- •1.Ұйымдағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің теориялық негіздері
- •1.2 «Автолайн Car Тrans» жшс қызметінің экономикалық сипаттамасы және міндеттемелер құрамы
- •2 «Автолайн Car Тrans» жшс-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
- •2.1 «Автолайн Car Тrans» жшс есеп саясаты
- •2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
- •2.3 Қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- •2.4 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
- •3. Қысқа мерзімді міндеттемелр есебін ұйымдастыру
- •3.1 Қысқа мерзімд міндеттемелер аудиті
2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады. Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады.»Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе кслісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 12690-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.
Жабдықтаушылардан алынған материалдық заттарға счет-фактура және материалдарды қабылдау актысы бойынша келген товарлардың түріне қарап:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді креди-торлық берешек»
Жабдықтаушы мекемелердің жеткізген товарлары, мердігерлердің істелінген жұмыстары немесе атқарылған қызметтері үшін қойылған счеттары:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 3310 «Жабдықтаушы мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредитор-лық берешек»
а) есеп айырысу счетынан өтегенде:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 1040 «Банктегі ақша-қаражаттары»
ә) күрделі қаржылар қаражаттарының банкідегі счетынан өтегенде:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 1050 «Банктегі жинақтаушы ақша-қаражаттары»
Жабдықтаушы мекемелермен есеп айырысатын негізгі құжат счет-фактура болып есептелінеді. Оның негізгі реквизиттері: жабдықтаушы мекеменің атауы, адресі, оған қызмет көрсететін банкідегі есеп айырысу счетының нөмірі, жүк жөнелтілетін станция және қабылдайтын станция, жөнелту тәсілі, жөнелтілетін товарлардың түрлері, өлшем бірлігі, саны, бағасы және сомасы (әр түріне жеке-жеке және барлық товарлардың құны). Жүкті қабылдаушы мекеме шот-фактураның көрсеткіштерін мұқият тексеріп, нақты қабылданған көрсеткіштермен салыстырады. Айырмашылық жоқ болса онда осы счет-факураның негізінде товарларды тиісті бухгалтерлік счеттарға кіріс етеді. Айырмашылық байқалған жағдайда тауарларды қабылдау актісі бойынша кіріс жасап, айырмасына саудалық акт жасалынады. Бұл актінің негізінде тиісті мекемелерге шағым-талап қойылады.
