Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆
  1. Тәкфир жамағатының Қазақстанда таралуы.

Қазіргі таңда шектен шыққан кертартпа пікірлерімен өзіне назар аудартып отырған исламдық ағымдардың бірі «Тәкфир және Хижра Жамағаты» болып табылады. Радикалды сипаттағы Тәкфир ағымы Мысыр елінде пайда болып, Таяу және Орта Шығыста дербес лаңкестік ағым ретінде әрекет етуде.Бұл ағымның құрушылары болып Сеййид Қутубпен бірге дарға асылғандардың біреуі Шейх Абдулфаттах Исмаил мен кіші бауыры Али Исмаил және оларға қосылған Шукри Мустафа көрсетіледі. Бұл ағымды 1960жылы студент болып жүріп саяси оқиғаларға қатысқандықтан түрмеге қамалған және 1977 жылы дарға асу жазасына кесілген Шукри Мустафа дамытып, топтың басшысы болды. Ол жақтастарымен бірге тафсир, хадис, фиқһ кітаптарынан өз пікірлерін қуаттайтын көзқарастарды шығарып, ұйымның идеялық негіздерін нақтылау жолында терең ізденістер жасады. Бұл жамағаттың көшбасшысы болған Шукри Мустафа 1965 жылы Мұсылман бауырлар ұйымының мүшесі деп айыпталып түрмеге қамалған кезінде университет студенті болатын. Алты жыл, яғни 1971 жылға дейін абақтыда жатады. Көзқарастары осы түрмелер мен зындандарда жүріп қалыптасты. Шукри жамағатты түрмеде және сыртта жүріп басқарып отырды. Өзін үлкен реформатор, дінді жаңғыртушы, мұсылмандардың күтіп жүрген Махдиі (құтқарушысы) деп санады. Оны мойындағандар, оған мұсылмандардың әмірі және Мұсылман жамағатының көшбасшысы ретінде қабылдайтындықтарына байланысты ант берді. Мустафа Шукри және оның жақтастарына 1978 жылдың наурыз айында сол кездегі Қорлардың (Уақф) министрі Мухаммад Хусейн Захабиді ұрлап, өлтірді деген айып тағылып, барлығы өлім жазасына кесіледі.Тәкфир жамағаты бойынша, «бұрынғы өткендердің діни ғылымдарда қалыптастырған көзқарастары мен негіздерінің ешбірін қабылдамау», ешқандай дін ғалымының айтқаны бойынша жүрмеу (тақлид) керек. Олардың ойынша, еліктеген (тақлид жасаған), біреудің көзқарасын басшылыққа алған адам кәпір саналады. Өйткені кез-келген адам, ешкімнің білімінсіз, үйретуінсіз Құран мен Сүннетті түсіне алады. Тәкфиршілер жамағаты бойынша дін ғалымдары (Факиһтар) ұғымдардың мағынасын өзгертіп жіберген. Дін ғалымдарына еру, оларды тыңдау адамдарды адасушылыққа, күпірлікке апарады. Харам мешіті (Масжидул Харам), Нәбәуи мешіті (Масжидун Нәбәуи), Ақса мешіті (Масжидул Ақса) және Куба мешітінен басқа әлемдегі барлық мешіттер тақуалық мақсатында салынбағандықтан, ішінде намаз оқу дұрыс саналмайтын мекендер болып табылады. Сонымен бірге аталған мешіттерде оқылған намаздардың да дұрыс (сахих) болуы, өз жамағаттарынан біреуінің имамдық жасауымен байланысты болмақ.Тәкфир жамағатының негізгі көзқарастарын қысқаша былай түйіндеуге болады:- Исламның міндетті саналған (парыз) амалдарынан біреуін орындамаған немесе кейбіреулерін кемшіліктермен жасаған адам мұсылман саналмайды. Бүкіл парыздарды орындап, біреуін қалдырып қойған мұсылман емес;- Бір адамның толыққанды мұсылман болғандығы айқын түрде белгілі болғанға дейін күту керек. Оған дейін мұсылман деп айтуға болмайды. Мұсылман болудың ашық дәлелі, олардың (Тәкфир жамағатының) жамағатына қосылып имамдарына немесе оның өкіліне қол беруден (мойындап, қабылдаудан) тұрады. Кім мұны орындаса мұсылман, теріске шығарса кәпір болып табылады.

Емтихан билеті №13

  1. Ежелгі Египетте Жер Құдайы

  2. Тәкфир жамағатының негізгі діни ұстанымдары

  3. Ежелгі Қытайдың діни жүйесінің негізі

1.Ежелгі Египетте Жер Құдайы. Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да , құдыретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық билік жүргізуші тапқа толық болынған мемлекет. Египеттің жоғары үкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды,ал өз кезеңінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері перғауындарды Құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) Құдайдың ұұлы деп саналды, сондықтанда фараондар өздерін «Ра» күн деген мағына береді. Ол Құдайлардың Құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. - «Алтын» нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқталды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады.Ал мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демекперғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше Құдайы болған. Ең құдыретті құдай, яғни Құдайлардың құдайы – Күн құдайы «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға – өлім құдайы «Осирис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Оси-рис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген.

2. Тәкфир жамағатының негізгі діни ұстанымдары. «Тәкфир» немес «һижрат» жамағаты өздерін ғана мұсылман, ал қалғандарын кәпір санайды.Сондықтан жамағаттың аты да өзіне сай тәкфир яғни жамағаттан басқаларды кәпір дейтіндер және һижрат яғни басқалармен араласпайтындар деп аталады. Бұл жікшіл ұйым.. Жамағаттың алғашқы идеологиясы Мысыр түрмелерінде өріс алып, соңынан бас бостандыққа шыққан мүшелерінің ой-пікірлері қисынға келтіріп, тұжырымдалды. Солтүстік Мысырда және сол елдің университет студенттері арасында олардың ізбасарлары көбейді. «Тәкфир» және «һижрат» жамағаты деп даңқы шыққан мұсылмандар жамағаттың ұстанымы мен ой-пікірлері Мысыр түрмелерінде, әсіресе 1965 жылы алты тұтқынға түскен мұсылмандар ішінен Мысыр президенті Жамал Әбунасырдың бұйрығымен Сайд Құтб пен оның пікірлестері өлім жазасына кесілген соң бір жүйеге түсті.

3.Ежелгі Қытайдың діни жүйесінің негізі. Ежелгі Қытайдың екі мыңжылдық тарихында өзіндік ерекше дін қалыптасты. Қытайтанушы тарихшылар Қытайдың ұлттық дінінің ең ірі төрт формасын ажыратады, оларды Қытай дінінің эволюциясының негізгі кезеңдері деп те қарастыруға болады: бұл Шан-Ди культі, Аспан культі, даосизм және конфуциандық.Ежелгі Қытай діни- культтік жүйесінің ерекшелігі онда абыздар сословиесінің ерекше дамығандылығы болып табылады. Египет пен Үндістанда абыздар атқаратын қызмет түрлерін Қытайда мемлекеттік қызметкерлер – шенеуніктер атқарды. Бұл абыз-шенеуніктердің қызметі ең алдымен Қытай қоғамында тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін әкімшілдік міндеттерді атқару болып табылады. Сондықтан да Аспан культі көп жағдайда эмоциялық-сезімдік емес, формалданған, бюрократиялық сипат алады. Рәсімдер мен діни дәстүрлер Ежелгі Қытайдың діни культтік жүйесінен басты орын алады.

Емтихан билеті №14

1. Алғашқы Иерусалим храмдарының қызметі.

2. Сопылықтың әлемде таралуы.

3.«Сакральды» термині.

1. Алғашқы Иерусалим храмдарының қызметі.

Израиль елінің діни жәдігерліктері дегенде біз ең алдымен Иерусалим храмын ауызға ала­мыз. Оның адамзат тарихындағы алар орны айрықша. Храмның қира­тылуы – еврей та­рихының бет­бұ­рысты белесі. Бұл оқиға біздің дәуі­ріміздің 70-ші жы­лында, Иудея соғы­сынан кейін болған. Әу баста Ирод тұр­ғызған, ақыры Рим императоры Тит қи­ратып тынған бұл храмның қандайлық ғаламат ғимарат еке­нін оның сақ­талып қалған Батыс дуалының бір бөлігінен-ақ сезіне аласыз. Дуал қабырғасына қаланған тастардың ең майдаларының өзі екі тоннадан бес тоннаға дейін тартады. Бірнеше кесегінің салмағы 50 тоннаға жуық. Арасында ұзындығы 12 метрлік, биіктігі 3 метрлік, қалыңдығы 4 метрлік тұтас тас та бар, жаңағы тастың салмағы 400 тоннаға жуықтайды. “Ежелгі дүниеде бұған тең келер бір де бір ғимарат болған емес”, дейді ағылшындық автор Саймон Голдхилл Ұзындығы 156 метрлік Көз жасы қабырғасы – еврей халқының ең киелі жәдігерлігі. 638 жылы халиф Омар бастаған мұсылмандар қолы қасиетті әл-Құдысты басып алып, 691 жылы халиф Абд әл-Мәлік керемет күмбезді сегіз қырлы ғимарат орнатқанға дейінгі 600 жылдан астам мерзімде ол храмды қалпына келтірудің мүмкіндігі болмады емес, болды. Бірақ, еврейлер ол жұмысты қолға алған жоқ. Алғашқы крест керушілер Иерусалимді қайтарып алу жорығын арада төрт жүз жылдай өт­кенде ғана бастады, 1099 жылы қала қайтадан хрис­тиандардың қолына тиді. Онан кейін де храмды қалпына келтірудің мүмкіндігі болмады емес, болды. Бірақ, ол жұмыс бәрібір қолға алынған жоқ. Мұның терең мәні бар. Шынтуайтында, еврейлерге храмның өзінің қажеті шамалы. Оны айтасыз, тіпті, еврейлерге храмның асқақтаған айрықша салтанатты сипатынан да осылай қираған күйінде, тамтығы ғана – бір бетіндегі дуалының бір бөлігі сақталған күйде тұрғаны артығырақ сияқты. “Евреев наказал Бог за то, что они не приняли Иисуса как Мессию, и разрушение Храма осталось видимым знаком этого наказания, в то время как чистота христиан и благочестие христианской общины стало новым храмом Господним. В физическом здании Храма христиане больше не нуждались. Точнее, они нуждались в том, чтобы никакого здания не было” (С.Голдхилл). “Расын айтайық: Мұса ғ.с.-ға кітап (Таурат) түсірдік. Оның соңынан бірнеше пайғамбар жібердік және Мәриямұлы Исаға кереметтер бердік (өлгенді тірілту, алапесті жазу т.б.). Оны қасиетті рухпен (Жәбірейілмен) жебедік. Ал жіберілген пайғамбарлардың барлығы сендер қалағандай бола бермейді. Сонда неге сендер кердеңдеп, астамшы­лық жасап шыға келесіңдер? Біреулерің (Исаны) мойындамадыңдар, енді біреулерін (Зәкария, Яхия ғ.с.) өлтіріп те тастадыңдар” (Бақара сүресі, 87-аят). Оған қоса, храм қалдығы ортақ патшалықтың екі патшалыққа – Израиль мен Иудеяға бөлініп, қанқасап қырғынға жол ашқан, сөйтіп, елді бірліктен де, тірліктен де айырған сұмдығын сәт сайын еске салып тұрады. Елді бірлікке, берекелі тірлікке үндеп тұрады. Бүкіл әлемдегі еврей біткенді тарихи Отанға тартып тұрады. Таза көркемдік өлшемдер тұрғысынан қарағанда да Иерусалим храмы қиялдағы ғажайып бейнеге айналғаны әсерлірек болып барады. Храмның қиратылған кеңістігі әр адамның тарихтағы тарыдай орнын табуға тырысатын талабын арттыра алады.

2. Сопылықтың әлемде таралуы.

Ғалымдардың пікірінше «тасаууф» (сопылық) сөзінің түбірі «суфәтүн», жүн, түк сөзінен шыққан. Себебі, сопылық жолын ұстанушы өзін Аллаһтың құзырына тасталған жүн тәрізді сезінеді дейді. Ал басқа бір пікір бойынша, «сыфатун» — қасиет деген сөзден тараған. Сопы өз бойына адамзаттың асыл қасиеттерін жинаған адам десе, енді бір ғалымдар «тасаууф» сөзі – «сафа» — яғни тазалық сөзінен шығады деген пікірді ұстанады. Жалпы «тасаууф» сөзі «Құран Кәрімде» немесе Суннада айтылмаған. Бірақ, бұл Исламның алғашқы кездерінде рухани тазару тәжірибесі болмады дегенді білдірмейді, оған дәлел Мұхаммед с.ғ.с кезінде өздерінің рухани кемелдігімен өзгелерден биік тұратын, сонымен қатар аскеттік өмір сүрген мұсылмандардың өмірі. Тек ол заманда оларды сопылар деп атамаған, олар пайғамбардың шәкірттері немесе сахабалар деген атауға ие болған. Ал, сахабалардан кейінгі ұрпақты табиундар, одан кейінгілерді ат-табиундар деп атаған. Аталғандардың біріне Абу Зарру аль-Гифариді немесе Салману аль-Фарисиді жатқызуға болады. Хижра жыл санауының 2-ші ғасырынан бастап мұндай өмір салтын ұстанатын діншілдерді суфиилер деп атай бастады. Алғашқы суфии деген атқа ие болған мұсылмандық тақуа Джабир ибн Хаййан, немесе  Абу Хашим атты тақуа.

Сопылық ұстанымы – Аллаһты үнемі еске алу, нәпсімен күрес, ғибадатты ықыласпен орындау, ыждаһаттылық және сабырлылықпен амал ету.

Сопылық мақамдардан тұрады. Құлшылық етуші (ғабит) тақуа (захид). Бұл мектептердің өзіне тән әдісі, жолы және мақсаттары бар. Сопылықтың ортақ ұстанымдары – Аллаһты және Пайғамбарды сүю, тақуалық, дүниеге қызықпау, Аллаһқа риза болу. Тариқат жолына түсуші Шариғат заңдарына бағынып, дүниелік күйбең тіршіліктен бас тартып, өзін Жаратушыға арнағанын қабыл алады. Жаратушының еркіне бой ұсынып, бүкіл ойы мен іс-әрекетін Жаратушыға бағыттайды. Сонымен қатар, өзінің бүкіл болмысы мен өмірін Жаратушының қалауына береді. Осылайша сопы Ақиқатқа толық сіңіп кетеді.

Шариғат (жибарут мақам — жол) – ұлықтық ғалам. Кәлима кілті: «Лә — иллаһа иллаһу Мухаммадун расулиллаһ». Ұстанатын тәртіп заңы: Иман келтіру. Намаз оқу. Ораза ұстау. Зекет беру. Қажылық. Мәдениеттілік, сыпайы қарым – қатынас жасау, сөйлесу. Білім үйрену. Пайғамбарымыздың сүн-неттерін мүлтіксіз орындау. Жамиғатқа дін ислам жөнінде насихат айту (Әмір Мағруп). Жаман іс — әрекеттен бойды аулақ ұстау.

Тариқат (малакут мақам — жолы) – періштелер ғаламы және оның кәлима кілті. Тариқат – Құранда «жол» деген мағынада. Шындықты құпия құбылыстар арқылы тани білу. Ұстанатын тәртіп заңы: Тәубеге келу. Пірге қол беру – мүрит болу. Қауіп пен ража, яғни Жаратушы Иенің рақымынан үміттеніп, жазасынан қорқу. Тәннің ұятты жерлерін жабу. Шауһат ләззатынан тиылу. Тамақ — нәпсіден тиылу. Пір қызметінде болмақ-тық. Насихат – уағыз тыңдау. Әрбір нәрсенің ара – жігін ажырата білуді үйрену. Оңашалықта, жалғыз-дықта болу.

Мағрифат (лакут мақам — жолы) – Аллаһ Тағала ғала-мы. Мұнда дін, білім, ғылым жолдарының амалдарын жүзеге асыра отырып, Аллаһты тануды мұрат тұтады. Ұстанатын тәртіп – заңы: Пәнилік болу, яғни өлмей тұрып өлмектік. Дәруіштік салтты қабыл-дап, мойындау. Әрбір қиындыққа шыдам-дылық таныту. Адалдық жолымен, таза талаптанбақтық. Терең білім алу. Шариғат және тарихат жолымен бірдей амал жасау. Дүние, мал – мүліктен қол үзіп, көңіл суыту, баз кешу. Ақыреттің барлығын мойындау. Болмыс тылсымы туралы мақам – жолды игеру. Ақиқат сырларын игеру.

Сопылықты зерттеуші Идрис Шахтың пікірінше: «Сопылық негізі махаббат. Сопылық қызметі махаббат күшінің көмегімен іске асып, адам өмірінде, поэзияда және жұмыста көрініс табады».

3. «Сакральды» термині.

Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.

Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік уы ол үшін қауіпті.

Емтихан билеті №15

1.Құдай мен әлемнің, материалды мен идеалды мәннің бірлігі туралы ілім.

2.Қазіргі «сопылар» ұстанымы.

3. Әлем адам өзіне бағындыра алатын материя идеясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]