- •«Сымбат» Дизайн және Технология Академиясы Колледж
- •1.Көркемдік бөлім
- •1.1Сәннің болашақ бағыттары
- •1.2 Бүйымға мата таңдау және негіздеу
- •1.3 Бұйымға қойылатын талаптар
- •1.3 Ұқсас моделдерді таңдау
- •2 Конструкторлық бөлім
- •2.2 Бұйым базалық конструкциясын жасау
- •2.4Лекало жасау
- •2.3 Техникалық моделдеу
- •2.5 Модель үлгісін дайындау және конструкциясын негіздеу
- •2.6 Лекалолар градациясы
- •3 Технологиялық бөлім
- •3.1 Бұйымдағы материалдар шығынын мөлшерлеу
- •3.2 Жабдықты таңдау
- •3.3 Өңдеу тәсілдерін таңдау
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.2 № 2 Бап - Қайтарым қалдықтары
- •4.3 № 3 Бап - Өндіріс жұмысшыларының жалақылары
- •4.4 № 4 Бап - Әлеуметтік салыққа аударым
- •4.5 № 5 Бап - Цехтың шығындары
- •4.6 № 6 Бап - Жалпы шаруашылық шығындары
- •4.7 № 7 Бап - Өндірістен тыс шығындар
- •5 Өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігі және Өндірістік экология
- •5.1.Өндірістің экологиялық мінездемесі.
- •5.2.Еңбек шарттарының негіздері және тігін өндірісіндегі жұмысшылардың ауырып қалуы.
- •5.3.Техникалық қауіпсіздік.
- •5.4.Өндірісітің өртке қауіпсіздігі және ғимараттың өртке қауіпсіздігінің классификациясы.
- •6.Жоба бойынша қорытындылау.
5.2.Еңбек шарттарының негіздері және тігін өндірісіндегі жұмысшылардың ауырып қалуы.
Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ оқиғаға ұшырауы өндірісте болған қайғылы оқыйға деп айтылады. Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса, ол өндірістік жарақат деп аталады. Өндірістік жарақттануға, сондай – ақ, жұмысшының сол мекеменің көлігімен жұмысқа барар жолда, яки қайтарда алған жарақаттары да жатады.Ал жұмысшының мас болуы, ұрлық жасау кезінде, болмаса әкімшіліктің рұқсатынсыз жеке басының қажетін өтеу кезінде алған жарақаты өндірістік жарақаттануға жатпайды.Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде, адамды құтқару кезінде және жұмысқа бару немесе жұмыстан қайтуда жаяу, яки жалпы көлікпен жүрген кезде алған жарақат жұмысқа байланысты деп есептеледі.[19] Әрбір мекемеде еңбек қорғаудың іс бөлмесі болып, қауіпсіздік техникасы жөнінде бұрыштар ұйымдастырылуы тиіс. Жұмыс орнының тазалығы, жарығы, жылылығы, микроклиматы сақталуы қажет.Жұмысшылардың арнайы киімдерімен, жеке қорғану құралдарымен жұмыс істеуін үнемі қадағалау қажет. Еңбекшілердің денсаулығын қорғау мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесі ұйымдастырылады. Ол міндетті сақтандыру және ерікті сақтандыру жолымен іске асырылуы мүмкін.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізінде еңбекшілердің науқастанған мерзімі, қартайған шағы және еңбек етуге қабілеті жоғалған мезгілі материалдық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Ол кәсіп орынның және жеке тұлғалардың қамсыздануы жарнамалы мен мемілекеттік бюджеттің жәрдем қаржысы есебінен жүргізіледі. Қаламыздың қазіргі көрінісінде келбетті, тап-таза сұлу жерлер жоқ емес.
Әсіресе, кейінгі кездері қала көшелерінде түрлі-түсті көздің жауын алатын гүлдердің егілуі бір серпілтіп, қуантып-ақ тастайды. Дегенмен, мұндай әсем көрініс тек қаланың орталығы ғана екенін көпшілік келімді-кетімді қонақтар байқай бермейді. Ал қала орталығынан басқа көшелер, тұрғын үй секторлары орналасқан аудандардың тазалығы көңіл қуантар емес.
5.3.Техникалық қауіпсіздік.
Қауіпсіздік техникасының міндеті еңбекшілердің жарақаттануын болдырмайтын шаралар мен құралдарды жете зерттеп жетілдіру болып табылады. Жарақаттануды болдырмаудың шаралары деп оныңсебептерін жою шараларын, яғни ұйымдастыру, ұйымдастыру – техникалық, техникалық, санитарлық – техникалық себептері және жұмысшының жеке басының психикалық – физиологиялық факторларына байланысты себептерді жоюдың шараларын айтады.Жарақаттанудың ұйымдастыру себептеріне еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы, еңбек тәртібінің төмен болуы, жұмысшылардың еңбек қорғауга оқытылмауы т.с.с жатады.Ұйымдастыру – техникалық себептерге жүк көтергіш машиналар мен механизімдердің, су қыздырғыштарымен бу қазандарының мерзімі бақылаудан өткізілмеуі, т.с.с. жатады.[12] Жарақаттанудың техникалық себептеріне техника мен құралдардың ақаулары, машиналар мен механизімдердің құрылымдарының кемшіліктері жатады.Жарақаттанудың санитарлық – техникалық себептеріне еңбек жағдайының жайсыздығы, еңбекшіні тез шаршататын, қауіпті жағдайларды байқап одан тез қорғану қабілетін жоятын жағымсыз еңбек жағдайы жатады. Еңбекшінің жеке басының себептеріне адам бойындағы психикалық – физиологиялық факторлар, яғни есте сақтау қабілетінің нашарлығы, ұқыпсыздығы, сақсыздығы және басқа жеке басының қасиеттері мен ерекшеліктері жатады.Сондай – ақ, басшылар мен мамандар жұмысшылардың шылым шегуі мен спиртті ішімдіктер ішуіне қарсы күрес жүргізуі, оларды спортпен және баска дене тәрбиесімен айналысуына ықпал етуі, т.б салауатты өмір салтын қалыптастыратын шараларды іске асырып отыру қажет. Өндірістік ғимараттарға және жұмыс орындарына қойылатын санитарлық-техникалық талаптар.
Өндірістік санитария дегеніміз- еңбектің дұрыс гигеналық жағдайын жасайтын,жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерин жоятын,кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитариялық- техникалық шараларлың жүйесі.
Ондай шараларға:
1.Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі.
2.Шаңның,будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою.
3.Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою.
4.Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету.
5.Радиактифті заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу.
6.Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау.
7.Санитариялық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы.
8.Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасызету 9.Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автомттандыру,еңбекті кешенді жарақтандыруға көшу.
5.4 Өрт қауіпсіздігі.
