- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
Көкөніс шаруашылығында бұл жіктеуді кешенді белгілері (ботаникалық, өнім мүшелері және өсіру тәсілдері) бойынша қолданады. Осы белгілері бойынша В.И. Эдельштейн төменгі топтарға бөледі.
1.Орамжапырақты өсімдіктер-ақ, қызыл, савойлық, брюсседьдік, түсті, кольраби.
2.Жемістілер - қызанақ, бұрыш, баялды, қызылқұлақ, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, асбұршақ, бұршақ, үрме бұршақ, қанттық жүгері, самсар, кәді.
З.Тамыржемістілер — қызылша, сәбіз, ақжелек, балдыркөк, ботташық, тарна, шомыр, шалқан, шалғам.
4. Жуалықтар — қатпарлы немесе басты пияз, шалот, порей, сарымсақ.
5.Жапырақтылар — сүтжапырақ (сүтшөп, балпанақ, шашыратқы, шытыр), саумалдық, аскөк, пекиндік орамжапырақ, жапырақты қыша, жебір.
Көпжылдықтар - ақжелкек, қымыздық, рауғаш, қояншөп, бөрікгүл, жуалар (батун, шнит, көп қат-қабатты (деңгейлі), шырылжын жусан (шырылжын, қызылшөп), қатыран, жалбыз, зире (зере), әптиөк аскөгі.
Саңырауқүлақтар - қозықұйрық, томарқұлақ, жүзікше, жерқұлақ және т. т.
Орамжапырақты өсімдіктер қаудан - ақ, қызыл және савойлық орамжапырақтарда, қолтықтық бүршік (қауданшалар) - брюссель орамжапырағында; жұмыргүл - түсті орамжапырақта; жуандаған сабақ - кольрабиде әртүрлі өнім мүшелерін қалыптастырады. Орамжапырақтарды өсірген кезде агротехникалық шаралар гүлсидамды сабақтың болдырмауына жағдай жасауы керек, себебі гүлсидамы пайда болса, жапырақтары қатайып, тағамдық және дәмдік сапалары нашарлайды.
Жемісті көкөніс өсімдіктер тобының көкөніс өнімі ретінде жемісі пайдаланылады. Бір өсімдіктердің жемісі тамаққа толық піскен күйінде пайдаланылса, қарбыз, қауын, қызанақ, баялды, екіншілерінікі - қияр, кәді, табақша асқабақ, қантты жүгері, бұршақ, үрме бұршақ, ас бұршақ - толық (техникалық) піспеген кезінде жеуге жарайды. Жемісті көкөніс дақылдарын өсіргенде барлық агротехникалық шаралар күшті дамыған тамыры және ассимиляциялық жүйесінің жедел дамуына мүмкіндік жасауы керек. Бүл, басқа жағдайлар бірдей болғанда, өсімдіктің гүлдеуіне және жеміс қалыптастыруының тезірек өтуін тездетеді.
Тамыржемісті өсімдіктер әдетте, жақсы дамыған, тармақталынбаған жуан тамыр жемістер қалыптастырады. Олар уақытынан бұрын гүлсидамды сабақ құрастыруға өтпеуі керек, агротехникалық тәсілдер алғашқы кезеңдерде тамыр жүйесін және ассимиляциялық бетті күшейте түседі. Осындай да гүлсидамды сабақтың пайда болуы өсімдіктің өнімді бөлігінің дәмдік және азықтық сапасын күрт төмендетеді. Жуа тұқымдастарда кәдімгі (басты пияз, сарымсақ, шалот) немесе жалған жуашық (порей) қалыптасады. Жуа тұқымдастарда азық-түлікке өсіргенде, қоректік заттарды шығындайтын - гүлсидамды сабақтарды болдырмау керек. Бұның сидам сабақтанатын сарымсақ пен қатқабатты (деңгейлі) жуаға қатысы жоқ.
Жапырақты көкөніс өсімдіктерінің тамаққа жапырақтары мен олардың бөліктері (жапырақ сағағы) пайдаланылады. Бұларда гүлсидамды сабақтың қалыптасуы әдеттегі жай, сондықтан жоғары өнім алу үшін оларды жұлып тастайды. Гүлсидамды сабақты болдырмау үшін тұқымды яровизацияламау керек. Гүлсидамды сабақтардың пайда болуы ылғалдың жетіспеушілігінен болатындықтан, құрғақ ауа райында суландыру қажет болады. Дәмтатымдық көкөінс дақылдарының (аскөк, жебіршөп, райхан, майоран) гүлсидамдық сабақтарын жұлмайды. Себебі, тамаққа тек жапырақтары ғана емес, жас өркендері де пайдаланылады.
