- •Омаров б.А.
- •Шымкент – 2012
- •1.Тепловоз құрылысының дамуы
- •2.Тепловоздардағы жабдықтардың орналасуы
- •2Тэ10в тепловозының электрлі берілісінің принципті сұлбасы.
- •2.Доңғалақ жұбы және буксалар
- •3.Рессорлы ілініс
- •4.Вагонның динамикалық мінездемесі
- •8.Ашық вагондар
- •9.Платформалар мен транспортерлер
- •6.Автоілініс қондырғысы
- •10.Цистерналар
- •11.Өндірістік көліктің вагондары және тар коллеялы темір жол
- •Жалпы түсінік
- •1.2. Пойыздың басқарылатын қозғалысы туралы есепті қою және оны шешуге жүйелі қарау
- •24 Лекция
- •Графикалық әдіс
- •Пайдаланылған әдебиеттер
6.Автоілініс қондырғысы
Автоілініс қондырғысы вагондардың бір-бірімен тіркелуін қамтамасыз етеді,олардың бір-бірінен белгілі бір қашықта орналастырады.Ол сонымен қатар локомотивтің соққылы күштемесін қабылдайды.Автоіліністі қондырғы вагондарді іліп ажырату үшін арналған корпустан ,соққыны орталықтандырғыш қондырғы,тартқыш тартымнан,рамаға берілетін соққылы тартым күшін жұмсартатын жұтқыш аппартаттан құралады. Әрбір вагон екі автоілініс қондырғысының комплектісімен жабдықталады.Автоілініс арқылы тіркеу процесі тікелей немесе жанама түрде жүзеге асып отырады.Бірінші жағдайда құлыптары соғысып аз тістері құлып ұстаптұрғышты басып тұрады.Екінщі жағдайда тістердің жоғары сырғанауы орын алады.
Жолаушы вагондарының қатаң ауданшалары және буферлер
Барлық жолаушы вагондары автоіліністі қондырғыға қосымша қатаң ауданшалар мен буферлармен жабдықталған. Бұл тік күштердің әсерін әлсіретуге мүмкіндік береді, автоіліністің тартыңқы күйде тұруына жолаушы вагондарының бүйірлік тербелісін төмендетуге және поездардың қозғалысының жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұйық металл рамка жоғарғы жағынан жапырақты рессордың хамутомен байланысқан кузовтың бүйірлік швеллерлеріне шарнирлі тіреледі, ал төменгі жағынан буфер біліктерімен байланысып және қатаң ауданшаны құрады. Ауданшаның төменгі жағында өтпелі көпіршелер ал бүйірінен гормониктер. Резинадан қатаң ауданша қосылыстың қатаң байланысын қамтамасыз етеді және дыбысты жүтатын материалдар қолданцудың арқасында шудың денгейі төмендейді. Есіктік тесіктің төбесі мен шеттіктерінде п-тәріздес металл рамка бекітілген, оған резиналы баллондар орнатылған.
№16 Лекция
Жүк вагондары.
Жабық вагондар
Әртүрлі жүктерді атмосфералық жағдаяттардан сақтау үшін жүктерді жабық вагондарда тасымалдау жүзеге асады.Жабық вагондар жүктердi тасымалдауға, оларды сақтауға және ауа райының әсерiнен қорғауға арналған. Кейiнгi шыққан жабық вагондардың шанағы металдан жасалған әрi есiктерi үлкен. Оның жүк көтерiмдiлiгi 68 т, сыйымдылық көлемi 140 м куб.
Ал Алтайдың вагонқұрастыру зауытында құрастырылған төрт өстік жабық вагонның кузовының көлемі 120 м куб,ал жүккөтергіштігі 65 тонна.Вагон тарасы 21,8 тс.каркас кузовы металдан жасалған.Тақтайлы ағаштан жабылған,ені тақтайдың астынғы жағында 35 мм,ал үстінгі бөлігінде болса 22мм.
8.Ашық вагондар
Ашық (полувагон) вагондар - жүк вагондары паркiндегi ең көп тараған түрi. Олар негiзiнен көмiр, руда, кокс, шағыл, қиыршық тас сияқты, жаппай ақтара тиелетiн, әрi сусымалы жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылады. Вагонның екi қапталының ұзына бойындағы еденiнде қақпақтары бар түсiру тесiктерi жасалған. Оларды ашқан кезде сусымалы жүктер вагонның екi қапталына сусып түсiрiледi. Вагонның жақтауындағы есiктерi өзi жүретiн көлiк пен ұзын жүктер тиеп түсiруге арналған. Темiржолда сегiз бiлiктi ашық вагондар пайдаланылады.Төрт осьтік цельнометалдық ашық вагон жүккөтерімділігі 65 тонна.
9.Платформалар мен транспортерлер
Жайдақ (платформа) вагонмен ұзын, рабайсыз үлкен және ауыр салмақты жүктердi тасымалдайды. Оларды аласа ашпалы темiр ернеулерiмен және бөренелердi, бағаналарды, тақтайларды және тағы да басқа тасымалдауға керектi тiректердi орнататын тетiктерiмен жасайды. Кейiн шыққан жайдақ вагонның жүк көтерiмдiлiгi - 70-72 т.
Арнайы вагондар тасымалдауда ерекше жағдайды талап ететiн жүктерге арналған. Мысалы, транспортерлермен рабайсыз үлкен және ауыр салмақты машинарлар мен жабдықтар тасымалданады. Транспортерлер дегенiмiз - көп бiлiктi, жүк көтерiмдiлiгi 130, 180, 230, 300, 400 және 500 тонналық платформалар.
