- •Омаров б.А.
- •Шымкент – 2012
- •1.Тепловоз құрылысының дамуы
- •2.Тепловоздардағы жабдықтардың орналасуы
- •2Тэ10в тепловозының электрлі берілісінің принципті сұлбасы.
- •2.Доңғалақ жұбы және буксалар
- •3.Рессорлы ілініс
- •4.Вагонның динамикалық мінездемесі
- •8.Ашық вагондар
- •9.Платформалар мен транспортерлер
- •6.Автоілініс қондырғысы
- •10.Цистерналар
- •11.Өндірістік көліктің вагондары және тар коллеялы темір жол
- •Жалпы түсінік
- •1.2. Пойыздың басқарылатын қозғалысы туралы есепті қою және оны шешуге жүйелі қарау
- •24 Лекция
- •Графикалық әдіс
- •Пайдаланылған әдебиеттер
10.Цистерналар
Цистерна - цилиндр түрлi, арнайы дәнекерленген темiр ыдыс. Оның жоғарғы жағында сұйық затты құюға, iшiн тазалауға және жөндеуге арналған қақпақты тесiктерi бар. Цистерналар - төрт бiлiктi, сыйымдылық көлемi 72 м куб және сегiз бiлiктi, сыйымдылық көлемi 134 м куб түрде жасалады .Цистерналарды тасылатын жүгіне,рамасының құрылысына және осьіне байланысты жіктеуге болады.Цистерналар рамалы және рамасыз,төртосьті және сегізосьті болып жіктеледі.Сонымен қатар жалпы арналған және мамандандырылған цистерналар болып жіктелінеді.Мамандандырылған цистерналар олар битум,цемент,сұйытылған газдарды,сүт сияқты жүктерді тасымалдауға арналып жасылынады.Жалпы арналған төрт осьті цистерналар ашық түсті және қара мұнай өнімдерін тасымалдайды.Оның сыйымдылығы 72,3 м куб ,ал жүккөтерімділігі 60 тс.котелдың орта тұсында қаппақшасы орналасады.Қаппақша арқылы цистернаға сұйық заттар құйылып отырылады.Онда сонымен қатар басқарушы қондырғылар да орналасады. Темір жолда тасымалдау мен өткізу қабілетін үлкейту мақсатында сегізосьті рамасыз цистерналар қолданылады.Олардың жүккөтерімділігі 120 тс,ал цистерна котелының диаметрі 3000 мм. Сүтті тасымалдау үшін жүккөтерімділігі 26 тс,төртосьті,рамалы цистерналар қолданылады.Сүтті цистерна 3 бөліктен құралады.Әрқайсысының көлемі 8,4 м куб болып келеді.
11.Өндірістік көліктің вагондары және тар коллеялы темір жол
Өндірісішілік транспорт ретінде қара,түрлі-түсті және көмірлі өндірістерде вагон-самосвалдар кеңінен қолданыс тапты.Ашық кузовы жартылай вагон типтес жасалынған.Пайдалы қазбалар алаңы алдынан бункерлі эстакада доменді пешіне пайдалы қазбалар мен коксты жеткізу үшін шлаковоз вагондар,шойынтасығыштар және де трансферкарлармен жеткізіліп отырылады. Тар коллеялы темір жолдарда платформалар жартылайвагондар және жабық вагондар ,цистерналар кеңінен қолданылады.Олардың жүккөтерімділігі 20 тс вагон самосвалдар және өзіартқыш жартылайвагондар торфты арту үшін жүккөтерімділігі 12,5тс.Бұл вагондардың құрылысы кәдімгі темір жолдың вагондарынан айырмашылығы аз болып келеді,тек өлшемдері ғана кішірек болғаны болмаса.Жартылай вагон орталықтандырылған соққылы тартым құралымен жабдықталған және автоматты тежеуіш жүйесі де бар.Барлық вагондардың коллеясы 1067 мм болып келеді.
№17 Лекция
Жолаушыларға арналған вагондар.
Жолаушы вагондар жайлы жалпы мәліметтер
23,6 м ұзындықты 17 м базалық, 3,106м ендік бүтінметалл жолаушы вагондары негізінде жоспары , ішіндегі жабдықтардың орналасуы, кузов құрылысы мен рамасы , сонымен бірге жылжымалы бөлшектері бойынша түрлі вагондар жасалады. Ішкі жоспары жолаушы вагонның типі мен арналуына байланысты болады. Ұзаққа қатынайтын жолаушы поездарының вагондары отыруға және жатуға арналған жайлы орындары болады, туалет бөлімі тиімді орналасады және сәйкес жабдықтармен жабдықталынады, жеткілікті көлем және қолайлы климат, жақсы жарықтану болады.
Облыстық вагондар салонында ашық түрдегі тоғыз алты орындық бөлімдер болады. Бөлімдерде тік жіне көлденең дивандар, жоғырыда жинақталатын жату полкалары және багажға арналған полкалар орнатылған. Вагонда екі тамбур, кателдық бөлім, қызметкерлер жайы, праводниктерге купе және екі туалет қарастырылған.
Бүтіндей металл жолаушы поездарының вагондары 38 орынға ие, 9 төрт орындық және бір екі орындық купелері болады. Қызметтік бөлім екі орындық купені қарастырады. Ол бөлмеде электрлік жабдық шиті мен пастельдік бельяларға арналған шкафпен жабдықталған.
Бүтін металлды жолаушы вагондарының құрылысы
Жолаушы вагон кузовының каркасы пісірілген бүтіндей таситын құрылысты рамадан, тік және көлденең элементтерден, біліктерден тұрады. Вагон шатырының жапырақтары 1,5мм-лік қалыңдықты, едені 3 мм-лік, ал бүйірлік қабырғалар 3 мм-лік қалыңдықты жапырақшалармен қапталған. Бүтіндей металл жолаушы вагондары кузов құрылысы бойынша екі түрге бөлуге болады: вагон ұзындығы бойына хребетті балкалы кузов және вагонның консольды бөлігінде хребетті балкалы кузовтар. Шкворниялы балкалармен және раманың ортанғы бөлігінің арасында көлденең балкалар орналасқан, ал олардың арасында гофрирленген пол төселген. Вертикаль және бүйірлік күштер кузовпен толық қабылданады. Көлденең тұйық Z-типтес профильдегі элементтердің қапталған жапырақтармен пісіріліп қосылған. Автоіліністің керу қондырғысы арқылы берілетін тік жүктеме негізінде хребетті балкамен қабылданады, жүктеменің қалған түрлері – кузовтың қалған элементтерімен қабылданады. Екі түрлі вагондардың кузовтарыда жолаушы вагондарының арбашаларына тіреледі. Басқа арбаша түрлерін пайдалану вертикаль жүктемені түймелі түйін арқылы беруді қамтамасыз етеді және тек жолдың қисық бөлімшелерінде бүйірлік күштердің вертикаль құраушыларын жылжығыштар қабылдайды. Бүтіндей металл вагондарының бүйірлік қабырғаларымен шатырының ішкі қаптағыштары ағаш фанералы плиталардан тұрады және стойкаларда орналасқан бруксаларға шруптармен қатырылады.
№18 Лекция
Автотежегіш.
Поездар автотежегіштері
Автоматты тежегіштер поездардың жылдамдығын реттеуге және тоқтауын іскеасыруға арналған. Сығылған ауаның лезде төмендеуі тежеу магистралында автоматты түрде іске асырылады сондықтан оларды автоматты тежегіштер деп атайды. Ауаның қысымының төмендеуі машинист кранының көмегімен іске асырылады, стоп-крандармен тежеген және автоіліністердің өздігінен ілінісу жағдайларында орын алады. Темір жол жылжымалы құрамында екі тежеу түрі таратылған: фрикционды- тежеу калодкаларын донғалаққа немесе тежеу накладкаларын арнайы дискаларға басу кезінде немесе электромагнитті башмактарды рельстерге басу және электрлі- поездар қозғалысының кенетикалық энергиясын генераторлы режимде жұмыс істейтін электрлі тарту қозғалтқыштарында түрлендіреді. Тежеудің негізгі түрі – фрикционды.
Автоматты тежегіш пневматикалық және электрліпневматикалық болып бөлінеді.
Электрліпневматикалық тежегішті қолдану тежелу жолын қысқартуға мүмкіндік береді, поезді бірқалыпты жайлы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Электрлі тежеу кезінде тежеу колодкалары мен бандаждар тозбайды, донғалақтың сырғанау беттері және дискалары қызбайды.
Берілістің тежегіш рычагтары
Локомотивтер мен вагондарда триангельдерден, рычагтардан, тартқыштар мен аспалардан тұратын тежеу рычагты берілістер орнатылған, оның көмегімен ауа қысымының күші тежеу цилиндрлерінің барлығына бірдей таратылады. Тежеу колодкаларын басу күші тежеу цилиндрлерінің штогымен өрістетілетін күштен бірнеше есеге жоғары болады, тежеу рычагты берілістің беріліс саны деп аталады. Ричагты берілістерде бір жақты және екі жақты басу колодкалары пайдаланылады.Жүк вагондарының ричагты берілістерінде, тежелу кезінде тежеу цилиндрінің поршен штогы қозғала отырып жүктемені горизонталь ричагтарға береді және одан ары тартқыш көмегімен вертикал ричаг триангельдерге , олар тежеу колодкаларын донғалақтарға қысады. Қол тежегіштерімен локомотивтер, моторвагон құрамының вагондары және жүк вагондарының бір бөлігі жабдықталған.
Локомотивтерден ажырытылғаннан соң стансалық жолдарда тұрған вагондарды орнында ұстап тұру үшін автоматты тұрақтық тежегіш жасалынды, олардың тәжірибелік тобы тәжірибелі-сынаудан рефрижераторлы-вагондарда өткізілді. Тежеу механизмдері тежеу цилиндрлерінде орналастырылған және келесі түрде әрекет етеді. Тежелуден соң локомотивтен магистралдағы қысым және тежеу цилиндрінде ауаның енуіне байланысты біртіндеп төмендейді.
Тежеу режимдерін реттегіштер
Тежеу режимін автоматты реттегіштер вагондардың жүктелуіне тәуелді тежеу цилиндрлеріндегі ауа қысымын реттейді, бір режимнен екінші режимге қолдық ауыстыруды жоюға мүмкіндік береді, вагондар арасына тежеу жүктемесін бірқалыпты таратады, тежелі кезінде тік жүктеме шамасын төмендетеді.
Жұк авторежимдері екі түрге бөлінеді.
Авторежим вагонның рессорасты бөлігіне орналастырылады. Тежелу кезінде ауа ауатаратқыштан клапанның және поршеннің оң жақ кеңістігіне беріледі және одан ары ашық клапан арқылы поршеннің оң жақ кеңістігіне және тежеу цилиндріне беріледі. Тежеу цилиндрін толтыру қысым ричаг арқылы поршеньге әсер етіп, пошеньге қысымды теңестіргенге дейін беріледі. Осыдан соң ричаг бұрылады, қоректендіру тесігі клапанмен жабылады және тежеу цилиндрінің толтырылуы тоқтатылады.
Тежеу жүйесіндегі компрессорлар және арматуралар.
Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда тежеу жүйесін сығылған ауамен қоректендіру үшін компрессорлар орнатылған. Көп тараған компрессорлардың сұлбасы 1КТ және КТ6-үш цилиндрлі, вертикаль,екі сатылы аралық салқындатулы.
Компрессор корпустан, екі төменгі қысымдағы цилиндрден, жоғары қысымды бір цилиндрден, сақтандырғыш клапанды радиатор типіндегі мұздатқыштан, шатун түйінінен, поршеньдардан, май сорапынан және клапан қораптарынан тұрады.
Қысымды реттегіштер басты резервуарларда ауа қысымын берілген денгейде ұстап тұруға арналған. Олар автоматты компрессорларды (электровоздарда, электропоездарда және паравоздарда) тоқтатады немесе сығылған ауаның қысымы жоғарғы шекке жеткенде компрессорларды бос жүріске алмастырады (тепловоздарда) және қысымның төмендеуі белгілі бір денгейге жеткенде компрессорларды қосады. Ауа қысымы басты резервуарларда компрессорлардың қосылуы мен ажыратылуы 7,5-нан 9 кгс/см2 аралығында тербеледі.
Қысымды реттегіштер, сақтандырғыштар және кері клапандар
Қысымды реттегіштер басты резервуарларда ауа қысымын берілген денгейде ұстап тұруға арналған. Олар автоматты компрессорларды (электровоздарда, электропоездарда және паравоздарда) тоқтатады немесе сығылған ауаның қысымы жоғарғы шекке жеткенде компрессорларды бос жүріске алмастырады (тепловоздарда) және қысымның төмендеуі белгілі бір денгейге жеткенде компрессорларды қосады. Ауа қысымы басты резервуарларда компрессорлардың қосылуы мен ажыратылуы 7,5-нан 9 кгс/см2 аралығында тербеледі.
Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда тежеу жүйесін сығылған ауамен қоректендіру үшін компрессорлар орнатылған. Көп тараған компрессорлардың сұлбасы 1КТ және КТ6-үш цилиндрлі, вертикаль,екі сатылы аралық салқындатулы.
Компрессор корпустан, екі төменгі қысымдағы цилиндрден, жоғары қысымды бір цилиндрден, сақтандырғыш клапанды радиатор типіндегі мұздатқыштан, шатун түйінінен, поршеньдардан, май сорапынан және клапан қораптарынан тұрады.
Тежеу жүйесін басқаратын машинист краны
Машинист краны пневматикалық және электрліпневматикалық тежегіштерді әрекетін басқаруға арналған. Машинист краны жүк поездарынның пневматикалық тежегішін басқаруға арналған. Ол жоғарғы жағынан ручкамен , ортанғы бөлігінде поршенмен, қоректендіру және шығару клапандарымен, төменгі жағында редуктормен және тұрақтандырғышпен жабдықталған. Теңестіргіш 20л-лік резервуар штуцерге жалғанады. №395 машинист краны электрліпневматикалық және пневматикалық тежегіштерді басқаруға арналған. Машинист кранының ручкасы жеті жұмысшы жағдайға ие. І жағдайда басты резервуардан ауа золотник кең каналымен магистральға түседі; ауа қысымы тез көтеріледі, поезда жіберу мен қоректендіруді үдетеді.
Ұстағыштың ІІ жағдайында басты резервуардың магистральмен тікелей байланысы үзіледі, магистралда қысым редуктордың серппесінің реттелуімен автоматты түрде бекітіледі. Егер ұстағыш І жағдайдан ІІ – ші жағдайға алмастырылса және бірінші жағдайдан оның тұрған кезінде магистралда жоғары қысым туындайды, ол екінші жағдайда тұрақтандырғыш көмегімен біртіндеп төмендейді. ІІІ жағдайда басты резервуардың редуктормен байланысы тоқтайды, ал теңестіргіш резервуар магистралмен қайтымды клапанмен байланыста болады. ІV жағдайда барлық каналдар золотникпен жабылады, магистралда қысым бекітіледі және автоматты түрде берілген денгейде ұсталынып тұрады. Vжағдайда теңестіргіш резервуарда қысымның өздігінен жоғарлауын тоқтатады. VІ жағдайда жедел тежелу орын алады.
Ауа таратқыштар, электрлі ауа таратқыштар және қысым релелері
Ауатаратқыштар, жылжымалы құрамның әрбір тежеу бірлігінде орналасқан, поездің тежеу магистралінде ауа қысымының өзгерісіне байланысты тежеу цилиндрлерінде сығылған ауа қысымын реттеуге арналған. Ауатаратқыш келесі функцияларды орындайды: тежеу жүйесін сығылғын ауамен қоректендіру үрдісінде қосымша резервуарды манистральмен қосады.; магистралда ауа қысымының 0,1кгс(см2*с) қарқынмен төмендеуі кезінде тежелу кезінде қосымша резервуарды тежеу цилиндрімен байланыстырады; тежеу цилиндрінде ауа қысымын автоматты түрде ұстап тұрады; тежеу цилиндрлерін тежегіштерді жіберу кезінде атмосферамен байланыстырады.
Электрліпневматикалық тежеу жүйесінде электрліауатаратқыштар пайдаланылады. Электрлі ауатаратқыш келесілерден тұрады: магистралды поршень, золотник және режимдерді алмастыратын режимдік тығын орналасқан корпус,төменгі бөлігінде жедел тежеу жеделдеткішімен және гайкалы тежеу магистралынан құбырды алып кету, жалғауға арналған щтуцер орналасқан; 1л көлемді камералы қақпақша.
Диафрагма үсті кеңістікке щтуцер арқылы кронштейнге ауа тежеу цилиндрінен беріледі, тежеу цилиндрінде қысым ауареттегіштерімен реттеледі- диафрагма үстіндегі кеңістік жұмысшы камераның ролын ойнайды. Диафрагманың астындағы кеңістік қысыммен қысым релесі басқаратын тежеу цилиндрлерімен байланыстырылған. Қоректендіру клапаны астында тегеурінді тармақтан немесе қосымша резервуардан каналдар арқылы беріледі. Осылайша қысым релесі ауатаратқышпен бекітілетін әрекетті қайталайды. Қысым релесі жолаушы локомотивтерінде , электровоз вагондарында және дизель – поездарда қолданылады.
Электрлі магнитті рельстік тежегіштер
160 км/сағ жылдамдығы жететін поездар вагондарында электрлімагнитті рельстік тежегіштер орнатылады. Вагон арбашасына өзара байланыстырылған екі электрлімагнитті башмактар орнатылады. Башмактар цилиндрлер ішінде орналасқан серппелердің көмегімен жоғарғы жағдайда тұрады. Поездардың тежеу жүйесін қоректендіру кезінде магистральдан сығылған ауа дроссельді тесік арқылы және қайтымды клапан арқылы резервуарды толтырады. Жедел тежеу кезінде жеделдеткіш әрекеттке өтеді түйіспелер тұйықталады, көмегімен вентилдер қозатын блокты қосады және резервуа мен цилиндрді қосатын пневматикалық реле.
Ауаның қысымынан цилиндр поршендері башмактарды рельстерге түсіреді, және осы мерзімде башмактардың катушкасына батарейалардан кернеу беріледі, нәтижесінде рельстерге 10 тс күшімен тақалады. Жылдамдықтың 15-10 км/сағ –дейін төмендегеннен соң электрлімагнитті тежегіш автоматты түрде қосылады.
Дискалы тежегіштер
Дискілі тежегіштер тежелу кезінде донғалақтың сырғанау беттерінің қызуын жою үшін жылдамдықты жолаушы поездар вагондарына орнатылады. Тежегіш төрт дисклерден тұрады арбашаға, донғалақтардың өстерінің ішкі бөлігінде қатырылған, және сегіз жұптастырылған ричагтар. Ричагтардың әрбір жұбы тежеу цилиндрлерімен және екі башмактармен шарнирлі байланыстырылған, көлденең балкалармен және кронштейндермен қосылған балкада орнатылған. Тежеу дискалары бүтіндей немесе жинақталатын болып шойыннан жасалынады. Олардың ішінде қабырғасы болады, олардың көмегімен ауа ағыны дискаларды суытады. Тежеу тоқтатылғанда башмактар дискалардан серппелердің көмегімен алып кетіледі.Дискілі тежегіштің әрекетін басқару колодкалы тежегіштермен бірге орындалады.
Тайғанауға қарсы құрылғылар
140 км/сағ және одан жоғары жылдамдықтағы жолаушы поездар донғалақтардың рельстермен ілінісу бойынша шектерінде тежеу күшін тудыруы қажет. Донғалақтардың қысылып қалмауын қамтамасыз ету барысында тайғанауға қарсы құралдар қолданылады. Бұл қондырғылар тайғанай бастаған донғалақты тежей бастайды.
Тайғанауға қарсы қондырғыларда донғалақ жұбының лезде айналуының төмендеуінде босататын клапанға белгі беретін өстік датчиктер орналасқан, және босататын клапанның көмегімен тежеу цилиндрлеріндегі ауа тез арада атмосфераға жіберіледі. Тежелген донғалақ бірқалыпты айнала бастайды, және тежеу цилиндрлері қайтадан автоматты түрде сығылған ауамен толтырылады. Осындай түрдегі тайғанауға қарсы қондырғылар келесі негізгі техникалық шарттарға жауап беруі қажет: 2 м/с2 баяулауда қондырғы іске қосылмайды, 4 м/с2 баяулауда олар әрекетке келуі қажет.
Инерциялық – механикалық датчиктерге қарағанда электрлік өстік датчиктер екі белгі беріледі. Біріншісі донғалақтың айналу жылдамдығының төмендеуінде, екіншісі донғалақтың айналу жылдамдығы бірқалыптанған соң тежеу цилиндрлерін толтыруға белгі беріледі. Вагонның барлық донғалақ жұптарының қысылуы кезінде шекті баяулаудың абсолютті шамасын реттейтін қондырғы іске қосылып, барлық тежеу цилиндрлерінен ауа жіберіледі.
№19-20 Лекция
Тартым мен тартым есептерінің теориясының методологиялық негізі.
