Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-есеп-айырысу-есебіні-дрыс-жргізілуін-жне-йымдастырылуы (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындар өзінің қызметі барсында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Кез-келген ұйымның қызметін көрсетуі мен шаруашылық операцияны жүргізу барысында біршама міндеттемелері пайда болады. Міндеттеме дегеніміз ұйымның пайда табу және қызметін одан әрі дамыту мақсатындағы алған ұзақ және қысқа мерзімді қарыздары. Ұйымның қысқа мерзімді қарыздары бухгалтерлік есепте ағымдағы міндеттеме деп аталады.

Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.Тіпті саудамен де, өндіріспен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмыстарын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттмелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптарының бірі- міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп аталатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-«Қарыздар», 61-«Алдағы кезеңдердің табыстры», 62-«Қатысушылардың дивиденттері мен табыстары бойынша есеп айырысу», 63-«Бюджетпен есеп айырысу», 64-«Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек», 65-«Кепілдіктер мен шартты міндеттемелер», 66-«Алынған аванстар», 67-«Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу», 68-«Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» -деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімшн шоттары орналасқан.

Жалпы қорыта келгенде ұйымның экономикалық жағдайын жақсарту үшін және міндеттемелредің есебін тиімді жүргізу үшін халықаралық стандартқа сай, өнімдер өндіруді арттыру қажет. Сол өнімдерді тек қана өз еліміздің нарығында сатып қана шектелмей басқа жақын және алыс шетелдерге сатып, күрделі табыс табудың көзін қарастыру қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР

1. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И.,

«Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»

Алматы 2003ж

2. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.

«Қаржылық есеп»

Алматы: экономика, 2001

3. Бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарын қолдану жөніндегі «Әдістемелік ұсынымдар»

Бухгалтер бюллетені №10, наурыз 2004ж

4. Андреев В.Д.

«Практический аудит» - М: Экономика, 1994г

5. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Е.Т., Жұмағалиева Ж.Т.,

« Ұйымның қаржылық жағдайын талдау» - Алматы: Экономика, 2001г

6. Абдыманапов А.А

«Концептуальное основы и принципы бухгалтерского учета»

(учебное пособие) – Алматы, 2003г

7. Под.ред. Нурсеитова Э.А.

«Нормирование командировочных и представительских расходов»

Алматы:2003г

8. «Қазақстан Республикасының Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі – 2001 жылғы 12 маусым. №209-II

9. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы №309- II заңы (10.07.03 жылғы енгізілген түзетулер және өзгерістер)

10. Назарова В.Л.

«Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп»

Алматы экономика 2005ж

11. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаев З.К.

«Аудит и анализ финансовой отчетности» (учебное пособие)

Алматы: Қаржы-қаражат, 1998г

12. Салина А.П.

«Принципы бухгалтерского учета» (учебное пособие) –

Алматы: Экономика 2003г

13. Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж., Сальменова А.Т.

«Финансовый учет на предприятии»

Алматы: Экономика 2003г

14. Шеремет А.Д., Суйц В.П.

«Аудит» Учебник – М: Инфра-М, 2002г

15. Под. ред Подольского В.Н.

«Аудит» Учебник – М: Юнити, 2003г

16. Тасмағанбетов Т.А., Радостовец В.К.

«Қаржы есебі» - Алматы: Дәуір, 1998ж

17. Радостовец В.К., Шмидт О.И.

«Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета»

Алматы: Центраудит – Казахстан 2000г.