Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Исаев учеб (1).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.

Жақ

Бұл

Сол

Ол

І менің

ІІ сенің сіздің

ІІІ оның

бұным бұның бұныңыз бұнысы

соным соның соныңыз сонысы

Оным

оның оныңыз онысы

І біздің

ІІ сендердің сіздердің

ІІІ олардың

Бұнымыз

бұларымыз

бұларың

бұларыңыз

бұлары

сонымыз

соларымыз

соларың

соларыңыз

солары

онымыз

оларымыз

оларың

оларыңыз

олары

Жақ

Осы

мынау (мына)

Анау (ана)

І менің

ІІ сенің

Сіздің

ІІІ оның

осым

осыным

осың

осының

осыңыз

осысы

Мынауым

Мынауың

мынауы

ңыз

мынауы

Анауым

Анауың

анауыңыз

анауы

Сілтеу есімдіктері септелгенде, заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Олардың септелгенде мынадай ерекшеліктері байқалады: 1) бұл, сол, ол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі: а) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады; ә) жатыс септікте түбірде л дыбысы н-ға айналады; б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы дәнекері пайда болады (дұрысында түбірдегі л дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; е) барыс септік жалғауы түбірдегі л дыбысы түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады; 2) барыс септік жалғауы -ған түрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады: 3) жатыс септікте осы сілтеу есімдігіне -нда жалғауы жалғанады; 4) бұл сілтеу есімдігінің түбірі ілік, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде мұ түрінде де қолданылады.

Сілтеу есімдіктері сөйлемде толықтауыш қызметтерін де атқарады. Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш болғанда, одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұлар — станцияның маңдай алды құрылысшылары (Ө. Нұрш.). Бұл — аңыраған ана Наталья. (Ғ. М.)

Сұрау есімдігі. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.

Кейбір сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.

Тәуелдіктің жақтары

кім?

не?

қайсы

нешеу?

І менің

біздің

ІІ сенің

сіздің

сендердің

сіздердің

ІІІ. оның

олардың

кімім?

кіміміз?

кімің?

кіміңіз?

кімдерің?

кімдері-

ңіз?

кімі?

кіміі?

кімдері?

Нем?

неміз?

нең?

неңіз?

нелерің?

нелері-

ңіз?

несі?

несі?

нелері?

қайсым?

қайсымыз?

қайсың?

қайсыңыз?

қайсыларың?

қайсылары-

ңыз?

қайсысы?

қайсысы?

қайсылары?

нешеуім?

нешеуіміз?

нешеуің?

нешеуіңіз?

нешеулерің?

нешеулеріңіз?

нешеуі?

нешеуі?

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана І, ІІ жақтарда жіктеледі. Себебі І және ІІ жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғана болады. ІІІ жақ адамнан баска да бөгде затқа қатысты бола береді.