Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

1)Дінтануда діннің теориялары.

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім.Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Дін-жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан,адамдар арасындағы қатынастардың,идеялардың,әрекеттердің жиынтығы.

Діннің жалпы теорияларын былай беруге болады.

Дін-жоғарғы жаратушы және өмір сүруші күшке табынуға негізделген мистикалық көзқарастардың бірлігі ретіндегі қоғамдық сананың формасы.

Дін-(латынша шарапаттылық,тақуалық,қасиеттілік,табыну құралы) сенім түріндегі тиісті тәртіп және ерекше әрекетке,өмірсүруші құдайларға, «қасиеттілікке» болмаса жоғары жаратушы өмірсүрушіге негізделген дүниеге көзқарас немесе дүниетанымдылық.

  1. Магияны зерттеудің мақсаты.

Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі.

Магияның зерттелуі.Қайта өркендеу дәуірінде Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген Дж.Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды. Магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды.

Қазіргі кезде зерттеушілер магияны контактілі (магиялық күші бар объектімен тікелей әрекеттесу), инициалды (Магиялық іс-әрекет субъектісі үшін қол жетпейтін объектіге магиялық әрекеттің бағытталуы), парциалды (шаш немесе тырнақ, тамақ қалдықтары арқылы жанама ықпал ету), имитативті (магиялық объектіге ұқсас затқа ықпал ету) деп бөледі. Ежелгі дін формаларын зерттеуші Б.Малиновский магияны жемісті, сақтандырушы және деструктивтік деп жіктейді. Дж.Фрезер бойынша магиялық әрекеттер ұқсас немесе бірінен кейін бірі келетін шектес құбылыстарды жалған себеп-салдарлық қиыстыруға негізделген. Осыдан магияның гомеопатиялық (ұқсастық бойынша, еліктеушілік) және контагиозды (шектесуі бойынша, жұқтыру) деген екі түрі көрінеді. Әлемдік діни жүйелерде магиялық салт-жоралар елеулі рөл атқарады. Леви-Стростың пікірінше, магия мен дін бірін-бірі толықтырады. Магия белгілі бір әрекетке және сөздерге “кереметтік” қасиет беріп, дәріптейтін күш ретінде адамның объектіге тікелей әсер етуі және мақсатына жету жолында өз мүмкіндігіне деген сенімге негізделген. Магиялық әдет-ғұрыптар дүниеге, табиғат құбылыстарына, адамдарға, рухтарға табиғаттан тыс жолмен ықпал етуге бағытталады.

  1. Христиан ғылымы қоғамы тарихы және құрылымдық ұйымдасуы.

Христиан ғылымы (Христиандық ғылым шіркеуі,Христостың ғылыми шіркеуі).

Негізін салушы:Мэри Бэкер Эдди (Мэри Энн Морис Бэкер)

Құрылу уақыты:1879 жылдың 23 сәуірі.

Рәміздері:Крест және «Ауруды айықтырыңдар,өлілерді тірілтіңдер,алапесті тазалаңдар,шайтаннан арылыңдар» деген жазуы бар таспамен көмкерілген гул десте.

Тарихы: Христиан ғылымының негізін салушы Мэри Бэкер Эдди Нью-Хэмпшир штатындағы Бау қаласында 1821 жылы Марк және Абигайль Бэкерлердің жанұясында дүниеге келген.Оның ата-анасы дін тәртібін ұстанушы,ізгі христиандар болғандықтан 17 жасында конгрегационалдық шіркеуге қосылады,алайда бұл шіркеудің кейбір ұстанымдарына оның көңілі толмайды.Ол балалық шағынан созылмалы аурулармен ауырып,көптеген дерттерді басынан өткереді.

Құрылымдық ұйымдасуы:Ұйымның орталығы Массачусетс штатында орналасқан Бірінші және басты шіркеу болып табылады.Шіркеуді басқаруды «Ана-Шіркеу қағидаларына» сай Христиан Ғылымы Директорларының кеңесі жүзеге асырады.Басқа шіркеулердің барлығы-әлемнің 70 еліндегі 2400 тармақ-Ана шіркеудің тармақтары болып есептеледі.Христиан ғылымының уағыздаушылар қызметін Бостондағы Інжілдік сабақтар комитеті тағайындаған Інжілден үзінділер оқитын және оған «Ғылым және денсаулық» кітабына түсіндірмелер беретін мәнерлеп оқушылар атқарады.Шіркеудегі мәнерлеп оқушылардың басым көпшілігі әйелдер болып саналады.

Емтихан билеті №11

1. «Белое Братствоның» діни ұстанымдары.

2.Христиан ғылымы қоғамы ілімі және діни ұстанымдары.

3. Ойшылдардың қайсысы европалық мәдениетке «еркін ойлау».

  1. Белое Братство (Ақ Ағайындық):

 Өткен ғасырдың 80- жылдарының соңында Украина мен Ресейде және Кеңестік социалистік республикалар одағының басқа да республикаларында пайда болып, таралған жалған христиандық эклектикалық ілім. Негізін қалаушылар – Марина Цвигур және Юрий Кривоногов. «Белое Братство» (немесе кейде «Великое Белое Брат­ство» деп те аталады) деструктивті культ болып табы­лады. Оның негізін салушылардың ізбасарларын «юсма­лиандар» деп атайды. Марина Цвигун мен Юрий Криво­ногов ғарыштық күштермен байланысқа түсу барысында жер тұрғындарын ұйқыдан оятып, аман алып қалудың құпия бағдарламасы баяндалған «Солуняндарға (жер пла­нетасын мекендеушілер) арналған Хабар» алдық деп мәлімдейді. Осы бағдарламаға сай осыған дейін көк ас­панда қосылған екі құдай – Құдай Ана мен Иисус Марина Цвигунның бойына қонады. Соның нәтижесінде Бір құдай - Мария Дэви Христос мәні пайда болады. Юрий Криво­ногов Юоан Свами деген атқа ие болады. Юоан Свами Иоанн (Юоан) шоқындырушы мен Иоанн Богослов жандарының бірігуі дегенді білдіреді. «Юсмалос» атауының пайда болуы туралы екі түрлі Мария Дэви Хри­стос пен Юоан Свами есімдерінің және Лос (Логос) бірігуінен «Юсмалос» ұғымы қалыптасады. Өзін Тәңір деп жариялаған Мария Дэви Хрис-тос әлемге Соңғы (үшінші) Өсиетті – Қасиетті Рухтың өсиетін жеткіздім деп жар салды. «Белое Братствоның» теологиялық ілімінің негізін әр түрлі діндерден алынған қағидалар құрады. Тарқатып айтар болсақ, иога және буд­дизм ілімдерінен карма, реинкарнация идеялары, гнос-тиктерден логос пен сефориттер, энергетикалық эгрегора­лар, аура мен «фохат» энергиясы туралы ілімдер, христиандықтан тринитарлық ересьтер, яғни Қасиетті Үштік Бірлік бұрмалап түсіндіретін ілімдер қабылданды, сонымен қатар, бұл деструктивті культтің негізін қалаушылар көне өсиет пайғамбарлары мен Апокалипсисті бұрмалап сипаттады.

2. Христиан діні — әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Палестинада б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан кауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өмірінеде қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен сүрді. Мұның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы тұрды. ол кезде христиандар қуғынға ұшырап, азап шекті.II ғасырдан бастап кұл иеленуші жүйенің дағдарысқа ұшырауы салдарынан империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағдарысқа түсіп, пессимизмге ұшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптын адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан қауымының кұрамы взгерді. Еписков пен пресвитерлер қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әртүрл культті өткізу, уағыз айту күнделікті жұмысты басқару осы адамдардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиясының жоғарғы топтары құл иеленуші мемлекетпеп жақындасты. II ғ. аяғы кезшде Христиан діні Рим империясының барлык облыстарына таралды. III ғ. бас кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан діні ерікті түрде қабылдауды жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды Ал 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның басшылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіл әлемдік христиан шіркеулерін соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қыскаша түрде қаулы алды. Бұл қаулы Құдайға «сенуші - Никкеилш символы» деп аталды. Сойтіп, император өкіметі мен христиан шіркеу одағы кұрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды.

Емтихан билеті №12

1. «Белое Братствоның» ілімдік негіздері.

2. Сенімнің қарапайым түрлері.

3.Тәкфир жамағатының Қазақстанда таралуы.

  1. «Белое Братствоның» ілімдік негіздері.

Қазақстан аумағында бұл ұйым жақын орналасқан Ресей қалалары арқылы таралды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының орта тұсында бұл ұйым Қазақстанда белсенді әрекет етті. «Белое Братство» 1995-1996 жылдары Қазақстанда да жергілікті ұйымдар құруға талпынды. Алайда Қазақстан территориясында Ресей мен Украинадағы сияқты кең тарай алмады. Бұл бірінші кезекте Қазақстанның этноконфессиональдік ерекшеліктерімен байланысты болса керек. Екіншіден, Алматы облысынан шыққан жергілікті Фархат ата ілімі «Белое Братство» доктринасына ұқсас қағидаларды ұстанды. Киевте орын алған сорақы оқиғалардан кейін бұл ұйым Қазақстанда және басқада ТМД елдерінде ашық әрекет етуін тоқтатады. Алайда Мария Цвигун және тағы басқа секта жетекшілері түрмеден босап шыққаннан соң, бұл ұйым бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында, соның ішінде, Қазақстан территориясында, әсіресе, Ресей Феде-рациясымен көршілес жатқан қалаларда өз жұмысын қалпына келтіруге талпынады. Қазіргі уақытта «Белое Братство» қатары сиреп, жасырын әрекет етуге көшкенімен, қатаң тәртіпке негізделген қауіпті ұйым болып қалып отыр. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарық көрген материалдар көпшіліктің көзін ашып, секта жұмысына қырағылық танытуына ықпал етті. Жалпы деструтивті ұйымдар мен культтерге қарсы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер жұмыла әрекет еткенде ғана олардың таралуына тосқауыл қоюға болады. Сондықтан азаматтарды осындай деструктивті ықпалдан қорғау үшін ақпараттық талдау жұмыстарын, жастар арасында діни сауаттылық пен салауаттылықты арттыру жұмыстарын белсенді әрі жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет. Сонымен қатар, деструктивті ұйымдар мен культтердің шырмауына түскен адамдарды психикалық сауықтыру мәселесі де мемлекет пен қоғам назарынан тыс қалмау керек.

  1. Сенімнің қарапайым түрлері.

Сенім діннің негізін қалаушы фактор. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен Құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол Құдаймен байланысты сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Адам әлеуметінің ең көне рәсімдерінің бірі құрбандық шалу рәсімі.Осыдан діни наным-сенімдердің қоғамдық қатынастарды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарға шығарылған.Сонымен қатар коғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбнелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.Сенім діннің негізін құрайды. Сенім әртүрлі болып келеді. Солардың бірі-діни сенім. Сондай-ақ, табысқа деген сенім, жеңіске деген сенім, аурудан жазылуға деген сенім деген сияқты оның көптеген түрлері бар. Діни сенім, Құдайға деген сенім, Құдайға құлшылық ету сенімі, Құдайдан бұл дүниеде де, ол дүниеде де қандай да бір жақсылық тілейтін психологиялық ұстаным. Діни сенім әртүрлі діндердің, конфессиялардың және секталардың діни ілімдерін оқып үйрену арқылы қалыптасады. Қалыптасқан діни сенім адамды сол сенімнің бағытына мүлдем түсіреді, оны сол діннің жолын ұстауға психологиялық тұрғыдан көндіреді. Діни сенімге кірген адамның сол сенімнен шығып кетуі психологиялық тұрғыдан өте қиын. Мұндай жағдай адамды депрессияға, сенімсіздікке ұшыратуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]