) өзінің «Орыс коммунизмінің шығу тегі мен мәні» деген еңбегінде Ленинді марксизм теоретигі емес, революция теоретигі болды дейді. Лениннің жеке басы қатыгез болмаса да саясатта ол өте қатыгез болды дей келіп, Ленин анархист емес империалист болды деп бағалайды. Л.Д.Троцкий (1879-1940) «Орыс революциясы тарихына» деген кітабында Лениннің түр – сипатын айта келіп, оның мінезінде қулық,залымдық пен жалтырақ екі жүзділік бар болатын дейді. Сөйтіп, В.И.Ленин идеяларын теориялық тұрғыдан уәжбен жеңудің орнына Л.Д.Троцкий оның бет – бейнесі, түр – сипаты, мінез – құлқындағы кемістіктерінің бетін ашып кемсітпек болды. Бұл адамгершілік пен ғылымға жатпайтын, ең тұрлаусыз және жағымсыз әдіс болатын. Бұл айтылған жағдайлар Ленин, марксизм зорлықшыл болды деген ұғымның берік орын алуына алып келді. Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.
Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.
Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.
Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.
Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:
1. В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.
2. Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.
Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.
