Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Тақырып: Дақылдардың көбеюі

Жоспар:

1.Тұқымның көбеюі

2.Өсінді жолмен көбейту

Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейеді. Көкөніс шаруашылығында тұқымдық тәсілден басқа, өсіндімен де көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым және өсінді жолымен көбейтуге қарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін сақтап, әр өсімдіктің және бүкіл егістіктің өсіп-дамуына жақсы жағдай жасалу бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура келеді.

1.Тұқымның көбеюі

Тұқым-ағзаның сұрыптық түқым қуалаушылық белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тұқым ұрықтанған бүршігінің ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Іссанада көбінесе тұқым деп, жатынның ұлғаюынан пайда болған құрғақ жемісті атайды.

Көкөніс дақылдарының тұқымдары өзара мөлшерлері (көлемі), пішіндері, түстері, иістері бойынша ажыратылады. Тұқымдарының көлемі (массасы) бойынша В.И. Эдельштейн көкөніс дақылдарын 1 грамдағы тұқым санына байланысты бес топқа бөледі: өте ірілер, тұқым саны 10-нан аспайтындар-бүршақ-бас, үрме бүршақ, асбүршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сұрыптары, қантты жүгері; ірілер (11-100 дана) - қарбыздың ұсақ дәнді сұрыптары, қауын, қияр, қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан; орташалар (150-300 дана) - қызанақ, орамжапырақ, тарна, пияз, бұрыш, баялды, ботташық, аскөк; ұсақтар (600-1000 дана) - сәбіз, акжелкен, шомыр, ақсүтіген; өте ұсақтар (1000-асатындар) - қымыздық, қызылшөп, балдыркөк. Ұсақ дәнді дақылдар үшін топырақты себер алдында өте мұқият өңдеу, тегістеу және тұқым сепкішті себу тереңдігіне дәлірек реттеу қажет. Ұсақ тұқымдарды топыраққа терең сіңіруге бол­майды. Тұқымның егістік (себу) және сұрыптық сапасын ажыратады. Себу сапасына: тазалығы, өнгіштігі, көктеу (өну) энергиясы, өміршеңдігі (тіршілікке қабілеттілігі), өсу күші, дымқылдылығы, аурулармен және зиянкестермен залалдануы, себуге жарамдылығы, егістік өнгіштігі, тіршілігінің ұзақтығы жатады.

Себу сапасы бойынша тұқымдарды екі класқа бөледі. Тұқымның сұрыптық сапасын олардың сұрыптық тазалығы, яғни аталған сұрыпқа жататындығы бойынша анықтайды. Көкөніс дақылдары элита, 1 және 2 сұрыптың тұқымы болып үш санатқа (категорияға) бөлінеді.

Тіршілігінің ұзақтығы. Шаруашылық жағдайда ботташықтың, балдыркөктің тұқымдары өнгіштігін 1 -2 жыл ғана сақтайды; аскөк, ақжелкен, рауғаш, қымыздық, бұрыш - 2-3; сәбіз, ақ сүтіген, саумалдық - 3-5; орамжапырақ, қызылша, қояншөп, қызанақ -4-5; бұршақбас, асбұршақ, жүгері - 5-6; асқабақ тұқымдастары -6-8 жыл. Тұқымдардың өнгіштігін сақтауы, оны сақтаған кездегі тем­пература мен ылғалдылыққа тікелей тәуелді. Тұқымдар тыныштық күйде болсадағы тыныс алуын жалғастырады. Тыныс алу үдерісі тұқым қабығының астындағы және тұқымның жан-жағындағы ауа қабатындағы оттектің есебінен жүреді. Тұқымның тыныс алуы өте әлсіз, бірақ температура жоғарылаған сайын ол, әсіресе, тұқымның дымқылдылығы артса күшейе түседі. Көкөніс дақылдарының тұқымдарының сақталуына қолайлы температура 0-5 °С; тұрақты 14-18°С жылылықтада тұқымдар жақсы сақталады. Құрғақ тұқымдар төмен (-180°С) және салыстырмалы түрдегі жоғары (80-85°С) температураға шыдайды, бөрткендері - 2-10°С температурада опат болады және ұзақ уақыт 60-65 °С қыздырғанды көтере алмайды. Тұқымның сақталуына дымқылдылықтың тигізетін әсері басымырақ болады. Сақтаған кезде дымқылдық белгіленген шектен аспауы қажет; көкөніс дақылдарының басым бөлігінде ол 13-тен 15 %, орамжапырақ және бұршақ тұқымдастарда - 9-дан 11% дейін. Дымқылдығы жоғары тұқымдар нашар сақталады және өнгіштігін тез жоғалтады.Өнгіштікті жоғалтуда маңызды рөлді тек тұқымдардың дымқылдылығы ғана емес, сонымен бірге ауа дымкылдылығы да атқарады. Жоғары дымқылдылык, әсіресе, жылумен біріксе, тұқымның тез бұзылуына әкеледі. Сондықтан сақтау орны ауасының салыстырмалы дымқылдылығы сапалы тұқымның дымқылдылығынан 2 % төмен болуы керек. Су буларын, көмір қышқыл газын сыртқа шығару және тұқымды оттекпен қамтамасыз ету үшін қойманы жүйелі түрде желдетіп тұру қажет. Әр түр мен сұрыпқа тән тұқым түсі, оның күйі мен балаңдылығының дәлелі. Түссіз және бозарған (өңсіз) түс тұқымның толық піспеген кезеңінде, дымқылды ауа райында жиналғанын немесе оларды күн көзінде кептіргенін білдіреді.

Асқабақтың және қиярдың жаңа тұқымдары дерлік ақ, ескі тұқымдары сарғаяды, олардың өңі күңгірт немесе кір-қожалақ болады. Кейбір көкөніс дақылдарының (шалғам, шалқан, орамжапырақ) тұқымдары барлық жағдайларда да өздеріне тән түстерін жоғалтпайды.Кейбір көкөніс дақылдарын (сәбіз, ақжелкен, балдыркөк) ұзақ уақыт сақтағанда оларға тән иістің азаюы, тіпті, біржола жоғалуы мүмкін, бұл тұқымның жасы мен сапасының айрықша белгісі.Себуге көкөніс дақылдарының егісі үшін өткен жылғы өнімінің тұқымын қолданады, бұлар ең жоғары өнгіштікке ие. Көкөніс шаруашылығында кең түрде гетерозисты будандар қолданыс табуда. Өсімдіктегі гетерозисі - бірінші ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, өнімділігі мен жетілгіштігі жағынан, ең жақсы ата-аналарының бірінен асып түсу құбылысы. Мысалы, қиярдың Успех 221, Гибрид 220 атаулы будандары үлгі қалыптағы (стандарттағы) сұрыптардан өнімділігі бойынша 30-40% артық болады, ал жеміс салуының бірінші онкүндігіндегі тауарлы көк түйнегі (көк қияр) 2-3 есе артады. Пияздың Каба және Испанский 313 сұрыптарын будандастырып алынған гетерозисті буданы, өнімділігі жағынан Каба сұрпынан (52%) жоғары бол­тан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]