- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
Бұрыш - Capsicum annum L. Бүршаққынды бұрыш көкөністік және дәмдік болып бөлінеді. Көкөністік немесе тәтті бұрыш та-маққа жас, бұқтырылған, фаршталынған, түздалған және консервіленген күйінде пайдаланылады. Дәмдік немесе ащы бұрыш әртүрлі тағамға тұздық, сонымен бірге қиярды, самсарды және басқа да көкөністерді түздағанда дәмдеуіш ретінде қолданылады. Бұрышта 5-тен 12 %-ға дейін құрғақ заттар және 2-ден 8%-ға дейін қанттар болады. С дәрумені бойынша ол басқа көкөністерден асып түседі. Тәтті (болгар) бұрыштың 100 г шикі жемісінде 270 мг С дәрумені болады, ащыда - 380 мг, тиісінше, А дәрумені 9 және 12 мг. Дәмдік бұрыштың ауыз қуырғыш дәмі, ондағы алкалоид капсаицинаға байланысты; көкөністік бұрышта ол, біршама азырақ болады.
Ащы бұрыш тұнбалары емге қолданылады. Бұрышта Р дәруменді белсенділікке ие зат табылды (100 г 33-450 мг). Оның адам ағзасына физиологиялық әсері - қан тамырларының беріктілігін арттырудағы маңыздылығы. Термиялық өңдеуде бұрыш жемісі С дәруменінің 60-70 %-н сақтап қалады. Сондықтан, ол кон-серві өңдеу өнеркәсібінің бағалы шикізаты болып табылады.
6-сурет. Бұрыш: А-тәтті (Болгарский 69 сұрпы);
Б-ащы (Астраханский 147 сұрпы)
1-техникалық піскен жеміс; 2-биологиялық піскен жеміс; 3-жемістің ұзынша тілігі; 4-жемістің көлденең тілігі
Бұрыштың сабағы берік, f үп жағы ағаштанады, сондықтан сүйе-мелдеуді қажет етпейді. Тәтті бұрыштың бұтасы аумақты, ал ащынікі тік өседі. Тамыр жүйесі шашақты, 70 см-ге дейін бойлайды. Тәтті бұрыштың жапырақтары ірі, жұмыртқа тәрізді, тегіе, ащынікі - ұсақ, қандауыр тәрізді. Гүлдері жеке - жеке болады, негізінен өздігінен тозаңданады, бірақ аралардың және басқа да жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі үшкір бұршақын тәрізді, 2-4 үялы, әртүрлі пішінді жидек: тәттісінікі - қалың қабықты (3-6 мм), призма, шар тәрізді; ащынікі - жұқа қабықты (1-2 мм), ұзын, тұмсық тәрізді (6-сурет).
Жемістің түсі қызыл және сары. Тұқымдары жайпақ, ашық — сары, 1000 дәннің массасы 5-6 г. Бұрыш - қысқа күннің өсімдігі, күннің ұзақтығы 10-12 сағат болғанда жақсы дамиды. Көлеңкені көтермейді. Тұқымы 13°С-да өне бастайды. Өсу және дамуы үшін оңтайлы температура - 20-28°С, температура 13°С-дан төмендесе, өсуін тоқтатады. Топырақтың ылғалдылығы шекті сыйымды-лығының 70-80 % тең болуы керек, ылғал жетіспесе, өсімдік бүршігін және жемісін түсіре бастайды.
2.Бұрыштың агротехникасы.Бұрыш үшін ең дұрысы -құнарлы, борпаң, қарашірігінде бай топырақ. Ауыспалы егісте оны қызанақпен бір танапта орналастырады. Ең жақсы алғы дақыл орамжапырақ және қияр. Негізгі және егіс алдындағы топырақ өңдеу қызанақтікіне ұқсас. Гектарына 2,0-2,5 ц, аммиак селитрасын, 3,5-4,0 ц суперфосфат, 1,0-1,5 ц хлорлы калий енгізеді.
Бұрышты топыраққа қызанақтан кейін, тәтті бұрышты 70x25 см қоректік алаңымен, ал ащыны 70x35 см етіп, әр үяға 2 өсімдіктен отырғызады. Отырғызуды көшет отырғызатын машиналармен, ал аз алаңға қолмен атқарады.
Бұрыштың жылуға талап қойғыштығын ескеріп, танапқа ықтырма дақыл егу керек. Суландыруды қызанаққа қарағанда, жиірек жүргізеді, әсіресе жемістенген кезінде, әйтпесе өнім күрт төмендейді, әрі оның сапасы нашарлайды.
Өсу - даму кезеңінде бұрышты 2 рет үстеп қоректендіреді: көшет отырғызғаннан 8-10 тәулік өткен соң (гектарына 0,5 ц аммиак селитрасы, 1,0-1,5 ц супрефосфат, 0,5 ц хлорлы калий) және өсімдіктің жаппай гүлдеген кезеңінде (0,5 ц аммиак селитрасы, 0,5 ц суперсфосфат). Үстеп қоректендіруді суландырудың алдында жүргізеді. Арамшөптерді отауды және топырақ қабышағын жою үшін қатараралықты өңдеуді суландырғаннан кейін жүргізеді.
Бұрышты кәдімгі бүта түрінде, шырпусыз өсіреді.
Тәтті бұрышты техникалық піскен жасыл, шырынды күйінде, жемістің сыртынан саусақпен басқанда әлсіз сытырлаған дыбыс шығарса жинайды. Биологиялық пісу кезеңінде жемісте қант және дәрумендері ерекше мол болады. Ащы бұрышты жемісі қызарып, тұқымы піскенде және құрғағында жинайды. Бұрыштың жемісін жеміс сағағымен жинайды.
3.Бұрышты қорғаулы жерде өсіру. Булыжайларда және пленка астында негізінен тәтті бұрышты өсіреді. Оның көшетін булы-жайда, екінші кезекте ерте пісетін орамжапырақ көшетін алғаннан кейін, бір кәсекке 12-15 өсімдіктен 3 қатарлап отырғызады. Пленка астындағы орларға бұрышты мамыр айының ортасында 2 қатармен (40 х 30 см) отырғызады. Күтіп-баптау жұмыстары қызанақтікіне ұқсас, тек жиірек суландырады. Булыжайдағы және пленка астындағы өнім - 2-5 кг/м2.
Жылыжайда өсіруге Ласточка сұрпы тиімді. Жылыжайды отырғызуға дайындау қызанақтікіне ұқсас. Өсімдіктерді орналастыру сұлбасы: блокты жылыжайларда - қос қатарлы 100+60, аңғарлы және пленкалыларда — 80+40 см. Бұтаны қалыптастырғанда 2-3 бұтақ қалдырады да, әрқайсысын жеке-жеке аспаға іледі. Өсімдікті күтіп-баптаған кезде жемісі алынған бүтақтарды, әлсіз, жетілмеген түйіндерді аластайды. Бұл ірі жемістер жинауға ықпал жасайды. Бұрыштың өркендері өте осал, сондықтан өсімдікті мұқият байқап ұстау керек.
Бұрыш қызанақпен салыстырғанда, жиірек суаруды қажет етеді, себебі топырақтың аз уақытқа да құрғағанын көтере ал-майды. Сонымен бірге ол артық ылғалдылыққа да шыдамайды, сондықтан оны аз-аздап суарады. Отырғызғаннан кейін 2-4 жұма бойы топырақтың орташа ылғалдылығын (ТСС-ның 60-70 %) сосын алғашқы жемістері қалыптасқанша — 75 %, ал өнім жиналар алдында - 80-90 % шамасында ұстайды. Бұрыш өсіргенде өсімдіктердің қатарлары қабысқанша, 3-4 рет саяз қопсыту жүргізеді. Тыңайтқыш қодану жүйесі және үстеп қоректендіру қызанақтікіне ұқсас.
Бұрыш жылыжайда СО2 қолданғанды өте жақсы қабылдайды. Жылыжайда СО2 мөлшері 1 % болғанда қысқы-көктемгі және күзгі айналымда бұрыш өнімділігін 30 % арттырады. Бұрыш өсіргенде бітіден және жұқпалы-вирустық темекі теңбілінен (мозайкасынан) қорғау шаралары жүргізіледі. Жемісті жұмысына бір рет техникалық пісу кезінде жинайды.
Тәтті бұрыштың сапасына қойылатын талаптар, 13908-68 МҰҚ бойынша жемістері жас, таза, дертсіз, пішіні мен түсі аталған сұрыпқа сәйкес, жеміс сағағы болуы керек. Жемісінің ұзындығы 6 см кем емес, дәмі сүйкімді, сәл ащылау болғаны дұрыс.
4.Бұрыштың тұқым шаруашылығы. Тәтті бұрыш үшін кеңістік оқшаулау ашық жерде 300 м болуы керек, қорғаулы жерде - 100 м, ащы үшін - 1000 м. Үлескіде бір рет сұрыптық тазарту жүргізеді де, жемісі типтес емес барлық өсімдіктерді аластайды. Егер тәтті бұрыш арасында ащы бұрыш кездессе, оны ғана емес, сонымен бірге төңірегіндегі тәтті бұрыштың 6-8 өсімдігін де аластайды.
Тәтті бұрыштың жемісін биологиялық піскенінде, олар сұрыпқа тән түске енгенде жинайды да, пісіп-жетілуі үшін, оларды жылы жерге жайып тастайды. Өсімдігімен бірге жүлынған жемістің пісіп-жетілуі жақсы жүреді. Тұқымын жеміс сағағымен бірге кесіп, қолмен босатып алады. Қалған жемісін консервілеуге немесе түздауға пайдаланады, ал тұқымын бөліп алып кептіреді және ұшырып тазалайды.
Ащы бұрышты күнге кептірген соң, тамыртурағышпен ұсақтайды. Тұқымын бөліп алады, жемісін паприка алу үшін өңдейді. Ащы шаңнан қорғану үшін дәке таңғыш байлайды және көзілдірік киеді.
Тәтті бұрыштың бір жемісінде 150-300 тұқым болады, ал ащынікінде — 400-450. Бір тонна жемістен 12-17 кг тұқым алынады. Бір гектардың тұқым өнімі 0,5-1,0 ц. Өнгіштігі 70 %-дан, сұрып-тық тазалығы 99 %-дан кем болмауы керек. Тұқымы өнгіштігін 4-5 жыл сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
Жылыжайда өсіруге бұрыштың қандай сұрпы тиімді.
Үстеп қоректендіруді қай кезде жүргізеді.
Дәріс №15
Тақырып Баданалы өсімдіктер
1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
2.Көкпиязды булыжайларда өсіру.
