- •2. «Құдай балалары» сектасының діни ұстанымдары.
- •3.Қазақстанда методистік қауымның таралуы
- •1.Шумерлік пантеондағы басты құдай.
- •2.Иегова куәгерлерінің діни ұстанымдары.
- •3.Джайнизм.
- •1. Джайнизмнің негізін салушы.
- •2.Шива құдайның негізгі функциясы.
- •3.Даосизм өркендеуі..
- •2.Жаңа Апостол шіркеуінің құрылымы және қызметі.
- •3.Тотемизм.
- •1.Иегова куәгерлерінің рухани әкімшілік орталығы, құрылымдық өзгешелігі.
- •1.Тәкфир және Хижра Жамағатының радикалды сипаттағы,лаңкестік ағым ретінде.
- •2. Христиан ғылымы қоғамы,рәміздері,басылымдары.
- •3. Магия мен ғылым эволюциялық процестің кезеңдері.
- •1)Дінтануда діннің теориялары.
- •Магияны зерттеудің мақсаты.
- •Христиан ғылымы қоғамы тарихы және құрылымдық ұйымдасуы.
- •Тәкфир жамағатының Қазақстанда таралуы.
- •1.Құдай мен әлемнің, материалды мен идеалды мәннің бірлігі туралы ілім.
- •2.Қазіргі «сопылар» ұстанымы.
- •3. Әлем адам өзіне бағындыра алатын материя идеясы
- •1. Шынайы дін моральдық дін теориясы.
- •2.Уаһһабшылдық ілімі.
- •3.Дін психологиясының негізі.
- •1.Мұхаммед: өмірі мен қайраткерлігі.
- •2.Уаһһабшышылдық діни ұстанымдары және ерекшеліктері.
- •3. Бахаи сенімінің негізін салушы және таралу аумағы.
- •Бахаилердің Қазақстандағы қызметі.
- •1)"Кришна санасы" қозғалысының Қазақстандағы даму ерекшеліктері
- •2. Ислам дінінің пайда болуы.
- •3) Ежелгі Египетте егін шаруашылығының құдайдың беделі
- •1. Қай құдайдың алдында өлген египеттіктер өз-өздерін ақтау сөзі.
- •2. Кришна – қай құдайдың түрленуі.
- •3.Саентолоия шіркеуі, негізін қалаушы
- •1.Саентологиядағы негізгі ұғымдар
- •2.Сатана шіркеуі мүшелерінің ұстану ережелері
- •3.Дінтануда анимизм теориясы алғаш рет кімнің еңбегінде жан-жақты талданды?
1.Тәкфир және Хижра Жамағатының радикалды сипаттағы,лаңкестік ағым ретінде.
2. Христиан ғылымы қоғамы,рәміздері,басылымдары.
3. Магия мен ғылым эволюциялық процестің кезеңдері.
1.топтардың ішінде намаз оқымағанды «кәпір» деп айыптайтын тәкфир жамағаты ел ішінде қауіп төндіруде. Бұл Уаһаби жамағатының ең радикалды көзқарасын ұстанатын тобы. Олар 5-6 сұрақтың төңірегінде басқа ой-пікірдегі адамдарды айыптап, өз ойларын жүзеге асырғысы келеді. Тәкфирлердің ұстанымы бойынша намаз оқымаған адам кәпір. Мұсылманмен кәпірдің арасын бөлуші тек намаз деп ойлайды және осы тұрғыда Пайғамбар (с.а.с) хадистерін бір жақты түсініп, дәлелдейді. Сіз: «мені кәпір дей берсін. Бірақ мен Жаратушыға сенетінімді өзім білемін ғой» деп айтуыңыз мүмкін. Бірақ бұл жердегі мәселе сіз ойлағаннан гөрі күрделі. Тәкфир ағымын ұстанатындар адамды күпірлікпен айыптаумен шектеліп қана қоймайды. Күпірлікке шығару арқылы олар әлгі адамның мал-мүлкі, жаны өздері үшін халал дейді. Бұл намаз оқымаған адамды тонауға, өлтіруге, зорлауға болады деген сөз. Бұл - сөзсіз адасушылық. Әлемге әділдікті әкелген исламның ұстанымы мүлдем басқа. Исламда өзін мұсылман санап, Аллаға, Пайғамбарға сеніп «Ла илаһә илла Аллаһ, Мухаммаду расулуллаһ» деп айтатын адамды кәпір деуге болмайды. Себебі бізге жол көрсетуші Пайғамбарымыз (с.а.с.):«Кімде-кім біреуді кәпір, немесе Алланың жауы деп айтып, шындығында олай болмай шықса айтқан сөздері өзіне айналып оралады» (Бухари, Муслим) деп, өзге адамды кәпір деп айтпауды қатаң ескерткен.Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Б.з. 1 ғасырында Иудеяда римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, ауған жеріндегі әсіре діншіл сектанттар өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия,АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті “қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету” деп түсінді. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік ұйымдар пайда болды.
2. Христиан діні — әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Палестинада б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан кауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өмірінеде қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен сүрді. Мұның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы тұрды. ол кезде христиандар қуғынға ұшырап, азап шекті.II ғасырдан бастап кұл иеленуші жүйенің дағдарысқа ұшырауы салдарынан империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағдарысқа түсіп, пессимизмге ұшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптын адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан қауымының кұрамы взгерді. Еписков пен пресвитерлер қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әртүрл культті өткізу, уағыз айту күнделікті жұмысты басқару осы адамдардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиясының жоғарғы топтары құл иеленуші мемлекетпеп жақындасты. II ғ. аяғы кезшде Христиан діні Рим империясының барлык облыстарына таралды. III ғ. бас кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан діні ерікті түрде қабылдауды жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды Ал 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның басшылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіл әлемдік христиан шіркеулерін соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қыскаша түрде қаулы алды. Бұл қаулы Құдайға «сенуші - Никкеилш символы» деп аталды. Сойтіп, император өкіметі мен христиан шіркеу одағы кұрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды.
3.Магия (лат. та§іа ерекше.сиқыршылық) алғашқы қауымдық дін формаларының бірі. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелғі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.Табиғат күштері алдындағы дәрменсіз ежелгі адамдар күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялык іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы. Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.Емдеу магияның максаты дуалау, үшкіру, басқа да «сиқырлық» тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады.
Емтихан билеті №10
