Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-есеп-айырысу-есебіні-дрыс-жргізілуін-жне-йымдастырылуы (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472 Кб
Скачать
☆

2.1 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001-жылгы 12-маусымда №209—11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен жөне толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке жөне занды түлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін бірден-бір занды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салык, салынатын объектісі және салық салумен байланыстъ, объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.

Салык, базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін Салық базасынъщ негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.

Қазақстан Республикасындағы салық заңы - мүліктің кірістірілген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 "Бюджетпен есептесу" бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631 "Төленетін корпорациялық табыс салығы", 632 "Кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығы", 633 "Қосылған құн салығы", 634 "акциздер", 635 "әлеуметтік салық" 636 "жер салығы", 637 "мүлікке салынатын салық" 638 "көлік құралдарына салық" 639 "өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер" шоттары кіреді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталмен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымының алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндірістен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет еддерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

Бюджет — жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.

Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Әлеуметтік салық.

Әлеуметтік салық - заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтардың бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақысына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымдағы әрбір қызметкерге есептелген еңбекақы сомасына белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық занды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде: әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер, тағы да басқадай төлемдер.

Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңға қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші жұлдызынан кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады.

Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төлену мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі 635 шоттың "Әлеуметтік салық" деп аталатын шотында жүреді. Ол салық есептелінгенде 811, 821, 903, 923 және тағыда басқа шоттардың тиістісі дебиттелініп, 635 шот кредиттелінеді. Ал бұл сома бюджетке аударылғанда 635-шот дебиттелініп, 441 -шот кредиттелінеді.

Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:

- мемлекет, үкімет және халықаралық есебінен берілген гранттарға төлемдерге;

- Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлықтарға;

- конкурстық, спорттық жарыста жүдделі орындары үшін берілетін ақшалай сыйлықтарға;

- кәсіпоырндар өз қызметін тоқтатқан кезде жүмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;

- пайдаланбаған еңбек демалыстарына жүмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;

- жинақ зейнетақы қорларына аударылған жарнасында;

- тікелей әлеуметтік көмек, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;

- армия қызметкерлеріне арналған төлемдердің барлық түріне;

- қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;

- мемлекеттік бюджеттің қаржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;

- заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;

- босану мен екі қабаттылық бойынша жәрдем ақыға;

- белгіленген мемлекеттік стипендияға;

- берілген арнайы киімдердің құнына;

- сақтандыру сыйлығына;

- қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына;

- тағы басқаларына.

Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді.

Корпоративтік табыс салығының есебі.

Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың (зиянның) сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптардың бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешелігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе уақытша болып бөлінеді.

Тұрақты айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынаиын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:

- валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;

- бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы);

- кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік және тағы да басқа шығындар.

Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарда есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезендегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:

- бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухалтерлік есепте — есептеу принципі, ал салық есебінде — кассалық әдіс бойынша);

- бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық айырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;

- негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығару мен салықтық есепте оларды есептен шығарудан болатын айырмашылықтан, тағы да басқалардан.

Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар "Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.

Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631 "Төлеуге жататын ағымдағы табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.

1-кесте

Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер

Салық салынатын объектілері

Салық мөлшерлемесі

Салықтық кезең

1

2

3

4

Завды түлға, ҚР резиденттері

Салық салынатын табыс

30%

Календар-лық жыл

Төлем көзінде алынатын та-бысқа салына-тын салықтар

15%

Заңды түлға, ҚР резиденттері, олар үшін жер өндірістің негізгі қүралы болып табылады

Салық салынатын табыс

10%

Календар-лық жыл

ҚР түрақты үйымдар арқылы, қызметін жүзеге асыратын ре-зиденттер емес заңды түлғалар

Салық салынатын табыс

30%

Календар-лық жыл

Таза табыс

15%

ҚР-да төлем көзінде табыс алатын рези-денттер емес занды түлғалар

Төлем көзінде алынатын табысқа салынатын салықтар

15%- марапаттау қатысу үлесінен алынатын та-быстар

10%-тәуекелділіктен сақ-тандыру келісім-шарты бойынша төленетін сақ-тандыру пайдасы

5%-тәуекелділіктен қайта сақтандыру келісім-шарты бойынша төленетін сақ-тандыру пайдасы

5% - халықаралық тасы-малдауда транспорттық қызмет көрсетуден түс-кен табыс

20% - басқа да табыстар

Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жыддық табыс жиынтығы мен шегерімнің (түрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық салынатын = Жылдық табыс - Шегерімдер

табыс жиынтығы

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жүмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивидендтер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да занды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып тастау керек:

- дивидендтер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталғандары;

- кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;

- әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

- мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі құралдардың құны;

- зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстары.

Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.

Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.

Қызмет бабымен іс-сапарга кеткен шыгындары және өкілеттік шыгыстары Қазақстан Республикасының Үкімет белгіленген нормалар шегінде шегеріледі:

- іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің қүны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;

- шетелдік іс-сапарға жүрген кезіндегі мулік шығындары Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынган сыйақы (мудде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда Қазақсан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерелемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.

Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:

Заңды тұлға- Төлем көзінен ұсталынатын

Резиденттеріне Төлеу көзінен табыс салығының

төлейтін, марапаттау ұсталынған мөлшерлемесі (15%)

және шегерімге = марапаттау х ------------------------------------

жатқызуға болатын сомасы Корпоративтіксалығының

сомасы мөлшерлемесі (30%)

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.

Келісім-шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.

Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейінде шегерім жасауға рұқсат етіледі.

Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы — негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттадырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот таныған жағдайда шығады.

Резервтік (провизиялық) қорларга аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз қызметін зандарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнына жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай құқықтар банктерге де, ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредитивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бойынша анықтайды.

Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-канструкторлық жұмыстарына жасалган шыгындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.

Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шыгыстарга шегеріс жасау. Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру қызметі Қаржы Министрлігінің қадағалануына болады. Банкі жүйесі де осы процесске қатысты болғандықтан, оларды календарлық, қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жатқызуына құқысы бар.

Әлеуметтік төлемдерге геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалган шыгыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау, және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, сақтау, жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.

Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясынада жүзеге асады, ол кезде олардың:

- пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған табыстары;

- жылдық табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, тасталған табыстары қосылмайды.

Теріс багамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамының айырмасы алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50 пайыз деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасыннан шығады.

Ескерілмей қалған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегеріміне жатқызылуы мүмкін. құрылысқа алынған кредиттер (занмдар) бойынша теріс бағамдық айырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына қоса алынады.

Айыппұлдар да, өсімдер де, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.

Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есптелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезеңдер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.

Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезендер үшін төленген салық қай кезенде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.

Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер жатады.

Негізгі құрал-жабдықтардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударылымдар есептеленбейді: жер; өнім беретін малдар; мұражай құндылықтары; сәулет жэне өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдалатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; аяқталмаған күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толығымен шегеріске жатқызылған негізгі құрал-жабдықтардың құны; инвестициялық жобалардың шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.

Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер мөлшерлемесімен есептеленеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген мөлшерлемесі "Негізгі құралдардың есебі" тарауында келтіріледі.

Салық төлеуші өз еркі бойынша басқа да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құқылы, бірақ ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған құрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық құрал-жабдықтардың құны; салық төлеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.

Ғимараттар, қондырғылар, құрылыстар объектілері бойынша амортизациялық аударымдар жеке анықталады.

2 – кесте

Салықтық кезеңнің соңына топ ішіндегілері бойынша баланстың құны анықталуы:

Салықтық кезең-нің басына топ ішіндегілердің баланстық құны (өткен салық ке-зеңнің соңындағы топ ішіндегілер-інің баланстық құны,

амортизациялық аударым сомасы-

ның азайғаны, жөндеу жұмыста-ры жүргізілгендері

және есептен шық-кандары ескеріліп, жасалған түзету-лер)

Салықтық кезеңде келіп түскен тіркел-ген активтер мынадай құны бойынша:

алынған құны - бас-тапқы құнынан алуға байланысты шығыс-тар, өндіру, салу, монтаждау және ор-нату шығындары кіреді;

жарлық капиталына салым ретінде алын-ған – құны бойынша, азаматтық заңға сәй-кес анықталады,

тегіналынған – бас-тапқы құны бойын-ша алыс-беріс актісі бойынша анықтала-ды, бірақ нарықтық құнынан жоғары бол-мауы тиіс.

Салықтық кезеңде есептен шыққан тіркелген активтер мынадай құны бойынша са-ту және қаржылық лизингке берген кезде – сату құны бойынша;

Жарлықкапиталына салым ретінде берген кезде – бас-тапқы құны бойынша, азаматтық заңға сәйкес анықталады;

Есептен шығарған, жо-ғалтқан, бүлінген кезінде (егерде сақтандыру қоры бар болса)-құны төленген сақтандыру сомасынан алы-нады, яғни сақтандыру келісім-шартына, сақтанды-ру ұйымдарының төленген сомасы бойынша анықтала-ды;

Есептен шығарған, жо-ғалтқан, бүлінген кезінде (егерде сақтандыру қоры жоқ болса)-баланстық құ-ны бойынша;

Тегін берген кезде-баланс-тық құны бойынша

Жарлық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған кезде, олар келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құнын өсіреді. Ал есептен шыққан кезде, олар сол баланстық құнын төмендетеді.

Қаржылық лизингіге берілген (қаржылық лизингі бойынша тіркелген активтердің лизингі алушының ішкі тобы бойынша баланстық қүны есептелінеді.

Қаржылық лизингіге берместен бұрын тіркелген актив баланстық құнында көрсетілген болса, онда оны берген кезде лизингі беруші өз балансынан азайта алады.

Жөндетуге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер. Шегерім әрбір ішкі топқа кіретін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбір ішкі топқа қатысты рұқсат етіледі. Әрбір ішкі топ бойынша негізгі құралдарды жөндетуге жұмсалатын шығыстар сомасы ішкі топтың салық жылының айғындағы құндық балансының 15 пайызының шегінде шегеріледі. Аталған шектен асатын сома ішкі топтың баланстық құнын арттырады. Егер ол Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден алынған субсидиялардың есебін жургізілген жөндеу болса, онда олардың баланстық құны арттырылмайды және шығыстар шегерімге де жатпайды.

Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды:

- жыддық жиынтық табысты байланысты емес шығыстар;

- күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;

- мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;

- жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жатқызылмайды;

- Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің басқа да сомасы;

- кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;

- тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны. Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.

Бағалы қағаздар сатқан кезде шеккен зиянды олардың құнын өсірудің есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде 851-шоты дебеттеліп, 631-шоты кредиттеледі. Бүл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.

Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 631-шоты дебеттеліп, 441-шоты кредиттеледі.

851-шотының дебеті бойынша және 632-шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтын пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 571-шоты дебеттеліп, және 851-шоты кредиттеледі.

Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаған кезде ол корпоративтік табыс салығын әсер етпейді, бірақ қайта бағалаудың нәтижесінде салық салынатын және бухгалтерлік табыстың арасында айырма болуы мүмкін. Бұндай орын алған айырма салық есебінде көрініс таппайды, ол тек бухгалтерлік есепте ғана көрсетілуі мүмкін. Ондай айырма тұрақты да, уақытша да болуы мүмкін. Бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де амортизацияны есептеу үшін әртүрлі тәсілдер пайдаланады: уақытша айырманы, ал қайта бағалаудың нәтижесіндегі құндық өсімі — түрақты ауырманы туғызады.

Айырманың бұндай типі қабылданған есеп әдістемесіне тәуелді болып келеді. Осындай айрыманың болуына қарап, ондай айырма бухгалтерлік есепте 632 шотына жатқызылады, бірақ ол салықтық төлемде көрініс таппайды.

Резидент емес заңды түлғалардың таза табысынан 15 % мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзіне алатын табыс түрлерінің қатарына мыналар жатады:

- өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табыстар;

- басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т.б. көрсеткен қызметтерінен алынған табысы;

- мүліктердің құнына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;

- талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;

- айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бұл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;

- дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алған табыстары;

- роялти нысанында алынған табыстар;

- жалға беруден алған табыстар;

- халықаралық тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;

- резиденттердің төленген ұтыстары;

- тегін алынған мүліктерден түсетін табыстары;

- басқа да қызметтерден түсетін табыстары.

Қазақстанда қызмет ететін резидент еместердің алатын табысынан мына төмендегі мөлшерлемеде табыс салық ұсынылады;

- дивиденттерден және қатыстық үлестерден алатын табысынан және сыйақысынан - 15 %;

- тәуекелділікті сақтандыру келісім-шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасынан - 10 %;

- қайта сақтандыру шартары бойынша төленетін сақтандыру төлемінен - 5 %;

- халықаралық байланыста тасымалдау қызметін көрсеткен табысынан - 5 %;

- осы Кодекстің 178 бабы бойынша алынатын табысынан - 20 % (1 — ші мен 4— ші бабын қоспағанда) салықтар ұсталады.

Мыналар кірмейді:

- Қазақстан Республикасының аймағында сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жекізумен байланысты төлемдер;

- банк-резиденттердің корреспонденттік шоттарын жүргізу және ашумен байланысты көрсеткен қызметінен алынатын табыстар;

- бағалы қағаздарды сату кезінде олардың құнының өсімінен алынатын табыстар;

- мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операцияялардан түскен табыстар;

- шикі мүнай өнімдерінің сапасы бойынша төленетін төлемдер (Қазақстан Республикасының тыс жерлерінде);

- сатып алушы-резиденттердің төлеген бағалы қағаздардағы қарыздар бойынша есептелген марапаттау сомасы.

Резидент емес заңды түлғалардың табысына салынатын салықтың тәртібі Қазақстан Республикасындағы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Резидент емес заңды түлғалардың табысына тұрақты ұйымдардың қызметімен байланысты барлық табыс түрі жатады.

Шегерімге табысты алумен байланысты тікелей шығыстардың барлығы жатады. Резидент емес заңды тұлғалар өз шегерімдерін тұрақты ұйымның шегеріміне жатқызуға құқығы жоқ, атап айтқанда:

- бұл резидент емес заңды тұлғаның меншігін қоддану құқын ұсынғаны немесе қолдағаны үшін роялти, гонорар, адамдар және басқа төлемдерді жасауға;

- көрсеткен қызметі үшін комисиондық табыстарды алуға;

- осы резидент емес заңды тұлғаның ұсынған қарыздары (заемдары) бойынша марапаттауды алуға;

- құжаттармен дәлелденбеген шығыстарды жасауға;

- және басқа да.

Резидент емес заңды тұлғалар салықты таза табыстан төлейді.

Халықаралық келісім-шарт бойынша арнайы ережелері. Халықаралық келісім-шарттың ережелері салынатын салықтың екі жақты болмауын және бір жақтың салық салудан қашуын болдырмау үшін жасалынады.

Қосылған құнға салынатын салық.

Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір белігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табалады. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және ұйымның жабдықтаушыларға тиісті түрде рәсімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.

Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жүмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын қүн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тисті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.

Қосылған құнға салынатын объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.

Сондай-ақ, еңбекақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарларға салық салынады.

"Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.

Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлігі салық салынатын айналымның 14 пайызын құрайды (ҚҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда).

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.

Қосылған құн салынған төлеушінің тауарды (жүмысты, қызметі) сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады және ол салық салынатын айналым болып табылады; Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған құн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынша белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, қызметтің) сатылатын құнын негізге ала отырып анықтайды.

Қазақстан Республикасының аймағы сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған қүн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.

Қосылған құн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:

Тауар (жұмыс, қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салық сомасын анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетка жатқызуға құқығы бар. Зачетка жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылған құн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті тандай алады. Пропорциональды әдісте қосылған құн салығын деңгейінде зачетке жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімді қосылады. Ал бөлек есептелінетін әдіте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, қызметтің) қосылған құн салығының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен зачетка жатқызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.

Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен қызметтің сарту орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.

Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жүмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 331-шот дебеттелін, 333, 671, 687 шоттарының тиістілері кредиттеледі.

ҚҚС есептеу кезінде 301-"Алынуға тиісті қарыздар" шоты дебеттеледі де, 633-"Қосылған қүн салығы" шоты кредиттеледі.

Содан соң 301-шоттың кредитінен 633 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 633 шотының дебетінде, 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шотының кредитінде көрініс табады.

Салып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде, ол 663 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы.

Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары, тағы да басқа табыстары кіреді.

Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отарып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, құнды қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдардан, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан, құрамында асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бүйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.

Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығыны сомасы есептелетін айлардың санын біддіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жүмыс істейтін түлаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде есептеу көрсеткіші қодданылмайды.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Жеке түлғалар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі 639 пассивтік шотында жүреді.

3 – кесте

Жеке тұлғалар бойынша есеп айырысу

Жаңа табыс салықты төлеуші

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Салық салы-натын объек-тісі бар, Қа-зақстан Рес-публикасының резиденттік жеке түлғасы

Төлем көзінен алатын табысына салынатын(салық кодексімен сәй-кес салық салуға жатпайтын, табыстарынан, қоспағанда)

Төлем көзінен алатын табысына салынбайтын салықтар

І.Ұтыс, марапаттау, диви-денд түріндегі табысы (сақтандыру қоры бойынша марапаттауды қоспағанда) - 15 %;

2.Адвокаттар және жеке нотариустар — 10 %;

3. Басқа да табыстар — 15 еселенген жылдық есептік көр-сеткішке дейін — салық салы-натын табыстың сомасынан 5%; 15 еседен 40 есе еселенген жыддық есептік көрсеткішке дейін — 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіште сн салық сомасы + 10 % одан артық сомадан; 40 еседен 600 есе есе-ленген жылдық есептік көр-сеткішке дейін - 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + 20 % одан артық сомадан; 600 есе есе-ленген жылдық есептік көр-сеткіштен және одан әрі қарай - 600 есе еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан әрі қарай - 600 еселенген жыл-дық жылдық есептік көрсет-кіштен салық салу сомасы+30 % одан артық сомадан

Күнгізбелік жылы

кестенің жалғасы

Салық салы-натын объек-тісі бар, Қа-зақстан Рес-публикасының резиденттік емес жеке тұлғасы

Төлем көзінен ала-тын табысына салы-натын және салын-байтын салықтар (салық кодексімен сәйкес салық салуға жатпайтын, табыс-тарынан, қоспаганда)

Резиденттік емес жеке тұлғалардың табысына салық салудың ерекше-ліктері төменде текс бойын-ша келтірілген

Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар.

Төлем көзінде салынатын салық салық төлеушінің табысына алынады, олардың қатарына:

-еңбеккерлердің табысы. Төлем көзінде салық салынатын, еңбеккерлердің табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанда есептеген жалақысы жатады, оған әрекет етіп түрған салық заңында қаоастырылған, салық шегерім азайтатын сомасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материаддық игілік т.б. табыстары кіреді.

Еңбеккерлердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы еңбеккерлердің табысына қолданатын мөлшерлеменің көмегімен есептелінеді.

Табыс салығы үстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 639 шоты кредиттеледі.

- бір жол төлемдерден түскен табыс. Бүндай төлем алдын-ала жасалған келісім-шарт бойынша анықталады,

- жинақтау зейнеткерлік қорларынан төленетін зейнеткерлік төлемдері, бұл өз кезегіндегі айлық есептік көрсеткіштерді (АЕК) азайтады;

- жеке тұлғаға төленетін ұтыстар, марапаттаулар, дивиденттер, табыстың бұл түріне 15 % деңгейінде салық салынады;

- стипендия, бұларға да салық салынады, сондай-ақ стипендия мәдениет, ғылым, т.б. қайраткерлерге арналады;

- сақтандыру қоры бойынша табысы;

Төлем көзінен салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салық салыбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың

табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б.

Резидент емес заңды түлгалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жеке шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып бөлінеді.

Салық салу мақсатында жеке тұлға, егер де олар келесі тұжырымдамалардың кез келгеніне жауап берсе, онда олар Қазақстан Республикасының резиденті болып саналады:

- Қазақстан Республикасына заңды жолымен келген (түрғылықты болу үшін);

- Қазақстан Республикасына біршама уақытқа келген;

- Қазақстан Республикасы 183 календарлық күнінен кем емес уақытқа келген.

Егер де Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлғасының тұрған күні ағымдағы жылы 31 календарлық күннен кем болмаса және ағымдағы салық қезеңімен аяқталатын, үш жылдық кезең ішіндегі календарлық күні 183-тен кем болмаса, онда ол "біршама уақытқа келген" деген тұжырымдамаға сәйкес келеді.

Акциздік салықтар.

Акциздік (жанама) салық дегеніміз — сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағында импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданьшмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Қазақстан Республикасының аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акцизделуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық занды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Көсіпорындарда акциз салығы есептегенде:

Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс.

"Мүлікке салық" деп аталатын шоттар түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

Сондай-ақ "Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар" шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар, мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:

- шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы, және тағы да басқалар жатады.

Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарынада қаралады. "Бюджетпен басқадай есеп айырысу" шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен есептелген салық, алымдар мен міндетті төлемедер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.

4-кесте

Бюджетпен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар

№

Операциялардың мазмүны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Занды ұйымдардан бюджетке алынатын корпоративтік табыс салығы сомасына.

851

631

2

Үйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшілітерді түзетуге байланысты, бөленбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының:

- ұлғаюына;

- азаюына.

562

631

631

562

3

Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операцияларға байланысты табыстар (зияндар) салығының сомасына

862-864

631

4

Төтенше жағдайдың және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты, өзгерген салық сомасына

631

861-864

5

Занды ұйымдардың бюджетке нақты аудар-ған корпоративтік табыс салығы сомасы

631

441

6

Ағымдағы кезеңде пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде уақытша айырмашылық (бухгалтерлік) есеп пен салық есебінің талаптарының айырмашы-лығының нәтижесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық

851

632

кестенің жалғасы

7

632 —"Кейінге қалдырылған табыс салығы" деп аталатын шотқа түзетулер енгізуге байланысты: салық мөлшерін ұлғайтуға; салық мөлшерін азайтуға.

851

632

8

Айда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде кездескен уақытша айырма салық сомасына:

- бюджетке төлеуге;

- зиянды жабу нәтижесіне есептелген.

632

632

631

851

9

- Активтерді қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсімінен жоғары болған кезде,

- Салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезінде

541

632

632

541

10

Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жүмыс, қызмет) үшін талап етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасына

301-303

633

11

Орны толтырылатын қосылған құн салығы сомасы мен есептелген қосылған құн салығы сомасының өзара жабылуына

633

331

12

Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасына

633

441

13

Жеке тұлғаларға есептелген табыс салық сомасына

681

639

14

Серіктестіктерге қатысушылардың диви-дендтерімен табыстарынан, олардың үлес-теріне қарай, төленетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық сомасына

621, 622,

687

639

15

Жеке тұлғалардың еңбекақысынан ұсталған табыс сомасының бюджетке аударьшғаны

639

441

16

Бюджетке артық аударылған салық сомасының қайтарылуы

441

631-639

17

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

821

635

18

Есептелген әлеуметтік салық сомасы бюд-жетке есеп айырысу шотынан аударылды

635

441

19

Есептелген акциз салық нормасы

301

634

20

Есептелген акциз салығының сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударыдды

634

441

21

Есептелген жер салығы сомасы

821

636

22

Есептелген жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

636

441

кестенің жалғасы

23

Есептелген мүлік салығы сомасы

821

637

24

Есептелген мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударыдды

637

441

25

Есептелген көлік құралдарына салық сомасы

821

638

26

Есептелген көлік құралдары салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударыдды

638

441

Жер салығы.

Бюджетке төленетін жер салығының есебі 636 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.

5-кесте

Жер салығының категориялары

Салық салуға жататын, жердің категориясы

Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер

Айырықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, дем алатын, тарихи-мәдениетті мақсатқа арналған жерлер

Елді мекеннің жерлері

Орман қорлары

Өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері

Су қорлары

Жер қорлары

Жер салығы олардың меншік құқын, тұрақты пайдалану құқын, уақытша тегін пайдалану құқын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1-қаңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға ұсынады.

6-кесте

Жерге салынатын салық

Жер салығын төлеушілер

Салық салына-тын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезені

Салық салынатын жер объектілері бар занды тұлға (заңмен қарасты-рылған, кейбір жеке категория-ларын қоспағанда);

- меншік құқына;

- жерді тұрақты пайдалану құқына; - жерді уақытша пайдалану құқына

Жер төлемдері және олардың көлемі, салық салуды анық-таудың базасы болып табы-лады

Салық мөлшер-лемесінің база-сы жердің сапа-сына, бонитеті-не, жер төлем-дерінің арна-лымына тәуелді болып келеді

Календар- лық жыл

Салық салынатын жер объектілері бар жеке тұлға (заңмен қарас-тырылған кейбір жеке категория-ларын қоспағанда):

-меншік құқына;

-жерді тұрақты пайдалану құқына;

-жерді уақытша пайдалану құқына

Темір жол транспорттың ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлемдері, темір жол қарауына алынған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.

Энергетика мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жұмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлемдері, электр сымдарын ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер төлемдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.

Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер төлемдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер төлемдері, салық салынатын объекті болып табылады.

Байланыс сферасының балансында түрған жер төлемдері салық салынатын объектісі болып табылады.

Жердің әрбір төлеміне тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады.

Жер салығын есептегенде 821 шоты дебеттеліп, 636 шоты кредиттеледі. Салықты төлеу салықтық кезеңнің 1-ші шілдесінен кешіктірмей тіркелген объектілер бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Ол кезде 636 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

Қөлік құралдарына салынатын салық.

Мемлекеттік есепте түрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке түлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Көлік құраддарына салынатын салық жыл сайын төленеді және Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік қүралдары қуааатының әр киловатттынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.

7-кесте

Көлік құралдарына салынатын салық

Көлік құралдарына салына-тын салықты төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық

мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Меншігінде және шаруа-шылығын жүргізуіне неме-се оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырыл-ған, кейбір жеке категория-ларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, заңды тұлғалар

Салық салынатын объектісіне көлік (транспорт) құрал-дары жатады, тек мемлекеттік тір-кеуге жататын тір-кемелерін және өкілетті органдар-да есепте тұратын-дарын қоспағанда

Салық Кодексі белгілеген айлық есептік көрсет-кіштің негізінде есептелген түзету коэффициенттері мен салық мөл-шерлемесі көлік түрлеріне, қүат-тылығына, двига-тельдің көлеміне, жүкті көтеру сый-ымдылығына, пайдалану мерзі-міне байланысты алынады.

Календар

лық жыл

Меншігінде және шаруа-шылығын жүргізуіне неме-се оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырыл-ған, кейбір жеке категория-ларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, жеке тұлғалар

40 тонналық және одан да жоғары жүк көтеретін самосвалдар жэне арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстарының" шоты дебеттеледі де жөне 638 "Бюджетпен басқа да есеп айырысулар" шотының "Көлік құраддарына салынатын салықтар" деп аталатын субшоты кредитттеледі.

Салықтардың барлық түрлері бюджетке аударылады, ол кезде 638 "Бюджетпен есеп айырысулар" шотының тиісті субшоттары дебеттеліп, және 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредиттеледі.

Мүлікке салынатын салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 637 шотында көрініс табады.

8-кесте

Мүлікке салынатын салық

Мүлік салығын

төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Заңды тұлға-ре-зиденттерінің меншігінде салық салынатын объек-тілері (заңмен бегіленген кейбір

категориясынан басқасы)

Салық салынатын объектісі негізгі құралдар (үй-пәтер қорларын қоса ал-ғанда) және мате-риалдық емес ак-тивтер болып сана-латындар жатады1. Заңды және жеке кәсіпкерлердің ба-лансында тұрған объектілердің бух-галтерлік есеп мәліметтері бой-ынша анықталған орташа жылдық қалдық құны

Салық салынатын объ-ектінің жылдық орташа қүнынан 0,1% алынады коммерциялық емес ұйымдардан, өлеумет-тік сферадан, кітапхана саласымен байланысты қызметтерден; мемле-кеттік ғылыми қадр-лерді аттестациялаудан, су қоймаларымен шұ-ғылданатын занды тұл-ғалардан, мемлекеттік бюджеттің есебінен қар-жылындырылатын ұйымдардан

Календар-лық жыл

Заңды тұлға-резидент еместер-дің меншігінде салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кей-бір категориясы-нан басқасы)

Жеке кәсіпкер-лердің меншігін-дегі салық салы-натын объекті-лері

Салық салынатын бъектінің жыддық орта-ша құнынан 1% мөл-шерінде алынады

Жеке тұлғалар-дың меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгілен-ген кейбір кате-гориясынан бас-қасы)

1

Салық салынатын объектісіне, кәсіп-керлердің менші-гіндегі және мен-шігінде емес мү-ліктері жатады.

-үй-пәтер қорлары, сая жайы, гаражы т.б.

- аяқталмаған құ-рылыс объектілері

2

Салық мөлшерлемесін салық салынатын объек-тінің құнына қарап, Салық Кодексі белгі-лейді

3

4

Жеке тұлға үшін, әр жылдың басына анықталған объек-тінің құны салық салынатын объек-тісі болып табы-лады

Әрбір салық төлеуші өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланылады. Есептелген салыққа 821 шоты дебеттеледі де, 637 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.

Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шартарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол қою бонусы; коммерциялық табу бонусы.

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келіміс-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді, немесе тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусы төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді Коммерциялық табу бонусы бұдан былайға өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салынатын объектісінің, төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде анықталады.

Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарды роялти, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.

Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады.

Роялти көмірқышқылы қалқап жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:

- контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады;

- контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.

Алтын, қолакүміс тағы басқа қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.

Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:

- бөлуге жататын өнімнің жалпы көлемі;

- Қазақстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;

- пайдалы өнімді бөлудің нысаны (ақшалай, заттай);

- контракті бойынша орындалған жұмысқа кеткен өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін анықтау;

- алынған үлестің ақшалай эквивалентіне өнімінің құнын және бағасын белгілеу;

Жер қойнауын пайдаланушылардың үлесі жалпы өндірілген қазба байлықтың 80 %-тен аспауы керек. Өтелетін шығынның құрамына:

- контракт күшіне енгенге дейінгі жер қойнауын пайдаланушылардың нақты жұмсаған шығындары енеді, яғни: жобаның техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары. - контракг күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уақытына дейін созылады.

Компенсациондық өнімінң есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:

- жер қойнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурсқа қатысуы үшін төленген жарнасы;

- геологияық ақпарттарды алуға кеткен шығындары;

- жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;

- шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстар;

- экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;

- соттың ісін қарауыымен байланысты шығындары;

- қарыз қаражаттарын пайдаланған үшін төленетін пайыздық төлемдері;

- кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;

- контракті қызметіне жатпайтын басқа да шығындары.