- •5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
- •1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды ұйымдастырудың негіздері
- •1.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы
- •1.2. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру жолдары
- •1.3. Ұлттық ойындарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Қазіргі таңда ғылыми техникалық прогресстің қарқынды дамуы, ұлттық дәстүрлі ойындардың ұмыт болып қалу қауіпін төндіруде. Асық ойынын көтеріп, дамыту қажеттігін кезінде
батыр Бауыржан Момышұлының өзі айтып: «Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл – үлкен халықтық тәрбие», – деп жоғарғы басшылыққа хат та жазған болатын. Асық – төрт түлік мал мен аңдар тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі аса күрделі,
буынға біткен шымыр сүйек. Асық өзінің формасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ешкі, қой, cиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан сыртқы формасы бір пішіндес, мүсіндес зат. Ал жылқы асығы бұларға ұқсамайды, басқа формада болады. Қасқыр асығы да басқа.Осыған
байланысты асықтар әр түрлі атауларға ие: cақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді.
Қорғашбай сақа – табан жағынан ойылып қорғасын құйылған сақа.
Құлжа сақа – арқардың құлжасынан алынған асық ауыл балалары үшін таптырмас олжа. Ондай сақаны ілгеріректе бір мал немесе екі жүз асыққа айырбастайтын. Топай (томпай) – бұзаудың, тайыншаның асығы.
Жабайт – қой асығының сақадан кейінгі қорғасын құйылмаған түрі.
Шүкей (үшкейт) – қой асығының кішкенесі.
Шүкімейт (шүкімәт) – қозы, лақтың сойып жеуге әлі жарамайтын кезіндегі асығы. Ең кішкене асық. Кеней – шүкейдің көп жұмсалып мұжылған (мүжілген) түрі. Кентай - ешкіден алынған асық. Формасы симметриялы емес, бір жағына қарай қисықтау әрі
кішкентай болып келеді. Ондай асықтар не сақаға, не «хан» болуға жарамайды. Енді асықтың сипаттарына келсек: Алшы – асықтың үйірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші
дәрежелі мән беріледі. Тәйке (тәуке) – асық үйірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі асық.
Бүге (бүк) – асық үйірілгенде дөңес жағы үстіне қарап етпетінен жаттық түсуі. Шіге (шік) – асық үйірілгенде шұңқыр жағы үстіне қарап, жаттық түсуі. Тұрық – асықтың үйірілгенде алшы не тәйке түсуі. Жаттық – асықтың бүге не шіге түсуі. Су- асықты атқан кезде шеңбер сызығынан шығып, бірақ сызыққа бір сақа бойы немесе сызықтың үстінде жатуы. Бек- асық атқан ойыншының сақасы су сияқты сызықта жатуы. Өлік- шеңбер ішіндегі асықтың сақа тиіп, шеңберден шықпай қалуы. Күлді- сақаның алшы не тәйкі түсуі. Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап тік шаншылып, шоқая түсуі.
Табан – асықтың тәйке жағы. Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып, ыңғайлы
ұсталуы. Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып, ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың оң жақ тілерсегінде,солақай асық малдың сол жақ тілерсегінде болады.
Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі. Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
2 Ойын түрлерін топтастырып жазыңдар. 2 топ жазып, қорғайды.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
-----Ойын деген менің түсінуімше...... (ойды өз сөзімен жалғастыру керек)
.................көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары бар
---------- «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
