- •5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
- •1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды ұйымдастырудың негіздері
- •1.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы
- •1.2. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру жолдары
- •1.3. Ұлттық ойындарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.3. Ұлттық ойындарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Ойын – бала әрекетінің бір түрі.Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.бала ойын үстінде өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың ойлауын, қиялың, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді Ұлттық ойын элементтерін сабақтың кез-келген бөліміне шеберлікпен кірістіріп отыруға
болады. Мысалы қорытынды бөлімге «Білім ұяшықтарын» пайдалануға болады.
Белгіленген сұрақтарға жауап беру керек
1. Ипподромда өткізілетін ұлттық ойындардың бір түрі
2. Бұл – есеп ойыны, 18 ұяшығы бар
3. Егер жігіт қуып жете алмаса, қыз жігітті қамшымен ұрады
4. Ойынға бірнеше асық алынады, оның біреуі «хан» болуы керек
5. Ойыншы атпен шауып келіп, жердегі сыйлықты алуы тиіс
6. Бұл ойын айлы түнде ойналады.
Рефлексия бөліміне:
Сақина тастамақ және теңге алу ойынымен байланыстырып, осы кестеге бүгінгі сабағы-мыздың қай кезеңі ұнағанын белгілеп шығайық. (интерактивті тақтада сақина және теңгенің
суреттері болады. Оқушылар бір - бірден шығып, сақина мен теңгені ұнаған тапсырмасының
астына тізбектеп жинайды.) Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде
ойынмен байланыстырып, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде,
қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.Сондықтан оқытудың
ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен
баланың іс-әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді.
Халық ойындары тек көне заманда ғана емес, күні бүгінге дейін өзінің жалғасын тауып келе
жатқын құбылыс. Бірақ ол кезде бала ойындары жеке балалар арасында, тиісті бас қосу себептері
кезінде, көшпелі елдің жаңаша қоныстануы сәттеріндегі топтарда ойналған. Бүгінгі күні ұлттық
ойындардың сабақтарда қолданылу маңызы мынада. Ол зеректілікке, білгірлікке, тапқырлыққа
баулиды. Бізге мұра етіп тапсырып кеткен бабаларымыздың асыл қазыналары қазақтың ұлттық
ойындарына деген өзге ұлт өкілдерінің көзқарасын өзгертіп, құрметтеуге үйретеді. Мысалы, сабақта мынадай ұлттық ойындарды түрлендіре ойната отырып, тіл үйретуде
көптеген жетістіктерге жетуге болады.
Халықтық дәстүрлі ойындар:
“Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар
қатысады. Тақтаға екі оқушыны шығарып өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойып,
жарыстыруға болады. Соңында «Жарайсың, Аслан, сенің атың жүйрік екен!», - деп көтермелеп
қойса бұл ойынға да, сабаққа да оқушының қызығушылығы арта түспек.
“Ақсүйек ойыны” - оқулықпен жұмыс жасауға;
“Ақ серек, көк серек ойыны” - оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыруға
қолданса,
“Қазақша күрес ойыны”- өтілген тақырып бойынша сұрақ –жауап тартысына көмектеседі. “Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады. Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол
тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер
айтамыз. “Қыз қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп тапсырма орындайды. Егер
ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда
айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
“Арқан тарту”. Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр орындаған тапсырмаға сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі.
Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойынын алар болсақ, оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Ребустар шешудің ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.Ұлттық ойындарды қолдану сабақ мазмұнын байыта түседі және баланың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, онша қиындық келтірмейді. Бірінші класта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ секілді ойын түрлерін ойнату тиімді. «Он саусақ» өлеңін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып, ауызша тез есептеуге, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Халықтың байырғы ауызша есептері, халық ойындары мұның дәлелі. Атап айтсақ, «Қай қолымда?», «Үш әділ», «Торғай мен бұтақ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б.
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгелі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым-қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Дидактикалық ойынға мысалы ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайыс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар.Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Ұлттық ойындардың турлері
Жалпы ұлттық ойындарды мынадай төрт топқа бөлуге болады:
1. Аңға байланысты ойындар: «Ақсерек-көксерек», «Аңшылар», «Аңшылар мен қояндар», «Ордағы қасқыр».
2. Малға байланысты ойындар: «Асау көк», «Бура-қотан», «Көк сиыр», «Соқыр теке», «Түйе мен бота».
3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: «Ағаш аяқ», «Аққала», «Ақсүйек», «Арқан аттау», «Арқан тартыс», «Асау мәстек», «Асық», «Жаяу көкпар», «Күміс ілу», «Қыз қуу», «Орамал тастамақ», «Түйілген орамал».
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: «Айгөлек», «Айдапсал», «Аударыспақ», «Бағана өрмелеу», «Бөріктастамақ», «Жасырынбақ», «Жаяу жарыс», «Көкпар», « Ұшты-ұшты».
Халық ойындарын оқу іс-әрекет барысында пайдалану баланың алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыруға қолайлы. Мысалы: есеп сабағында балалардың ой өрісін дамытатын «Санамақ ойыны». Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танытып біледі.
Бір дегенім білім
Екі дегенім егеу
Үш дегенім үкі
Төрт дегенім төсек
Бес дегенім бесік
Алты дегенім асық
Жеті дегенім желке
Сегіз дегенім серке
Тоғыз дегенім торқа
Он дегенім оймақ
Он бір қара жұмбақ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі ісі ойын болғандықтан оны үйрету барысында олар біртіндеп ойын әрекетінен таным әрекетіне түрлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс. Я.А. Каменский «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі»- деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруға ойынның
қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.
Балаларға ұлттық ойындарды үйрету барысында тек қалыптасқан жұмыс түрлерін ғана қолданып қана қоймай, оған өзгеше әр беріп өткізген жөн деп . Ұлттық ойындардан тұратын эстафеталық жарысты мысалға келтірейік. Жалпы эстафета түрінде ойналатын ойындар әрі тартымды, әрі қызықты өтетіні мәлім. Оның үстіне бұл ойындар кезінде балалардың қимыл- қозғалыс деңгейінің әлдеқайда жоғары болатыны дәлелденіп отыр.
Ересектер тобының балаларын теңдей екі топқа бөліп әр топқа жеке бірінші топқа «Тұлпар» екіншісіне «Сұңқар» деп ат қойылады. Эстафета ойыны залда өткізіледі. Қолданылатын құралдар: ішіне құм толтырылған қапшық белбеу , қазық 1метр, ұзындығы 3-3,5метр арқан .
Тәрбиеші:- Балалар бүгінгі сендермен ойналатын жарыс түріндегі ойындардың барлығы біздің ата- бабаларымыздан келе жатқан қазақтың ұлттық ойындары. Бүгін біздің бұл жарысымызға «Тазша бала» өз сыйлықтарын алып келіп отыр. Оны жеңіске жеткен топқа береді, әрі жарыстың бас төрешісі де «Тазша бала» болады. «Тұлпар» мен «Сұңқар» бір-біріне жалынды сәлем бергеннен кейін ойын басталады.
1.Теңге алу ойыны.
Ойын барысы: Екі топ балалары екі қатар болып, бірінің артынан бірі тізбекке тұрады. Тізбек арасы 3-4метр. Белгі бойынша бірінші тұрған балалар қарсы алдында 5-6метр жерде жатқан теңгені (құм толтырылған қапшық) ат үстінде шауып бара жатып, іліп алып онан әріде 3-4 метр шамада орналасқан межені сағат тіліне қарсы бағытта айналып өтіп теңгені қайтарды өз орнына тастап тізбек соңына беттейді. Өзінен кейінгі әріптесінің қолына қолын тигізген соң, келесі ойыншы аттанады. Ескерту қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңімпаз аталады.
2.Тұмақ ұру.
Ойын барысы : Бұл ойынға қағаздан жасалған қалпақ , белбеу қажет. Белгілі сызықтан он адым жерде қазыққа қалпақты іледі. Ойыншының көзін байлап қолына белбеу береді. Бала адымдап барып, қалпақты үш кезекте ұрып түсіруі қажет.
3.Арқан түю.
Ойын барысы: Қолында арқаны бар бала шеңбер ортасына шығады да «Ойынды бастадым»- деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілген жағынан ұстап, шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан өткізіп жіберулері қажет. Кімде кім арқанды өткізе алмай аяғына тигізіп алса, айып тартады (тақпақ, мақал мәтел, жаңылтпаш, ән айтады). Сосын ойын жүргізушімен орын алмастырылады. Осылайша ойын 3-4 қайтара жалғасады.
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі жарыстың қорытындысы бойынша «Тұлпар» тобы басым түсті. Сондықтан бұл топ балаларына «Тазша баланың» арнайы даярлаған сыйлықтары беріледі.
Тазша бала: «Сұңқар» тобы да өте жақсы өнер көрсетті. Келесі жарыстарда олар жеңіске жетеді деп сенемін дейді.
Мұндай ойындарда жас организмнің өсіп жетілуіне қажетті ептілік, жылдамдық арақашықтықты сезіну қоршаған ортаны бағдарлау сияқты қимыл- қозғалыс қасиеттері дамиды.
Ұлттық ойындар
Омпы
Асықты мұртынан немесе жамбасынан
тұрғызуды «Омпы» дейді. Омпы ойынына
2-10 балаға дейін қатыса берулеріне болады.
Ара қашықтығы 10-20 адым ( қалаулары бой-
ынша) жерге екі көмбе сызады. Әр қайсысы
көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігеді. Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызыда. Көм-бедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарындағы сақалары мен көнге тігілген асықтарды атып түсірулері керек. Атып алған асық- тары өздеріне қалады. Егер омпыға тигізсе, көндегі барлық асық-тарды алады. Неғұрлым көп асық ұтып алғандар жеңіске жетеді.
Көтермек.
Ортаға екі бала шығады. Бір- бірлеріне ар-қаларын тіреп тұрып қолдарын шынтақтастыра-
ды. Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қай-
сысы бұрын екіншісін көтеріп аласа, ұтқан болып есептеледі. Жеңіске жеткендері ортада қалып, келесі баламен сайысқа түседі. Соңғы жеңімпаз анықталғанша, ойын осылай жалғаса береді.
Түйілген орамал
Алдымен кез- келген орамалды түйіп- түйіп
доп тәріздес етіп алады. Бір бала ортада тұрады, қалғандары оны қоршап тұрады. Сыртта тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сырттағы балалардың қолдарынан алып қоюға әрекеттенеді. Ал сырттағы балалар бір-біріне лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысулары керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады.
Хан алшы
Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояу қажет. Осы асық
« Хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алады. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «Ханның» қалай түскенін байқап отырады. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала « ханның» түсуіне қарай жақын асықтарды бас бармақтардың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере- ыршытып біріне – бірін дәлдей отырып тигізеді.Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпаған жөн.Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан» алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысы өз қолдарына түсіруге әрекеттенеді. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.
Тақия тастамақ
Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, бір баланың артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулері керек. Ал, жүргізуші қуған
баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.
Асау мәстек
Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға былай дейді:
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап , ортаға шыққан бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек. Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.
Соқыр теке
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар:
-Бота, бұзау, қозы, лақ,
Қайда кеткен құлыншақ.
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап- деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді.
