- •С.М. Исаев
- •Морфология
- •1. Грамматика және оның салалары
- •Сабақтың мақсаты
- •Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым
- •Сабақтың мақсаты
- •Сабақтың мақсаты
- •Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы
- •Пысықтау үшін сұрақтар
- •Әдебиеттер:
- •Ііі. Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі
- •Пысықтау үшін сұрақтар
- •Әдебиеттер:
- •Іy. Грамматикалық категория
- •Сабақтың мақсаты
- •Грамматикалық категорияның сипаты
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Әдебиеттер:
- •Y. Сөздің морфологиялық құрамы
- •Yі. Қосымшалардың жіктелуі
- •Әдебиеттер:
- •Yіі. Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері
- •Сабақтың мақсаты
- •Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері
- •Yііі. Жалғаулар
- •Сабақтың мақсаты
- •Іх. Тәуелдік жалғау
- •Сабақтың мақсаты
- •Оңаша тәуелдеу үлгісі
- •Ортақ тәуелдеу үлгісі
- •Х. Септік жалғау
- •Сабақтың мақсаты
- •Хі. Септік жалғаулардың мағыналары мен қызметтері
- •Сабақтың мақсаты
- •Септік жалғауларын грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлудің мәні
- •Сабақтың мақсаты
- •Сөзге жалғаулардың жалғану реті
- •Хііі. Нөлдік форма
- •Сабақтың мақсаты
- •Хіy. Сөздерді таптастыру принциптері
- •Сабақтың мақсаты
- •Сөздерді топтастыру принциптері және сөз таптары
- •Сөз таптарының шығуы мен дамуы.
- •Сабақтың мақсаты
- •1.Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
- •2.Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
- •Сабақтың мақсаты
- •2.Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.
- •Сапалық сын есімнің шырай категориясы
- •Сабақтың мақсаты
- •Сабақтың мақсаты
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.
- •Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.
- •Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі
- •Өздік сімдіктерінің септелу үлгісі.
- •Сабақтың мақсаты
- •Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Күрделі етістіктер
- •Хх. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтың мақсаты
- •Етістіктің сабақтылық-салттылық категориясы
- •Етіс категориясы
- •Етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Ххі. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері
- •Сабақтың мақсаты
- •Ххіі. Етістіктің грамматикалық категориялары
- •Рай категориясы
- •Жақ (жіктік) категориясы (жіктелу)
- •Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
- •Ххііі. Үстеу
- •Сабақтың мақсаты
- •2.Лексика-семантикалық тәсіл:
- •Ххіy. Еліктеу сөздер
- •Сабақтың мақсаты
- •Ххy. Шылаулар
- •Сабақтың мақсаты
- •Пысықтау үшін сұрақтар:
- •Ххyі. Одағай және модаль сөздер
- •Сабақтың мақсаты
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?
2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?
3. Шылаулар қандай сипатына қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді?
4. Септеуліктер мен жалғаулықтардың бір-бірімен ұқсастықтары қандай?
5. Септеуліктер мен жалғаулықтар қандай мағыналық қатынастарды білдіреді?
6. Демеуліктердің мағыналық ерекшеліктері мен септеулік, жалғаулық шылаулардан айырмашылықтары қандай?
7. Қандай шылаулар қандай грамматикалық тұлғалармен ұқсас келеді және олар қалай жазылады?
8. Қандай шылаулар өздері қатысты сөздің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес дыбыстық өзгеріске түсіп қолданылады?
9. Қандай жағдайда сұраулық шылаулар -мы,-мі, -бы, -бі, -пы,-пі болып өзгереді және қалай жазылады?
10. Қандай шылаулар дефис арқылы жазылады?
Әдебиеттер:
Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 220-240-б.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 3380-402-б.
Р. Әміров. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. А.,1959.
Исенгалиева В.А: Служебные имена и послелоги в казахском языке. А.,1966.
Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. ІІ. Морфология. М.,1956. 72-77.
Ф.Кенжебаева. Шылау сөздер. //Қазақстан мектебі. 1962. 3.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998. 461-б.
Ххyі. Одағай және модаль сөздер
Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
Одағайлардың түрлері.
Модаль сөздер, олардың жеке сөз табы болуы.
Сабақтың мақсаты
Одағай мен модаль сөздердің семантикалық ерекшеліктері (адамның әр түрлі көңіл-күйін және айтушының ойға қатысын, көзқарасын білдіру) мен грамматикалық сипатын (сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түспей, оқшау қолданылуын) меңгеру арқылы жеке сөз таптары ретіндегі қасиеттерін білу, түрлерін ажырату.
Одағай – адамның әр түрлі көңіл-күйін, соған байланысты шығатын дыбыстық ишаратты және төрт түлік малға, үй хайуандарына арнайы шақыра айтылатын сөздер.
Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл-күйлерін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Мысалы, Япырау, қайда сол күндер?! (А.), Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ.М.). Моһ-моһ кешкі тымық даланы басына көтерді (С.М.).
Берілген мысалдардағы япырмау, қап деген одағайлар арманды, өкінгенді білдіріп тұрса, моһ-моһ деп сиырға қаратылып я сиырды шақыру үшін айтылады.
Одағайлар сөйлемде басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейді, сондықтан сөйлем мүшесі де болмайды. Синтаксистік жағынан оқшау сөздің қатарында болады.
Одағайдың түрлері. Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үшке бөлінеді. 1. Көңіл-күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, туһ, аһ, әй, еһе, әттең, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау.т.б.
2.Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә, т.б.
3.Шақыру одағайлары мал-құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, т.б.
Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Япырау, осы сізге түсер пайда бар ма?(М.Ә.). Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын! Сізге, тәйірі, со да сөз болып па? Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы, Мұны бастаған кім, ә? Соны айтшы, бәсе! Әдетте одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Одағай ерекше көтеріңкі дауыспен айтылса, одағайдан кейін де леп белгісі қойылады. Мысалы; Пай-пай! Шіркін қазақтың келіндері-ай!.
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау, пай-пай, әй-әй, құр-құр, т.б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес яғни әр түрлі көңіл-күйін, жекіру мәндерді білдірумен байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалога кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы;
– Жаңа бір күш біткендей болды!
– Бәрекелді!
– Япырай, ә!
Модаль сөздер айтушының ойға деген әр түрлі көзқарасын білдіреді. Модаль сөздерді морфология тұрғысынан жеке сөз табы деп қарауға негіз болатын тірек, біріншіден, семантикалық белгісі – сөздердің грамматикалану сипаты болса, екіншіден, түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты, яғни айтушының ойға деген өзіндік көзқарасын білдіре алуы болып табылады.
Қазіргі қазақ тіліндегі мұндай модаль сөздер тобына негізінен мына лексемаларды жатқызуға болады: сияқты, сықылды, сиқатты, әлпетті, сыңайлы, снды, тәрізді, рәуішті, мәзімді, тақылетіті, іспетті, мүмкін, ықтимал, кәдік, шек, шамасы, сиқы, тәрізі, аңғары, әлпеті, нәті, туасы, нәяті, зады, асылы, түрі, жобасы, қисыны, сыңайы, зайыры, анығында, шынында, шындығында, асылында, расында, рас, шын, расы, әрине, әлбетте, бәлки, бәлкім, керек, қажет, тиіс, лазым, шығар, болар, зайыры,, меңзес, зәліттес, көрінеді, білем, дейді, -са деймін, -сам дейім, -са керек, -уы керек, -уы тиіс, -уға тиіс, -у қажет, -ға ұқсайды, сыңайы бар, тәрізі бар, түрі бар, -уы мүмкін, т,б.
Бұлар семантикалық сипаты жағынан болжалдық, міндеттілік, қостау, сенім білдіру, тілек, қалау, күдік, күмән секілді т.б. мәндерді білдіреді.
Модаль сөздердің бірқатары сөйлем мүшесі бола алса (кейде басқа сөздермен тіркесіп келіп, күрделі мүшенің құрамында да қолданылады), бірқатары сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, сөйлем мүшесі бола алмайды: әрине, бәлкім, мүмкін, сірә, т.б.
Пысықтау үшін сұрақтар:
1.Одағай нені білдіреді?
2.Одағай білдіретін мағыналар толық (лексикалық) мағына бола ала ма?
3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?
4.Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?
5. Одағайдың қандай түрлері бар?
6.Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
7.Модаль сөзді жеке сөз табы ретінде алуға не себеп болды?
8. Модаль сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Әдебиеттер:
Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 247-254-б.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 374-380-б.
Ш. Сарыбаев. Междометия в казахском языке. А.,1959.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998. 298,276-277-б.
М А 3 М Ұ Н Ы
Алғысөз ---------------------------------------------------------3
1. Грамматика және оның салалары...............................
ІІ.Грамматикалық ұғымдар.............................................
ІІІ. Грамматикалық мағына.
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі......................................................
ІV. Грамматикалық категория........................................
Ү. Сөздің морфологиялық құрамы................................
ҮІ. Қосымшалардың жіктелуі..........................................
ҮІІ. Қосымшалардың мағыналық жағынан ерекшеліктері.....................................................................
ҮІІІ.Жалғаулар....................................................................
XІІІ.Тәуелдік жалғау............................................................
ІХ. Септік жалғау............................................................
Х. Септік жалғаулардың мағыналары мен қызметтері..........................................................................
ХІ. Жіктік жалғау............................................................
ХІІ. Нөлдік форма........................................................
ХІІІ. Сөздерді таптастыру принциптері......................
XІҮ. Зат есім......................................................................
XҮ. Сын есім.....................................................................
XҮІ. Сан есім....................................................................
XҮІІ. Есімдік......................................................................
XҮІІІ.Етістік......................................................................
ХІХ. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары................................................................
ХХ. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері..................
ХХІ. Етістіктің грамматикалық категориялары....
ХХІІ. Үстеу.......................................................................
ХХШ. Еліктеу сөздер.....................................................
XXІҮ.Шылаулар...................................................................
XXҮ.Одағай және модаль сөздер...................................
