- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке(Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке(Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Апгар шкаласы
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке 4 - станциясы
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке 4 - станциясы
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке 4 - станциясы
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке 4 - станциясы
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке 4 - станциясы
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке 4 - станциясы
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі оқке №5 станциясы
Астана Медицина университеті» ақ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
Іс-әрекет алгоритмі
Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
1 – станция.
Өкпе аускультациясы (жасы 5 те)
Есеп №5. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
№ |
Қадамдар |
Орындау критериі |
1 |
Сырттай назар салып тексерісте жөтел мен тыныстық сипатын анықтау |
Оқытушының қойып берген дыбыстық жазбасын тыңдап және оған пікірлер жүргізу |
2 |
Алдыңғы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу. |
Дәрігердің қалпы (студенттің): Науқастың (манекеннің) алдынан оң жағынан тұру. Аускультация жүргізу: 1.Оң және сол жақ өкпе ұшы аймағынан бүғана орта сызығы бойымен; 2.Оң және сол жақ екінші қабырға аралық аймағына; 3.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық аймағына; 4.Оң жақ төртінші қабырға аралық аймағына; 5.Оң жақ бесінші қабырға аралық аймағына; 6.Оң жақ алтыншы қабырға аралық аймағына; |
3 |
Беткей бүйір аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу |
Дәрігердің (студенттің) қалпы: Алдыңғы жақтан аускультация жүргізу (Дәрігерге қолайлы болу үшін сол жаққа қарай шегінуге болады). Қолтық асты ортаңғы сызық бойымен аускультация жүргізу: 1.Оң жақ алтыншы қабырға аралық деңгейде, сол жақтан манекеннің ерекшелігіне байланысты аускультация жүргізу мүмкін емес, сондықтан тек ( ауызша түрде баяндау). 2.Оң және сол жетінші қабырға аралық деңгейде. |
4 |
Артқы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу |
Дәрігердің(студенттің) қалпы: Науқастың (манекеннің) артынан сол жақтан тұрып аускультация жүргізу: 1.Оң және сол жақ жауырын үсті аймағында; жауырынаралық аймағында; Паравертебральды (омыртқа маңы) сызықпен; 2.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық дейгейде 3.Оң сол бесінші қабырға аралық дейгейде; жауырын сызығымен жауырын асты аймағына; 4.Оң және сол жақ жетінші қабырға аралық дейгейінде; 5.Оң және сол жақ сегізінші қабырға аралық дейгейде; |
5 |
«Еркін»аускультация жүргізу |
Классикалық емес өкпе аускультациясын жүргізу-«Еркін» аускультация(мақсаты: қосымша тыныс алу шуын нақтылау, анықтау). |
6 |
Тыныс алу жиілігін есептеу |
Тыныс шуы аймағына фонендоскоп қойып, 1 минутта тыныс алу жиілігін есептеу. Тыныс жиілігі минутына 40 рет. |
7 |
Тыныс алу түрін анықтау оған сипаттама беру |
Талдау жасау: Өкпенің барлық бөліктерінде қатты тыныс естіледі, дем шығару ұзарған. |
8 |
Қосымша шудың «тыныстық» түрін анықтау сипаттамасын беру |
Талдау жасау:Дем шығарағн кезде құрғақ сырыл естіледі. |
9 |
Қорытыны жасау |
Болжамды диагноз: Қолқа демікпесі,ұзақ ағымды, асқыну кезеңі.. |
«Астана Медицина университеті» АҚ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
Пән « Балалар аурулары»
ОҚКЕ №1 станциясы
Өкпе аускультациясы
Есеп №6
Балаға 11 ай. Шағымы: мазасыздық, дене қызуының 37,5 С-қа дейін көтерілуі, жиі жөтелу, 3 күндей мұрынынан су ағу, нәресте кезеңінен бастап балада шулы тыныс пайда болып, кейін баланың өсуіне байланысты азайды. Тексеріп қарағанда кеуденің екі жағы симметриялы, тыныс алу процесіне бірдей қатысады. Перкуссия барысында өкпе үні ашық.
Қазір баланы тыңдап, жөтеліне сипаттама бер.
Өкпеге аускультация жаса.
Тыныс алу жиілігін есепте.
Тыныс алу түрін анықтап, сипаттама бер.
Тыныс алу шуылын анықтап, сипаттама жаса.
Қорытынды жаса ( болжамды диагноз қой).
Станция ұзақтығы -5 минут.
Нәтижені бағалап келесі станцияға өту ұзақтығы - 2 минут.
