- •1.Ұйымдағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің теориялық негіздері
- •1.2 «Автолайн Car Тrans» жшс қызметінің экономикалық сипаттамасы және міндеттемелер құрамы
- •2 «Автолайн Car Тrans» жшс-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
- •2.1 «Автолайн Car Тrans» жшс есеп саясаты
- •2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
- •2.3 Қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- •2.4 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
- •3. Қысқа мерзімді міндеттемелр есебін ұйымдастыру
- •3.1 Қысқа мерзімд міндеттемелер аудиті
2.4 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын жалпы мәселелер мыналар болып табылады:
-салық салынатын негізгі анықтаудағы толықтығы және дұрыстығы;
-салық мөлшерлемесінің жіне басқа төлемдерді қолданудың,сондай-ақ төлемді есептегенде арифметикалыө есептің дұрыстығы;
-жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі және салық төлеуде жеңілдіктерді қолдану;
-салық инспекциясына төлем түрлері бойынша есеп беруді ұсынуды құрастырудың дұрыстығы мен өз уақыттылығы;
-бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалы есебін жүргізу дұрыстығы;
-талдамалық және жинақтамалы есептер жазбаларының Бас кітаптағы және субьекті балансы жазбаларымен сәйкестігі.Аудитор әрекет етуші заңдарды мұқият зертеу негізінен салық төлеу негізі мен салық мөлшерлемесінің өзгеруінің салық төлеуде жүргізілген есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен тексеруі тиіс.Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды: заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және т. б.
Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық- экономикалық құрылысы мен саяси іс – бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілі бір мөлшерде мемлекеттік табысқа міндетті түрде аударылатын ақшалай немесе заттай төлем болып табылады, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің өзгертілген нұсқасы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы сипаттарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар ұйымдар мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ ұйымдар мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Мемлекетке өзінің ішкі және сырқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар мынадай нысаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктеледі:
Салық салу объектісіне байланысты;
Қолданылуына қарай;
Салық салу органына байланысты;
Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
реттеушілік;
фискалдық;
қайта бөлу;
Жоғарыда көрсетілген негізгі функцияларымен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы катего-риясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасды, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі.Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шаралады жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюына байланыстыпайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салық салудың мынадай негізгі қағидалары бар:
Салық салудың әділдік қағидаты.
Қарапайымдылық қағидаты.
Салықтардың анықтығы.
Жеңілдіктердің ең аз саны.
Салық салудың экономикалық бейтараптығы.
Салық мөлшерлемесінің салыстырмалығы.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салық есебінің ережелері және салық есептілігі
1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды. 2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледi. 3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу ретiнде қарастырылады. Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:
3110 — «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;
3120 — «Жеке табыс салығы»;
3130 — «Қосылған құн салығы»;
3140 — «Акциздер»;
3150 — «Әлеуметтік салық»;
3160 — «Жер салығы»;
3170 — «Көлік құралдарына салық»;
3180 – «Мүлік салығы»;
3190 — «Басқа да салықтар».
Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды , яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.
3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 4310 шотта есепке алынады. Корпоративтік табыс салығы бойынша шоттар корреспонденциялары
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1. |
Төлеу көздерінен корпоративтік табыс салығы ұсталды |
3310,3390 |
3110 |
2. |
Корпоративтік табыс салығы есептелді |
7710 |
3110 |
3. |
Уақыт айырмасын жойған кезде пайда болған,есептегі кезеңде төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы |
4310 |
3110 |
4. |
Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы көбейді |
5420 |
3110 |
5. |
Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы азайды |
3110 |
5420 |
6. |
Тоқтатылған қызмет табыстарынан корпоративтік табыс салығы ұсталды |
7510 |
3110 |
Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 «Жеке табыс салығы» шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі. 3130 — «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.3130 — «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі, ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі. Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың-15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.
Қосымша құн салығы бойынша шоттар корреспонденциялары
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Сатып алушылар шоттарына қосымша құн салығы көрсетілді |
1210 |
3130 |
2 |
Еншілес ұйымдарға қосымша құн салығы көрсетілді |
1220,1230 |
3130 |
3 |
Есепке алынған қосымша құн салығы |
3130 |
1420 |
Акциздік салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160 шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі. Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал – ордерде бейнеленеді.Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:
3210 — «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер»;
3220 – «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер»;
3230 – «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер».
Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша – оның азаюы көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар 3210 — «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер» шотының кредиті және ұйымның шығын шоттарының (7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410) дебеті бойынша бейнеленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыз» шотының дебеті және 3220 «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер» шотының кредитімен көрсетіледі. Басқа міндетті бөлулер (жинақтар, баж салығы, төлемдер) 3230 «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер» тобы сәйкес шоттарының кредиті және 1310, 1330, 1350, 2410 шоттарының дебеті бойынша есепке алынады. Ерікті төлемдер есебі үшін 3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» шоты пайдаланылады. Мұнда мүліктерді сақтандыру және негізгі және көмекші өндірістер жұмысшыларын сақтандыру төлемдері есептелінеді. Көрсетілген сомаларға 3240 шот кредиттеледі және 8410 «Үстеме шығындар» шоты дебеттеледі. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 3150 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүреді.
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталынады.
Мысал. Ағымдағы ай үшін еңбеккерлерге 100 мың теңге жалақы, сондай-ақ 20 мың теңге мейрам күндеріне, 15 мың теңге пайдаланбаған еңбек демалыстары үшін компенсация, 50 мың теңге қызмет бабы бойынша іс-сапарға барғаны үшін компенсация есептелінді делік. Енді біз ағымдағы ай үшін әлеуметтік салықтың сомасын есептеп шығарып көрейік. Жұмыс берушінің еңбеккерлерге төлейтін жалпы сомасы 185 мың теңге құраған, жинақ зейнеткерлік қорға төлейтін міндетті зейнеткерлік жарнасы 12 мың теңге құраған(180*10%), әлеуметтік салық салынбайтын еңбеккерлердің табысы 77 мың теңге құраған (12+50+15), ал әлеуметтік салықтың сомасы 22,7 мың теңге құраған[(185-77)*21%].
Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 8113, 8213, 8413, 7110, 7210 және 3150 шоттың кредитінде көрініс табады.
Мыналар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады: дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, ҚР резидент заңды тұлғалары, ҚР қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен: 1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден; 2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден; 3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден; 4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиiс (алынған) кiрiс құрайтын ұйымдар жатады. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн: салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын; салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтар бойынша шоттар корреспонденциялары
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1. |
Жеке табыс салығы есептелді |
3350 |
3120 |
2. |
Әлеуметтік салық есептелді |
1620,7110,7210, 8110,8310,8410 |
3150 |
3. |
Жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы және басқа да міндетті төлемдер есептелді |
7210 |
3160-3190 |
4. |
Есептелген салықтар бюджетке аударылды |
3110-3190 |
1010,1030 |
5. |
Артық төленген салық сомалары бюджеттен қайтарылды |
1030 |
3110-3190 |
