Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жылжымал рам Казенова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
758 Кб
Скачать
☆

2.Доңғалақ жұбы және буксалар

Доңғалақ жұбы жолдың қисық бөлімшелерінен өткен кезде вертикаль және горизонталь соққыларды қатаң қабылдап және механикалық бөліктің басқа түйіндеріне қарағанда ауыр жағдайларда жұмыс жасайды.Сондықтан доңғалақ жұбын жобалау кезінде оның салмағын,материал сапасын арттырып және материалды тиімді пайдаланып азайтуға тырысады.Доңғалақ ортасының конструкциясына байланысты доңғалақ жұбының келесі жүктемесі қарастырылған:Спицті ВЛ-19,ВЛ-22электровоздарда ,электропойыздардың мотор вагондарында құйылған дискалы –ВЛ-23,ВЛ-8,ВЛ-60,ВЛ-80 электровоздарында қолданылады.Спицті және дискалы құйылған доңғалақтар жинақталады.Олар доңғалақтың ортасынан қатырылған сақинадан тұрады.Дискалы толық жалпақталған доңғалақтардан жеке бандаж болмайды.Доңғалақ ортасы мен ступица бір бүтін.Дөңгелек жұбында жеке элементтерден қалыптасады.Доңғалақ ортасының осьтері бандаждар және тісті доңғалақ қозғалтқыштан,доңғалақ жұбына тарту моментін беру түріне байланысты тісті доңғалақ ВЛ-19 және Ф электровоздарында оське тіректеліп отырғызылады.ВЛ-22(м) ,ВЛ-8, ВЛ-60, ВЛ-90, ВЛ-10,К типті электровоздарда ұзартылған төлкеге отырғызылады және чс-1,чс-2,чс-3 электровоздарында тісті доңғалақ ортасына болттармен қатырылады.чс-1,чс-2,чс-3 электровоздарының ЭР электровоздарының мотор вагондарының доңғалақ жұптары біржақты тісті берілістен тұрады.Жүктемені вагон мен арбашалардан осьтік доңғалақ жұптарына беру үшін подшипникті буксалар қолданылады.Ол болаттан соғылған корпустан тұрады.

3.Рессорлы ілініс

Рессорлы аспап –жүктемені доңғалақтарға таратады. Қисық жол бөлімдерінен өту кезінде үнемі тұрақты жүктеменің таратылуын және қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.Рессор мен пружиналар вагонның ауытқулар кезіндегі тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Қозғалыстың жайлылығы жолға әсер ету шартына байланысты электрлі жылжымалы құрамның аспасының 2 сатысы бар:

1-асу доңғалақ жұбының буксаларының арасынан және арбаша рамасынан

2-орталық асу арбаша рамасы мен кузов арасында.

Рессорлы асу қатаң элементтері бар жапырақтар,рессорлар,серіппелер, блоктар пневмовагондар сонымен бірге тербелісті өшіргіштер, амартизаторлар жолдың қисық бөлімшелерінен өткен кезде соққыларды бәсеңдетеді.Бірдей жүктемені қамтамасыз ету үшін тірек беттерін цилиндр тәріздес қылып жасайды.

4.Вагонның динамикалық мінездемесі

Вагонның ауытқуы күрделі процесс болып саналады.Ол рессорлық асу мен тербелісті жұтқыш аспаптардан тұрады және ауытқудың механикалық жүйесі көптеген еркіндік деңгейлерімен кеңістікті жүйе координатасында қарастырылады. Мұндай ауытқулар өз кезегінде алып жүргіш бөлшектеріне,кузовы мен вагонның қисық жолдармен жүру кезінде тұрақты болуына ықпалын тигізеді.Кузовы бір рессорлы ілінген қозғалыстағы вагон 6 еркіндік деңгейіне ие.Вагонның өзінің ауытқуы мен әсер етуші күштердің сәйкес келіп қалуы резонанс деп аталады.Ол үлкен ауытқу амплитудаларыменен сипатталады.Бұл құбылыс жылдамдықтың жоғарғы шарықтау шектерінде орын алады,ол өз кезегінде вагондардың бөлшектерінің сынуына ,жолға әсер ете отырып қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.Резонанстың алдын алу үшін әр түрлі қауіпті амплитудалық ауытқуларды өшіру керек .

Ф–қатыстық ауытқу коэффициенті;

f–рессорлы ілудің статикалық ығысуы;

h–жолдың қисықтығының биіктігі;

Вагон арабаларының жіктемесі және құрылысы. Донғалақ жұбы және буксалары.Рессорлық аспа.Вагондардың динамикалық сипаттамасы.

№15 Лекция

Вагонның қаңқасы, шанағы және автотіркегіш қондырғысы.

Вагонның рамасы мен кузовы

Кузовтың арналуына байланысты локомотивтік және вагондық болып бөлінеді.Вагондық кузовқа электровоздың вагондарының пойыз кузовы жатады.Кузов төменгі рамадан,шеттіктерден ,бүйірлі қабырғалардан ,төбеден тұрады.Локомотивтің кузовы ішінде орналасқан жабдықтардың вертикаль жүктеледі.Ал вагон кузовы кузов астындағы,кузов ішіндегі жолаушылардың салмағынан жүктеледі.Сонымен бірге кузовқа жолдың қисықтығынан ортадан тепкіш күші және желінің күші арқылы горизонталь күш әсер етеді жүктемені қабылдау әдісі бойынша кузов рамасы негізгі жүктемені қабылдайтын жүктемені көтеретін рама жүктемені бүйірлік қабырғалары тор тәріздес жасалады және вертикаль жүктемені қабылдайтын бүйірлік қабырғалар мен кузов және жүктемені бүтіндей қабылдайтын рама.Вагонның рамасы кузовтың негізі болып келеді.Ол сонымен қатар вагонға әсер етін вертикаль және басқа да күштерді өзіне қабылдайды.Кузов рамаға мықтап отырғызылады. Вагонның рамасында автоілгіштік және автотежегіш қондырғылар отырғызылады.Жолаушы және арнайы жүк вагондарына қосымша көптеген қондырғылар бекітіліп қойылады.Айтатын болсақ,ауа тазартқыш,жарық жүйесі және жылыту жүйесі.Вагон рамаларын арбашала және арбашасыз деп екі топқа жіктеуге болады.