Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Исаев учеб (1).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың мақсаты

Есімдіктің семантикалық сипатын, басқа сөз таптарының орнына жүретін мәнін түсіну арқылы жеке сөз табы ретіндегі ерекшеліктерін біліп, қай сөз табының орнына жүрсе, солай түрленетінін, сондай қызмет атқаратынын меңгеру.

Есімдік – лекска-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.

Жіктеу есімдігі. Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты колданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:

Жак.

жекеше түрі

Көпше түрі

/

ІІ

сыпайы

ІІІ

мен сен

сіз

ол

біз, біздер

сендер, сіздер

олар

Бірінші жақ— айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тыңдаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сүраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.

Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.

Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.

Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.

Септік

Мен

сен

Ол

Біз

сіз

А. 1.

мен ме-нің

сен се-ніқ

Ол

о-ның і

Біз

біз-дің

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

ма-ған

ме-ні

мен-де

ме-нен

мені-мен

са-ған

се-ні

сен-де

се-нен

сені-мен

о-ған

о-ны

о-нда

о-дан

оны-мен\

біз-ге

біз-ді

біз-де

біз-ден

біз-бен

Септік

Сендер

Сіздер

А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Сендер

сендер-дің

сендер-ге

сендер-ді

сендер-де

сендер-ден

сендер-мен

Сіздер

сіздер-дің

сіздер-ге

сіздер-ді

сіздер-де

сіздер-ден

сіздер-мен

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -'ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.

Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жактың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.

жак.

Мен, біз

сен, сіз сендер, сіздер

ол, олар

І

ІІ

ІІІ

мен-мін біз-біз

-

-

сен-сің, сіз-сіз

сендер-сіңдер

сіздер-сіздер

-

—

-

олар, ол

Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес ссптіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.

Сілтеу есімдігі. Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұскау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш кызметін атқарып түрады. Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктсрі к,ай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып түр.

Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалгаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: бұл - бұлар, сол - солар, осы - осы-лар, анау - анауым-анауың-анаулары т. б.